Саба?ты? ма?саты: Х дыбысы мен ?рпін таныстыру. Дамыту ойындарын ойната отырып, игерген білімдерін бекіту. Х дыбысы бар с?з, с?йлем ойлап табуына назар аудару.
Саба?ты? ма?саты: 1.О?ушыларды? білімдерін бір ж?йеге келтіру. О?у жылдамды?ын арттыру.
2. О?ушыларды? с?здік ?орын молайта отырып, байланыстыра с?йлеуін дамыту. Ойлау ?абілеттерін, ?иялын дамыту.
Просмотр содержимого документа
«Х дыбысы мен ?рпі. »
Ашық сабақ
Пәні: сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Х дыбысы мен әрпін таныстыру. Дамыту ойындарын ойната отырып, игерген білімдерін бекіту. Х дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың білімдерін бір жүйеге келтіру. Оқу жылдамдығын арттыру.
2. Оқушылардың сөздік қорын молайта отырып, байланыстыра сөйлеуін дамыту. Ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту.
3. Өзара сыпайылыққа, адамгаршілікке тәрбиелеу. Бір-бірлерінің пікірлерін тыңдауға, үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Х әрпіне қатысты суреттер, видеороликтер, кеспе карточкалар
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық(көңіл-күйді анықтау)
Сәлем саған алтын күн!
Сәлем саған көк аспан!
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған достарым!
І. Ұйымдастыру: Түгелдеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Мақсат қою: Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау
ІІІ. Жаңа сабақ:
Хат келеді. Ішінен Х дыбысы шығады.
Х дыбысы қандай дыбыс? Бұл орыс тілінен енген әріп.
Х дауыссыз қатаң дыбыс.
Х
Дыбысты орналастыру
а) Видеороликті қарап, суреттерді еске сақтап тақтаға сөздер жазу.
- дыбыстық талдау жасау.
(Хат, хайуанат, шахмат, кітапхана, асхана, хор, дәріхана, хоккей)
неше буын?
- неше дауысты дыбыс?
Көрнекілікпен жұмыс:Тақтадағы суретке қарап сөйлемдер құрастыру ә) Тақтаға тірек сызбаны пайдалана отырып, сөйлем жазу:
. Хамит жазды.
. . Хамит хат жазды.
. Хамит ағасына хат жазды.
ІҮ. а) Сөздерді әр қатар хормен оқиды. Әрбір сөздің мағынасын ашу. Жүгіртпе жолмен оқу.
ә) Дәптермен жұмыс: үлгі дәптермен жұмыс.Ауаға жазу. (жарты құрсау солға, жарты құрсау оңға көлбеу бағытпен жазамыз) Х әрпін жазып үйрену. Жай дәптермен жұмыс.
Ә) Буындардан сөздер құру. (кітапхана, асхана, дәріхана)
хана
Ү. Жаңа білімді бекіту.
ҮІ. Сабақты қорытындылау:
а) Бүгін біз сендермен х әрпімен таныстық.
Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық.