Сайқымазақтың кіруі. Қадыр Мырза Әлінің «Клоунның сыры» атты өлеңін оқып кіреді.
«Клоунның сыры»
Циркте жұрт самсаған
Мәз болса деп жан салам.
Ду күлдірсем оларды,
Қуанамын мен соған.
«Шынжыр» ойыны: Шарты:1-ші оқушы әріп айтады. 2-ші оқушы сөз айтады. 3-оқушы сөйлем айтады.
-Балалар. осындай сайқымазақты қайдан көруге болады?
Оқушыларды ц дыбысымен таныстыру.
Ц дауыссыз дыбыс. Ц дыбысы орыс тілі арқылы енген кірме сөздерде кездеседі.
Ц дыбысына байланысты суреттер көрсетіп, оларды буынға бөлдіріп, ц дыбысының сөздің қай жерінде кездесетінін оқушыларға анықтату.
Цирк сөзіне дыбыстық талдау
Мынау цирк. Циркте болмаған бала жоқ шығар. Ондағы сайқымазақтың өнері қандай? Үйретілген хайуанаттардың өнерін айтсаңшы. Осы цирк сөзі қандай дыбыстан басталады? Білесің бе? Бірге айтайық. Ц – Ц – Ц.
Цц – мынау ц дыбысының таңбасы. Баспаша түрі Ц дауыссыз дыбыс. Оны көк бояумен бояймыз. Ол тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылады. Сөздерді мұқият тыңда. Ц дыбысы бар сөздерді есіңде сақта!
IV. Оқулықпен жұмыс.
а) оқулықтағы сөздерді оқып, сөздік жұмыс жүргізу. Цирк, цех,концерт,цифр.
ә) Мәтінмен жұмыс:
Мәтінді мұғалімнің оқуы.
Сұрақ-жауап:
-Циркте кімдердің,нелердің ойындарын көруге болады?
-Өзіне қандай цирк ойыны ұнайды?
Оқушыларға «Цирк» мәтінін оқыту.
Сергіту сәті: «Орнымыздан тұрайық...»
V.Дәптермен жұмыс. Т.№1
а) Ц дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру.
ә) Ц әріпін ауада жазып көрсету.
б) Ц әріпінің үлкен және кіші түрлерін дәптерге жазу
Ц әрпін әдемі жазып үйренейік. Ц әрпінің бас әрпі. Үлкен жолдың ортасынан сәл төмен қаламынды қой. Солдан оңға қарай доға жасай отырып, тік төмен көлбеу сызық жүргіземіз де жазу жолының астыңғы сызығына жете бере оңға қарай доға жасай отырып, астыңғы сызыққа тигізе ілгек жасаймыз. Бастапқы ілгектен оңға қарай жылжып, қаламынды қой да тік төмен көлбеу сызық жүргіземіз де жазу жолының астыңғы сызығына жете бере оңға қарай доға жасап, астыңғы сызыққа тигізе ілгек жасаймыз. Ілгекке жалғастыра төмен тартып бау байлаймыз.
ҮІ.Бекіту.Ойын: «Ойлайық та, ойнайық!»Тапсырмалар беру.№2,№3,№4,№5.