-Дәруменнің пайдасы. Сын есім,оның мағыналық түрлері
- сын есімнің мағыналық түрлерін ажыратады.
-жаңа сөздерді қолдана алады.
-өз ойын еркін жеткізеді.
-жұптық, топтық жұмыс жасауға дағдыланады.
- өзін- өзі , бірін-бірі бағалауды үйренеді.
Кезең | Уақыт | Жоспар мазмұны | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | 2 мин. | «Шаттық шеңбері» | 1.Амандасу, түгендеу. 2.Психологиялық дайындық: Балаларды саппен жүргізу, жарты шеңбер бойына тұрғызу.
Жылулық шеңберіне тұрып, жылы сөздер айту: - Балалар, қуанышымызды бір - бірімізге жеткізейік: - Сәлеметсің бе, күннің көзі! -Сәлеметсің бе, аспан -Сәлеметсің бе, сен, - Сәлеметсің бе, мен! | Оқушылар конверттен алған карточкадағы суреттер бойынша топқа бөлінеді | | Фигуралар бар конверт |
Білу Кіріспе бөлімі | 3 мин. | Өткен тақырыпты тексеру «Қарлы кесек» әдісі | Өткен тақырып бойынша сұрқтар жазылған қарлы кесек күйінде оралған қағазды оқушыларға лақтырады. Сұрақтары: 1.Қазақ халқының қандай емдік сусындары бар? 2.Шұбаттың қандай пайдасы бар? 3. Шұбат дегеніміз не? 4. Қымыздың қандай пайдасы бар? 5. Қымыз дегеніміз не? | Оқушылар оралған бумадан бір сұрақты ашып, соған жауап береді. | | Сұрақтар жазылған бума қағаз |
Қызығушылықты ояту. Жаңа тақырыпқа шығу | 2 мин. | «Тақырыптық түйінді сөздер» әдісі | Бір тақырыпқа қатысты сөздерді бір бағанға жинап, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды. Сөздер банкісі: өшіргіш, С дәрумені, кесе, балық, А дәрумені, ағаш, киім, В дәрумені. Балалар, мына сөздердің ішінен бір тақырыпқа жататын қандай сөздерді бірге алуға болады? Осы сөздерді бірге топтастырғаннан кейін біз оларға қандай ортақ тақырып қояр едік? | Сөздерді оқып шығып, бір тақырыпқа жататын сөздерді бір бағанға жинақтап, түрткі сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды. | Мадақтау | |
Түсіну Мағынаны тану
Қолдану | 15 мин | Түсіну. Жаңа сөздермен танысу. Мәтінмен жұмыс«Суреттерді сөйлет» әдісі Әңгіме -дебат | Сөздік: дәрумендер – витамины
Әр топқа мәтіндеріне қатысты суреттерді таратып, мәтіндерін беріп, постерге түсірулеріне тапсырма береді.
1 топ: Дәруменнің пайдасы бар 2 топ: Дәруменнің пайдасы жоқ 3 топ: Екі топқа әділқазы болып, өздерінің піріклерін қосады. | Жаңа сөздермен танысады.Сөздік дәптерлеріне жазады. Әр топ өздеріне берілген мәтінді топтарында талқылап, суреттерді постерге жапсырып, ортаға шығып қорғайды. Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша топтарында ақылдаса отырып, ортақ бір пікір шығарады. | Критерий бойынша бағалау Критерий бойынша бағалау | ИБТ-да жаңа сөздер жазылады Суреттер, мәтін жазылған үлестірме парақшалар, маркер, желім |
Сергіту сәті | 2 мин | Моноблок немесе интербелсенді тақта | «Қызыл өрік» биі . | Шынығып, сергіп қалады. | Сергіту сәтін өткізбеуге де болады. | Моноблок |
Талдау | | Грамматикалық білімдерін анықтау «Домино» әдісі
«Синквэйн» әдісі | 1 тапсырма: сын есімдерді анықтау үшін домино ретінде сөз тіркестері беріледі.Доминоны құрастыру арқылы сын есімді тіркестерді табады. Тәтті алма, қышқыл лимон, ащщы пияз,қызыл бұрыш 2 тапсырма: Дәрумен сөзіне 5 жолды өлең құрастырады. 1. Дәрумен 2. Пайдалы, жақсы 3. Күш береді, емдейді, қуаттандырады 4. Адам ағзасына әрқашан керек 5. Құнарлы зат | Топтар берілген тапсырманы орындайды. | Тапсырмаларды мұғалім тексеріп, ұпайын белгілейді | Тапсырма- лары жазылған үлестірме парақшалар |
Қорытынды Бағалау Үй тапсырмасы | | Сабақты жинақтау «Кезбе тілші» әдісі | Сабаққа рефлексия жасау мақсатында әр топқа рөлдерін таратып береді. 1 топ: Қазақстан-Павлодар арнасының тілшісі мен көрермен 2 топ: КТК арнасының тілшісі мен көшедегі халық 3 топ: «Сарыарқа» газетінің тілшісі | Оқушылар өздеріне берілген рөлдері бойынша сабаққа қорытынды жасайды. | Екі жұлдыз, бір тілек | |
5 мин | Сабақты бағалау үдерісі жүреді Күнделік | Бағалау критерийлерін жинау, қорытынды баға қою. «Дәруменнің қандай пайдасы бар?» деген тақырыпта диалог құрау | Топ басшысы жауап үлгісі бойынша бағаларын анықтап, күнделіктеріне қояды. Сабақтан алған әсерін бағдаршам арқылы білдіреді. | | Стикерлер Бағдаршам түстері бар карточкалар |