kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока на тему "М.Әуезов.Жылқы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Сәбит  Мұқанов. Жылқы

Мақсаты:а)Мәтін бойынша жылқы малының пайдасы туралы оқып ой қорыта білуге үйрету.Жылқы малына деген қызығушылықтарын арттыру.

ә)Әр оқушының қабілетін,ойын,тілін,сөздік қорын дамыту.Өз ойларын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.

б)Байқампыздыққа,еңбекқорлыққа,ұлттық салт-дәстүрге тәрбиелеу.

Түрі:жаңа сабақ

Әдісі:топтастыру, сұрақ-жауап,5 жолды өлең,эссе,

Көрнекілігі:интер.тақта,слайд,жеке кітаптар

Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:а)топқа бөлу      

                          б)Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау,бекіту:Әңгіме мазмұнын бөлім бойынша сұрау:

1-бөлім  Балалардың бақшаға келуі

2-бөлім  Серіктің байқағыштығы

3-бөлім  Кәрімнің картоп ауруын анықтауы

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Қызығушылықты ояту: а )"Жылқы"сөзіне топтастыру

 ә) Кіріспе әңгіме:Жылқының арғы тегі,қазақ жылқы тұқымдары.

-Тарих деректері бойынша адам баласыжылқыны біздің жыл санауымызға дейінгі 3-4 мың жыл бұрын қолға үйреткен.Қолға үйретілген жылқы малының арғы тегі жабайы жылқылар-Тарпаң мен Керқұлан деп есептеледі.Қазақстанда құланның көп таралғанына дәлел көптеген жер-су аттарының құлан атымен аталатындығы.Мысалы Құлансаз, Құланды, Құланөтпес, Құлансай т.б.Құландардың біраз бөлігі күні кешеге дейін Арал теңізінің Барсакелмес аралында бағылып келді.Кейін экологиялық апатқа байланысты Қапшағайға көшірілген.Халқымызда "Жылқы-төрт түліктің төресі", "Біздің тегіміз-түркі, түлігіміз-жылқы"деген сөз бекер айтылмаған.Осы жылқылардан бүгінде көпке әйгілі тұқымды аттар-ақалтекелер, араб жылқылары, ағылшынның таза қанды  сәйгүліктері,ірі жүк жылқылары іріктеліп,сұрыпталып шықты.

2. Мағынаны  тану. -Бүгінгі сабағымызда  Сәбит Мұқановтың "Жылқы"әңгімесімен танысамыз.

1.  Автор туралы түсінік беру.      С.Мұқанов кім?

Солтүстік Қазақстан обл.Жамбыл ауданы қазіргі Сәбит Мұқанов ауылында 1900 жылы 22-сәуірде (1973ж.18-сәуір)дүниеге келген.Қазақтың әйгілі жазушысы,қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі,Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері.

Шығармалары:дастаны "Сұлушаш",романы "Адасқандар", "Ботагөз",поэмасы "Ақ аю", "Майға сәлем",200-ден аса әдеби-сын мақалалар жазды.Қазақтың ауыз әдебиетін зерттеді,

көне жазба мұраларды жинап бастырды.

2.Мәтінмен жұмыс. Мәтінді 3 топқа бөліп оқыту.Топта талдау.Бөлім бойынша мазмұнын айту.

3. Сөздік жұмысы: Қос-жылқыны қысқы отарда бағу кезінде көшіп- қонуға ыңғайлы тігуі,жығуы оңай уақытша баспана.

Тебін-жылқы тұяқпен қарды аршып жайылатын жер.

Борасын-қар аралас соққан жел.

4.  Мәтін бойынша  тапсырма:

-Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылған?

-  Жылқының адамға пайдасы туралы не айтар едің?

-  Батырлар жырындағы жылқының қасиеттерін есіңе түсір. (батырлар жырынан үзінді оқу)

-Әңгімеде сені таң қалдырған жайт болды ма?

-Әңгімеден Мақанның сөзін тауып оқы.Оның сөзіне сүйеніп,өзіңше қорытынды жаса.

