Кейбір адамдар көп сөйлейді, мағынасы болсын, болмасын ең бастысы сөйлесе болды. Ал кейбір адамдар бар аз сөйлесе де түп мағынасын, өз орнымен сөйлейтін адамдарды айтады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Көп сөз -көмір,аз сөз -алтын»
Күні
Сабақ тақырыбы: көп сөз -көмір,аз сөз -алтын
Сабақ мақсаты: — шешен сөйлеудің әдістерін меңгерту;
— сөйлеу өнерінен үлгі ала отырып, бос сөзден аулақтатып, тауып сөйлеуге төселдіре отырып, тіл тазалығын сақтауға дағдыландыру;
— тіл тазалығын сақтай отырып, әдеби тілде сөйлеуге баулу;
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту;
Сабақ әдісі: түсіндіру, талдау, ой қозғау, ой қорыту; ой жүйелеу, баяндау, кітаппен жұмыс
Сабақ барысы: Ұйымдастыру
Кейбір адамдар көп сөйлейді, мағынасы болсын, болмасын ең бастысы сөйлесе болды. Ал кейбір адамдар бар аз сөйлесе де түп мағынасын, өз орнымен сөйлейтін адамдарды айтады.
Сөйлеуге жақсы дайындалсаң, өзіңе сенімді боласың. Сөйлеуге дайындық – жауапты іс. Материалды қаншалықты жақсы білсең, соншалықты аз толқисың. Дұрыс, айқын, дәл, түсінікті, таза, және образды, эмоционалды сөйлеу керек. Сабақ кезінде, достарыңның, туыстарыңның арасында жиі сөйлеу қажет. Ол сені дамытып, сөйлеу мәдениетін көтереді.
Білімін көтеру. Шешен адам тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып дәл сөйлеу керек, тауып сөйлеу керек. Ол үшін ойың айқын болу керек.
Білімің терең болса, ойың айқын болады. Білімің терең болу үшін көп оқу керек. Көп оқу үшін іздену керек. Іздену үшін рух мықты болу керек. Рух мықты болса ғана жолда кездескен кедергілерді жеңе аласың.
Сөйлеу мәдениетін көтеру. Ең бірінші кезекте тіл тазалығын сақтауымыз керек.
Расында тілін жамандықтан сақтаған адам екі дүниеде де дәрежесі көтеріліп, абыройы артады. Себебі, тілге сақ болу - қателесу, жалған сөйлеу, өсек айту, сөз тасу, екіжүзділік, былапыт сөздер айту, өзін ақтап сөйлеу, біреуді жамандау, қорлау және де біреудің абыройын төгу т.б. сияқты жамандықтардан сақтайды. Бұл тілге жеңіл болғанымен, түбі жақсылыққа апармайды.
Ауыздан шыққан сөз я шындық, я өтірік. Басқа мүшелердің өрісі, ауқымдылығы шектеулі. Құлақ тек естиді, көз тек қана көреді. Ал тілдің өрісі кең. Жақсылық немесе жамандық айту үшін өте кең мүмкіндіктерге ие.
Тіл туралы көптеген хикметті сөздер айтылған:
Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.
Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.
Ауызда жиек жоқ,
Тілде тиек жоқ.
Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.
Көп сөйлеу достықты бұзады, қажетсіз сөйлеу айыптарды ашады, ащы сөйлейтіндерден достары қашады.
Тіл қылыш секілді дұрыстап қолданылмаса өз өліміңе себеп болады.
Патшаның үгіті
Үш патшаның бірі айтады:
«Бүкіл өкініштерім айтқан сөздерімнен болды. Айтпаған сөздерімнен мүлдем өкінбедім.»
Екіншісі айтады:
«Айтпаған сөздерімнің иесімін. Бірақ айтқан сөздерімнің тұтқынымын.»
Үшіншісі айтады:
«Кейбір сөздерді айтуға күшім жетті, бірақ айтқан сөздерімді қайтарып алуға күшім жетпеді.»
«Көп сөйлейтін адам, көп қателеседі, көп қателескен адамның өтірігі көп болады. Өтірігі көп болған адам жаһаннамға лайықты болады.» (Табарани)
Қорыту: Сонымен, қорыта айтқанда, қойылатын талаптарды саралап шықсақ: / /
Бірақ адамның жүрегінде мейірім болмаса, сені ешкім қабылдамайды. Жүрегіңде мейірім болса, айналаңа ізгілік нұрын шашсаң, жүрегің сезімге бай болса ғана сені шешен ретінде халық қабылдайды, адам ретінді адамның жүрегінің төрінен орын аласың.