Просмотр содержимого документа
«: М.?теміс?лы «?ыз?ыш ??с». »
« ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ҚҰДАЙКӨЛ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП » КММ
МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ «ҚЫЗҒЫШ ҚҰС»
ӨТКІЗГЕН :ҚАЗАҚ ТІЛІ МҰҒАЛІМІ
АДИЙХАН РАМАЗАН
Адийхан Рамазан
Павлодар облысы,Екібастұз қаласы,
Құдайкөл орта мектебінің қазақ тілі
мен әдебиеті мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлы «Қызғыш құс».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Махамбеттің ақындық шеберлігін таныту;
өлеңнің мазмұнын меңгертіп, тақырыбы мен идеясын
түсіндіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды елін,жерін,Отанын шексіз сүюге, қорғауға тәрбиелей отырып, Махамбет бойындағы ерлікті, ақындықты оқушы санасына ұялату.
Дамытушылық: Өлеңмен жазылған шығармаларды мәнерлеп оқуларын,талдай білулерін дамыту; теориялық ұғымдарды саралай білу,өз пайымдары мен көзқарастарын білдіру,ынтымақтастықпен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу,оқушылардың сабаққа қатысын
тексеру.
ә) Сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
А) «Ой шақыру» . Әр топқа парақ таратылады, оқушылар ақын туралы білетіндерін параққа ассоциация ретінде түсіріп,топта ой бөлісіп,оны қорғайды. (Махамбет Өтемісұлы туралы сөйлеу) .
Ә) «Өлеңім- қаруым» ақынның «Соғыс» өлеңін мәнерлеп жатқа айту, өлеңнің идеясы мен тақырыбына тоқталу.
Б) Топтастыру «Махамбет кім?»
ІІІ. Жаңа тақырып: М. Өтемісұлы «Қызғыш құс».
1. Өлеңнің шығу тарихы туралы әңгімелеу;
а) өлеңді мәнерлеп жатқа оқу;
2.Өлеңді сатылай кешенді талдау
3. «Тарихты білесің бе?» (слайд көрсету)
4. Мәнерлеп оқу. «Қызғыш құс»өлеңін әр топтан бір оқушыға оқыту.
5. Тақтамен жұмыс . Өлеңді құрылысына тіліне талдау.
6. «Қызығушылықты ояту » . Әр топқа тапсырма беріліп «Кім
жылдам? » ойыны ұйымдастырылады.
Тапсырма:
І топ: «Махамбет - Қызғыш құс» Венн диаграммасы.
ІІ топ: «Топтастыру» -Махамбет өлеңдерінен қандай тәрбие аламыз?
ІV. Сабақты бекіту: «Еркін жазу» -Махамбет батырға хат жазу.
V. Сабақты қорытындылау (рефлексия) «Инсерт»кестесін толтыру.
VІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. «Егер мен батыр болсам...» деген