Сабақ қамтитын оқу мақсаттары | Негізгі мақсат 7.1.1.1-Жыраулар поэзиясы туралы қысқаша түсінік беру. Жырау, жыршы сөздерінің мағынасын түсіндіру.Қазақтың жырауы ,биі,әскербасы батырының бірі Жиембет шығармашылығымен танысу. «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауның сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау 7.2.2.1-толғаудағы автор бейнесін анықтау 7.1.4.1-толғаудағы кейіпкер бейнесін ашу |
Күтілетін нәтиже | Оқушылардың барлығы: 1.Жыраулар поэзиясы және Жиембет жырау туралы мәлімет алады.Жырау мен жыршының айырмашылығын біледі.Толғау мазмұнымен танысады. 2.Екпін, ырғақ, пауза, көтеріңкі дауысты сақтай отырып, шығарманы мәнерлеп оқи алады Оқушылардың көбісі: 1.Толғаудағы автор бейнесін ашып, талдайды 2.Толғаудағы кейіпкер бейнесін ашып, талдайды Оқушылардың кейбірі: 1 .Толғаудың сюжетін талдап, тақырыбы мен идеясын ашады, қорытынды шығарады |
Сабақтың басы 2 минут 5 минут | 1.Ұйымдастыру кезеңі Сыныпты түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру Үй тапсырмасын тексеру Оқулықтағы (40-42 бет) тапсырмасы 2. «Миға шабуыл» кезеңі. Фазл әдісі Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар мен жауаптары жазылған фазл таратылады, олар дұрысжауапты тауып, құрайды. 1.Үлкен жазу неше жолдан және қатардан тұрады? (428жол,53 қатар) 2.Күлтегін жырының басты идеясы ? Түркі халқын ауызбіршілікке,сыртқы жауға қарсы ұйымдасып күресуге, ел бірлігін нығайту ,ежелгі ата-баба жолын , салт-дәстүрін берік ұстану. 3.Орхон ескерткіштерін алғаш кім тапты? Орыс ғалымы Н.М.Ядринцев 4.Онгин ескерткіштері кімге арналған? Күлтегін мен Білге қағанның әке-шешесіне қойылған ескерткіш 5.Ежелгі дәуір әдебиеті қанша кезеңге бөлінеді? 3 кезеңнен тұрады: 1. 6-9 ғ көне түркі әдеби ескерткіші 10-12 ғ Ислам дәуірі әдебиеті 13-15 ғ Алтын орда әдебиеті 6.Күлтегін жырын қазақ тіліне аударған кім? Мырзатай Жолдасбеков 7. Тастағы жазудың құпиясын ашқан кім? Ең алдымен оқыған сөздері? Дания ғалымы Вильгельм Томсен, «түркі» және «тәңірі» сөздері Жаңа сабаққа эпиграф (өткен сабақпен байланыстыру) Ортаға тарихшы және әдебиетші 4 оқушы шығып: Көне түркі жазуы мен Жыраулар поэзиясы туралы айтады Қазақ елінің сол кездегі тарихы мен әдебиетіне шолу жасайды 1.оқушы тарихын 2.оқушы әдебиетін | Қима қағаздар Фазл бөлшектері |
Сабақтың ортасы 8 минут 5 минут 5 минут 10 минут Бағалау 2 минут | «Мағынаны тану» кезеңі. «Ойлан ,бірік, бөліс» әдісі Оқылым. Дескриптор: Оқушылар оқулықтағы мәліметті оқып, ой бөліседі, талдайды. Проблемалық сұрақтары: 1.Жыраулар поэзиясы қай жылдарды қамтиды? 2.Негізгі тақырыбы қандай? 3.Жырау, жыршы деген кім? 4.Слайдпен Жиембет жырауды таныстыру Жиембет Бартоғашұлы ((1570-1575) жылдар шамасында туып, 1643 жылы дүниеден қайтқан). Қазақтың аса талантты жырауы, биі әрі жеңімпаз батыры. Ол Кіші жүздің Байұлы тайпасының Тана руынан шыкқан. Жиембеттің жас шағы қазіргі Батыс Қазақстан аймағының Өзен, Жем, Арал аралығындағы ауылдарда өткен. 16 жасынан хандар, билер, батырлар жанында жүріп, ел билігіне араласады. Өсе келе ол Есім ханның беделді биі әрі батыры дөрежесіне көтеріледі. Талай ұрыс, шайқастарға катысып, ерлік көрсетеді. Ханның жауынгер жасағын баскарып, жеңімпаз қолбасшы болады. Ол сонымен бірге Еңсегей бойлы Ер Есімнің кіші жүз еліндегі ең бір беделді бас биі ретінде танылады. Жиембет әсіресе 1620 жылғы Есімханның ойрат-қалмақтармен соғысы кезінде ерекше ерлік, тапқырлық көрсетіп, шапқыншы жауды ойсырата жеңіп, бетін кайтарады.[1]. Жиембет жыраудың ересен ерлігі мен әділ де алғыр билік қызметі былай жазылған: "...Ол Есім ханның кіші жүздегі ел басқарушы биі, қолбасшы батыры болған. Қалмақтарға қарсы 1620-27 жылдарғы жорықтарға қатысып ұйымдастырушылық қабілетімен, ерлігімен көзге түскен". Сөйтіп ол үлкен абырой, беделге ие болады. Жиембет бидің Есім ханмен бұл достық қарым-қатынасы ұзаққа бармайды. Екеуінің арасында ел аралық бітімгерлік, жер дауы, жесір дауы кезінде келіспеушілік өрістей береді. Бетің бар, жүзің бар демей, турасын кесіп айтатын қайсарөжет би Есім ханның кейбір озбыр жөн-жосықсыз іс-әрекеттеріне қарсы шығады. Оның бұл мінезі ханға да жаға бермейді. Сөйтіп хан мен бидің арасы суи бастайды. Жиембет ханнан іргені аулақтатып, қол астындағы елге өзінше билік жүргізе бастайды. Мұны білген хан оның соңына түсіп, куғынға салады. Сонда бір кездесуде Жиембет жырау Есім ханға былай депті: Толғауды мәнерлеп оқу .Мазмұны бойынша жұмыс Дескриптор: Екпін, ырғақ, пауза, көтеріңкі дауысты сақтай отырып, шығарманы мәнерлеп оқи алады
Еңсегей бойлы Ер Есім! Есім сені есірткен, Есілде менің кеңесім. Ел білгеннен Есім хан, Қолыңда болдым сүйесін, Қолтығыңа болдым демесін. Теріп алу және тұжырым кестесі Жұптық жұмыс Дескриптор: Автор бейнесі мен кейіпкер бейнесін ашу Кейіпкерге тән қасиеттер | Дәлел (өлең жолдары) | | |
«Балық қаңқасы» әдісі Жеке жұмыс Дескриптор: Толғаудың сюжетін талдап, қорытынды шығарады «Қаңқаның басында» мәтінде қарастырылатын проблема белгіленеді Жоғарғы «қосымша бұтақтарына» проблеманың себебі белгіленеді, төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақтылайтын дәйектер жазылады. Балықтың «құйрығында» қорытынды жазылады Бағалау парақшасы
Оқушының аты-жөні | Үй тапсырмасы | Фазл әдісі | «Ойлан,бірік,бөліс» әдісі | «Теріп алу,тұжырым кестесі» әдісі | «Балық қаңқасы» әдісі | Балл | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | Қазақ әдебиеті оқулығы Слайд сурет |