kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерінің бала тәрбиесіндегі маңызы жайлы. Оқушылар жазушының әңгімелерін оқи отырып, адамгершілік қасиеттерді бойларына дарытады. Осы шығармалардан үлгі-өнеге алады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні»

Күні: 29.01.2015

Сынып: 9 Ә

Пән: қазақ әдебиеті

І. Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі

ІІ. Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Ы.Алтынсариннің өмірі мен еңбегімен

таныстыру және алдыңғы алған білімдерін жинақтау;

ә) дамытушылық: тіл байлығын дамыту, өз ойын еркін

жеткізе білуге баулу, білім, білік дағдыларын

қалыптастыру.

б) тәрбиелік: оқушының сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін

арттыру, ұлттық әдебиетіміздің ұлы тұлғаларының

көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу

ІІІ. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ, жаңа сабақ.

ІV. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, талдау, топтастыру.

V. Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспелер, слайд

VI. Сабақ принципі: көрнекілік, жүйелілік, ғылымилық.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушылармен сәлемдесу.

Ә) Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.

Б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. «Жырау сөзі – тарих шежіресі» тақырыбында ойтолғау жазу.

2. Ы.Алтынсарин өмірбаянын оқу.

3. Жаңа сабақ.

1-тапсырма: «336» әдісімен оқушыларды іздендіре отырып, ұжымдық тапсырмалар арқылы жаңа сабақтың стильдік, жанрлық ерекшелігін ашу.

Әр топ тиісті ұяшықты таңдап алады, ұяшықта ойталқы тапсырмалары берілген. Таңдап алынған ұяшықта көрсетілген тапсырмалар «336» әдісі талаптарымен орындалуы шарт.











1-ұяшықтағы сұрақтар:

  1. Ы.Алтынсариннің туған жерін, туған күнін атаңыздар. (1841 ж. 20 қазанында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданы).

  2. Орынборда оқып жүргенде жақын араласқан шығыстанушы ғалым кім? (В.В.Григорьев)

  3. 1864 жылы қаңтар айында ашылған тұңғыш мектепке қанша қазақ баласы оқуға қабылданды? (14 бала)

  4. Педагогикалық көзқарасының қалыптасуына ықпалын тигізген орыс педагог, жазушылары кім? ( К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой).

  5. «Қазақ хрестоматиясы» қазақ білімі үшін не берді?

  6. Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласында ағартушы ғалым болып қалыптасуына не себеп болды деп ойлайсың?

2-ұяшықтағы сұрақтар:

  1. Ыбырай Алтынсарин кімнің қолында тәрбиеленеді? (Балғожа би)

  2. «Қазақ хрестоматиясы» еңбегі қашан және қай қалада жарық көрді? (1879 жылы, Орынборда)

  3. Орскідегі тұңғыш мұғалімдер мектебі қашан ашылды? (1886)

  4. Ы.Алтынсарин «Мұсылмандық тұтқасы» еңбегін қандай мақсатта жазды?

  5. 1887 жылы Торғай даласында қандай жаңалық болды? (Ырғыз қыздар училищесі ашылды)

  6. Ы.Алтынсарин еңбектерінің мәні, қазақ әдебиетіндегі алар орны, бағасы қандай деп ойлайсыңдар?

3-ұяшықтағы сұрақтар:

  1. Ыбырай Алтынсарин Орынбордағы жетіжылдық орыс-қазақ мектебіне неше жасында түсті? (11 жасында)

  2. Орынборда оқып жүрген кезде, кімнің үйінде тұрды? (В.В.Григорьев)

  3. 1860 жылы Орынбор өлкесінің басқару коммисиясының ұйғаруымен Батыс Қазақстан өлкесіндегі қандай қалаларда бастауыш мектептер ашылды? (Троицк, Торғай, Ырғыз, Қазалы).

  4. 1857-1858 жылдары қандай қызмет атқарды? (өз елінде тілмаштық қызметте болды).

  5. Ы.Алтынсарин жазған оқулықтардың қазақ мәдениетінің тарихындағы маңызын айтыңыздар.

  6. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген төл шығармаларын атаңдар.

2-тапсырма. Оқушылардың ойын жинақтау мақсатында алдымен Ыбырай Алтынсарин туралы не білесіңдер? - деген сұраққа жауап алынады. Кластер толтыру.




3-тапсырма: Мына дөңгелекте берілген мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған. Оны сағат тілінің бағытына қарай үнемі екі сөзден қалдыра отырып оқу керек. Сонда ол қай сөзден бастап оқылу керек? Шыққан мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді Ы.Алтынсариннің өлеңдерімен байланыстырыңыздар.



















  1. Қисық арба жол бұзар,

Дүмше молда ел бұзар.

  1. Бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық,

Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық.

  1. Қанша тұлпар десе де, мініп болмас жалсызды,

Қанша білгіш десе де, халық сүймес малсызды.

  1. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без.

Шеше тұрып қыз сөйлегеннен без.

  1. Сүйек тамыр сүйсініп, күн көреді,

Ауыз тамыр айтып, артығын алады.

  1. Жақсымен жолдас болсаң, ісің бітер,

Жаманмен жолдас болсаң, басың кетер.

  1. Ақылы асқан жақсыны «алысым» деп ойлама,

Ақылы жоқ жаманды «жақыным» деп ойлама.

  1. Әкімге қарсы болма, күніңе кемшілік келер,

Молдаға қарсы болма, дініңе кемшілік келер.

  1. Атадан тағылым алмаған ұл жаман,

Анадан өнеге алмаған қыз жаман.

  1. Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық білім кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

  1. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

  1. Сара жолдан алып таста арамды,

Жаңа өмірге жаңалық қос жарамды.

4-тапсырма. «Өзен» өлеңіне сатылай кешенді талдау

1.Тақырып – бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл – шығарма. Әдеби шығарма дегеніміз белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі. Талдауға алынған өлеңнің тақырыбы - өзен.

2. Жанр түрі – поэзия (өлең).

Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

3. Идеясы - тау өзенінің тазалығын, күшін, «өзеннен рақат тапқан» тіршілік иелерін бейнелеу.

4. Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Өлең 5 шумақты.

5. Тармақ - өлеңнің әр жолы. «Өзен» өлеңі 26 тармақтан құралған.

6. Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. Өлең 3 бунақты.

7. Буын саны – сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты. Өлең 10-11 буынды.

8. Ұйқас- өлеңнің бітім, мазмұнымен тамырлас келіп оған әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі екендігін айтып кетеді.

Бұл өлең қара өлең ұйқасына құрылған (а-а-б-а).

Таулардан өзен ағар сарқыраған, а

Айнадай сәуле беріп жарқыраған. а

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта, б

Аралап тау мен тасты арқыраған. а

9. Лексика – фразеологиялық тіл бірліктері.

Фразеологизм – бірнеше мағыналы сөздерден құралып келіп, біртұтас күрделі ойды білдіретін тұрақты сөз тіркесі.

1. Көңілің суын ішсең ашылады

Көңілі ашылды – ойы сергіді, қуаныш тапты.

2. Шуылдап желмен бірге бас ұрады...

Бас ұрды – аяғына жықты, бағындырды.

3. Ел қыстап күн көреді жаныбында

Күн көрді - тіршілік етті, өмір сүрді, күнелтті.

10. Троп түрлері.

Эпитет – заттың, құбылыстың өзгеше белгілерін көрсету.

Тілсіз тұрған торғайлар, көк шалғын шөп.

Теңеу - көркемдеп суреттеуде затты, құбылысты екінші зат, құбылыспен салыстырып бейнелеу.

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

11. Сөздік жұмыс. Қынарда – жағасында деген мағынада. Жаныбы – етегі.

12. Өлеңнің негізгі түйіні. Ағыны қатты тау өзені өмір сырын шертеді.

4. Бекіту.

Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан да бүкіләлемдік тәлім – тәрбиенің алтын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз.


5. Үй тапсырмасы: Ы.Алтынсариннің әңгімелерін оқу.

6. Бағалау


Пән мұғалімі: Тасқұл А.М.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні

Автор: Тасқұл Ақнұр Мақсұтқызы

Дата: 09.01.2017

Номер свидетельства: 377063

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(235) "Ыбырай Алтынсарин ??гімелеріні? т?рбиелік м?ні. «Аурудан ая?ан к?штірек», «?ке мен бала», «Жаман жолдас», «Ба?ша а?аштары» ??гімелері"
    ["seo_title"] => string(117) "ybyraialtynsarinnghimielierinintrbiielikmniaurudanaiagankushtiriekkiemienbalazhamanzholdasbakshaagashtarynghimielieri"
    ["file_id"] => string(6) "294326"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455634845"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Ыбырай Алтынсаринні? ??гімелері"
    ["seo_title"] => string(31) "ybyraialtynsarinninnghimielieri"
    ["file_id"] => string(6) "272839"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1452073035"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Ыбырай Алтынсаринні? ??гімелері"
    ["seo_title"] => string(32) "ybyraialtynsarinninnghimielieri1"
    ["file_id"] => string(6) "272840"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1452073042"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Ыбырай Алтынсаринны? балалар?а арнал?ан ??гімелері"
    ["seo_title"] => string(55) "ybyrai-altynsarinnyn-balalarg-a-arnalg-an-n-ghimielieri"
    ["file_id"] => string(6) "257375"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1448305026"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Ыбырай Алтынсарин а?артушы педагог"
    ["seo_title"] => string(39) "ybyrai-altynsarin-ag-artushy-piedaghogh"
    ["file_id"] => string(6) "256849"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448214605"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства