Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №7 жалпы білім беру орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдирахметова Гүлзада Орынбайқызы.
Қазақ әдебиеті 9- сынып
Сабақтың атауы
ХІХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу
Мақсаты
Қазақ әдебиеті үшін тарихи оқиғаларға толы кезең екендігін түсіндіру. Қазақ елінің ұлттық болмысын, ерекшелігін көрсететін, тарихын, сал-санасын, дәстүрін таңбалайтынұлы тұлғалар және туындылар туралы айту. Балалар бойына патриоттық сезім ұялату. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулу.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Жүректен жүрекке. Оқушылар тілек айту арқылы бір-біріне лебіздерін білдіреді.
Топқа бөлу
Тақырыпқа байланысты пазылдар арқылы топқа бөлу.
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау
Өтілген тарау бойынша сұрақтар қойып пысықтау.
Қызығушылықты ояту
Білу
Қазақ халқының Ресей отаршылдығына қарсы тәуелсіздік жолындағы күресі ұзаққа созылып, XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 80-жылдарын қамтыды. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихында ауқымдылығы, қуаттылығы жағынан ең ірісі — 1837—1847 жылдардағы көтеріліс. Көтерілістің басталған уақыты патшалық Ресейдің қазақ жеріне тереңдей еніп, әкімшілік-әскери шараларымен әлі де болса дербестігін сақтап тұрған аудандарға жеткен кезеңіне тұспа-тұс келді. Орта жүздегі округтік басқару жүйесіне қарсы басталған бұл көтеріліс Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымұлының басшылығымен жүзеге асты. Қозғалыс 10 жыл бойыРесейдің саясатына ықпал ете отырып, Орта және Ұлы жүздердің басым бөлігінің Ресейдің қол астына еріксіз кіру мерзімін біраз уақытқа болса да кейінге шегерді. Кенесары Қасымұлы бастаған козғалыс жеңіліске ұшырағаннан кейін ғана Орта жүз толығымен Ресейдің құрамына енген.
Білу
Жаңа тақырып бойынша жұмыстану.
«Сіз кітапсыз» парақшаларға ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғаларды жазып қою.
Оқушылыр тапсырманың жауаптарын кітап беттеріне орналастырады.
Түсіну
«Қарлы кесек » Әр топ оқулықта берілген тақырыптан сұрақтар мен жауаптар дайындап, оларды сұрағын бөлек, жауабын бөлек келесі топқа лақтырады. Сұрақтар мен жауаптар оқылып сәйкестендіріледі.
Әр топ сұрақтарды бір біріне лақтырып, сұрақтар оқылып, жауаптарын оқып сәйкестендіреді.
Талдау
Тест құрастыру «Қай топ көп біледі?»
Мәтін бойынша тест сұрақтарын дайындап, әр топ бір –бірінің тест жұмыстарын шешеді.
Сергіту сәті
«Ол қандай?» тренингі
Тренингтің мақсаты: Топ ішіндегі қарым-қатынас деңгейін анықтау.
Топтағы барлық адам ортаға орындыққа дөңгеленіп отырады. Бір адам өз тілегі бойынша бөлменің сыртына шығарылады. Іштегі дөңгеленіп отырған топтың мүшелері топтағы бір адамды жасырады. Барлық адам сол жасырылған адамның оң және теріс қасиеттерін бір-бірлеп айтуға бөліп алады. Жасырылған адам сол ортада отыруы қажет және өзі де өзінің бір қасиетін айтады. Бірнеше минуттан кейін бөлменің сыртындағы адам шақырылады. Ол кіріп: «Ол қандай?» деп айтуы тиіс. Ал, топ мүшелері бір-бірлеп ол адамның қасиеттерін айта бастайды. Айтып болған соң, сырттан кірген адам ойланып, жауап беруі керек. Тек 3 мүмкіндік беріледі. Таба алмаса қайтадан бөлменің сыртына шығады. Содан соң өз тілектері бойынша топтың басқа да мүшелері бөлменің сыртына шыға алады.
Жинақтау
«Венн диаграммасы»
1-топ. Жыраулар поэзиясы өкілдері мен ХІХ ғасыр поэзиясы өкілдерінің айырмашылығы.
Постер құру
2-топ. «ХІХ ғасыр әдебиеті»
3-топ. «Бес жолдық» өлең
4-топ. Бақылаушы топ.
Бағалау
Топтардың бір-бірін бағалауы. Мұғалім өз бағалауын жасайды.
Үйге тапсырма
Мәтінді талдау. Мәтінді оқып, түсінгенін айту
Оқушылар күнделіктеріне жазады