-Жылқының пайдасы жөнінде айтқан пікіріңді дәлелде :

(Сызбамен жұмыс)

5.Дәптермен жұмыс: Жылұы жасына қарай қалай аталатынын тауып,дәптерге жазу.

1 жаста- ---,  2 жаста- ----, 3 жаста- ---,

3 жаста- ---,    5 жаста- --.

Мұғалім:

       “Жылқының  сүті-шекер,еті-бал,иісі-жұпар,терісі-  киім,мінсең-тұлпар” деп Досбол  шешен жылқының халық өміріндегі алатын орнын өте жоғары бағалаған.

Медицина  ғылымының докторы Төрегелді Шарманов ағамыз : “Егер ауруды бойға жолатпаймын десең,жылқы бақ,қазысын күнде бір тіліп же,ал аптасына бір кесе қымыз ішсең өте жақсы”деген екен.

Халық ауыз әдебиетінде де жылқыға байланысты  мақал-мәтелдерді көп кездестіруге болады.(мақал-мәтелдерге тоқталу)

Жылқы туралы сөз қозғағанда елең етпейтін қазақ жоқ.Әсіресе,ақын-жыршылар жылқы туралы  өз ойларын айшықты сөз өнерімен жеткізген. Соның бірі Абай атамыздың "Аттың сыны" өлеңі.(Поэзия минуты. Абылай,Нұршат.)

-Халқымыз жылқы түлігін түріне,түсіне қарап түгендеген.Бір үйір жылқыны санамай-ақ бір-екі  сағатта көріп,несі бар,несі жоқ екенін айыратын жылқышылар болған.Тілімізде жылқы түсіне байланысты сөздер көп.Солардың ең көп тараған түрлеріне тоқталайық.

( Қаракөк,ақ боз ат,шұбар, қара түстер)

  -   Өткен  замандарда қазақтың байлары жылқы үйірлерін   жүздеп,мыңдап түске бөліп өсірген.Байлар,хандар,ауқатты адамдар атының түсіне сай киім киген.Абылай хан Алшаңбозына мінгенде ақ киім киіп шыққан. Абылай ханды үш жүздің ханы етіп сайлағанда 200 қыз бен жігіт  ақбоз, қаракер, жирен, торы,құла т.б. жылқы түстеріндей  киім киіп ханды сән-салтанатпен қарсы алған.

Жылқы  қасиеттері:  (Заманбек -қазының пайдасы)

-Соғыстарда,бәйгеде,көкпарда,жорықтарда,қаншалықты аласапыран қырғындарда мертіккен жаралы жауынгердің денесін баспаған.

Қазақта “Есек тұяғын төсейді,түйе шудасын төсейді,өгіз мүйізін,ал ат жалын төсейді”деген сөз тұлпарға тән тазалықтың,қасиеттілігінің белгісі.

-Қазір елімізде жылқы өсірумен 48 үлкен шаруашылық айналысады екен.Республикамызда  оның ішінде Қызылорда қаласында да ат спорттары қолға алынған,иппадромдар салынған.Жыл сайын тамыз айында Президент Н.Назарбаев  атында кубок өткізіліп тұрады.Осы кубокты ұтқан  "Император" атты ат иесі Кентай деген кісі біздің облысымыздың мақтанышы.Сондай-ақ Орал қаласында көкпардан Қазақстан чемпионатына қатысқан Әзмаханов Мұрат ағаларың осы ауыл тұрғыны,Фаризаның  папасы екенін біле жүргендерің дұрыс.(ат спорттарына тоқталу. Ақерке "Көкпар".

Жүрісіне,пайдалану мақсатына қарай жылқының жүрістері де әр түрлі аталады.(жүйрік,желгіш,берік,аяңшыл,жорға т.б.)

Қымызға арналған тері және ағаш ыдыстарға тоқталу.

Қымызбен емдейтін ауру түрлері:  Зат алмасу, бауыр, қаны аздық, гастрит, жүрек, қан-тамыр, туберкулез, ас қорыту жолдарының бұзылуы.

Жылқыға байланысты мамандықтар:

Жылқы  бағатындар – жылқышы

Атқа шабатындар – шабандоз

Сыншылар –атбегі,бапкер, атпаз.

Емдеушілер –оташы,пішпеші.

Бәйгені ұйымдастырушылар –төреші,атшабар,айдаушы,барлаушы т.б.

Шығармашылық  тапсырма

1-топ. Жылқы сөзіне 5 жолды өлең    құрау.

2-топ.Жылқының пайдасы.(эссе

            жазу)

3-топ. Ойын-тапсырма:”Әр атты өз иесіне тапсыр

Алпамыс                                      Тайбурыл

Қобыланды                                 Байшұбар

Ақан Сері                                     Көкшолақ

Ер Төстік                                      Құлагер

Ер  Тарғын                                  Шалқұйрық

Кенен Әзірбаев                             Тарлан

3. Ой толғаныс.  "Ат бағу адамға сауап әпереді"деген Пайғамбарымыз. "Халық едік артық көрген атты тақтан"деп Ілияс Жансүгіров жырлайды.Қазақ өзінің бауыр еті баласын  жақсы көргенде "құлыным"деп еркелетеді. Қазақ бата бергенде "Атың арымасын,тоның тозбасын,қадірің қашпасын"дейді.Қазақ өзі аттан,қазаны оттан түспеген халық.Сондықтан жылқы жайлы айтылған,жазылған дүниелер өте көп.Халқымыз асыл тұқымды жылқылардың,бәйге аттардың,жорғалардың тұқымдарын  ерекше сақтап,олардың шығу тегі,таралуы т.с.с шежіре сияқты атадан балаға айтылып,ауызба-ауыз жеткізіліп отырған. Бұл тақырыптағы қандай да бір әңгімені алсаң да,онда жылқы малының тектілігі мен қасиеті,пайдасы айтылады.

Оқушыларға тапсырма.   Кестені толықтырып жазу:

Жылқының жасы, жылқының түсі,  жүрісі,  қасиеті.

ІV.Бағалау.

V.Үйге тапсырма: Мәтінді оқу.Жылқыға байланысты  мақал-мәтелдер мен ырым-тыйымдар жазып келу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока на тему "М.Әуезов.Жылқы"»

Тақырыбы: Сәбит Мұқанов. Жылқы

Мақсаты:а)Мәтін бойынша жылқы малының пайдасы туралы оқып ой қорыта білуге үйрету.Жылқы малына деген қызығушылықтарын арттыру.

ә)Әр оқушының қабілетін,ойын,тілін,сөздік қорын дамыту.Өз ойларын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.

б)Байқампыздыққа ,еңбекқорлыққа,ұлттық салт-дәстүрге тәрбиелеу.

Түрі:жаңа сабақ

Әдісі:топтастыру, сұрақ-жауап,5 жолды өлең,эссе,

Көрнекілігі:интер.тақта,слайд,жеке кітаптар

Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:а)топқа бөлу

б)Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау,бекіту:Әңгіме мазмұнын бөлім бойынша сұрау:

1-бөлім Балалардың бақшаға келуі

2-бөлім Серіктің байқағыштығы

3-бөлім Кәрімнің картоп ауруын анықтауы

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Қызығушылықты ояту: а )"Жылқы"сөзіне топтастыру

ә) Кіріспе әңгіме:Жылқының арғы тегі,қазақ жылқы тұқымдары.

-Тарих деректері бойынша адам баласыжылқыны біздің жыл санауымызға дейінгі 3-4 мың жыл бұрын қолға үйреткен.Қолға үйретілген жылқы малының арғы тегі жабайы жылқылар-Тарпаң мен Керқұлан деп есептеледі.Қазақстанда құланның көп таралғанына дәлел көптеген жер-су аттарының құлан атымен аталатындығы.Мысалы Құлансаз, Құланды, Құланөтпес, Құлансай т.б.Құландардың біраз бөлігі күні кешеге дейін Арал теңізінің Барсакелмес аралында бағылып келді.Кейін экологиялық апатқа байланысты Қапшағайға көшірілген.Халқымызда "Жылқы-төрт түліктің төресі", "Біздің тегіміз-түркі, түлігіміз-жылқы"деген сөз бекер айтылмаған.Осы жылқылардан бүгінде көпке әйгілі тұқымды аттар-ақалтекелер, араб жылқылары, ағылшынның таза қанды сәйгүліктері,ірі жүк жылқылары іріктеліп,сұрыпталып шықты.

