Просмотр содержимого документа
«Сабақ тақырыбы: "Дәстүрлі киім үлгілері"»
Пәні: қазақ тілі Сынып: 10 Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі киім үлгілері
Сабақтың мақсаты: дәстүрлі киім туралы білімдерін толықтыру
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: киім туралы білімдерін кеңейту, киім түрлерімен таныстыру, сөздік қорларын толықтыру. Дамытушылық: тақырып туралы ойларын кеңейту, эстетикалық талғамын дамыту, ауызекі сөйлеуге, алған білімдерін шығармашылыққа қолдана білуге дағдыландыру. Тәрбиелік: эстетикалық тәрбие беру, әсемдікке, ұйымшылдыққа баулу.
-Арман, сен қазақ халқының киім түрлерін атап бере аласың ба?
-Әрине, олар – қамзол, шапан, сәукеле, мәсі.
-Жарайсың, ал тымақ туралы не білесің?
-Тымақ – түлкі терісінен тігілетін ұлттық бағалы бас киім.
-Арман, жарайсың, сұрақтарыма дұрыс жауап бердің.
-Рақмет, Жанар!
-Сау бол , Арман!
-Көріскенше , Жанар!
3 топ
Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сын есім сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтыр. Мәтінді мәнерлеп оқу, 3 сөйлемді аудару.
Киім – адам киетін, денесін ыстық, суықтан қорғайтын бұйым. Байпақ - жылылық үшін етіктің ішінен киетін киізден тігетін аяқ киім. Ол түйе- қой жүнінен, ешкінің түбітінен тоқылады. Мұндай байпақтар әрі ......, әрі........, әрі ....... болады. Қыста киетін байпақтың киізі ......., ал жазда киетін байпақтың киізі .......... болады. Байпақтық тігісі аяққа батпау үшін оны сыртынан тігеді . Жүннен тоқылатын байпақтардың қонышы .......болады.
Керекті сөздер: жылы, жеңіл, жұмсақ, қалың, жұқа, қысқа
Жазылым
Оқушылар топта орындаған тапсырмаларын дәптерге жазады.
Бекіту
1. Кестені толықтыр, сөз тіркестерін құрастыр, дұрыс жаз