Сабақ: № 42 | Мектеп: «А. Розыбакиев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. |
Күні: 14.12.2016ж | Мұғалімнің аты-жөні: Оразахынова Арайлым Ержановна |
Сынып: 5 Б,В Сабақың тақырыбы: Туған өлкем | Қатысқандар: | Қатыспағандар: |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Назарын шоғырландырып тыңдау, туған жердің қасиетін ұғындыру. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну. Тыңдалған мәтіндер бойынша өз пікірін дәлелдеу және қорытындылау. Оқушының сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын дамыту үшін эссе жаздыру,өлеңді жатқа айту. Назарын шоғырландырып оқу. |
Бағалау критерийі | 1. Тапсырмаларда берілген өлеңнің, мәтіннің мазмұнын түсінеді. 2.Туған өлкеге байланысты жаңа сөздерді қолдана біледі: нұр,себу,дән,күміс,еркін, ақ күмістей. 3.Постерді талдау барысында өзінің көзқарасын білдіреді. |
Сабақ мақсаттары | 1.Барлық оқушылар орындай алады: Өлеңді жатқа айтады.Өлеңдегі жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен жұмыс жүргізеді. Топтық жұмыста белсенділік танытады. 2.Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тапсырмалардағы негізгі бөліктерге көзқарасын білдіреді және пікірталасқа түседі. Сын есімдерді, септеулік шылауларды ажыратып табады, сөйлемдерді құрайды. 3.Кейбір оқушылар орындай алады: Постерді талқылап,өз ойын сенімді,еркін түрде білдіреді,нақты жауап береді,дәлелдейді,талқылайды. |
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: Берілген тапсырмаларды оқып, талдай отырып , мәліметтер жинайды. Туған өлке, туған жер жайлы жалпылама түсінік қалыптасады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: нұр,себу,дән,зерно,күміс,еркін, ақ күмістей. Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: «Бізге не ортақ?» ойыны Талқылауға арналған сұрақтар: Блум таксономиясы бойынша берілген сұрақтарға жауапбереді. Не себепті......туған өлкеміз бізге ыстық болады деп ойлайсыз? |
Ишара: дене қимылдары |
|
|
|
Алдыңғы оқу | Оқушылар тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым түрлеріне назарларын аударды. Тақырып бойынша берілген немесе мұғалім таңдауы бойынша алынған ресурстарды қолдана отырып, анализ жасады және өз пікірін, ойын жеткізудің жолдарын меңгерді. Өткен тақырып: «Бізге тамақтану не үшін қажет?» «Галлереяны шарлау» әдісі бойынша оқушылар осы тақырыпта эсселерін жазып келеді. Жазып келген эсселерін сыныптың кез-келген жеріне іліп қояды.Жақсы жазылған екі жұмыс таңдалады. Екі оқушы өз шығармасын оқып береді. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт 45 минут
Басы. Кіріспе
| Жоспарланған жаттығу түрлері Сынып ішінде жылы психологиялық жағдай орнату мақсатында «Жылы жүрек» деп аталатын тренинг өткіземін. Психологиялық тренинг «Жылы жүрек» Балалар, әрбір адам мейірімді де, инабатты болуы керек. Олай болса, бір-бірімізге жылы жүрек сыйлайық. Шеңбер бойына тұрамыз. Бір-бірімізге тілектер жазылған жүректерді сыйлаймыз. Жүрек жасаймын, соған тілек жазылған стикер жабыстырылады. Жарайсыңдар! Бір-біріне шын жүректен тілеген тілектеріңді қабыл алып, бүгінгі сабағымызды бастайық. | Ресурстар Жүрек Стикер
Оқушылардың дене қимылдары арқылы іске асады. |
Стратегияны тану | Ой қозғау Жаңа тақырыпты бастамас бұрын «Бізге не ортақ?» деген сұраққа жауап берейікші.Бізге су,ауа,туған жер, Отан, мектеп,ауыл ортақ. Кiндiк қаның тамып, туып-өскен жерiң,әрине, бәрiнен де артық және бiздiң өмiрiмiзде туған өлке ретiнде үлкен орын алады. Әсiресе, туған ауылың. « Ауылым-алтын бесiгім», - деп ақын- жазушыларымыз жырға қосқан. Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала. Өз елім деп, өз жерім деп тебіренбейтін адам барма сірә! Жоқ! Олай болуы мүмкін де емес. Өйткені сен «Туған жер» деп соққан жүректерде мәңгі орын алған қасиетті даласың. |
|
Ортасы Өз бетімен оқу 15 мин Мәтінге оралу
Соңы Мәтінге пікір айту
Кері байланыс
Үйге тапсырма
Бағалау | Берілген тапсырмаларды Блум өлшемдеріне салып орындау. Блум таксономиясы
Қадамы |
Тапсырмалар | Білу 1-тапсырма | Өлеңді жатқа айтады, жаңа сөздерді айтады, үш тілге аударады. Сөздерді «Сөздік гол» әдісі бойынша қақпаға салады. | Түсіну | Топпен жұмыс, постер қорғайды 1-топ: «Туған өлкеңе қандай көмек берер едің?" 2-топ: «Туған жерің бай болу үшін не істер едің?» 3-топ: «Туған өлкеңді басқа елге,басқа мемлекетке қалай таныстырар едің?» | Қолдану | 2-тапсырма. Мәтінді оқып, әр сөйлемге сұрақ қоямыз. «Біздің еліміз» | Талдау | Осы мәтіннен сын есімдерді табамыз. «Сөздік гол» әдісі бойынша қақпаға салады. | Жинақтау | Оқушылар біз сендермен өткен сабақта септеулік шылауларды өткенбіз.Ере-жесін еске түсірейікші. 4-тапсырма. Септеулік шылауларды жалғап сөйлем құраңдар. | Бағалау | Топтық жұмыс «Туған өлкем, неткен көркем!» тақырыбына эссе жазу. Эссе жазуға мынандай мақалдарды, сөздерді қолдануға болады. БӨТЕН ЖЕРДІҢ ГҮЛІНЕН,ТУҒАН ӨЛКЕНІҢ ТІКЕНІ АРТЫҚ. Бөленгем, ақ бесікке сонда алғаш, Айналдым, мен өзіңнен туған өлкем. |
Бағалау критерийлері | Дескриптор | Блум өлшемдеріне сай негізгі ойды жеткізу
Оқушылардың сөйлеу мәнері,ойды нақты жеткізуі. | Блум өлшемдері арқылы тақырыптың басты идеясын ашады рет-ретімен айтып постерді қорғайды,эссе жазады. | Сергіту сәті «Поэзия минуты» оқушылар өз шығармаларынан немесе ақын-жазушылардың шығармаларынан өлең оқиды. «Дара диаграмма» Туған жерге мақал-мәтелдерді құрастыру арқылы сипаттама беру.
«Модерация» әдісі деп аталады Оқушылар бізде қандай мейрам жақындап келеді? Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік күні». Тәуелсіздігімізге 25 жыл толады. Соған орай өздеріннің туған жерімізге,елімізге,туған өлкемізге қатысты тілектерімізді осы еліміздің географиялық картасына жабыстырайық. : Туған еліміздің әр тасы, әр бұтасы, ең аяғы құбылмалы аспаны мен көшпелі бұлты да ата - бабамыздың бізге тастап кеткен баға жетпес аманаты. Сондықтан шаңырағы күннің шуағына бөленген, іргесі інжу маржанға толы, керегесі кең жайлау, байтақ, бай әрі сұлу жерімізді аялап, елімізді ардақтап өтейік. Атамекенімізді, Отанымызды мақтан етейік! «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылармен кері байланыс орнату. Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сабақты түсінгендерін, олардың ұғу деңгейін тексеру. Мұғалім тарапынан кері байланысты орнатуға арналған сұрақтар қойылады. Бүгінгі сабағымыз «Туған өлкенің» адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінікті болды ма? Сын есім, септеулік шылаулар туралы түсінікті болды ма? Тапсырма: «Туған өлкемнің табиғаты» деген тақырыпта сын есімдерді, септеулік шылауларды қатыстырып, «Пирог» әдісімен 150 сөзден тұратын шағын эссе жазып келу. Өздеріңіздің «Туған жерімнің туристік жерлерін дамыту» тақырыбына жоспар не бизнес пландарыңды құрып келу. Бағалау критерийлері | Дескриптор | Өзіндік идеясы
Дәлел
Өз идеясын айғақтайтын мысал | - Ақпарат құралдарындағы газет-журнал беттеріндегі оқиға мазмұнын зерттейді. - Тақырыппен байланыстырып эссе жазады,бизнес жоспар құрады |
Оқушыларды «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалау. |
|
Қосымша ақпарат |
Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Оқушылар мүмкіншілігін ескере отырып, мақал-мәтелдерді,өлең жолдарын,слайдтарды тиімді пайдалануды жоспарлаймын. Туған өлкенің қадір-қасиетін жоғары бағалап, өзіндік ерекшелігін түсінеді. Оқушылардың сабаққа қатысуын және соңғы өзін-өзі бағалау нәтижесі бойынша оқушылардың білімін бағалаймын, кері байланыс орнатамын. | Пәнаралық байланыс- Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі). Сабақ география, экология, экономика пәндерімен байланысты болады. |
Видео материалдарды пайдалану барысында ой қорыту барысында қабілетті оқушыларға жеке тапсырмалар ұсынуға болады. | Қабілетті оқушыларға туған өлкеге қатысты өз шығармашылығынан өлең шығару ұсынылады. | |
Рефлексия | Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды. Оқушылар туған өлкесінің қасиетін түсініп,оны қадірлеуді,құрметтеуді үйренді. Жоспарыма ешқандай өзгеріс енгізбедім. |
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? |
Бүгін оқушылар не үйренді? сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? |
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе ( оқыту мен оқуға қатысты) 1. Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар орындау 2. «Модерация» әдісі Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1. Оқушылардың туған өлкенің тақырыпты толық түсінгенін бақылау 2 Өз бетімен оқуға қатысуын тексеру |