Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8 Мектеп: Күні: Cынып: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар: Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы: | Жамандыққа жақсылық көрсету |
Оқу мақсаты: | 5.Т/А1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау; 5.Т/А6.Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру. |
Сабақтың мақсаты | Суретке қатысты өз ойын білдіре алады; Оқшау сөздерді қатыстырып, диалог құра алады; Негізгі ойды анықтап өз пікірін білдіреді. |
Бағалау критерийі | Тақырыпты тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы болжайды; Жағдаятқа сай оқшау сөздерді қолданып, диалогке қатысады. |
Тілдік мақсаттар | |
Құндылықтарға баулу | Достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету |
Пәнаралық байланыс | Өзін-өзі тану, бейнелеу өнері, әдебиет |
Тақырып бойынша алдыңғы оқу | Жамандық, жақсылық туралы түсініктерді біледі. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы -Олай болса, бүгінгі сабағымыз адамның бойындағы жақсылық пен жамандық мінездеріне байланысты. | Мақал сөздері қиындылары арқылы топқа бөлу. (Мақал сөздері қиындыларға бөлінген, оларды құрастыру арқылы топқа бірігеді. Мақалдар: Таспен атқанды аспен ат. Жақсылыққа жамандық әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі Жақсыға жанас, жаманнан адас) «Болжау» әдісі: Сұрақтар: -Оқушылар, «жақсылық» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? -Жақсылық жасау деген не? -Сендер кімдерге қандай жағдайларда жақсылық жасадыңдар? -Сол сәтте қандай сезімге бөлендіңдер? - Жамандық жасаған адамға жамандықпен жауап беру керек пе, әлде жақсылықпен жауап беру керек пе? - Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы да Жамандық пен жақсылық төңірегінде болмақ. ТЖ. Иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжап айтады, тірек сөздерді анықтайды. Суреттерге тақырып қояды. ҚБ. «Басбармақ» әдісі. | Мақал сөздері қиындылары Иллюстрациялар
|
Сабақтың ортасы | ТЖ. Тыңдалым адындағы тапсырма. Оқушылар адам мінезінің түрлерін қиынды қағаздарға жазады, оларды жақсы мінез, жаман мінез деп екі топқа жіктейді. Ойларын дәлелдейді, пікірін анық, айқын жеткізеді. ҚБ. Қол шапалақтау. Тыңдалым, аудионұсқадан «Жақсылық пен жамандық» ертегісін тыңдайды ЖЖ. «Пікірлер әткеншегі» әдісі арқылы оқушылар сыртқы, ішкі шеңбер құрайды. Ішкі шеңбер сыртқы шеңберге кейіпкердің жақсы қасиеттерін, сыртқы шеңбер ішкі шеңберге жаман қасиеттерін айтады. ҚБ. Қол шапалақтау. Ж. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Адам мінезін сипаттайтын тұстарын анықтайды, өз ойларын дәлелдейді. «Сипатта» әдісі, оқушылар топта топшамалар суырып бес сөзді байланыстырып, әңгіме құрайды. Дескриптор Оқшау сөздерді еркін пайдалана алады. Эмоционалды сөздерді орынды қолдана отырып, әңгіме құрай алады. | Аудиоматериал «Жақсылық пен жамандық» ертегісі |
Соңы | «Үш таяқша» әдісі, әр топ тақырып бойынша: 1 сұрақ, 1 жауап, 1 идея айтады. «Бес саусақ» әдісі арқылы. 1 саусақ – не үйрендім? 2 саусақ – кімге көмектестім? 3-саусақ – не қиын болды? 4-саусақ – не ерекше әсер етті? 5-саусақ – қандай жетістікке жеттім? Үйге тапсырма. | Қол шапалақтау |