2. Мағынаны тану. -Бүгінгі сабағымызда Сәбит Мұқановтың "Жылқы"әңгімесімен танысамыз.

1. Автор туралы түсінік беру. С.Мұқанов кім?

Солтүстік Қазақстан обл.Жамбыл ауданы қазіргі Сәбит Мұқанов ауылында 1900 жылы 22-сәуірде (1973ж.18-сәуір)дүниеге келген .Қазақтың әйгілі жазушысы,қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі,Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері.

Шығармалары:дастаны "Сұлушаш",романы "Адасқандар", "Ботагөз",поэмасы "Ақ аю", "Майға сәлем",200-ден аса әдеби-сын мақалалар жазды.Қазақтың ауыз әдебиетін зерттеді,

көне жазба мұраларды жинап бастырды.

2.Мәтінмен жұмыс. Мәтінді 3 топқа бөліп оқыту.Топта талдау.Бөлім бойынша мазмұнын айту.

3. Сөздік жұмысы: Қос-жылқыны қысқы отарда бағу кезінде көшіп- қонуға ыңғайлы тігуі,жығуы оңай уақытша баспана.

Тебін-жылқы тұяқпен қарды аршып жайылатын жер.

Борасын-қар аралас соққан жел.

4. Мәтін бойынша тапсырма:

-Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылған?

- Жылқының адамға пайдасы туралы не айтар едің?

- Батырлар жырындағы жылқының қасиеттерін есіңе түсір. (батырлар жырынан үзінді оқу)

-Әңгімеде сені таң қалдырған жайт болды ма?

-Әңгімеден Мақанның сөзін тауып оқы.Оның сөзіне сүйеніп ,өзіңше қорытынды жаса.

-Жылқының пайдасы жөнінде айтқан пікіріңді дәлелде :

(Сызбамен жұмыс)

5.Дәптермен жұмыс: Жылұы жасына қарай қалай аталатынын тауып,дәптерге жазу.

1 жаста- ----------------, 2 жаста- -------------------, 3 жаста- ----------------,

3 жаста- -------------- , 5 жаста- ------------ .

Мұғалім:

“Жылқының сүті-шекер,еті-бал,иісі-жұпар,терісі- киім,мінсең-тұлпар” деп Досбол шешен жылқының халық өміріндегі алатын орнын өте жоғары бағалаған.

Медицина ғылымының докторы Төрегелді Шарманов ағамыз : “Егер ауруды бойға жолатпаймын десең,жылқы бақ,қазысын күнде бір тіліп же,ал аптасына бір кесе қымыз ішсең өте жақсы”деген екен.

Халық ауыз әдебиетінде де жылқыға байланысты мақал-мәтелдерді көп кездестіруге болады.(мақал-мәтелдерге тоқталу)

Жылқы туралы сөз қозғағанда елең етпейтін қазақ жоқ.Әсіресе,ақын-жыршылар жылқы туралы өз ойларын айшықты сөз өнерімен жеткізген. Соның бірі Абай атамыздың "Аттың сыны" өлеңі.(Поэзия минуты. Абылай,Нұршат.)

-Халқымыз жылқы түлігін түріне ,түсіне қарап түгендеген.Бір үйір жылқыны санамай-ақ бір-екі сағатта көріп,несі бар,несі жоқ екенін айыратын жылқышылар болған.Тілімізде жылқы түсіне байланысты сөздер көп.Солардың ең көп тараған түрлеріне тоқталайық.

( Қаракөк,ақ боз ат,шұбар, қара түстер)

- Өткен замандарда қазақтың байлары жылқы үйірлерін жүздеп,мыңдап түске бөліп өсірген.Байлар,хандар,ауқатты адамдар атының түсіне сай киім киген.Абылай хан Алшаңбозына мінгенде ақ киім киіп шыққан. Абылай ханды үш жүздің ханы етіп сайлағанда 200 қыз бен жігіт ақбоз, қаракер, жирен , торы,құла т.б. жылқы түстеріндей киім киіп ханды сән-салтанатпен қарсы алған.

Жылқы қасиеттері: (Заманбек -қазының пайдасы)

-Соғыстарда,бәйгеде,көкпарда,жорықтарда,қаншалықты аласапыран қырғындарда мертіккен жаралы жауынгердің денесін баспаған.

Қазақта “Есек тұяғын төсейді,түйе шудасын төсейді,өгіз мүйізін,ал ат жалын төсейді”деген сөз тұлпарға тән тазалықтың,қасиеттілігінің белгісі.

-Қазір елімізде жылқы өсірумен 48 үлкен шаруашылық айналысады екен.Республикамызда оның ішінде Қызылорда қаласында да ат спорттары қолға алынған,иппадромдар салынған.Жыл сайын тамыз айында Президент Н.Назарбаев атында кубок өткізіліп тұрады.Осы кубокты ұтқан "Император" атты ат иесі Кентай деген кісі біздің облысымыздың мақтанышы.Сондай-ақ Орал қаласында көкпардан Қазақстан чемпионатына қатысқан Әзмаханов Мұрат ағаларың осы ауыл тұрғыны,Фаризаның папасы екенін біле жүргендерің дұрыс.(ат спорттарына тоқталу. Ақерке "Көкпар".

Жүрісіне,пайдалану мақсатына қарай жылқының жүрістері де әр түрлі аталады.(жүйрік,желгіш,берік,аяңшыл,жорға т.б.)

Қымызға арналған тері және ағаш ыдыстарға тоқталу.

Қымызбен емдейтін ауру түрлері: Зат алмасу , бауыр, қаны аздық, гастрит, жүрек, қан-тамыр, туберкулез, ас қорыту жолдарының бұзылуы.

Жылқыға байланысты мамандықтар:

Жылқы бағатындар – жылқышы

Атқа шабатындар – шабандоз

Сыншылар –атбегі,бапкер, атпаз.

Емдеушілер –оташы,пішпеші.

Бәйгені ұйымдастырушылар –төреші,атшабар,айдаушы,барлаушы т.б.

Шығармашылық тапсырма

1-топ. Жылқы сөзіне 5 жолды өлең құрау.

2-топ.Жылқының пайдасы.(эссе

жазу)

3-топ. Ойын-тапсырма:”Әр атты өз иесіне тапсыр

Алпамыс Тайбурыл

Қобыланды Байшұбар

Ақан Сері Көкшолақ

Ер Төстік Құлагер

Ер Тарғын Шалқұйрық

Кенен Әзірбаев Тарлан

3. Ой толғаныс. "Ат бағу адамға сауап әпереді"деген Пайғамбарымыз. "Халық едік артық көрген атты тақтан"деп Ілияс Жансүгіров жырлайды.Қазақ өзінің бауыр еті баласын жақсы көргенде "құлыным"деп еркелетеді. Қазақ бата бергенде "Атың арымасын,тоның тозбасын,қадірің қашпасын"дейді.Қазақ өзі аттан,қазаны оттан түспеген халық.Сондықтан жылқы жайлы айтылған,жазылған дүниелер өте көп.Халқымыз асыл тұқымды жылқылардың,бәйге аттардың,жорғалардың тұқымдарын ерекше сақтап,олардың шығу тегі,таралуы т.с.с шежіре сияқты атадан балаға айтылып,ауызба-ауыз жеткізіліп отырған. Бұл тақырыптағы қандай да бір әңгімені алсаң да ,онда жылқы малының тектілігі мен қасиеті,пайдасы айтылады.

Оқушыларға тапсырма. Кестені толықтырып жазу:

Жылқының жасы , жылқының түсі, жүрісі, қасиеті.

ІV.Бағалау.

V.Үйге тапсырма: Мәтінді оқу.Жылқыға байланысты мақал-мәтелдер мен ырым-тыйымдар жазып келу.

Сөзжұмбақ

1

2

4

5

1.Өсімдік тобының бірі

2.4.5. Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар

3. Тірі ағза

23 қараша күні ( ертең 6-күні) ата-аналар жиналысы болады. Міндетті түрде келуіңізді сұраймын. Сәлеммен: Гүлназ апай 22.11.13

23 қараша күні ( ертең 6-күні) сағат 11-30да ата-аналар жиналысы болады. Міндетті түрде келуіңізді сұраймын. Сәлеммен: Гүлназ апай 22.11.13

23 қараша күні ( ертең 6-күні сағат 11-30да ) ата-аналар жиналысы болады. Міндетті түрде келуіңізді сұраймын. Сәлеммен: Гүлназ апай 22.11.13

23 қараша күні ( ертең 6-күні) сағат 11-30да ата-аналар жиналысы болады. Міндетті түрде келуіңізді сұраймын. Сәлеммен: Гүлназ апай 22.11.13

Тақырыбы: Тазалық-денсаулық кепілі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ізденімпаздыққа, белсенділікке, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту және есте сақтау қабілетін арттыру, ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ болуға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: фломастерлер, өмір, денсаулық, бақыт туралы сөздер, кестелер, компьютер, документ – камера.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру, оқушыларды жұппен отырғызу.

Барысы: Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру.

Негізгі бөлім. Жүргізуші:

- Біз, болашақ Қазақстан Республикасының азаматтары бүгінгі мектеп табалдырығындағы оқушылар денсаулығымызға жастайымыздан қамқор болуымыз қажет.

Қазіргі кезде жеткіншектердің денсаулығын сақтау және салауатты өмір сүруін қалыптастыру қажеттілігіне байланысты бүкіл оқу тәрбие жүйесін валеологизациалау қажеттілігі туындап отыр. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша адам денсаулығына 10% дәрігерлік көмек, 15% - тұқымқуалаушылықтан, 25% - қоршаған ортадан, ал 50% - адамның өзіне, өмір сүру қалпына байланысты екен.

1 слайд.

«Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы»/ Т.Корлейль.

«Жер ғаламшары біздің үйіміз ғана емес, біз оның бөлінбейтін бөлшегіміз...»/ В.И.Вернадский

«Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық ақ жаулық, үшінші байлық он саулық»/ халық мақалы.

Тренинг. Аяқталмаған сөйлем . Бақытты өмір – бұл...

Автор орындығына отырып ойларын ортаға салады.

2.Біздің елімізде 14,5 млн адам бар дейді, 2050 жылдарда 10,5 млн қалуы мүмкін. Орташа өмір сүру: ерлер – 57 жыл, әйелдер – 72 жыл. Басты себептері жүрек – қан аурулары, онкологиалық өкпе ауруы, наркомандар, депрессияға ұшырағандар, салауатты өмір салтының ережелерін сақтамағандар, суицид болып отыр.

Халықта мынадай дана сөз бар:

«Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,

Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,

Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның».

3.Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар:

  1. Қоршаған орта ластығы.

  2. Дұрыс тамақтанбау.

  3. Тұқымқуалаушылық.

  4. Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.

  5. Зиянды заттарды қабылдау.

  6. Тазалықты сақтамау.

  7. Отбасындағы кері жағдайлар.

  8. Адамда стресс жағдайы жиі болуы.

4.Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:

  1. Дұрыс тамақтану.

  2. Қоршаған орта тазалығы.

  3. Дене шынықтыру.

  4. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.

  5. Зиянды заттарды қабылдамау.

  6. Жеке бастың тазалығын сақтау.

  7. Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.

  8. Эмоциялардың оң болуы.

«Мен қандаймын...» сурет салу. (Күліп тұрған адамның беті)

Салған суреттеріне талдау жасайды.

5. Тест. «Менің өмір сүру қалпым»

Дене қозғалысының түрлері

Күнделікті

Аңда-санда

Мүлде жасамаймын

1

Таңертеңгі ұйқыдан 7:00, ерте тұру

20

10

0

2

Таңертеңгі дене қозғалысы

10

7

0

3

Мектепке келу

10

6

0

4

Дене шынықтыру сабағына қатысу

30

10

0

5

Сабақтан тыс іс-шаралар (секция, жарыстар, бокс, күрес)

10

5

0

6

Денені шынықтыру

5

3

0

7

Үйдегі дене еңбегінің орындалуы

5

3

0

6 . 60 – жоғары

45 – орташа

25 – төмен

Адамның ішкі дүниесінің, денесінің тазалығын тексеру.

Өмірің болсын десең сенің сәнді

Ойланып, айналаңа қара мәнді.

Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан

Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.

Салауатты мақсатың - өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,

Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру

«Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» /С.Назарбаева/

Тренин: Мен саған ... тілеймін. «Жүректен – жүрекке»

Әр оқушы тілектері жазылған жүрекшелерді арнаған оқушыларына сыйлайды.

Тақырыбы: 10 санының құрамы

Мақсаты:а) 10 санын екі санның қосындысы түрінде жазу,кез келген 10-нан кем санды 10-ға дейін толықтыру.10 санының құрамын пайдаланып мәні 10-ға тең қосынды,оған кері айырма құрастыруды қалыптастыру.

ә) Оқушылырдың зейінін, жүйелі ойлау қабілетін дамыту.

б) Топпен өз бетінше жұмыс жасауға,есептеу дағдыларына тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сандар,цифрлар,дидактикалық көрнекіліктер,

интер.тақта,суреттер

Пәнаралық байланыс:әліппе,ән

Әдісі:ойын,сұрақ-жауап,есептеу,салыстыру,топтыұ,жеке.

Түрі.Ойын сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын бекіту; +9, -9

10-ға дейін тура санау, кері санау,

ІІІ. Жаңа сабақ: 10 санының құрамы

-Балалар,1-9-ға дейінгі сандарды сандар қатары дейміз.Ал 10 саны 2 таңбалы сан.Ол 1 және 0 сандарынан тұрады.

Ойын: "Көршісін тап"

6 7 8

7 8 9

4 5 6

-Ал,қазір 10 санының құрамын анықтайық. Ойын "Кім тапқыр"

№1 1 9 2 8 4 6 5 5 0 10

Дәптермен жұмыс

Теңдіктер құр және оқы. Суретпен жұмыс.

9+1=10 2+8=10 3+7=10

6+4=10 5+5=10 10+0=10

№2. Салыстыр.

Кесіндіні өлшеп,салыстыру.

10 см * 9 см 9 см * 10 см

Сергіту сәті

№3.Өрнектерді салыстыр.Топпен жұмыс.

3 қатарға тапсырма беру. Дидактикалық ойын "Кім жылдам?"

1-қатар: 10-1 *3+4 2-қатар: 10-3*6+0 3-қатар: 10-5*3+1

8+2*4+2 6+4*10-0 3+1*1+3

ІV. Логикалық есептер:

1. Маратта бар 5 іні, 2. Қолыңда бар 5 асық

Мұратта бар 2 іні 10 асықтың үшеуін

Қоссаң 5 пен 2- ні Досың сұрап алады

Неше болады шешуі? Айтшы сонда нешеуі,Өз қолыңда қалады?

3. Аулада 5 үйрек Бір үйрек тығылды

Қорада 3 үйрек Бір үйрек жығылды. Қалғаны неше үйрек?

V. Математикалық диктант.

Қосылғыш

5

2

4

Қосылғыш

5

6

2

Қосындының мәні

10

8

6

Азайғыш

10

8

6

Азайтқыш

2

1

2

Айырманың мәні

8

7

4

VІ. Қорытынды. Ойын "Қақпадан өтуге көмектес"

V. Бағалау

VІ. Үйге тапсырма беру.№4

Тақырыбы:7 санын қосу және азайту

Мақсаты: а) 7 санын қосу және азайту тәсілдеріне байланысты оқушылардың білімдерін бекіту.Сабақ барысында қосу кестесін құрастыру және қосылғыштардың біреуі 7 болған жағдайдағы санның құрамы жайлы білімдерін бекіту.

ә) Тез ойлауға,шапшаң есептеуге баулу,ой-өрістерін кеңейту.Қосынды мен айырмаға өрнек құрастыру және салыстыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

б) Ептілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Тақтаны және дәптерді ұқыпты пайдалана білуге баулу.

Көрнекілігі: топтамалар,ойын элементтері,

Пәнаралық байланыс: музыка,бейнелеу өнері,дүиетану

Түрі:жаңа білімді игерту

Әдісі: сұрақ-жауап,салыстыру,ойын

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Ойын: "Кім көп сөз айта алады?" Ойынның шарты бойынша тақтаға жазылған математика сөзіндегі әріптерден бірнеше жаңа сөздер ойлап айту. (ат, ем,мата,ата,ит,атам,мама)

Бір,екі,үш

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз.

ІІ. Өткенді пысықтау.

-Балалар, алдарыңда тұрған зат қалай аталады?Осы затты мұқият қарап алып,қандай фигуралардан құрастырылғанын атаңдар.(Шатыры-үшбұрыштан,алдыңғы және екі жаны төртбұрыштардан.)

-Бұл заттың аты не екен?

Үйшіктің аузында сиқырлы құлып тұр.Ал оның кілті жоғарыда ілулі тұр.Үйшіктің есігін ашу үшін бәріміз "Миға шабуыл"деп аталатын ойынға қатысамыз.Ойын шарты бойынша сұрақтарға шапшаң әрі дұрыс жауап беруіміз керек.

-Бір аптада неше күн бар?

-Бүгін аптаның нешінші күні?

-Сандарды немен белгілейміз?

- Кесіндіні немен өлшейміз,оның өлшем бірліктерін ата?

-Қосудың компоненттерін ата.

-Азайтудың компоненттерін ата. Кілтті алып үйшікті ашамыз.Есікте музыкалық кілт тұр.Ендеше музыкалық кілт бойынша тапсырманы орындау.

ІІІ. Музыкалық үзіліс. а) Есеп сабағы.(хормен орындау)

б) Өлең мазмұнын басшылыққа ала отырып тестік сұрақтарға жауап береміз.Тест жауабына алдарыңда жатқан әріптерді пайдаланып ,дұрыс нұсқасын көрсетулерің керек.

(Тест тапсырмаларын орындау)

ІV.Жаңа тақырыппен жұмыс.а) Оқулықпен жұмыс.№ 1

Жауабы: 7+1 7+2 7+3 7+0 (дәптерге жазылады)

1+7 2+7 3+7 0+7 (ауызша талданады)

ә) Жұмбақ шешу арқылы тапсырманы орындау:

Үйіңді қорғайды,

Суықта тоңбайды.(Ит)

№2 Жауабы: 7-0 7-1 7-2 7-3

7-4 7-5 7-6 7-7 (дәптерге жазылады)

3. Қосу кестесіндегі теңдіктің нешеуін пайдааландың?

7+0 6+1 5+2 4+3

3+4 2+5 1+6 0+7 (ауызша талданады)

V. Сергіту сәті

VІ. Ойлан тап! №4

Шарты: Үлкен қасық-10 -? артық

Кіші қасық-7

Шешуі: 10-7 ═ 3 Жауабы:Үлке қасықтың 3-еуі артық

VІІ. Танымдық жаттығу орындау. 3-ші жаттығуды оқып кесінділерді салыстыру арқылы олардың ұзындықтарының қосындысы мен айырмасын есептеу.

Жауабы: көк- 9см, қызыл- 7см, жасыл- 3см

9см-7см ═2см 7см+3см═10см 2см 10см

№5 9-3 9-4

азайғыштарды салыстырып,ұқсас бірнеше мысал жазу.

8-5 8-6

7-4 7-5 ...т.б.

VІІІ. "Сиқырлы суретші"ойыны. Ойын арқылы өрнектер жазылған үйректі бояу.

ІХ. Сабақты қорытындылау:

Әр қатарға тиянақтау тапсырмаларын орындату.(топтамалармен жұмыс)

Х. Бағалау.

ХІ. Үйге тапсырма:№5 жазбаша орындау.

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Конспект урока на тему "М.Әуезов.Жылқы"

Автор: Шонтакбаева Гулназ Сабировна

Дата: 02.02.2018

Номер свидетельства: 454344

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства