kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?кен Сейфуллин "Сыр санды?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты С?кен Сейфулинні?  ?мірі мен шы?армашылы?ы жайлы білім беру, а?ынны? «Сыр санды?» ?ле?ін о?и отырып, шы?арманы?  та?ырыбы мен идеясына, тілі мен мазм?нына талдау жасату, бейнелеу ??ралы – символ туралы т?сініктерін ке?ейту.Т?рбиелік ма?саты ?ле?ні? мазм?ны ар?ылы о?ушыларды адалды??а, шынайылы??а, адал досты?ты ?адірлеуге  т?рбиелеу, ?семдікті сезіне білуге ?йрету. Дамытушылы? т?р?ысынан о?ушыны? ойын, ?иялын дамыту, шы?армашылы?пен ж?мыс жасай білуге, ?з к?з?арасын ?деби, ж?йелі тілмен жеткізе білу да?дыларын жетілдіру.

Б?л жа?а саба? болып табылатынды?тан, саба? барысында ассоциация, талдау, с?ра?-жауап, ??гіме кестесін ??ру т?сілдерін ?олданамыз. Саба??а хронологиялы? кесте, тапсырмалар, на?ыл с?здер, естеліктер, кітаптар сынды к?рнекіліктерді ?олданамыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?кен Сейфуллин "Сыр санды?"»

Сабақтың мақсаты Сәкен Сейфулиннің  өмірі мен шығармашылығы жайлы білім беру, ақынның «Сыр сандық» өлеңін оқи отырып, шығарманың  тақырыбы мен идеясына, тілі мен мазмұнына талдау жасату, бейнелеу құралы – символ туралы түсініктерін кеңейту.Тәрбиелік мақсаты өлеңнің мазмұны арқылы оқушыларды адалдыққа, шынайылыққа, адал достықты қадірлеуге  тәрбиелеу, әсемдікті сезіне білуге үйрету. Дамытушылық тұрғысынан оқушының ойын, қиялын дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге, өз көзқарасын әдеби, жүйелі тілмен жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.

Бұл жаңа сабақ болып табылатындықтан, сабақ барысында ассоциация, талдау, сұрақ-жауап, әңгіме кестесін құру тәсілдерін қолданамыз. Сабаққа хронологиялық кесте, тапсырмалар, нақыл сөздер, естеліктер, кітаптар сынды көрнекіліктерді қолданамыз.

Сабақтың барысы бес кезеңнен тұрады.

І.Ұйымдастыру кезеңінде кіріспе сөзді қолданамыз.

Кіріспе сөз

Сәкен туралы Сырбай Мәуленов:

 Өмірде жан екенсің қия алмайтын

 Өлеңнің құшағына сия алмайтын

 Қазақты көргің келсе, міне, осы деп,

    Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын,- деп жырлағандай, ХХ ғасыр әдебиетінің көрнекті қайраткері, сұлу жанды Сәкен ақынға және оның шығармашылығына арналады.

ІІ. Ой шақыру

 

Бүгінгі сабағымызда:

  1. С. Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығық жолын оқып білу.

  2. Дос және достық 

  3. Әдебиет теориясы деген мәселелер төңірегінде әңгіме қозғаймыз.

 а)Хронологиялық кесте

1894 жыл              23 мамыр

Ақмола облысы Нілді болысында туған Шын  аты-Сәдуақас.Әкесі Сейфолла-домбырашы,саятшы,ашық адам.Анасы Жамал-әңгімешіл,өнерге жақын жан.

 

1905 жыл

11 жасында Нілді зауытының орыс-қазақ мектебінде.

 

1908-1913 жылдары

Ақмола 3 кластық училищесінде.

 

1913-1916 жыл

Омбы мұғалімдер семинариясында.

 

1914 жыл

Қазанда «Өткен күндер» тұңғыш өлеңдер жинағы шықты.

 

1917 жыл

«Жас қазақ» ұйымында, «Тіршілік газеті» редакциясында.

 

1918—1919 жыл

Омбы лагерінде азап вагонында.

 

1922-1925 жылдары

Қазақстан халық комиссарлары кеңесінің төрағасы, «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы

1936 жылы

«Еңбек Қызыл ту» ордені берілді

1937 жылы

Тұтқындалды

1938 26.02

«Халық жауы» ретінде атыды

1957 жыл

30 наурызда ақын ақталды. Халқымен қайта қауышты.

 

Халқының көңілінен шығып, жүрегінен орын алған С.Сейфуллиннің шығармалары қазіргі күнде ел жадында.

ә)Шығармашылығы «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Домбыра», «Тұрмыс толқынында», «Қызыл ат»,»Көкшетау», «Аққудың айырылуы» поэмалары, «Тар жол,тайғақ кешу» романы, «Жер қазғандар», «Жемістер», «Бандыны қуған Хамит», «Айша» әңгіме-пьесалары.                          

б) Ақын мұрасының зерттелуі

Сәкентанушы ғалым-профессор Тұрсынбек Кәкішұлы, Серік Қирабаев, Мұхтар    Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Галина Серебрякова, т.б.

Ақынның  сұлу жанынан өрілген «Сыр сандық» өлеңімен танысамыз.

Өлең не туралы деп ойлайсыңдар? Сыр сандық деген сөзді қалай түсінесіңдер?

3. Электрондық оқулықпен жұмыс

«Сыр сандық» өлеңін тыңдату, оқулыққа көз сала оқып шығу).

 «Сыр сандық» өлеңінің мазмұнын ашып көрейік. Ол үшін бүгін біз сіздермен топтық жұмыс жүргіземіз. Әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыстанамыз.

1-топ. Өлеңнің 1-7 шумақтарын мәнерлеп оқыңдар.

Шығарманың алғашқы екі шумағына назар аударыңыз.

Өлең шумақтарында не туралы айтылған?

Нақты мысалдармен шығармадан үзінді келтіре отырып дәлелдеңіз.

Әр адамның ішкі сыры, берік қойма сақталған...

Күй шертуге анда-санда, сырласарлық жан керек... өлең жолдарының мазмұнын ашып көріңіздер.

2-топ

Өлеңнен 8-13 шумақты мәнерлеп оқыңыз.

Өлеңнің мазмұнына бойлаңыз, не туралы айтылған?

Ақын адамның жан дүниесін биік құздың басына тығылған кілттеулі сыр сандығына балайтындығын дәлелдеңіз.

Сол таудан сен сыр тауып ал, сыр тауып ал, қымбаттым

Шың суретті бейне жұмбақ, тұрғандай көп сыр жиып

3-топ. Өлеңнің 14- 21 шумақтарын оқыңыз.

Құздың басына шығып, сыр сандықты аша алатын кім деп ойлайсыңдар?

Дос көңілі, сыры қай уақытта, кімге шертіледі деп ойлайсыңдар?

Жалпы сыныпқа сұрақ.

Осы өлеңде лирикалық кейіпкер бар ма? Ол кім? Ол қандай жан?                               

 «Сыр сандық» өлеңін Сәкен ағаларың қандай жағдайда жазды деп ойлайсыңдар?

Қосымша ақпарат мұғалім сөзімен:

Бұл «Сыр сандық» өлеңі 1926 жылы жазылған. Ақын өлеңін «Досқа жазылған хат» деп атаған. Ақын өміріндегі 1923 жылы Қызылжар қаласында болған жағдайға байланысты туған. Халық комиссары Сәкенді бір сапарында вокзалдан күткен досы Шәріпжан Тотоев аяғын сындырып алады. Бірақ кейінгі бір кездесуге Сәкенді жаңағы досы  танымайды, шақыртқанына келмепті. Сонда көңілі қалған Сәкен ақын: «Үлкен шенділерге табынғыш, жарамсақ. Былтыр күтіп, аяғын сындырған доссымағым ұлық болсам ғана шырқ айналар соқыр тауық болғаны ма?» дегенді ойлапты.Әрине, бұл дерек Сәкен туралы естеліктерде (фил.ғыл.докторы С.Талжанов) осылай сақталғанымен,

Сәкен бұл өлеңінде шынайы адал достықты тілге тиек еткен. Адам  үшін құнды байлық –достықты  жырлайды. Дос көңілін шыңдағы қоймаға, алтын сарайға балайды. Лирикалық кейіпкер ақынның өзі достық сезімін құзды шыңға, нулы шатқалға, мөлдір суға, қымбат жасауға ұқсатады. Жанама, жағымсыз достарды қаламайды. Алтын сарай –шын  достыққа нағыз дос ие болады дегенді айтады. Сұлу пернелер –адам  бойындағы жақсы, жағымды қасиеттер. Адамдағы асыл қасиеттер шын достыққа жеткізетінін ақын тебірене жырлайды.

 

б) Өлең құрылысына талдау

1-тапсырма:Өлеңнен айшықты сөздер мен сөз тіркестерін дәптерге теріп жазыңдар.

 2-тапсырма: Өлең құрылысына талдау жаса.

(4 тармақты, 2 бунақты, 7-8 буынды,шалыс ұйқасты өлең).

 3-тапсырма. Ақын асыл адамгершілік, биік достықты беруде қандай сөздерді, қандай тіркестерді, сөздерді қолданған?

 Әдебиет теориясынан

Слайд

Еспе қайталау -

                                                                             

Екі жақты түсіндірме күнделігі  

Үзінді

Мақал -мәтел

Досыңмын деп ант береді,

Жем іздеген жанама.

Жем таусылса жалт береді,

Сенерлік дос, санама.

 

 

Нағыз достар, бір-ақ қалып.

Шыңдап берік сүйіскен.

Бір-біріне сыр ақтарып,

Сыр түйінін түйіскен.

 

 

Тыныс керек кейде жанға,

Кейде жанға ән керек.

Күй шертуге анда-санда,

Сырласарлық жан керек.

 

 

«Кел, сырласайық»

А) Жақсы жолдасты қалай табу керек деп ойлайсың?

Ә) Ата-анаң кіммен дос екеніңді білуге тиіс пе?

Б) Достық үшін досыңның кез келген ісін кешуге бола ма? (Оқушы ойларын тыңдау )

Қорытынды

«Әңгіме кестесін» құру

  1. Тақырыбы

  2. Негізгі идеясы

  3. Кейіпкерлері

  4. Не үйретті?

ІҮ. Үйге тапсырма:   «Сыр сандық» өлеңінен үзінді жаттау

«Менің досым» тақырыбында ойтолғау жазу

Ү. Бағалау

   

Рефлексия

Сабақта қандай сезімде болдыңыз?

Сабақтан қандай әсер алдыңыз?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
С?кен Сейфуллин "Сыр санды?"

Автор: ?алдыбаева Г?лн?р Отарбай?ызы

Дата: 01.02.2016

Номер свидетельства: 286192

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "І.Жанс?гіров "К?й" (поэмасынан ?зінді) ашы? саба? 5-сынып"
    ["seo_title"] => string(48) "izhansughirovkuipoemasynanuzindiashyksabak5synyp"
    ["file_id"] => string(6) "286603"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454354965"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""Алтын ?а?па" интелектуалды ойын "
    ["seo_title"] => string(34) "altyn-k-ak-pa-intieliektualdy-oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "221325"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1435205503"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Класс са?аты "Ата салтым- асыл ?азынам""
    ["seo_title"] => string(31) "klasssagatyatasaltymasylkazynam"
    ["file_id"] => string(6) "327041"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463380513"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Класс са?аты "Ата салтым- асыл ?азынам""
    ["seo_title"] => string(32) "klasssagatyatasaltymasylkazynam1"
    ["file_id"] => string(6) "327042"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463380521"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства