| Пәні: қазақ әдебиеті | Сыныбы: 5 |
| Тақырыбы: | Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс» |
| Сабақтың мақсаты: | Азаттық үшін күрескен, патриот ақын М.Өтемісұлының өмірінен мәлімет беру, өлеңнің тақырыбын, идеясын ұғындыру. Отанын,елін,жерін сүйетін патриот ұрпақ тәрбиелеу. |
| Күтілетін нәтиже: | Ұлт-азаттық көтеріліс туралы қысқаша мәлімет алады. Өлеңнің идеясын түсінеді.Топта ынтымақтастықта жұмыс жасай біледі, еркін ой айта біліп, шығармашылық қабілетін дамытады. |
| Сабақ берудегі әдіс-тәсілдер: | СТО стратегиялары, топтастыру әдісі, бес жолды өлең,екі түрлі күнделік толтыру, ой толғау. |
| Тапсырмалар: | 1.Өлеңді мәнерлеп оқу, тақырыбын, идеясын анықтау. 2.Сатылай кешенді талдау жасау, өлең құрылысына талдау. 3.Шығармашылық жұмыстар. |
| Дереккөздер | Оқулық, суреттер, интербелсенді тақта |
| Сабақтың барысы: | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| I.Ұйымдастыру | Амандасу, оқушыларды түгендеу | Оқушылардың сабаққа әзірлігі |
| II.Қызығушылықты ояту | Топтастыру әдісі бойынша Махамбет кім? | Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы жекелеген оқушылар орындайды. |
| Мағынаны тану | Слайд арқылы ақын өмірі, көтеріліс жайында ақпарат беру. | Оқулықтан өлеңді мәнерлеп оқиды. |
| Оқушыларды өлеңнің идеялық - мазмұндық талдауға бағыттайды, тілдік ерекшеліктері туралы сөздермен жұмыс жасатады. | Сатылай кешенді талдау әдісімен өлеңге талдау жасайды, әдеби теориялық ұғымдармен танысады. |
| Ой қозғау: «Ақын өлеңін оқығандағы алған әсерің қандай?» деген сияқты проблемалық сұрақтар береді, шығармашылық жұмысқа бағыттайды. | Ақын мен қызғыш құс басындағы ортақ қайғы. (ойтолғау жазу). |
| Кубизм әдісі:Әр топқа тапсырма беру. Мұғалім оқушының жұмысын топта бір-бірінің ой-пікірін ескере отырып, постер арқылы жеткізеді,жұмысына баға береді, мадақтайды. | Әр топ постер арқылы бүгінгі сабақтан нені үйренгендігін бірлесе отырып жазады, ой қорытады. |
| Ой қорыту: "Бес жолды өлең құрастыру" әдісі 1.Зат есім 2.Сын есім 3.Етістік 4.Синоним 5.Сөйлем | Әр топ жеке-жеке жұмыс жасайды. |
| Бағалау:Оқушылардың бірін-бірі бағалауы ескеріліп , жиынтық баға қойылады. | «Екі жұлдыз, бір ұсыныс". |
| Үйге тапсырма беру | Өлеңді жаттап келу (Қосымша материалдардан тың деректер жинақтау ). | Рефлексия жасау. |