Просмотр содержимого документа
«?аза? ?дебиетінен саба? жоспарлары»
Қазақ әдебиеті. 9 «ә» сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Абай – сазгер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлы сазгер Абайдың қазақ музыкасы өмірінде алатын орны, әндерінің ерекшелігі туралы білім беру.
Дамытушылық: Музыканы тыңдай және түсіне білу, ән айту қабілеттерін жетілдіру. Абай әндерін оқушының санасына сіңіру.
Тәрбиелік: Абай әндері арқылы эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру. Абайдың қалдырған мұрасын жалғастыратын, саналы, өнерлі, білімді азаматтарды тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі: Берілген суреттердің қайсысы ұнады? Не себепті? – деген сұрақтарға жауап ала отырып, оқушыларды топқа бөлу. Көңілін жаңа сабаққа аудару.
III. Жаңа сабақ
Абайдың музыкалық мұрасы жайында айтар болсақ Ұлы ақын , ағартушы музыка саласында да айтарлықтай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыка жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені Абай өмір сүрген кездерде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа ән – күйлері сияқты, ауыздан – ауызға , заманнан – заманға ауыса отырып жеткен 20-ға жуық әндері бар. Абай әндері жайында айтылған зерттеушілердің сөздеріне көз жібейік.
Топпен жұмыс. Оқушылар берілген суреттерді таңдау арқылы топқа бөлінеді. Әр топ өзіне берілген Абайдың өлеңдерімен танысып тқмендегі тапсырмаларды орындайды.
1 топ.
Өлеңнің шығу тарихын баянда.
Өлеңге толық талдау жаса.
Өлең тақырыбына байланысты постер жасап, қорғаңдар.
«Айттым сәлем, Қаламқас…»
Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты, 10 шумақтан тұрады. Шығарма Абайды дүниежүзі әдебиеттің өресіне көтерген туындыларының бірі. Өлеңде ақын жастықты, сұлулықты, ғашықтықты жырға қосып, бірін-бірі сүйген екі жастың сүйіспеншілігін, ішкі сезімдерін ашып көрсетеді. Кейіпкер монологы арқылы оның жан-жүрегін, кіршіксіз ақ махаббатын сөйлетеді. Туындыдағы сүйген қызына сәлем жолдаушы жігіт – Абай тұсындағы оқыған, өмірден тоқығаны көп жаңа тұрпатты азамат.
Өлең 7-8 буынды қара өлең ұйқасымен өрнектелген. Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Ақын бұл өлеңіне ән шығарған. Ол негізінен өлеңнің бастапқы 3 шумағы бойынша айтылып жүр. Абай бұл әнмен қазақ халқының әдет – ғұрпына, салт – санасына, талғам – танымына, дәстүріне қайшы келмейтін «Сәлем хат» атты жастықты , сұлулықты , махаббатты жырлайтын жаңа бір поэзиялық музыкалық жанрды дүниеге әкелді.
VI.Әннің сөзімен танысайық
Айттым сәлем, Қаламқас
Айттым сәлем Қаламқас
Саған құрбан мал мен бас
Сағынғанда сені ойлап
Келер көзге ыстық жас
Сенен артық жан тумас
Туса туар – артылмас
Бір өзіңнен басқаға
Ынтықтығым айтылмас
Асыл адам айнымас
Бір бетінен қайырылмас
Көрмесем де, көрсем де,
Көңілім сенен айырылмас.
Көзім жатқа қарамас,
Жат та маған жарамас.
Тар төсекте төсіңді,
Искер ме еді жалаңаш?
Иығымда сіздің шаш,
Айқаласып тай-талас,
Ләззат алсақ болмай ма,
Көз жұмулы, көңіл мас?
Сізде сымбат, бізде ықылас,
Осы сөзім бәрі рас.
Сіздей жардың жалғанда
Қызығына жан тоймас.
Етің, етке тигенде
Демің, тиіп сүйгенде
Тән шымырлап , бой еріп,
Ішім оттай күйгенде.
Жүрек балқып игенде,
Ішкі сырды түйгенде,
Іздеп табар сұңқарым,
Жарастықты шүйгенде.
Қылығыңда жоқ оғат,
Қарап тойман жүз қабат,
Ыстық тартып барасың
Бір сағаттан бір сағат.
Сіз – қырғауыл жез қанат,
Аш бетіңді бер қарат,
Жақындай бер жуықтап,
Тамағыңнан аймалат!
2 топ.
Өлеңнің шығу тарихын баянда.
Өлеңге толық талдау жаса.
Өлең тақырыбына байланысты постер жасап, қорғаңдар.
«Көзімнің қарасы…»
Абайдың 1891 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты, 22 шумақтан тұрады. Ақын шығармашылығының өзекті тақырыбы – махаббат мәселесі бұл өлеңінде ерекше ыстық сезіммен, Абайға тән шеберлікпен өрнектеледі. Өлеңде ақын аз сөзге көп мағына сыйғызу ниетін көздеген .Ғашығына деген ішкі сезімін де ірікпей айтқан, жігіт сөзінен үздіккен жүрек лүпілі, тағат таптырмай тынышын қашырған, бір ысып, бір суыған іңкәр ниет, алабұртқан көңіл күйі сезілгендей. Ғашықтық сезім жүрек жарасына айналған, оңайлықпен жазылар емес. Қыз – айтулы сұлу. Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраhим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланған.
Көзімнің қарасы
Көзімнің қарасы
Көңілімнің санасы
Бітпейді іштегі
Ғашықтық жарасы
Қазақтың данасы
Жасы үлкен ағасы
Бар демес сендей бір
Адамның баласы
Жылайын, жырлайын
Ағызып көз майын
Айтуға келгенде
Қалқама сөз дайын
Жүректен қозғайын
Әдептен озбайын
Өзі де білмей ме
Көп сөйлеп созбайын.
3 топ.
Өлеңнің шығу тарихын баянда.
Өлеңге толық талдау жаса.
Өлең тақырыбына байланысты постер жасап, қорғаңдар.
«Желсіз түнде жарық ай…»
Абайдың 1888 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты, 5 шумақтан тұрады .Өлең – ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі. Онда пәк, таза махаббаттың белгісіндей жарық айлы, желсіз түн, жан толқынысына үн қосып, сыбырласқандай қалың ағаш жапырағы, жүрексінген көңіл, бұлықсыған сезіммен астасып, көлеңкелі, терең сайға гүрілдей құлаған өзен дыбысы, осындай сырлы, сұлу түнде, әлдеқайдан естілген сазды ән, тынымсыз тірлік алмағайып уақыт дабылындай бейсауат үрген ит пен үздік – создық айтақ астында сүйгенімен жолығуға аулаққа асыққан сұлу қыз жанды бейнедей ерекше лирикалық леппен тамаша суреттеледі. Бір ғажабы, өзгеше сезім құрастыруындағы сұлу қыз жоқ, жай ғана қыз –түн жамылып, сүйгенімен кездесуге шыққан қыз туралы тек өлеңнің 3 шумағында ғана, онда да соңғы тармақтарда айтылады.Ақын оған дейін түнгі табиғаттың әсем көрінісін нәзік поэзия тілімен өрнектейді.
Желсіз түнде жарық ай
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді – өзі,
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?
Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып,
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып бос шошып.
Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі.
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?
Сабақты қорытындылау. «Ақын болу» ойыны. Абайға арнап өлең шығару. ...................... дана, ...................... ғана. ..................... оқығанды, .................... пана
Бағалау.
Үйге тапсырма.1. Әр топ өзіне берілген әнді жаттап келу. 2. Абайдың қара сөздерін оқу.
Қазақ әдебиеті. 9 «ә» сыныбы.
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қарасөздері
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Қарасөз туралы теориялық түсінік беру, Абай қарасөздерінің сипатына тоқталу, тақырыптық жағынан талдау, өзіндік ерекшеліктерін, мағынасын ашу; 2. Дамытушылық. Оқушылардың ой - өрісін, өмірлік көзқарасын, сыни ойлау, байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру; 3. Тәрбиелік. Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәніне назар аударту, адамгершілікті, ізгілікті дәріптеу. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі: ізденіс сабақ Әдіс - тәсілдері: проблемалық ізденіс, талдау, ойын, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
Оқушыларды түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру:
Жаңа сабақ. а) Мұғалімнің кіріспе сөзі. Қарасөз туралы теориялық түсінік беру. Қарасөз (проза) – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден бір айырмашылығы – онда сөз ырғағы еркін, өлеңдегідей қандай да бір белгілі өлшемдер болмайды. Қарасөздер саясат, публицистика, философия тұрғысында жазыла береді. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады. Ал Мұхтар Әуезов қарасөз туралы: «Жалпы алғанда Абайдың қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінен бөлек, бір алуаны болып қалыптасады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуаны көркем сөз түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді» [М. Әуезов. 20 томдық шығармалар жинағы 20 - т., 218 - 219] деп пікір айтқан. Демек, Абайдың қарасөздерінің өзіндік ерекшелігі – олар нақыл, өсиет түрінде келеді.
ә) Абайдың қарасөздері. Абайдың толық жинағында 1890 - 1898 жылдар аралығында жазылған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Абайдың қарасөздері – философиялық шығармасы. Жалпы саны - 45. Бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады. Абай қарасөз жазудағы мақсатын өзінің 1 - сөзінде былай деп береді: «... Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Бұл - ел қамын ойлаған ұлы ойшылдың өмір, қоғам, тіршілік, адамдар арасындағы қарым - қатынас жөніндегі көзқарасының жиынтығы, философиялық ой топшылауы еді. 1956 жылы Абайдың қарасөздерін алғаш жеке зерттеу обьектісі ретінде қарастырып, оны ХІХ ғасырдағы жазба әдебиетте үлкен орны бар прозалық шығарма деп бағалаған – Х. Сүйінішәлиев. Бұдан бөлек С. Мұқанов, Қ. Бейсенбиев, Т. Әлімқұловтардың зерттеу еңбектері бар. Ұлы ақынның бұл философиялық мұраларын шет тілдеріне аударған Ғ. Мұқанов, С. Санбаев. 1933 жылы М. Әуезов қарасөздердің мағынасына қарай өзінше жүйелеп орналастырған.
Топпен жұмыс.
Бірінші топ Абайдың 1-қара сөзін талқылайды(4 мин.)
а) Қандай мәселе көтерілген?
ә) Абайдың алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық деуінің мәні неде?
б) Абай жер ортасы жасқа келіп, қажып, жалығуының, ісінің бекер-баянсыз деуінің себебі?
в) Өзімен-өзі пікірлесе отырып, қандай кәсіпті өзіне лайықсыз деп табады?
г) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қандай?
Екінші топ Абайдың 7-қара сөзін 19,43-қара сөздерімен салыстырады
а) Қандай мәселе көтерілген?
ә) 19, 43-қара сөздермен салыстыр.
б) Ұқсас тұстарын айқында.
Үшінші топ 21-қара сөзін зерттейді(4 мин. )
а) Адам бойындағы қандай мінез сыналған?
ә) Абай мақтаншақтықты неше түрге бөледі?
б) Сол жөнінде қандай тұжырым жасайды?
в) Адамның қандай осал тұстары аталады?
г) Бұл қара сөзден сен өзіңе қандай ғибрат алдың?
ғ) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
Төртінші топ Абайдың 29-қара сөзіне қарсы пікір айтады(4 мин. )
а) Қандай мәселе көтерілген?
ә) Абай айтқан сынға қарсы пікірің…
б) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
Сабақты қорытындылау. «Ой-тұжырым жасау»
Үйге тапсырма. Жиырма тоғызыншы қара сөзін жаттау. « Абай тұлғасынан үлгі ретінде не алдың?» тақырыбында эссе жазу.
Бағалау.
Қазақ әдебиеті. 9 «ә» сыныбы.
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл – айтыс ақыны
Сабақтың мақсаты : Айтыс туралы оқушы ойын тереңдету, Жамбыл айтыстарын сын тұрғысынан бағалай білуге үйрену, ізденімпаздықпен, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру, айтыстағы бейнелі сөздерге көңіл аудару, білімдерін кеңейту; дамытушылық – оқушылардың Жамбыл айтыстары туралы білімдерін шығармашылыққа, зерттеушілікке ұштастыру, жинақтау, асыл сөз айшықтары арқылы ойлау қабілетін, тіл байлығын молайту; тәрбиелік – бір –бірінің пікірін құрметтейін, өз ойын тұжырымды жеткізе алатын, шығармашылық қабілеті жоғары дамыған Қазақстан азаматын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Топтастыру» математикалық ойыны. Венн диаграммасы, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Түрлі – түсті қағаздар арқылы топтастыру.
Үй тапсырмасын тексеру. 20ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілдері туралы кесте және Ж.Жабаев туралы 10 тест құрастырып әкелу.
Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару. Берілген есептерді шешу арқылы оқушылардың білімдерін жинақтау, өткенді қайталау.
«Топтастыру» математикалық ойыны. 1000+800+23*2=Ақынның дүниеге келуі; (1846 ж) 600*3+61=Сүйінбай ақыннан бата алуы; 1861 ж 100*10+(1000 - 59)= «Ленинградтық өренім» өлеңі; 1941ж 500*2+936= «Туған елім» толғауының жариялануы; 1936 ж
Топпен жұмыс.
1-топ. «Білімділер» тобы. Жамбыл мен Құлмағамбет айтысында көтерілген басты мәселелер туралы венн диаграммасын құру. Оқулықпен жұмыс.
2-топ. «Ізденімпаздар» тобы.Мәтіннің көркемдегіш құралдарын анықтау. Ақынға арнап бес шумақ өлең жазу. «Жамбыл мен Құлмағамбет айтысы» мәтінімен жұмыс.
3-топ. «Тапқырлар» тобы. Жыр алыбы Жамбылдың өзге ақындардан айырмашылығы неде? Ж.Жабаев есімі аталғанда көз алдарыңа не елестейді? (сурет салу арқылы өз ойларыңызбен бөлісу)
Оқулықпен жұмыс.
Қорытындылау. «Рефлексия» әдісі арқылы оқушылардың ой-пікірлерін анықтау.
«Эксперт» тобы. Білімдерін бағалау.
Оқушының Т.А.Ә.
Сабаққа қатысуы
Үй тапсырмасын орындауы
Топпен және жеке жұмыс істеуі
Тақырыпты аясында өз ойын жеткізе білуі
Сұрақ қойып, өзі сұрақтарға жауап беруі
Сабаққа деген ынтасы, белсенділігі, тәртібі
Үйге тапсырма. Ж.Жабаев туралы оқып келу. «Жыр алыбы Жамбыл» тақырыбында эссе жазу.
Сабақ жоспары. 9»ә» сыныбы. Өтетін уақыты:18.02.16ж
Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
а) С.Торайғыровтың өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау, іздену т.б
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу, оқу құралдарын дайындау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын сұрау:
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы тексеру.
«Бәйге» сұрақтары
1.ХХ ғасырдың басындағы басты өзгеріс?
Оқу-ағарту ісі жанданып, халықтың оқуға, білімге бет бұруы біршама өсті.
2. ХХ ғасырдағыдеген1917-1956 жылдардағы қазақ әдебие қазақ баспасөздерін ата?
«Серке», «Қазақстан», әАйқап» және т.б.
3. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілдерін ата:
Ш.Құдайбердіұлы, М.Сералин, С.Көбеев, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов және т.б.
4. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті өкілдерінің көтерген басты тақырыбы:
Ағартушылық ұраны, әйел теңсіздігі,халық азаттығы т.б.
5. «Айқап» журналының негізін қалаушы?
Мұхамеджан Сералин
6. Жамбыл Жабаевтың өмір сүрген жылдары?
1846-1945ж.ж.
7. Жамбылдың сатираның түрлі әдістері шебер қолданылған өлеңі?
«Кәдірбайдың төбеті»
8. 1916 жылдың оқиғасы нақты есімдер, жер аттарымен дәлелді суреттелген өлеңі?
«Зілді бұйрық»
9. Ұлы Отан соғысы туралы жазылған өлеңі?
«Ленинградтық өренім»
10. Ақынның денесі қай жерге қойылды?
Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Жамбыл ауылы.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
1. Қызығушылықты ояту .
Балалар біз мектепте оқимыз. Мектеп- біздің алтын ұямыз. Мұнда біз көптеген достар тауып, алғашқы ұстазымызбен қауышамыз. Білім атты теңіздің тереңіне бас қойып, үлкен азамат болып тәрбиеленеміз. Осы мектеп сөзіне күрделі топтастыру жасап көрейікші.
Ұжым
Үмітті ақтау Сынып Ұлы тұлға
Тәрбие Ұстаз
Ж
Мектепппппппппппп
оғары оқу орны
Білім Мұғалім
Оқушы Педагог
Еңбек
Шәкірт Өнер
Болашақ елдің тұтқасы Елге еңбек ету Өрге жүзу
Ұстаз бен шәкірт бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Жер бетіндегі барлық адамның, мейлі ол хан болсын, батыр немесе ақын болсын, ұстазы болады. Қазақ халқы ұстазды аса қадірлеген. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» немесе «Шәкіртсіз ұстаз - тұл» деген мақалдар осының дәлелі. Ұстаз – алдында отырған оқушыға «терең білім берсем, «Адам » болатын түзу жолды көрсетсем»,- деп ойлайды. Шәкірт «ата –анамның, ұстаздарымның» үмітін ақтап, елдің болашақ қамқоры «азамат» болсам» деп ойлайды.
Ал ХІХ ғасырда шәкірт не деп ойлады екен?
Мағынаны тану.
Бүгінгі өтетін сабағымыз-өзін халықтың шәкіртімін деп есептейтін қазақтың ерекше дарынды, біртуар ақыны , Абайдың ізін жалғастырушы, туған елін, жерін сүйетін С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы » деген өлеңі.
Алдымен дәптерге өзіңнің шәкірт ретіндегі ойыңды жаз. Қоғамға , еліңе,Отаныңа , отбасыңа, ата-анаңа тигізетін пайдаң жөнінде , қандай қасиеттерің, қабілетің, дарының болғанын қалайтыныңды жазуға 5 минут уақыт беріледі.
Тақтаға кесте ілінеді. Балалар берілген уақытта өзінің қазіргі шәкірт, ертеңгі болашақ елдің азаматы ретінде не істейтінін жазады. («Менің ойым» бөлімін толтырады )
Менің ойым
Шәкірт ойы
Білімді болып, жоғарғы оқу орнына түскің келеді. Мамандық алып, еліме, туған жеріме адал қызмет еткім келеді. Білімімді, еңбегімді туған жеріме арнаймын. Ата-анамның, ұстаздарымның мақтанышы болғым келеді.
Қараңғы қазақ көгіне күн болу. Мұздаған елдің жүрегін біліммен жылыту. Елінің көзін ашу, көкірегін ояту, надандықты жою. Халқын қараңғылықтан алып шығып, өзге елдермен теңестіру.
Енді сен өзіңді жазушымын деп есепте. Сенің жазғаның – жазушының әңгімесі. Тақтаға орындық қойып, жазушыны «Автор орындығына» шақырамыз. Оқушы дәптердегі өз ойын оқып береді.
Сенің ойыңды білдік. Енді ақын Сұлтанмахмұттың шәкірт ретіндегі ойы қандай екен. Оны өлеңді оқып ,талдау арқылы ұғынамыз. Өлеңді оқуға 10 минут беріледі. («Шәкірт ойы» бөлімін толтырады )
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам.
Қараңғылықтың кегіне ,
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін.
Өлеңді талқылау үшін алдын-ала дайындалған сұрақтар беріледі:
Шәкірт нені армандайды?
Күн болудағы мақсаты не?
Қазақ аспанында күн болу дегенді қалай түсінесің?
Өлеңді оқып, талдап болған соң, дәптерге шәкірт Сұлтанмахмұттың ойын жазады. Әр топтан бір оқушы өлеңді оқу барысында түсінгенін, өлеңнің мәні қандай екенін айтады. Дәптерге өлеңнің бір шумағын жазып, өлең құрылысына қарай талдаймыз.
Әр топ бір шумақтан алады.
Қараңғы қазақ / көгіне, 8 а
Өрмелеп шығып, / күн болам. 8 б
Қараңғылықтың / кегіне , 8 а
Күн болмағанда, / кім болам? 8 б
Мұздаған елдің / жүрегін, 8 в
Жылытуға мен / кірермін. 8 в
3 шумақты, 6 тармақты, 2 бунақты , 8 буынды еркін ұйқасқа құрылған өлең.
3.Ой-толғаныс
Қазір бүгінгі сабақта оқып, түсінген өлеңімізге қорытынды пікір айтып, ой түйіндейтін кез келді. Ендеше «Екі жақты бақылау күнделігін » толтырамыз.
Мәтіннен үзінді
Оқушы көзқарасы
Мақал-мәтел
Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болам.
Елімнің жанашыры, өрге сүйреушісі боламын. Қараңғылықтан алып шығамын, сауатсыздықты жоямын.
Ер ел үшін туады,
Елі үшін өледі.
Мұздаған елдің жүрегін
Жылытуға мен кірермін.
Өзімнің жеке бас мәселемнен гөрі халықтың жағдайын жоғары қоямын.
Әрқашан еліме, туған жеріме адал қызмет етемін.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Сынып ішінен белсеніп шығып, жауап берген оқушыларды бағалаймын.
Қазіргі шәкірттерге мінездеме ретінде сыныптағы бір оқушыға мінездеме жазу.
Қазақ әдебиеті. 9 «ә» сыныбы
Сабақтың тақырыбы:1917 – 1956 жылдардағы қазақ әдебиеті.
Мақсаты:а) Білімділік: Оқушыларға 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетінің даму бағыттары туралы жалпы түсінік беру. ә) Дамытушылық: Оқушылардың талдау, тұжырым жасау, ой қорыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту. б) Тәрбиелік: Әдебиетті сүйіп оқуға, әдебиет тарихын білуге, қазақ елінің патриоты бола білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақ әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойтолғау т.б.
Көрнекілігі: тақта, кеспе қағаздар
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасып, сынып назарын сабаққа аударту. «Шаттық шеңбері» әдісі арқылы бір-біріне сәттілік тілеу.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ Жаңа сабақтың барысы: Дәптерлеріне қысқаша конспект жазу.
1917-1956 жылдары қазақ әдебиеті қарқынды дамып, жаңа даму белесіне көтерілді. Негізгі бағыттарының бірі – революцияшыл бағыт болды. Революция, жаңа заман елге тәуелсіздік, бостандық әкеледі деп сенді. Осы дәуірдегі әдебиетті әдебиет зерттеуші ғалымдар былай жіктейді:
«Бірінші дәуір – 1917-1930 жылдар арасы (Ұлы Октябрь революциясы, азамат соғысы мен шаруашылықты қалпына келтіру жылдары);
Екінші дәуір – 1930-1941 жылдар арасы елімізді индустрияландыру, колхоздастыру дәуірі;
Үшінші дәуір – 1941-1946 жылдар арасы (Ұлы Отан соғысы кезі); Төртінші дәуір – 1946 жылдан бергі, Отан соғысынан кейінгі кезі» ;
Бүл дәуірлерде қазақ әдебиеті кәсіби әдебиет ретінде әлемдік мәдениет деңгейінде қалыптасып, үлкен даму жолынан өтті.
Топтық жұмыс. (Әр топ берілген тақырып бойынша кесте толтырады)
1-топ. ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің бағыты
2-топ. ХХ ғасыр қазақ әдебиетінің бағыты
3-топ. 1917-1956 ж.ж. қазақ әдебиетінің бағыты
Бекіту. «Салыстыру» әдісі арқылы тақырыпты қорытындылау.
XIX ғасыр әдебиетінің бағыттары
XX ғасырдың басындағы әдебиет бағыты
1917-1956 ж.ж. әдебиеттің бағыты
Өз дәуірін бейнелей отырып, күресшілдік, сыншылдық, аартушылық, реалистік, ақыл-өсиет сипаттарында дамыды. Әдебиетіміздің нәрлену кеңістігі кеңейіп, Шығыс және Батыс әдебиеті, орыс әдебиеті мен мәдениетінің ықпалы арта түсті.
Мәселен, адамгершілік насихаты, ағартушылық ұраны, жақсы мен жаңаны, сұлулықты жақтау - гуманистік ағартушылар бағыты; патша өкіметінің отаршылдық саясатын, қазақ қауымының дамуына кедегі деп білген білімсіздік, наданшылық, діндарлық халықты оятуға қызмет ету – ағартушы-демократтар бағыты. Жазба әдебиеті біршама дамыды. Қазақ әдебиетінде (роман, повесть, публицистика, сын және т.б.) жаңа жанр түрлері дамыды.
1917ж болған Ақпан төңкерісін қазақ қаламгерлері шын пейілмен қабылдады. Қазақ халқының отаршылдық езгі мен қараңғылықта қамалып отырғанын күңірене суреттеп, елді оқу-білім жолына шақырып, «бостандықтың таңы атты» деп жырлады. Осы тұста революцияшыл бағыт басым көрінді.негізгі тақырыптар: социолистік отан, елді индустрияландыру, ауылды ұжымдастыру, ашаршылық жылдар, ұлы отан соғысы және т.б.
VI Рефлексия. «Досыма хат» әдісі арқылы оқушылардың тақырыпты игеруін анықтау.
VII Үй тапсырмасы
1917-1956 жылдардағы әдебиеттің даму бағыттары туралы қосымша ізденіп келу.
Шығармашылық жұмыс тапсыру ( реферат, буклет, өлең түрінде)
«Азаттықты армандаған асылдар » тақырыбында шағын ойтолғау жазу.