Тіл ұстарту сабағы қазақ тілінен өтіп жатқан лексика тарауына арналады. Қазақ тіліндегі сөз, оның мағынасын зерттейтін саланың қыр-сырын меңгеру -мақсатымыз. Сайыс топтық жарыс түрінде өтеді. Сайыс жеті айналымнан тұрады
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Тіл патшалығы елінде1"»
(сайыс)
Өткізген: Адилханова .Ж.К
2016-2017 оқу жылы
Сайыстың мақсаты: оқушылардың лексика тарауы бойынша білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету,ізденгіштігін арттыра отырып,ой-өрісін кеңейту,тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін,сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін ұштау.
Сайыстың тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттер дарыту, ізгілікке, ынтымаққа,халықтық педагогика негіздеріне,өзара сыйластық,достыққа тәрбиелеу.
Әдісі: іздендіру,салыстыру,проблема қоя салыстыру,диалогты ойын түрлері,мәтін құрастыру.
ІІ.Бүгінгі сайысымыздың тақырыбы "Тіл патшалығы елінде" деп аталады.
Сайыстыңтың эпиграфы: Тілдің қадірін білмеген
Кімнің қадірін білген?
Тіл ұстарту сабағы қазақ тілінен өтіп жатқан лексика тарауына арналады. Қазақ тіліндегі сөз, оның мағынасын зерттейтін саланың қыр-сырын меңгеру -мақсатымыз. Сайыс топтық жарыс түрінде өтеді. Сайыс жеті айналымнан тұрады.
І топ -"Тілшілер" ІІ топ-"Тапқыштар" ІІІтоп - "Шешендер"
1. Топтың аты -"Тілші",
Сүріндіріп көрші!
2. Тобымыз біздің - "Тапқыш",
Білейікші кім айтқыш?
3. Аталды топ -"Шешен",
Не болса да шешем!
1-айналым. Топтық тапсырма. Әр топқа тірек сөздер беріледі. Сол сөздер қатысқан мақал-мәтелдер айту.
"Тілші" - қазақ,су,қой.
"Тапқыш" - үй,қыс,мысық.
"Шешен" - тон,көз, тауық.
2-айналым. Балалар, қазақша ай аттарын жатқа білеміз бе? Қане, енді "Жаңылдырсаң дажаңылмаймын" сайысы арқылы білім сынаймыз.
Шарты: Тақтаға жазылған қате атауларды дұрыс жазып шығу.
"Тілшілер" - Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын айту. ит арқасы қиянда, қоян жүрек, тісінен шығармау, бармағын тістеу,көзі шарасынан шығу,қызыл өңеш болу
"Тапқыштар" жеті,үш,тоғыз сөздері қандай тіркес,ырым-тыйым сөздер бар? Мысалы: жұт жеті ағайынды жеті шелпек,жеті күн,жетісін беру, ер кезегі үшке дейін,тоғыз тоқырау,жеті қазына, жігіттің үш жұрты т.б.
"Шешендер" - Тыйым сөздердің мәнін түсіндір. бүйіріңді таянба, түнде суға барма, тізеңді құшақтама, үйге жүгіріп кірме, есікке керілме, адамды санама, бас киімді теріс айналдырып киме т.б.
4-айналым - Сурет бойынша әңгіме. Төрт түліктің,жыл мезгілдерінің суреттері ілінеді,суретті пайдалана отырып, тақырыпқа қатысты мақал-мәтел,тұрақты тіркестер арқылы мәтін жазу.
5-айналым - "Кім тапқыр?"сайысы бойынша мақалдарды антонимдермен толықтыру
"Тілшілер" - 1. Үйдің ....-......қыс түскенде білерсің,кімнің ....-....іс түскенде білерсің.
2.Ашу-..., ақыл-...
3...сөз- көмір, ...сөз- алтын.
"Тапқыштар" - шаш,қас,бақ сөздері омоним болатын сөйлемдер құрау, осы сөздер қатысқан мақал-мәтелдер айту.
Мысалы: Әйелдің шашы ұзын,ақалы қысқа.Қасың берген асты дұшпан көрме.Бақ-ұзатылған қыз.
"Шешендер" - Табу,эвфемизм,дисфемизм қатысқан мәтін құрап әңгілеу. Мысалы: Менің ағам былтыр үйленді. Жеңешем бәрімізге ат қойды. Мені "Кішкенем",інімді "Шырақ",сіңлімді"Шырайлым" деп атап кетті. Ағамның үлкен ағалары мен апа-жеңгелерін де атымен атамайды. "Үлкен үйдегі қайнаға","Жеделдес қайнаға", "Әнші жеңешем", "Үндемес","Әкім абысын" деген аттары бар. Жеңешем о дүниелік болған адамдардың да атын тергейді. Жақында жеңешем бәрімізге қуаныш сыйлады. Біздің жанұя ат ұстатар мен шай құяр бқпелермен толықты. Мен жеңешеме дән ризамын.
Осы мәтінде табу,эвфемизмдер бар.
6-айналым - Топ басшыларына тапсырма."Сөзтізбек" сайысы.
Шарты: Әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер тізбегін жасау. 2минутта 10сөз жазып шығу.
7-айналым - Сабақ эпиграфын ашу мәнінде "Тіл қадірін білмеген- ел қадірін білмейді" тақырыбына ойтолғау жазу.
Қорытындылау: Сабақтың қорытындысында 3топтың оқушыларының бағасы бағалау парақшалары бойынша шығарылады. Ең жақсы жауап беріп,белсенділік көрсеткен әр топтың 3оқушысына "Озат тілші","Тапқыш ұлан","Зерделі шешен" атағы табыс етіледі. Бұлар - "Тіл патшалығы" елінің көсемдері, ал қалған оқушылар ,сендер -сол көсемдер бастаған елдің талантты ізбасарларысыңдар!