Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Дауыл» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қасым Аманжоловтың шығармашылығы жайында
мағлұмат беру, өлеңнің мазмұнын ұғындыру:
Дамытушылық: Мәтінге талдау жасай білу, өзіндік пікір айту
дағдыларын дамыту, мәнерлеп оқу дағдысын
жетілдіру, ізденуге жетелеу;
Тәрбиелік: Ақын қаламынан туған өлеңдері арқылы оқушыларды
адами қасиетке баулу, оқушылардың
адамгершілік қасиеттерін арттыру, үлгі – өнеге алуға
шақыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап,мәнерлеп оқу, сатылай кешенді талдау
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, жаратылыстану
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электрондық оқулық, бағалау парағы, слайд
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын бекіту
Жаңа сабаққа мақсат қою
Жаңа сабақ
Жаңа сабақты бекіту
Үйге тапсырма беру
Бағалау
I. Ұйымдастыру кезеңі
оқушылармен амандасу;
оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру;
назарларын сабаққа аудару;
«Біз біргеміз» тренинг
Кәмпиттерді таңдау арқылы сыныпты 2 топқа бөлемін
II. Үй тапсырмасын тексеру
Семантикалық карта
Р/c | Шығармадан үзінді | Қажымқұан | Масликов | Иван Ногич | Басқа рушы | Иван Лебедев |
1 | «»О – хо- хо! Мынаның сөзі отыз пұттан гөрі ауыр жатыр екен» | | | + | | |
2 | «- Бала сен қайдан келдің, ә?.. Мен білем, сен Қызылжардікі емес. Қай облыс, қай ауылдікі?» | | + | | | |
3 | «- Ағын су көлге құймай дамылдай ма, мырзам. Мен сіздің мектепті бітірмей , мейрамды қайтем» | + | | | | |
4 | Шығыс Европаның үздік атағын алған Ресей балуаны Мұқан Мұңайтпасов!» | | | | + | |
5 | «Охо... Қазандағылар мұндай оқуға кісі жіберуді қашаннан бері ойланып жүр? Қандай сүйкімді сөз естіп отырмын.» | | | | | + |
III. Үй тапсырмасын бекіту
Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» әнін тыңдату
IV. Жаңа сабаққа мақсат қою
V. Жаңа сабақ
Біз Қасым Аманжолов туралы не білеміз? Жоба қорғау.
Оқушыларға проблемалық сұрақ беріледі:
Дауыл деген не?
Қатты соққан дауылды көрдіңдер ме?
Дауыл неден пайда болады?
Дауылдың қандай түрлерін білесің? Торнадо, Тайфун,Цунами
Дауыл (жоба)
Өлеңді мәнерлеп оқытамын
SWOT- тық талдау
Өлеңге сатылай кешенді талдау
1. Авторы: Қасым Рақымжанұлы Аманжолов
2. Тақырыбы: Дауыл. Табиғат құбылысы
3. Идеясы: Қарсы соққан қиындықпен күресу
4. Жанр түрі: өлең
5. Шумақ: 7
6. Тармақ: 28
7. Бунақ: 2
8. Буын саны: 8 буын
Ышқына // соққан дауылға 8б А
Құмартушы ем // жасымда 8б Б
Нөсерлеп // құйған жауында 8б А
Қызығушы ем // жасынға 8б Б
9. Ұйқасы: А Б А Б Кезектес
10. Әдеби теориялық ұғымдар: а) Теңеу: бұлттай
ә) Эпитет: көк дауыл
11. Түсіндірме сөздік:
Дауыл – жауын-шашынды кезде қатты ұйытқып, құтырына соғатын жел
Сырғауыл - жіңішкелеу келген ұзын ағаш
Керуен – көш
12. Өлеңнің түйіні: Қиындықпен күресе жүріп ер жеткен ақын, өмірдің небір дауылына тқтеп бере алатынына кәміл сеніп, аяғын нық басуға дайын.
ФИШБОУН - « балық сүйегі»
Тапсырма « Қазақстан білімгерлерінің төменгі нәтиже көрсетуінің себептері »
VI. Жаңа сабақты бекіту
5 Жолды өлең
Зат есім: Дауыл
Сын есім:
Етістік: соғады, бұрқырайды
Сөйлем:
Синоним: Боран, цунами
VII. Үйге тапсырма беру
Өлеңді жаттау
Көз алдымызға елестете отырып, дауылдың суретін салу
Оқушы аты | Сем. карта | Жоба | Жоба | SWOT- тық талдау | Өлеңге СКТ | Фишбаоун | 5 жолды өлең | Оқушы бағасы | Мұғалім бағасы | Қорытынды |
| | | | | | | | | | |
VIII. Бағалау