Бұл жүктемеде Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» тақырыбында өтілген ашық сабақтың жоспары бар. Ашық сабақта әр түрлі әдіс – тәсілдер қолданылған. Мұғалімдер қарап қолданады деген ойдамын. Барлықтарыңызға шығармашылық табыс тілеймін! Істеріңіздің жемісін көріңіздер! Оқушыларыңыз жетістіктерімен қуантсын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Оралхан Бөкей "Тортай мінер ақ боз ат" әңгімесі»
«Бекітемін» _________________
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пәні: Әдебиет
Сыныбы: 7 «Ә»
Күні, айы, жылы: 30.04.2016 жыл
Пән мұғалімі: Жарылқасынова Гүлзат Баратбекқызы
Сабақтың тақырыбы: О.Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларға жазушы Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат беру, «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің мазмұнын түсіндіру.
2) Дамытушылық: Оқушылардың пікірін тыңдай отырып, өз ойларын еркін жеткізуге баулу, ауызша сөйлеу тілін жетілдіру.
3) Тәрбиелік: Оқушы бойына адамгершілік ізгі қасиеттерін қалыптастыра отырып, рухани – адамгершілік тәрбиемен ұштастыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Оқушылармен сәлемдесу
2) Кезекші мәлімдемесі
3) Сабаққа келмеген оқушыларды белгілеу
4) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Жазушының оқулықтағыдан басқа шығармасын оқып, мазмұндап келу.
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
1.Автор повесті неге «Жусан иісі» деп атайды? Жусан иісі арқылы жазушы оқырманына қандай ой тастайды?
2. Аян ертегіні көп айтады. Бірақ солардың мазмұны неге толық берілмейді? Ертегілерінің «Бір жетім бала болыпты» деп басталуының себебі неде?
3. Аян мен осы әңгімені баяндап отырған әңгімеші баланың бойынан қандай адамгершілік қасиеттерді байқадыңдар?
4. Аян сендерге қандай әсер қалдырды?
ІV. Жаңа сабаққа дайындық. Балалар, біз өткен сабағымызда жазушы С.Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесінің мазмұнымен танысып, талдау жұмыстарын жүргіздік. Енді бүгінгі сабағымызда талантты қаламгер Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы және «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің мазмұнымен танысамыз.
V. Жаңа сабақ. Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі
Біздің әдебиетімізге алпысыншы жылдары өз өрнегімен, өз ерекшелігімен келген жазушылардың бірі Оралхан Бөкей болып табылады. Әдебиетіміздегі ірі тұлғалардың ішіндегі ақынымыз 1943 жылы қыркүйектің 28 күні Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. Шыңғыстай ауылының орта мектебін бітірген соң, 1963 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің сырттай оқу бөліміне оқуға түседі. Аталған оқу орнын аяқтағаннан кейін 1965 – 1968 жылдар аралығында Үлкен Нарын ауылының жергілікті «Еңбек туы» газетінде және облыстық «Коммунизм туы» газетінде еңбек етеді. Ал 1968 жылы республикалық «Лениншіл жас» газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді. Алматы қаласында «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі және редколлегия мүшесі болып қызмет етеді. Ал өзінің өмірінің соңғы жылдарына дейін «Қазақ әдебиеті» гезетінің бас редакторы болып қызмет етеді.
Оралхан Бөкейдің қаламынан «Қамшыгер», «Кербұғы», «Бәрі де майдан», «Қайдасың, қасқа құлыным», «Өліара», «Қар қызы», «Сайтан көпір», «Құм мінезі» сынды повестері, «Өз отыңды өшірме» атты романы және тағыда басқа көптеген повестері, әңгімелері ел арасында жоғары бағаланып, төл әдебиетімізді байыта, түрлендіре түсті.
О.Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі
1. Әңгімені тізбектей оқу.
2. Оқи отырып, мазмұндау
3. Әңгіме мазмұнын жоспарға жүйелеу.
VІ. Бекіту және қорытындылау. Сабақ соңында оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беріп, сабақты бекітіп, қорытындылаймын.
1.Оралхан Бөкей туралы не білдің?
2. Әңгімеде не туралы айтылған?
3. Әңгімені оқи отырып қандай ой түйдің?
4. Әңгімені мазмұнына орай бөлімдерге бөліп ат қойыңдар.
5. Кейіпкерлердің бейнесін құрастырыңдар.
6. Әңгіме неге «Тортай мінер ақ боз ат» деп аталған?
7. Тәрбиелік мәні?
8. Әңгімедегі баяндалатын оқиға, қай жылдары, қандай жағдайға байланысты?
9. Тортайдың: «Бұл дүниеде пір тұтар, жалғыз-ақ нәрсем бар, ол – кітап» дегенінен кітаптың қандай құдырет күшін байқауға болады? Кітаптың адам өмірі, мінезі үшін қандай маңызы бар? Ол жайындағы оқушылар пікірі?
VІІ. Үй тапсырмасы. Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы конспект жазу, «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесін оқу, мазмұндау.
VІІІ.Бағалау. Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдерін бағалау. Бағаларын журналға, күнделіктеріне қою.