kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С. Бегалин Туған жер құдіреті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шоқан Семейден шыққанда мамаыр айының алғашқы бір әсем күндері еді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С. Бегалин Туған жер құдіреті»

Әдебиеттік оқу 22.01.2018 ж 4 «В» сынып

Сабақтың тақырыбы

С. Бегалин Туған жер құдіреті

Мақсаты


  1. Автор туралы білетіндерін еске түсіру. Шығарманың мазмұнын ашып, идеясын таныту. С.Бегалин туралы шығармашылығы туралы мәлімет беру, Шоқан бейнесімен таныстыру, өмірі, шығармашылығы туралы қосымша түсінік алуға мүмкіндік беру;

  2. Туған жерге деген сүйіспеншілік мақтаныш сезімдерін ояту, тәрбиелеу.

  3. Патриоттық, отаншылдық тәрбие беру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлы тұлға өмірінен үлгі-өнеге алуға тәрбиелеу. Эстетикалық, экологиялық көзқарасының қалыптасуына әсер ету.

Сабақтың көрнекілігі

М. Әуезов, С. Бегалин портреттері, «Абай жолы» роман-эпопеясы, «Бала Шоқан» повесі,

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Мазмұндау, сұрақ-жауап,

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық.жасау, назарларын сабаққа аудару.

Ұйымдастыру кезеңін жүргізу.

« Әдебиет» -тек асыл мұратпен, таза ар-намыспен кіруге болатын зәулім сарай» деген екен ұлыларымыз, осы рухани асқарға жетелейтін қасиетті әдебиет сабағын бастаймыз.

Оқушылар назарларын сабаққа аударады, керекті жабдықтарын даярлайды.

Үй тапсырмасын тексеру

М.Әуезов «Жұт алдында»

Мәтінді талдайды, сұрақтарға жауап береді

Қызығушылықты ояту

Бастарына келген қиыншылықты қайыспай көтеріп, тәуелсіздікке, жаңаруға жеткен жер бетінде бізге таныс оңынан оқысаң да, солынан оқысаң да бір ұлт тұрады. Ол қандай ұлт?

Қазақ сөзі.

Қазақ хандай халық?

Қазақ халқы қандай қасиеттерге ие?

Туған жер туралы ән тыңдау, туған жерге байланысты слайд

Тақырыпты ашып алу осы жерде

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс арқылы сергіту

Жаңа сабақ

Нақтылау кезеңі: Түртіп алу әдісі арқылы

1-қатар С. Бегалин өмірбаяны

2-қатар С.Бегалин шығармашылығы

3-қатар С.Бегалин туралы ой

Мысалы: менің нақты ойым осындай...

Жаңа сабақ: мәтін шағын топтарға бөлініп беріледі, оқиды, талдайды, талқылайды, келесі шағын топқа оз оқығандарын баяндап береді.

Мәтінді талдаймыз.


Рухани жаңғыру «Қозы көрпеш және Баян сұлу жыры туралы мәлімет және қосымша мәліметтер беру.

Біздің облыстағы көне күмбездер,»

Топтастыру

Шоқан кім?

шығыстанушы фольклоршы

тарихшы Шоқан

географ этнограф

ағартушы 

Сәйкестендіру

Сергей Дуров ағартушы, ғалым

Григорий Потанин ақын

Шоқан Шоқанның досы

Арсыстан Шоқанның досы

Сәйкестендіруден кейін дәптермен жұмыс жасайды.

Шығармашылық жұмыс.

1-қатар Туған жер тақырыбына бес жолды өлең.

2-қатар Туған жер тақырыбына эссе жазады..

3-қатар Туған жер тақырыбына мақалдар айту.


Ой толғаныс

«Микрафон» әдісі арқылы бүгінгі сабақтағы менің ойым қандай болды? (оқушы ойлары)

Үйге тапсырма

Түсініп оқу. Әр оқушыға Қазақстан Республикасының картасы үлгісін тарату, Шоқанның жүрген жерін белгілей отырып саяхаттау.

Күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Мол бақыт күтем, жас ұрпақ, 
Сенен жасырман. 
Басқаны қайдам?! 
Ұлылық күтем өз басым 
Басталған мынау бәйтерек жаңа ғасырдан!



















































Қазақ халқының кемеңгер әрі сүйікті жазушысы Сапарғали Бегалиннің есімі елімізде кеңінен танымал.

Сапарғали Бегалин артына мол әдеби мұра қалдырды.

Ол-халқымыздың ғасырлар бойы ауызша тараған әңгіме-аңыздарын, айтыс-өлеңдерін, шешендік толғауларды жатқа білетін ескінің көзі, оның үстіне этнограф, әрі тарихшы, қазақ халық ауыз әдебиетінің білгірі және жинақтаушысы. Ол көптеген халық әндерін, аңыз-ертегілерін, айтыскер ақындардың айтыстарының мәтінін жазған.

Сапарғали Бегалин-әдебиетіміздің поэзия, проза жанрларында тартымды, толымды шығармалар берген көрнекті суреткер. Оның шығармашылық сапарында суреткер қаламынан жиырманың үстінде поэма, оннан астам повесть, жүздеген әңгіме, бір роман, көптеген естеліктер, зерттеулер, мақалалар туды.

Ол-сазды лирик, сыршыл ақын. Оның өлеңдеріндегі басты тақырып-туған жерге деген махаббат, өмірге, тіршілікке деген құштарлық.

Талантты аудармашы. Ол Пушкин, Лермонтов және басқа да көптеген орыс классиктерінің шығармаларын қазақшаға аударған.

Сапарғали Бегалин драматург ретінде де көпшілікке танымал. Ол оншақты пьесаның авторы.

Қазақ халқының ұлы ақыны Жамбылдың шығармашылық өміріне арнаған шығармасы, С.Бегалиннің ғалымдық еңбегінің үлкен жемісі.

Халық ақындары Иса, Шашубай, Төлеу, Доскей шығармаларын сұрыптап бастырып, олардың тұңғыш өмірбаянын жазған. Тәттімбет, Әміре, Естай, Майра, Қажымұқан тұлғасын кейінгі ұрпаққа танытуда мол еңбек сіңірген де Сапарғали Бегалин. Халық ақындарының шығармаларын сұрыптап «Халық ақындары», «Өмір жыры», өнер саңлақтары жөнінде «Сахара сандуғаштары» атты жинақтар шығарды. Сапарғали Бегалин 50-ден аса әндерге өлең жазған ақын. Олардың ішінде «Ақтамақ» (муз. С.Кәрімбаевтікі), «Ақ көгершін» (муз. А.Жұбановтікі) сынды әндері халық әніне айналып кеткен. Ақынның өлеңдері бойынша М.Төлебав, Л.Хамиди, Е.Ерзакович, С.Мұхаметжанов, Е.Рахмадиев сияқты талантты композиторлар ән жазды.

Қаламгердің жоғары сауаттылығы, аса зеректігі үшін, басқалардан ерекшелеп, даралап көрсететін өзіндік қайталанбас сыпайы мінезі мен тиянақтылығы, ұқыптылығынан, құбылып, өзгермейтін рухани әлемінің кереметтігінен айналасындағы жақын, жора-жолдастары, қаламдастары, зиялы қауым сыйлы ақсақал ретінде таныған, оны ұстаз тұтқан, үлгі еткен. 

Десек те, ең бірінші Сапарғали Бегалин қазақ балалар әдебиетінің дамуына көп еңбек сіңірген, оның негізін қалаушы алғашқы көшбасшысы. Оны қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы және классигі деп атайды.

Бүгінде жас ұрпақты Сапарғали Бегалиннің кітаптарын оқуға шақырғанда, біз алдымен одан халықтың дәстүрлі тіршілігі тудырған кәсіптердің неше түрлі көріністерін, дала өмірінің сан қилы қызықтарын тамашалауға болатынын еске аламыз. Оның төрт түлік туралы жырлары, ертегі, аңыз, мысалдары балалардың өмір тануына, табиғат сырын түсінуге, жан-жануарлар дүниесін ұғып, сырласуына жол ашады. Көпшілік қауым арасында жоғары баға алған «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері» сияқты тамаша туындылары құсбегілік, саятшылық өнердің қызықтарына тартпай қоймайды.

Балаларға арнап жазған өлең, әңгіме, повестері ондап, жүздеп саналады. Сапарғали Бегалин есімін тек қазақ баласына ғана емес, көптеген елдердің балалары арасында да танымал. Оның балалаға арнап жазған кітаптары көптеген ел тіліне аударылған. 

Бүгінде ақсақалдың «Балалар жазушысы» деген атағы мәңгілік тарихта қалып Республиканың балалар кітапханасы 1996 жылдан бастап Сапарғали Бегалин есімімен аталады.

Жазушы атымен аталатын Республикалық балалар кітапханасы өз тарапынан жазушының шығармашылығын көпшілік оқырман арасында насихаттаушы көшбасшылардың бірі ретінде оқырмандармен кітапхана көптеген шаралар өткізілуде. Солардың ішіндегі ауқымдысы, жыл сайын жазушының туған күні қарсаңында өтетін «Бегалин оқулары».

Міне, осындай көрнекті жазушы, ақын, тарихшы, этнограф, зерттеуші Сапарғали Бегалиннің туғанына биыл 110 жыл толады. Еліміздің жас жеткіншектері осындай тамаша жазушының шығармашылығын білулері керек. Жазушының мерейтойы қарсаңында оның еңбектерін көпшілік арасында насихаттау мақсатымен еліміздің кітапханаларында әр түрлі шаралар өткізілуде. С.Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы өз тарапынан жазушының өмірі мен шығармашылығына арнаған «Қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы» әдістемелік құралды көпшілік назарына ұсынып отыр.




Ер жеттім сенде жаралып...,-деп «Туған жер» атты өлеңінде өзі жырлағандай Сапарғали Бегалин бұрынғы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан), Абай ауданы Дегелең ауылында, кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Сапарғали атаның ата қонысы-Шоқан мадақтаған, қобызға тартып, ән салған, үлкен эпикалық дастандар тудырған, айтыс ақыны Жанақ жүйрік жырына қосқан Арқаның киелі мекендерінің бірі- Дегелең таулары. Бағзы қазақ қауымындағы жақсы дәстүр бойынша, атасы Бегалы немерелері секілді Сапарғалидың да бес жасында кәлимаға тілін келтіріп, арабша сауатын ашып, өзі оқытқан. Осы алты-жеті жылға созылған сабақ обал мен сауап, күнә мен қылмыс, жұмақ пен тозақ секілді мәңгілік сұрақтарға имандай ұйытып жауап беріп, Сапарғалидың мінез-құлқын, кісілік келбетін, жүріс-тұрысын исламның адамгершілік мұраттары негізінде қалыптастырып, кейін таулар құлап, дариялар арнасынан ауып, тұтас қауымдар күйреп жатса да, құбылып, өзгермейтін рухани әлемнің алтын өзегін жасап берген.

Табиғатына зерек, ұғымтал балаға оқу оқыған, білім алған өте ұнайды. Бала Сапаштың одан кейінгі білім алуына немере ағасы, сол кездегі оқымысты Ысмағұлдың ықпалы өте зор болады. Сол жылдары Тәшкенттегі мұсылмандар медресесін бітірген Ысмағұл туған ауылына қайтып оралған болатын. Оның қаладан өзімен бірге алып келген шығыс әдебиетіне, тарихқа байланысты және бастауыш мектебіне арналған оқулықтары ауыл балаларының жаңаша сауатын ашуларына көп көмегі болды. Сол кезде-ақ, ағасы кішкене Сапаштың алғырлығына көңіл аударып, оны үнемі жанынан тастамай Қарқаралы, Семей сияқты қалаларға ертіп жүретін. Немере ағасының көмегімен Сапарғали Фирдоусидың «Шахнамасын», Ахмет Иассаудың «Хикметімен», Сайхали мен Бақырғани өлеңдерін, «Жүсіп-Зылиқа» дастанын, «Мың бір түнді» бас алмай, жастығы астына жастанып оқиды. 

Қазан баспасынан шыққан қиссалармен, хикаялармен танысады. Оқыған сайын өзіне үздіктіретін «Қозы Көрпеш- Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр», «Қыз Жібек», «Ер Көкше» жырларынжәне де көптеген ертегілерді жаттап, жұртқа жаяды. 

«Осыншама өмірдегі ең бір оқшау бақытты кұндерімнің бірі деп әкем Семейден Абайдың 1909 жылғы алғашқы жинағын базарлыққа берген күнін айтар едім. Содан бері ұлы ұстазымыздың ұлағатты сөздерінен екі елі ажырап көрген емен. Менің ең үлкен ұстазым-халық, ел дәстүрі. Ал әдеби үлгі-өнегем-Абай», - дейді жазушының өзі.

Жазушының бұдан былайғы өмірі үнемі күреске, тартысқа толы болды. «Шешеміздің айтуы бойынша, салқын күздің аяғында, терістіктен ызғырықтап жел соғып, ұшқындап қар жауып тұрған суық күні дүниеге келіппін. Табиғаттың маған еншіге бергені ме, әлде жасағанның бұйрығымен болатын құбылыс па,-білмеймін, әйтеуір жылда осылай, менің туған күнімде терістіктен жел ызғырықтап, ұшқындап қар жауып тұратын әдеті. Бүгін де, міне, ауа райының күрт бұзыла қалғанын көрмейсің бе. Сірә, мені қыспаққа салғысы, сынап алғысы келетін шығар. Бірақ мен де көне қоймаспын»,-дейді жазушы.

Шын мәнінде солай. Табиғаттың да, тағдырдың да Сапарғали ақсақалға тартқан сыбағасы жеңіл емес. Сапарғали Бегалин өз өмірінің жастық шағын суреттеп, ертеректе жазған бір өлеңінде былай дейді:

Мен бала боп өскелі,

Елім боп өмір кешкелі,

Қай белесті аспадым,

Қай қиянды баспадым.

Қай азапты көрмедім,

Қай мазаққа көнбедім.

Алаңсыз өмір кешкен бүлдіршін шағынан кейін, ақынның жасөспірімдік шағы қараңғылық қамаған көңілсіз, жүдеу өмір қыспағында өтеді. 

Жұттан қашып, алыстан жұмыс іздеген әкесіне еріп, 1911 жылы қалаға келген бала пристаньда қара жұмысқа түседі. Содан қазақтың тұңғыш ағартушы- мұғалімі Құлжанов Нұрғали мен Нәзипаның үйінде атының басын ұстап, делбеші боп жүріп, орыс-қазақ училищесін 1915 жылы бітіріп шығады. Семейде оқып жүрген шағында Сапарғали кәдімгі атақты Абай келіп орыс әдебиетінің классиктері Толстой, Лермонтов, Пушкиндермен тұңғыш танысқан Гоголь атындағы кітапханадан кітап алып оқиды. Көбінесе Абай өлеңдері мен Тоқай өлеңдерін қайта-қайталай, ойлана, толғана оқиды. Сапарғали алғаш өлең жазғанда осы екі ақынға ден қойып еліктей жазады. 1914 жылы жас Сапарғалидың тұңғыш өлеңі «Айқап» журналында басылады.

Қыналған киім, сыптай бой,

Қырынған жігіт желөкпе ой,


Бұл өлең өз заманына лайық, өз тұсындағы өзімен құрбылас ауылда қымбат уақытын босқа өткізіп жүрген жастарға арналған. Жас ақынның алғашқы туындылары «Азамат арманы», «Көшер ме тұман серпіліп», «Қазақ қыз-бозбалалары» атты өлеңдері болатын.

С.Бегалиннің тырнақалды өлеңдерінен жалындаған отансүйгіштікі, туған елге деген ұшқындаған жастық сезімдерді байқауға болады:

Сүйем сені, асқар таудың әр басы,

Асылғанда ай толықсып төбеңнен.

Сүйем сені, шыққан күннің шұғыласы,

Жер мен аспан қуанышқа бөленген.

Сүйем сені, жар тастардың қиясы,

Күн сәулесі ойнағанда бетінде.

Сүйем сені, батқан күннің ұясы,

Алтын шапақ ойнағанда шетінде. 

1916 жылғы дүрбелеңде окоп қазуға зорлық-зомбылықпен жіберілген жігіттердің қалың легінде Сапарғали да кете барады. Мұстафа Шоқай басшылығымен Думадан арнайы шешім алдырып азаматтарды аурудан, өлімнен құтқарып, 1917 жылы елге оралады.

Бұл тұста жас ақын бірталай өлеңдер жазады. Кейінгі жылдары сотта, газетте, ғылыми қызметте, Жазушылар Одағында кеңесші болып істейді. 

Сапарғали Бегалиннің артына қалдырған мұрасы әжептәуір. Оның шығармашылығы сонау бозбала кезінде жазған тырнақалды өлеңдерінен бастау алса, ең соңғы туындысы ғұмырнамалық «Замана белестері» атты роман. Октябрь революциясының алғашқы күндеріндегі қазақ ауылындағы, қаладағы әлеуметтік –психологиялық өзгерістерді көрсететін деректі негізі бар мемуарлық еңбек. Шығарманың басты кейіпкерлері-белгілі қоғам қайраткері Мұқаметқали Тәтімов, қазақ әйелінен шыққан алғашқы оқымысты, көзі ашық жандардың бірі-Нәзипа Құлжанова, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов, тағы басқа аты, есімі мәшхүр адамдар. С.Бегалиннің бұл романын Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі», Ғабиден Мұстафиннің «Көз көрген» сияқты айтулы шығармаларымен заңды түрде қатар қоюға болады.

Ақын Сапарғали -әсіресе, поэма жанрында көп көсіліп, ұзаққа, алысқа сілтеген қаламгер. Бұл саладағы оның көп еңбегі сөз арасында, ат үсті айтылғанымен, терең талданып, өзіне лайық бағасын алмағандығын өкінішпен ескерте кетудің артығы жоқ деп білеміз. Халық аңызының ізімен жазылған әдемі поэма «Абақ арманы». Бұл поэманы оқи отырып Абай, Ілияс құдыреттерімен жасалған тұлпарлар сапына тағы бір сәйгүлік қосылғандай әсер аласың.

Сапарғали Бегалиннің өткен өмірге арнаған, дерегі, ізі бар материалға сүйеніп жазған дастандарының ішіндегі ең шоқтығы биігі-дау жоқ, атына қатысты туған «Баян жүрек» поэмасы. Қазақ жігіті Сайқым мен қалмақ қызы Баян арасындағы махаббат, ерегістен ығыр болған екі ел арасындағығы келіспеушілік, достықпен табысуымен сәтті көрсетілген.

Сапарғали ақсақалдың Ұлы Отан соғысы тұсында, еліміздің үстіне қатер төнген кезде жазған шығармалары өз алдына ауыз толтырып айтарлық еңбектер. Адамдар ерлігін, батырлығын мадақтайтын «Алтай аңызы» (Төлеген Тоқтаров туралы),«Қанатты қазақ» (Нүркен Әбдіров туралы), майданда отан қорғау жолында еңбегімен көзге түскен қазақ әйелі туралы «Жәмилә» деген, фашистердің оқ-дәрі жинаған қоймасын ойрандап, өртеп, сол Отан үшін өзі құрбан болған жас батыр қыз туралы «Орыс қызы» сияқты тебірене оқитын шығармалар жазды. 

Ақынның «Жаз лебі», «Көктем бұлты», «Нөсер артынан»,«Сарыжайлау» секілді өлеңдері –сұлу бейнеленген пейзаж үлгілері. Сондай-ақ өзгеше жазылған «Кавказ аңыздары», «Бұқара-Самарқанд сапары» топтамаларынан да тосын образ, әдемі деталь, есте қалар бейнелертабуымызға болады.Ұлы Абайға, Мұхтарға, Қасым Аманжоловқа арналған өлеңдерге жүректің тереңінен шымырлап шыққан сыр, таза сезім жан бітірген.

Сапарғали Бегалин жиырмасыншы-қырқыншы жылдары ел ішінде қызмет істеген кездерінде еліміздің кең атырабын көп аралап, ескініңкөздерімен табақтас, дәмдес, сырлас болған. Осы сапарында ол естіп, іріктеп, екшеп қағазға түсірген дүниелер-мол қазына. Халық ақындары Иса, Шашубай, Төлеу, Доскей, Қуат шығармаларын сұрыптап бастырып, олардың тұңғыш өмірбаянын жазған. Сапарғали Бегалин қазақ халқының ардақты ұл-қыздары Тәттімбет, Әміре, Естай, Майра, Қажымұқан, Қалыбек тұлғасын кейінгі ұрпаққа танытуда мол еңбек сіңірген. 

С.Бегалиннің зерттеуші, оқымысты, фольклорист ретіндегі ең жемісті, ең бағалы туындысы-«Жамбылдың ата тегі, өмірі» деген іргелі зерттеуі деп білеміз. Жамбылдың көзі тірісінде өзінен, онымен өкшелес қарттардың аузынан жазылып алынған бұл еңбекте ұлы ақынның өскен ортасы, ата бабасы, алған тағылымы, мінез-құлық ерекшеліктері туралы аса қызық деректер бар. Мұның үстіне Жетісу атырабының аңыз-әңгімелері, жүйрік аты, қыран құсы, сал-серісі, ақын – жырауы, домбырашысы-күйшісі жөніндегі деректер де өте бағалы, дәл.

«Айдос», «Ұр, торпақ» дастандарынан фольклордың жақсы әсері, өрнек-бедері, бояу нақышы байқалады.

Жазушының қазақтың көшпелі, бұрынғы тұрмыс-әрекетін жіті білетіндігі әңгіме, повестерінде мал баққан адамның психологиясы, аңшылардың жан дүниесі сенімділікпен, шыншылдықпен бейнеленген. Бұл шығармаларда енді қайталанбайтын, тарих қойнауына кеткен, суреткер қаламы арқылы есте қалар тарихи жанды суреттер бар.



Арқат тауы

  • Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы жеріндегі тау. Оңтүстік-батысында Қарағайлы тауымен шектеседі. Абсолюттік биіктігі 914 м. Батыстан шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 5 – 7 км


Арқат тауы – .



Мазмұны

  [жасыру] 

Жер бедері[өңдеу]

Солтүстік беткейлері сай-жыралармен тілімденген, оңтүстігі тіктеу келген. Кейде адам мүсініне, кейде аң-құсқа ұқсайтын түрлі жақпартастардан құралған таудың сұлу көрінісі осы жерде болған жиһанкездерді (П.П.Семенов Тянь-Шанский, Н.М. Пржевальский, Ш.Уәлиханов, А.Янушкевич) ерекше таңырқатқан. А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Әуезов, т.б. қазақтың көрнекті тұлғалары Арқат тауының көлдерінде (|Қопа, Аймақкөл) суға шомылған, жағасында аң-құс атқан.

Геологиялық құрылымы[өңдеу]

Тау тас көмір кезеңінің жыныстарынан түзілген, етегін төрттік кезеңнің шөгінділері жауып жатыр.

Өсімдігі[өңдеу]

Шалғынды қызыл қоңыр топырағында негізінен ши, ажырық, жусан, т.б. өсімдіктер өседі.[1]

Дереккөздер География[өңдеу]

Аягөз Сарыарқаның оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан. Қалада шөлейт табиғат зонасы басым, Аягөз өзені ағады. Биіктігі теңіз деңгейінен 654м. Ең биік нүктесі қаланың шетінде, ал ең төмеңгісі Аягөз өзеніндегі теміржол көпірінің астындағы шұңқыр. Қала орографиясы әртүрлі: солтүстіктен қала төмеңгі релефте орналасқан. Оңтүстіктен қала белестермен қоршалған, қалаға төбелерден өтетін ирек жолмен кіреді. Шығыстан қарасақ қала төмен орналасқан сияқты болып көрінеді, өйткені Аягөз өзені дәл сол жерден кіреді. Ең төмеңгі жері - батыс, өзеннің ағып шығатын жағы, батыста таулы жерлер кездеседі, бұл аймақтағы таулар қаланың басқа жақтарына қарағанда биігірек.

Ай өзені

Ай - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы өзен. Ұзындығы 152 км, су жинау алабының ауданы 3090 км2.

Айғыз өзені[өңдеу]

Айғыз - Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданындағы өзен. Ұзындығы 81 км, су жинау алабының ауданы 865 км2.



Таңсық - Аягөз алабындағы өзен.

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы аумағында. Ұзындығы 95 км, Аңғары кең. Арнасы тік жарлы, жайылмасы жалпақ











Қозы Көрпеш — Баян Сұлу — XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро-эпостық жыры.


Поэма Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындардың орындауында ауызша таралған. 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі - Жанақтың нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендердің бірі  Шоқан Уәлиханов (1856).

Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруынан басталады. Сол кезде аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай, баласын көре алмай қаза табады. Атастырылып қойған Қозы мен Баян, жүздерін көрмегенімен бір-біріне ғашық болады. Уақыт өте келе сараң Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті палуан Қодарға ұзатпақшы болады. Қос ғашықтың арасына тосқауыл болған Қодар, айласын асырып, зұлымдықпен Қозының басын алады. Қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян, өш алу үшін қулыққа көшеді. Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. Алданған Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды: Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап қаза табады. Сөйтіп Қозының кегі қайтарылады. Батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қанжар салып қол жұмсайды.

.

Қозы Көрпеш - Баян сұлу күмбезі

Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың ізі тек жырда ғана қалған жоқ, қос ғашықтың көзіндей болып келе жатқан мазар да бар. Бұл мазар Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Таңсық теміржол бекетінен 10 шақырымдай жерде, Аягөз өзенінің бойында орналасқан. Жалпы биіктігі – 12 метрге жуық. Мазар табаны төрт бұрышты таған түрінде болып келеді. Сырт жағынан ауданы 7,10x7,10м, ішкі жағынан 3,38x3,38м, жоғары қарай сүйірленіп, қүмбезделіп өрілген. Қабырғасы гранит қалақ тас пен сабан аралас балшықтан қаланған. Есігі күншығысқа қарап тұр. Ескерткіштің тұрғызылған уақыты туралы әртүрлі пікірлер бар. Бір зерттеушілер V-X ғасырда көтерілген десе, енді бірі X-XI ғасырда орнатылғандығы туралы айтады. Бұл кезеңдерде адам мүсіндері тастан ойып жасалынған және олар жоғары бағаланған. Қос мұңлық күмбезінің салынуы жайлы да түрлі деректер кездеседі. Соның бірі Жанақ ақынның жеткізуі бойынша, күмбезді Айбас 50 мың адаммен бірігіп салған. Ол үшін жақын жердегі таудан тастар әкелінген. . Тау мен Аягөз өзенінің бойында көптеген тайпалардың мыңдаған кісілері атпен тізбектеле тұрып, бір қолдан бір қолға беріп жеткізіп тұрған. Олар үш көш жерден (90 километр) тас тасып, Аягөздің биік белесінен күмбез жасайды. Ол күмбез әлі тозған жоқ, оларды ұмыттырмай, артында белгі болып келеді (Жанақ).

Өлсе - дағы Қозыкем арманы жоқ,

Сурет болып бітіпті Аягөзге.

(Жанақ.)

Халық аңызы бойынша, Қозы Көрпеш - Баян сұлу күмбезі қаланған тасты басқа бір таудан әкелген. Аягөз бойында тұрған бұл кешен мен оның ішіндегі мүсін тастар - исламнан көп бұрын жасалған өте ескі дәуірдің белгілері. Олар Түрік қағанаты кезінде (VI - VIII ғғ.) шыққан. Адамның суретін салған мүсін тасты халық сол кезден ерекше қадірлеген. . Және бір ғажайып жері, олардың аты тек қана мүсін таста сақталып қоймай, жер аттарына да қойылып отырған. Оның зор дәлелі Баянның атымен аталатын сол жердегі «Баян жүрек» тауы, Аягөзге құятын екі өзеннің бірінің аты - Айтаңсық, бірінің аты - Айғыз. Бұлардың барлығы бір кездегі тарихта болған оқиғаны еске түсіріп, солардың халық ортасына көп тараған терең сырларын сақтап келген, әсіресе «Баян жүрек» тауы. Баян мен Қозы Көрпештің жиі қосылып сүйіскен жері деп білу керек.Ал қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уәлихановтың зерттеулеріне сүйенсек, Аягөз өзені бойында төрт балбал тастар болған. Тастан жасалған бұл мүсіндер жырдағы кейіпкерлердің нақты бейнелерін кейіптейді. Оның үшеуі әйел адамдар: Баян және Баянның сіңлілері Ай мен Таңсық, ал ер адам – Қозы .Жырдағы ең жарқын түрде айтылатын әдемі сурет Қозы Көрпештің кешені мен оның ішінде тұрған осы төрт мүсін тас.

Сондай-ақ, ғалым ескерткіштің биіктігіне таң қалып, «тоғыз адам бірінің үстіне бірі мініп тұрған кезде, ең үстіндегісі ғана күмбезге қол жеткізе алады» деген пікір білдірген. Жырды зерттегенде, ғалымдардың да аса көңіл қойып, қызыға қарағаны, әсіресе, Көрпеш пен Баян сұлудың тарихи заманнан келе жатқан ұлы мұнарасы, сәулетті етіп жасаған биік кешені. Ескі қазақтар ондай құрылысты «дың», «діңгек» деп атаған. Мұндай ескерткіштер Қазақстанның көп жерінде осы күнге дейін сақталып келеді.



















Туған жер – тұғырың,
Туған ел – қыдырың.

Ел қадірін көрген біледі,
Жер қадірін жүрген біледі.

Адам елінде көгерер,
Қоға көлінде көгерер.

Бөтен жердің гүлінен
Туған жердің тікені артық.

Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын.

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Елінен безген оңбайды,
Көлінен безген қонбайды.

.

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.

Отанды сүю – отбасынан басталады.
Туған жердің жуасы да тәтті.

Ер елінде,
Гүл жерінде.

Өз елінде көртышқан да батыр.
Өз елінің иті де қадірлі.

Отан үшін күрес,
Ерге тиген үлес.

Құртақандай торғай да,
Өз ұясын қорғайды.


Отансыз адам –
Ормансыз бұлбұл.

Үйде оңбаған,
Түзде де оңбаған.

Елінен безген ер болмас,
Көлінен безген қаз болмас.

Сағынған елін аңсайды,
Сарыала қаз көлін аңсайды.

Жат елдің қаршығасынан,
Өз еліңнің қарғасы артық.



Егілмеген жер жетім,
Елінен айрылған ер жетім.

Отанға опасыздық еткенің,
Өз түбіңе өзің жеткенің.


Ел іші алтын бесік.


Отан –қуат,
Отбасы – шуақ.

Ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы.

Есің барда елің тап.

Туған жердің ауасы да шипа.



Елің – панаң,
Жерің – анаң.



Ұлтарақтай болса да,
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да,
Туып өскен ел қымбат.

Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол.




















"Ой қозғау". Сапарғали Бегалин кім? 
С.Бегалин 1895 жылы 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Өмір жолын қара жұмысшы болудан бастаған. Кейін халық соты, саяси қызметкер болған. Бірақ нағыз мақсатты жолын жазушылықтан тапқан. 
25 дастан, 12 повесть, он шақты драмалық шағын туынды, 50-ге тарта мәтіндерін жазған Сапарғали Бегалин халқына белгілі,білікті жазушы ретінде танылды. 20-дан астам балаларға арналған кітап жазған қаламгер қазақ балалар әдебиетінің негізін жасаушылардың бірі болды. Осындай әңгімелерінің бірі – "Бала Шоқан" әңгімесі. 
" Ой түю" стратегиясы. " Бала Шоқан" әңгімесі қалай жазылды?



"Ой түйін ". 

Нұрсұлтан Назарбаев: 
«Абылай ханның тікелей ұрпағы – Шоқан Уәлихановтың бойында ата-бабаларынан мұра боп қалған аса мол рухани күш-қуат бар еді.»
Ғабит Мүсірепов: 
« Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел!» 
Григорий Потанин: 
«Өзінің бізден артық білетіндігін, не біздерден білім жағынан жоғарлығын білдіруге тырыспаса да, жолдастардың арасында болатын жай әңгімелердің өзінде-ақ оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын.»




0

0

0


0

0

Қазақ халқының кемеңгерәрі сүйікті жазушысы Сапарғали Бегалиннің есімі елімізде кеңінен танымал.

Сапарғали Бегалин артына мол әдеби мұра қалдырды.

Ол-халқымыздың ғасырлар бойы ауызша тараған әңгіме-аңыздарын, айтыс-өлеңдерін, шешендік толғауларды жатқа білетін ескінің көзі, оның үстіне этнограф, әрі тарихшы, қазақ халық ауыз әдебиетінің білгірі және жинақтаушысы. Ол көптеген халық әндерін, аңыз-ертегілерін, айтыскер ақындардың айтыстарының мәтінін жазған.

Сапарғали Бегалин-әдебиетіміздің поэзия, проза жанрларында тартымды, толымды шығармалар берген көрнекті суреткер. Оның шығармашылық сапарында суреткер қаламынан жиырманың үстінде поэма, оннан астам повесть, жүздеген әңгіме, бір роман, көптеген естеліктер, зерттеулер, мақалалар туды.

Ол-сазды лирик, сыршыл ақын. Оның өлеңдеріндегі басты тақырып-туған жерге деген махаббат, өмірге, тіршілікке деген құштарлық.

Талантты аудармашы. Ол Пушкин, Лермонтов және басқа да көптеген орыс классиктерінің шығармаларын қазақшаға аударған.

Сапарғали Бегалин драматург ретінде де көпшілікке танымал. Ол оншақты пьесаның авторы.

Қазақ халқының ұлы ақыны Жамбылдың шығармашылық өміріне арнаған шығармасы, С.Бегалиннің ғалымдық еңбегінің үлкен жемісі.

Халық ақындары Иса, Шашубай, Төлеу, Доскей шығармаларын сұрыптап бастырып, олардың тұңғыш өмірбаянын жазған. Тәттімбет, Әміре, Естай, Майра, Қажымұқан тұлғасын кейінгі ұрпаққа танытуда мол еңбек сіңірген де Сапарғали Бегалин. Халық ақындарының шығармаларын сұрыптап «Халық ақындары», «Өмір жыры», өнер саңлақтары жөнінде «Сахара сандуғаштары» атты жинақтар шығарды. Сапарғали Бегалин 50-ден аса әндерге өлең жазған ақын. Олардың ішінде «Ақтамақ» (муз. С.Кәрімбаевтікі), «Ақ көгершін» (муз. А.Жұбановтікі) сынды әндері халық әніне айналып кеткен. Ақынның өлеңдері бойынша М.Төлебав, Л.Хамиди, Е.Ерзакович, С.Мұхаметжанов, Е.Рахмадиев сияқты талантты композиторлар ән жазды.

Қаламгердің жоғары сауаттылығы, аса зеректігі үшін, басқалардан ерекшелеп, даралап көрсететін өзіндік қайталанбас сыпайы мінезі мен тиянақтылығы, ұқыптылығынан, құбылып, өзгермейтін рухани әлемінің кереметтігінен айналасындағы жақын, жора-жолдастары, қаламдастары, зиялы қауым сыйлы ақсақал ретінде таныған, оны ұстаз тұтқан, үлгі еткен. 

Десек те, ең бірінші Сапарғали Бегалин қазақ балалар әдебиетінің дамуына көп еңбек сіңірген, оның негізін қалаушы алғашқы көшбасшысы. Оны қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы және классигі деп атайды.

Бүгінде жас ұрпақты Сапарғали Бегалиннің кітаптарын оқуға шақырғанда, біз алдымен одан халықтың дәстүрлі тіршілігі тудырған кәсіптердің неше түрлі көріністерін, дала өмірінің сан қилы қызықтарын тамашалауға болатынын еске аламыз. Оның төрт түлік туралы жырлары, ертегі, аңыз, мысалдары балалардың өмір тануына, табиғат сырын түсінуге, жан-жануарлар дүниесін ұғып, сырласуына жол ашады. Көпшілік қауым арасында жоғары баға алған «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері» сияқты тамаша туындылары құсбегілік, саятшылық өнердің қызықтарына тартпай қоймайды.

Балаларға арнап жазған өлең, әңгіме, повестері ондап, жүздеп саналады. Сапарғали Бегалин есімін тек қазақ баласына ғана емес, көптеген елдердің балалары арасында да танымал. Оның балалаға арнап жазған кітаптары көптеген ел тіліне аударылған. 

Бүгінде ақсақалдың «Балалар жазушысы» деген атағы мәңгілік тарихта қалып Республиканың балалар кітапханасы 1996 жылдан бастап Сапарғали Бегалин есімімен аталады.

Жазушы атымен аталатын Республикалық балалар кітапханасы өз тарапынан жазушының шығармашылығын көпшілік оқырман арасында насихаттаушы көшбасшылардың бірі ретінде оқырмандармен кітапхана көптеген шаралар өткізілуде. Солардың ішіндегі ауқымдысы, жыл сайын жазушының туған күні қарсаңында өтетін «Бегалин оқулары».

Міне, осындай көрнекті жазушы, ақын, тарихшы, этнограф, зерттеуші Сапарғали Бегалиннің туғанына биыл 110 жыл толады. Еліміздің жас жеткіншектері осындай тамаша жазушының шығармашылығын білулері керек. Жазушының мерейтойы қарсаңында оның еңбектерін көпшілік арасында насихаттау мақсатымен еліміздің кітапханаларында әр түрлі шаралар өткізілуде. С.Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы өз тарапынан жазушының өмірі мен шығармашылығына арнаған «Қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы» әдістемелік құралды көпшілік назарына ұсынып отыр.

Құрметті балалар оқуының жетекшілері мен кітапханашылар!

Халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп бүгінге жеткізген ардақты ақсақал Сапарғали Бегалин - біздің алтын сандығымыз. Ол сандық ашқан сайын көз қызықтырып, көңілімізді өсіреді. Осы игілікті іске сәт-сапар тілейміз!

Сапарғали Бегалин бұрынғы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан), Абай ауданы Дегелең ауылында, кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Сапарғали атаның ата қонысы-Шоқан мадақтаған, қобызға тартып, ән салған, үлкен эпикалық дастандар тудырған, айтыс ақыны Жанақ жүйрік жырына қосқан Арқаның киелі мекендерінің бірі- Дегелең таулары. Бағзы қазақ қауымындағы жақсы дәстүр бойынша, атасы Бегалы немерелері секілді Сапарғалидың да бес жасында кәлимаға тілін келтіріп, арабша сауатын ашып, өзі оқытқан. Осы алты-жеті жылға созылған сабақ обал мен сауап, күнә мен қылмыс, жұмақ пен тозақ секілді мәңгілік сұрақтарға имандай ұйытып жауап беріп, Сапарғалидың мінез-құлқын, кісілік келбетін, жүріс-тұрысын исламның адамгершілік мұраттары негізінде қалыптастырып, кейін таулар құлап, дариялар арнасынан ауып, тұтас қауымдар күйреп жатса да, құбылып, өзгермейтін рухани әлемнің алтын өзегін жасап берген.

Табиғатына зерек, ұғымтал балаға оқу оқыған, білім алған өте ұнайды. Бала Сапаштың одан кейінгі білім алуына немере ағасы, сол кездегі оқымысты Ысмағұлдың ықпалы өте зор болады. Сол жылдары Тәшкенттегі мұсылмандар медресесін бітірген Ысмағұл туған ауылына қайтып оралған болатын. Оның қаладан өзімен бірге алып келген шығыс әдебиетіне, тарихқа байланысты және бастауыш мектебіне арналған оқулықтары ауыл балаларының жаңаша сауатын ашуларына көп көмегі болды. Сол кезде-ақ, ағасы кішкене Сапаштың алғырлығына көңіл аударып, оны үнемі жанынан тастамай Қарқаралы, Семей сияқты қалаларға ертіп жүретін. Немере ағасының көмегімен Сапарғали Фирдоусидың «Шахнамасын», Ахмет Иассаудың «Хикметімен», Сайхали мен Бақырғани өлеңдерін, «Жүсіп-Зылиқа» дастанын, «Мың бір түнді» бас алмай, жастығы астына жастанып оқиды. 

Қазан баспасынан шыққан қиссалармен, хикаялармен танысады. Оқыған сайын өзіне үздіктіретін «Қозы Көрпеш- Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр», «Қыз Жібек», «Ер Көкше» жырларынжәне де көптеген ертегілерді жаттап, жұртқа жаяды. 

«Осыншама өмірдегі ең бір оқшау бақытты кұндерімнің бірі деп әкем Семейден Абайдың 1909 жылғы алғашқы жинағын базарлыққа берген күнін айтар едім. Содан бері ұлы ұстазымыздың ұлағатты сөздерінен екі елі ажырап көрген емен. Менің ең үлкен ұстазым-халық, ел дәстүрі. Ал әдеби үлгі-өнегем-Абай», - дейді жазушының өзі.

Жазушының бұдан былайғы өмірі үнемі күреске, тартысқа толы болды. «Шешеміздің айтуы бойынша, салқын күздің аяғында, терістіктен ызғырықтап жел соғып, ұшқындап қар жауып тұрған суық күні дүниеге келіппін. Табиғаттың маған еншіге бергені ме, әлде жасағанның бұйрығымен болатын құбылыс па,-білмеймін, әйтеуір жылда осылай, менің туған күнімде терістіктен жел ызғырықтап, ұшқындап қар жауып тұратын әдеті. Бүгін де, міне, ауа райының күрт бұзыла қалғанын көрмейсің бе. Сірә, мені қыспаққа салғысы, сынап алғысы келетін шығар. Бірақ мен де көне қоймаспын»,-дейді жазушы.

Шын мәнінде солай. Табиғаттың да, тағдырдың да Сапарғали ақсақалға тартқан сыбағасы жеңіл емес. Сапарғали Бегалин өз өмірінің жастық шағын суреттеп, ертеректе жазған бір өлеңінде былай дейді:




Алаңсыз өмір кешкен бүлдіршін шағынан кейін, ақынның жасөспірімдік шағы қараңғылық қамаған көңілсіз, жүдеу өмір қыспағында өтеді. 

Жұттан қашып, алыстан жұмыс іздеген әкесіне еріп, 1911 жылы қалаға келген бала пристаньда қара жұмысқа түседі. Содан қазақтың тұңғыш ағартушы- мұғалімі Құлжанов Нұрғали мен Нәзипаның үйінде атының басын ұстап, делбеші боп жүріп, орыс-қазақ училищесін 1915 жылы бітіріп шығады. Семейде оқып жүрген шағында Сапарғали кәдімгі атақты Абай келіп орыс әдебиетінің классиктері Толстой, Лермонтов, Пушкиндермен тұңғыш танысқан Гоголь атындағы кітапханадан кітап алып оқиды. Көбінесе Абай өлеңдері мен Тоқай өлеңдерін қайта-қайталай, ойлана, толғана оқиды. Сапарғали алғаш өлең жазғанда осы екі ақынға ден қойып еліктей жазады. 1914 жылы жас Сапарғалидың тұңғыш өлеңі «Айқап» журналында басылады.



Бұл өлең өз заманына лайық, өз тұсындағы өзімен құрбылас ауылда қымбат уақытын босқа өткізіп жүрген жастарға арналған. Жас ақынның алғашқы туындылары «Азамат арманы», «Көшер ме тұман серпіліп», «Қазақ қыз-бозбалалары» атты өлеңдері болатын.

С. Бегалиннің тырнақалды өлеңдерінен жалындаған отансүйгіштікі, туған елге деген ұшқындаған жастық сезімдерді байқауға болады:





Сапарғали Бегалиннің артына қалдырған мұрасы әжептәуір. Оның шығармашылығы сонау бозбала кезінде жазған тырнақалды өлеңдерінен бастау алса, ең соңғы туындысы ғұмырнамалық «Замана белестері» атты роман. Октябрь революциясының алғашқы күндеріндегі қазақ ауылындағы, қаладағы әлеуметтік –психологиялық өзгерістерді көрсететін деректі негізі бар мемуарлық еңбек. Шығарманың басты кейіпкерлері-белгілі қоғам қайраткері Мұқаметқали Тәтімов, қазақ әйелінен шыққан алғашқы оқымысты, көзі ашық жандардың бірі-Нәзипа Құлжанова, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов, тағы басқа аты, есімі мәшхүр адамдар. С.Бегалиннің бұл романын Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі», Ғабиден Мұстафиннің «Көз көрген» сияқты айтулы шығармаларымен заңды түрде қатар қоюға болады.

Ақын Сапарғали -әсіресе, поэма жанрында көп көсіліп, ұзаққа, алысқа сілтеген қаламгер. Бұл саладағы оның көп еңбегі сөз арасында, ат үсті айтылғанымен, терең талданып, өзіне лайық бағасын алмағандығын өкінішпен ескерте кетудің артығы жоқ деп білеміз. Халық аңызының ізімен жазылған әдемі поэма «Абақ арманы». Бұл поэманы оқи отырып Абай, Ілияс құдыреттерімен жасалған тұлпарлар сапына тағы бір сәйгүлік қосылғандай әсер аласың.

Сапарғали Бегалиннің өткен өмірге арнаған, дерегі, ізі бар материалға сүйеніп жазған дастандарының ішіндегі ең шоқтығы биігі-дау жоқ, атына қатысты туған «Баян жүрек» поэмасы. Қазақ жігіті Сайқым мен қалмақ қызы Баян арасындағы махаббат, ерегістен ығыр болған екі ел арасындағығы келіспеушілік, достықпен табысуымен сәтті көрсетілген.

Сапарғали ақсақалдың Ұлы Отан соғысы тұсында, еліміздің үстіне қатер төнген кезде жазған шығармалары өз алдына ауыз толтырып айтарлық еңбектер. Адамдар ерлігін, батырлығын мадақтайтын «Алтай аңызы» (Төлеген Тоқтаров туралы),«Қанатты қазақ» (Нүркен Әбдіров туралы), майданда отан қорғау жолында еңбегімен көзге түскен қазақ әйелі туралы «Жәмилә» деген, фашистердің оқ-дәрі жинаған қоймасын ойрандап, өртеп, сол Отан үшін өзі құрбан болған жас батыр қыз туралы «Орыс қызы» сияқты тебірене оқитын шығармалар жазды. 

Ақынның «Жаз лебі», «Көктем бұлты», «Нөсер артынан»,«Сарыжайлау» секілді өлеңдері –сұлу бейнеленген пейзаж үлгілері. Сондай-ақ өзгеше жазылған «Кавказ аңыздары», «Бұқара-Самарқанд сапары» топтамаларынан да тосын образ, әдемі деталь, есте қалар бейнелертабуымызға болады.Ұлы Абайға, Мұхтарға, Қасым Аманжоловқа арналған өлеңдерге жүректің тереңінен шымырлап шыққан сыр, таза сезім жан бітірген.

Сапарғали Бегалин жиырмасыншы-қырқыншы жылдары ел ішінде қызмет істеген кездерінде еліміздің кең атырабын көп аралап, ескініңкөздерімен табақтас, дәмдес, сырлас болған. Осы сапарында ол естіп, іріктеп, екшеп қағазға түсірген дүниелер-мол қазына. Халық ақындары Иса, Шашубай, Төлеу, Доскей, Қуат шығармаларын сұрыптап бастырып, олардың тұңғыш өмірбаянын жазған. Сапарғали Бегалин қазақ халқының ардақты ұл-қыздары Тәттімбет, Әміре, Естай, Майра, Қажымұқан, Қалыбек тұлғасын кейінгі ұрпаққа танытуда мол еңбек сіңірген. 












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
С. Бегалин Туған жер құдіреті

Автор: Таубаева Мадина Жапановна

Дата: 23.04.2019

Номер свидетельства: 508153

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "С. Бегалин Туған жер құдіреті"
    ["seo_title"] => string(32) "s_begalin_tugan_zher_ku_direti_1"
    ["file_id"] => string(6) "508287"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1556092258"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "?дебиеттік о?у : К?нтізбелік жоспар"
    ["seo_title"] => string(37) "diebiiettik-ok-u-kuntizbielik-zhospar"
    ["file_id"] => string(6) "255093"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1447861804"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Б. Со?па?паев. «?ам?орлы?»"
    ["seo_title"] => string(27) "b-sok-pak-paiev-k-amk-orlyk"
    ["file_id"] => string(6) "311939"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459266338"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "?аза? сахарасыны? ж?лдыздары"
    ["seo_title"] => string(32) "k-azak-sakharasynyn-zhu-ldyzdary"
    ["file_id"] => string(6) "253679"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1447647204"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(22) "Ш. Уалиханов"
    ["seo_title"] => string(12) "shualikhanov"
    ["file_id"] => string(6) "337876"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1469178090"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства