Просмотр содержимого документа
«конспект урока литер»
Әдебиеттік оқу
4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Асығым
Сабақтың мақсаты: 1. Өлең мазмұны арқылы идеясын талдап ашуға мүмкіндік беру.
2. Талдау, өздік жұмыстар арқылы оқушының шығармашылық қиялын дамыту.
3. Ұлттық сана-сезімдерінің оянуына жол салу, ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауы-өзін-өзі сыйлау көрінісі екенін сезіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, бейнетаспа
Сабақтың әдіс-тәсілі: топпен жұмыс
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Қызығушылығын ояту: қ, а, ы, с әріптерінен сөз құрастыру.
І Ой қозғау
«Асық» сөзіне ассоциациялық аймақ құру.
ІІ Мағынаны тану
http://imektep.kz/tort-tulik-mal Бейнетаспа арқылы асық жайлы мағлұмат беру.
Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек.
Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінді болады.
Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа,
жақсылары – оңқай аталады.
Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б.
Кезінде қазақтың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы «Асық – үлкен халықтық тәрбие. Ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениетінің бастауы», – деп баға берген еді.
Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп аталады.
Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі.
Бүге (бүк) – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі.
Шіге (шік) – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қара п, шалқасынан жатық түсуі.
Тұрық – асықтың алшы не тәйке түсуі.
Омпы – асықтың тұмсығымен жер тіреп, тік шаншылып түсуі.
Сомпы – асық тұмсығының көкке қарап, тік шаншылып шоңқая түсуі.
Табан – асықтың тәйке жағы.
Оңқай – асықтың бүгесі алақанға қарап, тәйкесі оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы. Оңқай асық малдың сол жақ аяғының тілерсегінде болады.
Солақай – асықтың шігесі сыртқа қарап, алшысы оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы. Солақай асық малдың оң жақ аяғының тілерсегінде болады.
Сақа – қолдағы бар асықтың үлкенінен, ірісінен, межемдісінен, салмақтысынан, оңқайынан белгіленеді. Солақайлар сақаны солақай асықтан ұстайды.
Асықтарды иіріп лақтыру арқылы әр топқа атау беру. (І топ-алшы, ІІ топ-тәйке, ІІІ топ-бүк, ІV топ-шік) Әр топ өз атауларына байланысты асықты иіргенде түсу қалпын түсіндіру.
Оқулықтағы Жаппар Өмірбековтың «Асығым» өлеңін оқымас бұрын автор жайлы мағлұмат беру.
Жаппар Өмірбеков - 1920 жылы 20 қарашада Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының«Бесоба» кеңшарына қарайтын Қоңыртөбе тауының бауырында туған. Қарағандының қазіргі Жамбыл атындағы қазақ мектебінде, мұғалімдер институтында оқиды. Сосын Тельман ауданының мектептерінде ұстаздық етеді.
Өлеңді мәнерлеп оқу және талдау.
-Ақын алшы тұрған асық үшін неге қуанады?
І топ:. Ойынды кім бірінші болып бастайтынын сақа иіру арқылы анықтайды. Сақасы алшы түскен ойыншы бірінші болып ату кезегін алады.
ІІ топ: Асықтардың салт-дәстүрімізге енгені соншалықты, оларға байланысты ата-бабаларымыздың айтқан сөздері де бар. Мысалға алатын болсақ, "асығың алшысынан түссін"- "ісің оңды, жемісті болсын," дегенді білдіреді.
ІІІ топ: Ал «ханталапай» ойынында «хан» алшы түссе, балалар жарыса «хан талапай» деп дауыстап, «ханды» өз қолына түсіруге тырысады. «Хан» кімнің қолына түссе, сол бала жеңіске жеткен болып есептеледі.
ІV топ: «Өріс» ойынында сақа асыққа тиіп «алшы» түссе - тізілген асықты түгел ұтып алады.
ІІІ Рефлексия
РАФТ әдісі Р − рөл, А − аудитория, Ф − форма, Т − тақырып.
І топ: Асықты ұлттық ойынның түрі ретінде бір жүйеге келтіріп, ережелерін бекіту арқылы мектепішілік спорт ойындарының қатарында насихаттауды ұсынамыз. Өйткені асық - қимыл-қозғалыстың ойыны. Ендеше оны салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында да насихаттауға болады.
ІІ топ: Асық ойыны жайлы аннимациялық мультфильмдер шығару. асық ойыны баланы жеке тұлға ретінде мықты тәрбиелейді. Асық ойнау арқылы бала бәсекелестікке үйренеді, бойынша көшбасшылық, лидерлік қасиет қалыптасады. Бүгін ұтылған бала ертең ұтуға тырысады, сөйтіп мінез – ер мінезі шыңдалады.
ІІІ топ: Планшеттерге асық ойынын енгізу. Асық ойыны баланың миын шынықтырады. Яғни, бала асықты атпас бұрын ойланады. Қай тұстан, қалай атаса дұрыс тиетінін ойша самақтайды. Сөйтіп, өзінше есептеп, қорытынды шығарту арқылы асық баланың ақыл – ойының жетілуіне себепкер болады.
ІV топ: Асық ойынын ауыл баласының еншісінде ғана қалдырмай, ұлттық спорт түріне көтерсек. Асық ойыны баланың жастайынан нерв жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді.