Урок предназначен для учащихся 2 классов с казахским языком обучения, целью которого являлось ознакомление с новыми словами, как любовь, сострадание, милосердие, уважение к матери.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
1. Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіру. Оқушылардың анасына деген сүйіспеншіліктерін өз сөздерімен жеткізе білуге үйрету, өлеңді жаттай білуге дағдыландыру.
2. Баланың анаға деген құрметін арттыру. Сөздік қорларын, тіл байлығын, шығармашылығын дамыту.
3. Анаға сый - құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, топтық жұмыс, түсіндіру, мәнерлеп оқу, жалғастыра оқу, шығармашылық жұмыс, модель қорғау.
Сабақтың түрі: Ойын , жаңа сабақты меіңгеру
Көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суреті, интерактивті тақта,
суреттер, «Ана» моделі
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
Шаттық шеңбері ойыны
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге
Балалар!
Осы «Шаттық шеңберінде» бір бірімізге деген ыстық ықылас ,көтеріңкі көңіл күй тілейік
Мұғалім
Қазір бізде әдебиеттік оқу сабағы.Біздің бүгінгі сабағымыз ойын түрінде болады
Қыс мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?
Көктемнің алғашқы мерекесі қай мереке?
Ендеше бүгінгі сабағымызды әр адамға ең қымбат адам –Аналарға арнаймыз.
Өтілген тақырыптарды қайталамас бұрын барлығыңызды «Бетпе-бет» студиясының қонағы болуға шақырамын
Алдымен жүргізуші сайлап алайық
Бетпе-бет студиясының жүргізушісі Темерхан Мерей
Жүргізуші: Сәлеметсіңдерме бүгінгі Бетпе – бет бағдарламасының қонақтары
Студияның қонағы ретінде 3 топтан 1-1 ден оқушы шақырамын.
Келіп студия төріне отырыңыздар
Қош келдіңіздер құрметті қонақтар
Сіздерге телекөрермендер өз сұрақтарын жолдайды. Оларға жауап берулеріңізді сұраймын
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Мұғалім: Қайырлы күн , Бетпе-бет студиясының қонақтары және көрермендер
-Әдебиеттік оқу пәнінің өтіліп жатқан тарауы қалай аталады?
Жүргізуші:
- Ия құрметті қонақтар бұл сұраққа кім жауап береді?
Көрермендер жауабы.
- Бұл тарау Қадірлі әжелерім, мейірімді аналарым деп аталады.
-Жүргізуші:
-Үйге берілген тапсырма қалай аталады?
Үйге берілген тапсырма Ата –ананы құрметтеу туралы
- Қабуснама – деген не? Қайқаус кім?
- Ендеше үй тапсырмасы бойынша әр топтан 1-1 ден мәтінді оқу.
- Әр топ оқығандары бойынша сұрақтарға жауап береді
Жүргізуші:
- Әр топ «Ата-ананы» құрметтеу туралы» жазған әңгімелері бойынша оқиды
Мұғалім : Үй тапсырмасын бекіту
Студия өз жұмысын аяқтайды. «2 жұлдыз 1 тілек» стратегиясы бойынша студия жұмысын бағалау.
ІІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе әңгіме
Мұғалім:
Міне өздеріңнің ата-анаға деген құрмет, ізеттеріңнің қандай екенін білдік.Әрдайым ата-анаңды құрметтесең олардың да ірі тілектері қабыл болады.Ата –ана туралы бабаларымыздың да даналық сөздері бар
Құт береке - атаң қымбат
Аймалайтын – анаң қымбат
Мейірімді – апаң қымбат
- Бұл даналық сөзді жазған кім екенін білесіңдер ме (Қазбек би)
Жүректерінен шыққан жылы сөздерін , мейірімділік, жанашырлық сөздерің кімге арналады?
4. Суретпен жұмыс Мұғалім: Балалар экрандағы суретке назар аударыңдаршы осы суреттен не байқадыңдар?
Осыны дұрыс түсінсек біздің оқитын өлеңіміздің тақырыбы шығады.
-Жылу Ф.Оңғарсынова.
Ф.Оңғарсынованың суреттері көрсетіледі
-Бұл кімнің суреті?
-Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?
«Білім керек бәріне «Жылу»
Суреттер: Ф.Оңғарсынованың өмірі туралы ,қайтқан жылы, қызметі, өлеңдері
5.Сөздік жұмысы
Өң, жалғанда, ғұмыр
Мұғалім: Өлеңді мәнерлеп оқу.
-Өлеңдерін талдау
-Өлең кім туралы айтылған?
Оның құшағы қандай?
Оның жанары қандай?
Ананың сүті қандай? - нәрлі
Ананың жылуы қандай? - үйдің жылуы
6. Өлеңді оқыту
Оқушылардың іштей оқуы, тізбектеп оқуы
7. Күн, ана суретпен өлеңді байланыстыру
Сұрақтар: Берілген сөздер
Қандай? Ана
Кімнің? Құшағы
Қандай? Жанары
Кімнің? Сүті
Ненің? Нұры
Постермен жұмыс
1топ Ананың құшағы таң, жылы
2топ.Ананың жанары күндей , нұрлы, арайлы.
3топ.Ананың сүті нәрлі, балдай.
Сергіту сәті
Күн сені сүйемін
Саған бас иемін
Жылу бер,шуақ бер
Мейірім мен қуат бер
8. Топтық жұмыс:
І топ. "Менің анам" тақырыбына ойтолғау.
ІІ топ. "Өлең ұйқастыру"стратегиясы
----------------------------------- сыйлаймын,
----------------------------------- тыңдаймын.
----------------------------------- аламын,
------------------------------------ баламын.
ІІІ топ. Ситуациялық жағдай.
1. (бәрін мойындап, кешірім сұрау)
2. (үстін қымтап жауып қою, мазаламау)
. - Балалар, қазақтың ұлы адамдарының аналарын атап көрейікші.- Кәне, кім біледі?
Абайдың анасы - Ұлжан, әжесі - Зере;
Шоқанның анасы -
әжесі - Айғаным;
- Н. Ә. Назарбаевтың анасы кім? Әлжан
. Сабақты бекіту.
Постер қорғау: Ана – Күн
Асыл жан, мейірімді, шуақ төгеді, сұлу, тілекші, қамқор, пана, ақ сүт берген, отбасының жылуы, сезімтал.
ІV. Қорытынды.
-Өлеңде кім туралы айтылған?
Y. Үйге тапсырма:
"Жылу"өлеңін жаттау, талдау. Ана туралы шағын шығарма жазу.