І.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Балалар міне тағы бір күн туды, бүгінгі күнді жақсы көніл күймен қарсы алып, бүгінгі күн барлығымыз үшін сәтті болсын!
« Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны жұтайық,
Жүректің жылуын,
Апайларға сыйлайық.»
-жарайсыңдар балалар.
Қане,енді барлығымыз орындарымызға отырайық.
ІІ.Негізгі бөлім:
-Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын,шешуін табыға тырысып көріндер.
« Ақ қар еріп,су көбейіп.
Сай-салаға толады,
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек болады,
Айтыңдаршы бөбектерім
Қай мезгіл деп ойлайсын?»
Балалар, көктем мезгіліне байланысты кім тақпақтар біледі?
Айдын, кәне сен айтып берші
-Жарайсын! Тағы кім айтады?
- Балалар, бүгін бізде ерекше ұйымдастырлған оқу іс-әрекеті көркем әдебиет болады
Ғажайып сәт: Ертегілер әуенімен топқа ертегі әжей келеді
Тәрбиеші: - Балалар,бізге ертегі әжей қонаққа келді. Ертегі әжеймен амандасайық.
Сәламетсіз бе? – Ертегі әжей қош келдіңіз.
Ертегі әжей:
-Саламатсыңдар ма, балалар. Мен ертегілер елінен келдім, сендер ертегіні ұнатасыңдар ма? Қандай ертегі білесіңдер?-Жарайсындар сендер көптеген ертегілер біледі екенсіндер,мен сендерге құр қол келгенім жоқ,
Сендерге сиқырлы қорап әкелдім. Бұл сыйлығымды бермес бұрын мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешімін тапсандар сыйлығымды беремін.
1.Өзі айлакер, өзі бір қу
Жүрген жері айқай да шу
2. Көкте ұшады тізіліп,
Біз қараймыз қызығып.
Сендер дұрыс таптыңдар, бұл сиқырлы қорапты тәрбиеші апайларыңа берейін
Тәрбиеші:- ой балалар мына ғажайып қорапта не бар екен, ой қандай керемет.
-Ертегі әжей бізге жаңадан ертегі әкеліпті.Бұл орыс халқынын ертегісі «Түлкі мен Тырна» деп аталады екен. Балалар олай болса осы Ертегі әжей әкелген ертегі мазмұнымен танысайық.Ертегі әжей сізге көп рахмет, сізде бізбен бірге ертегіні тамашалаңыз.
-Кәне балалар назарымызды экранға аударайық.
( Ертегіні слаид арқылы көрсету)
-Балалар ертегі сендерге ұнадыма?
Ертегі не туралы екен?
1. Түлкі кімді қонаққа шақырды?
2.Тырна тамағын іше алды ма?
3.Тырна қонаққа кімді шақырды?
4.Түлкі тырнаның үйінен қалай қайтты?
-Балалар біз орыс тілінде түлкіні-лиса дейміз,
-ал тырнаны-журавль дейміз.Кәні бәріміз бір қайталайық.
-Жарайсыңдар балалар,
Олай болса осы ертегі туралы білімдерімізді кенейту үшін белсенділік орталықтарына барып жұмыс жасайық.
1. Әдебиет орталығы: « Түлкі мен Тырна» ертегісін әңгімелеу.
Мақсаты: Ертегіні сурет бойынша әңгімелеу, ертегі кейіпкерлерге байланысты өлең, тақпақтар жаттау.
2.Өнер орталығы: Түлкі мен Тырнаға арнап Құмыра мен тарелканың сүреттерін құрастырайық.
Мақсаты: Балалардың суретті құрастыруға деген қызығушылығын арттыру.
3.Рөлді ойын орталығы: «Түлкі мен Тырна» ертегісін сахналау.
Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұны бойынша рөлдерге еніп бірігіп тату ойнауға, дауыс ырғағын, іс-қимылын келтіріп ертегіні сахналау.
Сергіту сәті:
-Балалар, кәне орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық, сергіту сәтін жасайық.
Орнымыздан тұрамыз.
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз солға бір,
Бұрыламыз оңға бір.
Біз мейірімді баламыз!
Біздер тату боламыз,
-Бойымыз сергіп қалды балалар я,ендеше өз қалаған орталықтарыңа барып жұмыстарымызды жалғастырайық.
Балалар жұмыстарын аяқтаған соң ортаға жинап қай орталықтарда қандай жұмыс жасағандарын сұрау.
жұмыс жасағандарын сұрау.
Тәрбиеші: -Ертегі әжей біздің балалардың жұмыстары сізге ұнадыма?
Ертегі әжей: -Ұнады,балалар менің әкелген ертегім бойынша белсенділік орталықтарда жақсы жұмыс жасады, мен риза болып тұрмын.
Тәрбиеші: - Ертегі әжей біздің балалар сізге түлкі мен тырна жайлы тақпақ айтып бергісі келіп тұр.
Ертегі әжей: -рақмет,сендерге! Ендігі келер кезде мұнанда қызықты ертегі алып келемін. Мені басқа топтың балалары күтіп отыр мен кетейін, қош болыңдар балалар.
ІІІ.Қорытынды:
Тәрбиеші: -Балалар бүгін сендер өте жақсы жұмыс жасадыңдар,Ертегі әжей сендерге риза болды,ендеше бүгінгі ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінімізді аяқтаймыз.
«Қол ұстасып тұрайық
Жарты щенбер құрайық,
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық»
-Түлкі қандай аң? -Тырнаның мойыны қандай болады?
– Түлкі кіммен дос болыпты? -Түлкі қонағын қалай күтеді? -Тырна түлкіні қалай күтеді?