kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ыбырай Алтынсарин "Өзен " өлеңі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілі пәнінен беретін ұстаздарға арналған сабақ жоспары. Ы. Алтынсариннің "Өзен " өлеңін сипаттаған.Сабақ жоспарында табиғат әсемдігі,өзеннің ағысы суреттелген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ыбырай Алтынсарин "Өзен " өлеңі»



Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Өзен»өлеңі

Сабақтың мақсаты: а)білімділік:Ы.Алтынсарин жайлы қысқаша мәлімет,өлеңінің мазмұнын меңгерту арқылы табиғаттағы,адам өміріндегі өзеннің атқарар жүгін таныту,өлеңді түсініп,мәнерлеп,көркем оқи білуге баулу,Ыбырай шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін түсіне білу.ә)дамытушылық: оқушының ауызшы және тіл мәдениетінқалыптастыру,ақын тіліне деген көзқарасын білу,өлеңнің эстетикалық мәнін түсінуге,өзіндік талдау жасауға,шапшаңдыққа,тапқырлыққа,өз ойларын әдеби тілмен жеткізе білуге төселдіру,шығармашылық қабілетін дамыту.б) тәрбиелілік:адам өміріне жарап жатқан өзеннің пайдасын білуге,оны қорғауға,қоршаған ортаға құрметпен қарауға баулу,табиғатты сүю,туған жерін,елін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі мен тәсілдері: Ойтолғау,топтастыру,5 жолды өлең,түртіп алу әдістері.

Көрнекілігі:Ы.Алтынсарин портреті,өзен туралы мәліметтер,үлестірме қағаздар.

Пәнаралық байланысы: жаратылыстану,бейнелеу,қазақ тілі

Сабақтың өту барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі:

Сыныпты жергілікті өзен атауларымен топқа бөлу

1-топ «Жайық» 2-топ «Көшім»

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Тапсырмаларды орындау арқылы жасырын сөзді табу.

1.Жайық: Махамбет кім?

2.Шаған: Соғыс өлеңі кімнің өлеңі?

3.Сарыөзен: «Қызғыш құс» өлеңін жатқа айту

4.Қараөзен: «Қызғыш құс» өлеңіндегі ақынның ойы қандай?

5.Қалдығайты: Махамбет қай жылдарда өмір сүрген?

6.Елек: Махамбеттің тағы қандай өлеңдерін білесің?

7.Деркөл: Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қай жылдарда болды?

8.Көшім: Махамбет өлеңдері неге тәрбиелейді?

-Оқушылар бұл тапсырмалардағы сөздер нені білдіреді?

-Өзендер

-Бұл өзендер БҚО-ның қай аудандарында ағып жатыр?

-Ендеше,бүгінгі жаңа сабағымыз Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңімен танысамыз.

3. « Табиғатпен тілдесейік» сұрақ-жауап әдісі

-Біздің айналамызды не қоршап тұрады?

-Табиғат

-Табиғат дегеніміз не?

-Айналамызды қоршаған ауа,су,жер

-Ендеше Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңі лириканың қай түріне жатады?

-Табиғат лирикасына

4. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ы.Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысында туып,1889 жылы 30 шілдеде қайтыс болған.Ыбырай әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып,атасы Балқожаның тәрбиесінде өседі.1864 жылы 8 қаңтарда мектеп ашылып , онда өзі мұғалім болады.Қазақ шәкірттеріне арнап оқулықтар жазады. «Қазақ хрестоматиясының» авторы - Алтынсариннің қаламынан туған аудармалар , өлеңдер , әңгімелер,мысалдар,ертегілер оқырман жүрегіне жол тауып жатыр.Ыбырай Алтынсариннің көрнекті шығармалары «Кел балалар оқылық», «Өнер білім бар жұрттар» ,«Асан мен Үсен», «Бай баласы мен жарлы баласы », «Әдептілік» т.б.

Ата-бабамыз «Жер-қазына,су-алтын,мал-байлық» деп айтып кеткен.Дариялар мен өзендердің,көлдердің жағалауларына,жалпы сулы-нулы жерлерге егін егіп,кең далада ,жайлауда төрт түлік мал өсірген.Аққан өзеннің суретін көрсете отырып, «Өзен » өлеңін мәнерлеп оқу.

5.Оқулықпен жұмыс

Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңін мәнерлеп мұғалімнің оқуы

Сынып оқушыларына тізбектей оқытып шығамын.



6.Түртіп алу. Сөз мағынасын ашу.(сөздікпен жұмыс)

Өксіген-шөлдеген

Қынарда-жағасында,маңында

Жай-орын,қоныс

Жанабында-жанында

Дерт-ауру

-Өзен дегеніміз не?

-Балалар,Қазақстанда қандай өзендер бар ? Картадан кім көрсете алады?

-Өзіміздің жергілікті жерімізде тағы қандай өзендер бар?

-Өзен табиғатта,адам өмірінде қандай игілікке жарап жатыр?



-Өзеннің тіршілік үшін маңызы неде?

7. Қосымша мәлімет

Өзен дегеніміз- табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су.Өзендердің барлығы бірдей,үлкені – кішісіне қарамай,мұздықтардан,көлдерден,бұлақтардан басталады.

Өзеннің басталар жерін – бастау деп атаймыз.

Өзеннің басталар жерінен құяр жерін ,ал құяр жеріне дейінгі аралықты өзен алыбы деп атайды.

Қазақстандағы ең ұзын,ең суы мол өзен –Ертіс ұзындығы-4242км.

Қазақстанда85мыңнан астам ірілі-уақты өзендер бар.Тобыл-1600км,Жайық-2428км,Есіл-2450км,Сырдария-2212км,Іле-1400км,Шу-1186км.

Пайдасы:кеме жүзуге,жүк тасмалдауға пайдалы.Ертіс өзенінің суын электр энергиясын өндіруге пайдаланады.

Елбасының Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан-2050»стратегиялық жолдауындағы бағыттардың бірі экологияға арналып отыр.Қоршаған ортаны ластауға,экологиялық қалыпты жағдайды булдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінген.

8. Суға байланысты тыйым сөздер

  • Кешқұрым құдықтан су алма

  • Суды қарызға сұрама

  • Бір-біріңе су шашуға болмайды

  • Судың бетін ашық қалдыруға болмайды

9.Топтық жұмыс (Әдебиет теориясы бойынша)

1топ: «Жайық»тобы өлең құрылысына қарай талдау.

Өлеңнің бір шумағына компазициялық талдау жасаймыз.

Авторы :Ы. Алтынсарин

Тақырып:Өзен.

Идеясы : Табиғатты қорғау, өзеннің сұлулығын суреттеу.

Жанр: Өлең.

Шумағы :4

Тармағы:18

Тау // лар // дан ө // зен а // ғар сар // қы // ра // ған.-а

Ай// на// дай сәу// ле бе// ріп жар// қы //ра//ған.-а


Жел соқ //са, ыс // тық соқ // са, бір // лып // та,-б

А// ра //лап тау мен тас //ты ар// қы // ра// ған.-а

Бунақ-3

Ұйқас түрі-қара өлең

2-топ «Көшім» тобына

Он мың мал ай //дап өт // сең лай //қал //май // ды-а

Та //сы // са, су бар // ма // ған сай // қал //май //ды,-а

Та// сы // ған ө // зен су // дың қу // а // ты // мен-б

Көк шал // ғын шөп біт// пе // ген жай қал // май // ды-а

10. Көркемдеуіш сөздермен топтық жұмыс

1-топ: «Жайық» тобы

Эпитет-заттың,құбылыстың өзгеше белгілерін көрсету.

Тілсіз тұрған тоғайлар,көк шалғын шөп.

2-топ «Көшім» тобы

Теңеу-көркемдеп суреттеуде затты,құбылысты екінші зат,құбылыспен салыстырып бейнелеу.

Айнадай сәуле беріп жарқыраған


Салыстыру

Ыбырай өлеңдеріндегі өзеннің суреттелуі

Ұқсастығы

Қазіргі өзен жағдайы

Мал айдаса лай қалмайды,мөлдір,суы мол,жағасы ну,көк шалғын жайылым

Түссіз,тұщы,балықты.

Шаруашылыққа маңызды.Тіршілікте қажетті.

Мал айдаса лай болады,Суы лас әрі аз,Жағасы жұтаң,балығы аз.


11.Сөздерді сәйкестендіру


Орман Ауру

Дерт Маңында

Сай Күш

Жағасында Байқау

Сынау Жыра

Қуат Тоғай

12. Сабақты қорытындылау


Қазақстан,туған жерім-киелім

Қастерлеймін,басымды да иемін

Табиғатың-таптырмас жан байлығым



Бәрін-бәрін аялаймын,сүйемін-демекші бүгінгі сабағымызды мынадай тапсырмалар орындау арқылы қорытындылаймыз.

Әр топқа орындау үшін жеке тапсырмалар беру

1-топқа

1-тапсырма 5 жолды өлең құрастыр

Зат есім-

Сын есім-

Етістік-

2-тапсырма Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?

2-топқа

1-тапсырма Ы.Алтынсарин кім?


Топтастырып жазу


2-тапсырма

Бүгінгі сабақ ұнады ма? Сен үшін қай бөлім қызықты болды?


13. Үйге тапсырма


1.Ы.Алтынсариан шығармашылығы мен « Өзен» өлеңін жаттау.

2.Өзен тақырыбына шығармашылық жұмыс ағып жатқан өзеннің суретін салу.


14. Сабақты бекіту,бағала







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Ыбырай Алтынсарин "Өзен " өлеңі

Автор: Есбулсинова Лаура Есенгелдиевна

Дата: 24.01.2017

Номер свидетельства: 383449

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Саба?ты? та?ырыбы:         Ыбырай Алтынсарин «?зен» "
    ["seo_title"] => string(43) "sabak-tyn-tak-yryby-ybyrai-altynsarin-ozien"
    ["file_id"] => string(6) "110781"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1406610510"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Ыбырай Алтынсарин  "?зен" "
    ["seo_title"] => string(25) "ybyrai-altynsarin-ozien-1"
    ["file_id"] => string(6) "177800"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424708984"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Саба?ты? та?ырыбы:« ?зен» (Ыбырай Алтынсарин) "
    ["seo_title"] => string(43) "sabak-tyn-tak-yryby-ozien-ybyrai-altynsarin"
    ["file_id"] => string(6) "211034"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431532699"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Өзен Ыбырай Алтынсарин"
    ["seo_title"] => string(23) "ozien_ybyrai_altynsarin"
    ["file_id"] => string(6) "381116"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484803217"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Ыбырай Алтынсарин "?зен" "
    ["seo_title"] => string(23) "ybyrai-altynsarin-ozien"
    ["file_id"] => string(6) "171417"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423670632"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства