kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақтың би шешендері. Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке би.

Нажмите, чтобы узнать подробности

7 сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақтың би шешендері. Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке би.»

Атабаева Райхан Ахметжанқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

«№26 орта мектебі» КММ

Алматы облысы, Іле ауданы, Н.Тілендиев ауылы


Сабақтың атауы

Қазақтың би шешендері. Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке би.

Мақсаты

а) білімділік: Оқушыларға қазақтың аса айбынды билерінің бірі-Қаз дауысты Қазыбек бидің тарихтағы орны мен шешендік сөздерінің шығу тарихын, жанрлық түрлеріне Қ.Бітібаева технологиясын пайдалана отырып, жан-жақты талдау жұмыстарын ұйымдастыру;

ә) дамытушылық: Оқушылардың өздігінен іздену, ойлау, есте сақтау,шығармашылық,ізденушілік қабілеттерін арттыра отырып, өз пікірі бар сауатты оқушы тұлғасын дамыту;

б) тәрбиелік: Сөз өнерін түсініп, қадірлей білуге, өз білімін бағалай алуға,өзгенің пікірін тыңдай,бағалай білуге, Қазыбек би секілді тарихи тұлғалардың өмірі мен шешендігін терең меңгерту арқылы адамгершілікке, тарихын,әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу;

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

« Таңғажайып дорба» ойыны 
Дорбада бірнеше жеміс, көкөніс бөліктері бар. Бала көзі жабылып, дорбадағы заттың дәмін татып , оның қай жеміс екенін ,дәмі, исі, формасы, түсі жайында ажырата баяндайды . 

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)

Төле бидің шешендік сөздерін оқып келу;

Би атынан болашаққа «арыз хат»жазып келу (шығармашылық топтағы оқушылар) 2 оқушы

Оқушылар интерактивті тақтада берілген тест тапсырмаларына жауап береді. Перде астындағы дұрыс жауабымен тексеріледі.

1.Төле биді халық арасында кім деп атаған?

А) Парасатты шешен

В) Қарлығаш әулие

С) Әулие би

2. «Бай болсаң,халқыңа пайдаң тисін,батыр болсаң,жауға найзаң тисін...» деген сөздерін кімге арнаған?

А) Әнет бабаға

В) Қазыбек би

С) Орманбет би

3. Төле би алғашқы төрелігін қанша жасында айтқан?

А) Он бес

В) Он үш

С) Он төрт

4. Бейне сұрақ (Сұрақ оқылады. Жауабы айтылады)

А) Әз-Тәуке ханға

В) Төле биге

С) Шақшақұлы Жәнібекке

Мағынаны тану

Оқушылар, сендер қазақтың шешендік өнерінде ойып тұрып орын алатын атақты үш бидің бірі, Ұлы жүздің биі Төле бидің шешендік сөздерімен таныстыңдар. Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын үн таспаға құлақ түрейік.

(Үнтаспадан қаз дауысты Қазыбек бидің Қоңтайшының алдында айтқан сөйлеген сөзі тыңдалады.) (Дауыс музыка әуенімен оқылған. Интерактивті тақтадан мазмұнына қарай қазақ халқы туралы видеоролик немесе презентация көрсетіліп жатады). 1 минут

Балалар, бұл сөздер кімнің сөзі деп ойлайсыңдар?

Қалмақ ханы Қоңтайшының алдында қасқайып тұрып сөз сөйлеген атқосшы жас бала Қазыбектің жасы сол кезде небары 14-те ғана екен.

Ендеше,бүгінгі сабағымызға өз заманында халықаралық деңгейде келісімдер жүргізген, «ұраны – алаш, керегесі – ағаш» елдің атынан сөз айтқан ұлы бабамыз қаз дауысты Қазыбек бидің қазақ тарихындағы орны мен әдебиеттегі шешендік өнері турасында берілген тапсырмалар бойынша тарихшылар мен әдебиетшілер өз пікірлерін ортаға салады.

Ал енді бұл екі топтың білім-білік дағдыларын, бүгінгі конференция сабаққа дайындықтарын, іздену жұмыстарының деңгейіне әділ сараптама жасап, баға берер тәуелсіз сарапшыларымыз бар. Ендеше , сабағымызды бастамас бұрын назарларымызды интерактивті тақтаға аударайық..

(тақтада Ш.Уалиханов пен А.Байтұрсыновтың пікірлері берілген.)



Ш.Уәлиханов: "Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болған. Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екеңдігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған».


Ахмет Байтұрсынов: "Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді".

І тапсырма. «Ойыңды ортаға сал»

Енді осы екі ұлы ғұлама ғалымдардың пікірімен танысып болғаннан кейін «Би» деген атаққа әр топ өз бағыты бойынша жан-жақты сипаттама беріп көрелік.-3м

(Плакатқа1 топ, тақтаға 1 топ орындайды.)

Сіздердің алғашқы тапсырмаларыңызға сарапшылар өз бағаларын бере жатар, сонымен қорытынды ой түйсек, би дегеніміз – халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз.

ІІ тапсырма. «Іздену –зерделеу кілті»

Топ мүшелеріне Қазыбек бидің тарихтағы орны мен әдебиеттегі орны туралы тың деректер ,н/е шағын жоба жұмысын зерттеу тапсырылған болатын. Топ мүшелері өзара ақылдасып, берілетін мәліметтің маңызы мен сапасына қарай бір топ мүшесін ортаға шығарады.

Тарихшылар: Қазыбек бидің «Қаз дауысты атануы» ( тың дерек)-3минут

Әдебиетшілер: «Қазыбек бидің шешендік сөздеріндегі афоризмдер» (шағын жоба)-5минут

ІІІ тапсырма. «Талдау-табыс кілті»

Қазыбек би қалмақ еліне елшілікке бір емес үш рет барған екен. Оның алғашқысы жаңа өздеріңіз тыңдаған 14 жастағы бала Қазыбектің сөзі.

Ендеше келесі тапсырма мынадай сипатта: Екі топқа Қазыбектің қалмақ еліне барған екі елшілігі жайындағы әңгімесі таратылады. Сіздер оқып, әңгімені негізге ала отырып,әңгімедегі басты эпизодтарды табу мақсатында мына кестені толтырасыздар.(5 м)


Әдебиетшілер:


Оқиға

Эпизод

Қалмақ ханы Қоңтәжінің Қазыбек бидің елін шабуы


Қазыбекпен бітім жасауға көнген хан Қоңтәжі


Қазыбектің шешімді шешендігі



Тарихшылар:


Оқиға

Эпизод

Қазыбек би елін үшінші рет шапқан хан Қоңтәжі


Қоңтәжінің арманы


Қазыбек бидің бір жарым ұлы



Тарихқа жүгінсек, осыдан кейін қалмақ-қазақ арасындағы жаугершілік тоқталған деседі.

Әдебиетшілерге тапсырма: «Теориядан -талдауға» 2 минут

Олай болса, интерактивті тақтаға назар салайық. Қазыбек бабамыздың «Не жақын?», «Не қымбат?», «Не қиын?» деп сұраған бір адамның сұрағына берген жауабы берілген.

Әдебиетшілер баба толғауының көркемдік ерекшелігіне талдау жасайсыздар.


Қазыбек бидің бұл толғауын шешендік толғауға жатқызамыз. Шешендік толғаулар мақал-мәтел, сұрақ-жауап, қанатты сөз түрінде айтылады.

Өлеңде фигураның бір түрі-эпифораны шешен баба шебер қолданған.

Эпифора-өлең тармақтарының соңында сөз немесе сөз тіркесінің қайталануы

Тарихшыларға тапсырма: «Сөз иесін тап»

Тақтада Қазыбек би, Төле би, Әйтеке бидің шешендік сөздерінен үзінді берілген. Әр бидің шешендік сөздерін жылжыта отырып бидің суретінің астына орналастыру


«Елге бай құт емес, би құт» Қазыбек би

«Ашу -араз,ақыл -дос, ақылыңа ақыл қос» Әйтеке би

«Бай болсаң,халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң жауға найзаң тисін...»

Төле би


Үйге тапсырма. «Шығарамашылығыңды шыңда»

Әдебиетшілерге тапсырма:

Жоғарыда берілген «Не жақын?», «Не қымбат?», «Не қиын?» деген үш сауалға Қазыбек бише сендер де жауап беріп көріңдер.

Үлгі: Сырласатын досың жақын...

Алтын ұя-мектеп қымбат...

Қартайғанда жалғыздық қиын...

Тарихшыларға тапсырма:

Зерттеушілер пікіріне үндес өздерің пікір жазасыңдар.


Зерттеушілер пікірі

Оқушы пікірі

«Үш жүздің батырларынан сіз кімді артық көресіз?» деп Абылай ханнан сұрағанда, ол былай деп жауап беріпті: «Бізге дейінгі екі кісіге таң қалуға болады. Олар тоқсан туысын Қалдан сереннің тұтқыннан құтқарып алған қаракесек Қазыбек те,екіншісі өзінің сондай тұтқындағы туысын құтқарған уақ Дербісәлі. Мұның алғашқысы Қалданның өз алдына барып босатып алған...»

Ш.Уәлиханов


Үлгі: Өз заманында хан Абылай Қазыбектің қайсарлығын ерекше бағалаған екен.Бұдан артық баға болуы мүмкін емес.








Ой толғаныс

(Актив войд бойынша тест жұмысы.Оқушылар жұмыртқаны пайдалана отырып,жауап береді)

1. Қазыбек бидің Төле биге қойған сауалындағы «алыс», «тәтті», «несие» деген сөздері не мағына білдіреді?

А) құлағының естуі, немере, дау-дамай мәселесі

В) көз, ұйқы, балалары

С) қадірі, кәрілік, беделі

2. «...Жауға сілтер қаруыңды еш уақытта жақыныңа сілтеме!» деген сөздерін Қазыбек кімге айтқан?

А) Хан Қоңтәжіге

В) Ағайындары Бертіс би мен Тілеуке биге

С) Інісі Бөдене батырға

3.Қазыбек бидің балаларының ішінде әке жолын жалғастырып, атақты би болған қай баласы?

А) Бекболат

В) Қазымбет

С) Сырымбет

4.Қазыбек бидің қалмақ еліне барған елшілігінде айтқан сөздерін шешендік сөздің қай жанрына жатқызамыз?

А) шешендік арнау

В) шешендік толғау

С) шешендік дау

5. Атадан жақсы ұл туса,

Елінің оңы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Көшінің соңы болады,- деген жолдарда фигураның қандай түрлері қолданылған?

А) Анафора, эпифора

В) метафора, теңеу

С) Ассонанс, аллитерация

Бағалау

Бағалау парақшаларын толтыру

Үйге тапсырма

Қазыбек бидің атынан болашаққа хат жазу;

Қазыбек бидің Қоңтәжінің алдында сөйлеген сөзін жатқа айту;



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Қазақтың би шешендері. Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке би.

Автор: Атабаева Райхан Ахметжанқызы

Дата: 20.02.2017

Номер свидетельства: 394045

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Қазыбек бидің шешендігі"
    ["seo_title"] => string(30) "k_azybiek_bidin_shieshiendighi"
    ["file_id"] => string(6) "383229"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485258836"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "хал?ы?а адал бол 4 сынып"
    ["seo_title"] => string(21) "khalkynaadalbol4synyp"
    ["file_id"] => string(6) "273346"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452187305"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "хал?ы?а адал бол 4 сынып"
    ["seo_title"] => string(22) "khalkynaadalbol4synyp1"
    ["file_id"] => string(6) "273347"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452187312"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "?азыбек шешен ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(31) "k-azybiek-shieshien-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "207164"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430362131"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Төле бидің төрелігі"
    ["seo_title"] => string(19) "tole_bidin_toreligi"
    ["file_id"] => string(6) "529399"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1575044189"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства