kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілінен әдістемелік құрал.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алдымызда отырған әр оқушы жеке тұлға. Сол әр оқушының өзіндік жеке ерекшелігін, қабілетін айыра біліп, оны әрі қарай дамыту ұзақ та үздіксіз жұмысты қажет етеді. Әр ұстаз өз жұмысының нәтижесін көргісі келетіні де сөзсіз. Сапа саннан шығатыны даусыз, дегенмен әр сыныптан өте дарындылармен бірге, үлгерімі төмен оқушылар да кездесетіні сөзсіз. 

​​

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілінен әдістемелік құрал.»

Алғы сөз


Алдымызда отырған әр оқушы жеке тұлға. Сол әр оқушының өзіндік жеке ерекшелігін, қабілетін айыра біліп, оны әрі қарай дамыту ұзақ та үздіксіз жұмысты қажет етеді. Әр ұстаз өз жұмысының нәтижесін көргісі келетіні де сөзсіз. Сапа саннан шығатыны даусыз, дегенмен әр сыныптан өте дарындылармен бірге, үлгерімі төмен оқушылар да кездесетіні сөзсіз.

Сол себептен өзім сабақ өтіп жүрген сыныптардағы үлгерімі өте төмен оқушылармен жұмыс жүргізуді жөн көрдім. Оларға өздерінің қатарынан қалмай, өтілетін тақырыпқа сай етіп жеке тапсырмалар беремін. Сол тапсырмаларды орындап отырғанын қадағалаймын. Тапсырма тақырыпқа сай беріледі. Әр тақырыптың мазмұнын түсіндіру қаралады. Осы жұмыстың ең бастысы, оқушының жауапкершілікті сезінуіне, күнделікті сабақ орындауына, жол ашады. Балаларға қызықты болуы үшін ‘'Ұлан'', ''Айгөлек'', ''Бұқпа'' газет-журналдарын пайдаланамын.

Мақсаты: Үлгерімі төмен оқушының білімін жетілдіру. Ойын, сезімін ояту. Білім үйренуге дағдыландыру. Жеке тұлғаның қабілетін арттыруды мақсат ету.

Міндеті: Әр сабақта стандартқа сай тапсырмаларды, жеңіл тапсырмалар орындату арқылы оқушыны білімді түсінуге, оқуға міндетті екеніне, жауапкершілікті сезінуге үйрету.

Болжамы: Осы жұмысты жинақтап, кітапша, дидактикалық тапсырма, үлестірмелі парақша ретінде шығару, пайдалануға ұсыну.

Әдісі: Жинақтау, топтастыру, қорытынды жасау.

Жаңашылдығы: Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеу, олардың қабілетін, ойын, сезімін, ынтасын, әрекеттенуін ұйымдастыру және арттыру.

Қорытынды мен нәтижелері: Үлгерімі төмен оқушы оқуға, жазуға, әр тақырыптан түсінік алуға жол ашылады. Қабілеттерін дамытады, өзін еркін сезінеді, жауаптылықты түсінеді.

Құрылымы: Кіріспе, Негізгі бөлім, Қорытынды бөлімнен тұрады.

Жұмыстың жүйелі жүргізілуіндегі жоспарларым.

  • Үлгерімі төмен оқушыны сұрыптап алғаннан кейін, оның қандай нәрсеге қызығатынын байқау.

  • Сөздерді дұрыс жазып үйрену үшін жеке дәптер арнату.

  • Өтілген тақырыпқа сай күнделікті жеке тапсырма беру, тапсырманың орындалуын қадағалау.

  • Оқу үлгерімін қалыптастыру, күнделікті 10 сөзден 30 сөзге дейін оқыту.

  • Еркін тақырып ретінде сурет салуға, ән айтуға, өлең оқуға мүмкіндік туғызу.

  • Дәптерді таза ұстауға, берілген тапсырманы өз уақытында орындауға жағдай жасау.




5 - сынып

Лексика.

Сөз бен мағына.


Лексика белгілі бір тілдегі сөдердің жиынтығы.

Сөз мағынамен тығыз байланысты.

Дыбысталу – сөздің сыртқы қабығы, мағына – сөздің ішкі мазмұны.


Мысалы: лот десек, бұлай дыбысталатын сөз жоқ.

Бес, жақсы, әдемі деген сөздерде мағына бар.


1тапсырма. Мына сөздерді ажыратып жаз:

Ал, бар, ілк, ғой, ды, ді, алма, қой, бар, тұр, отыр, хас, аза, т.б.


2тапсырма. Мына сөздердің құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, мағынасы бар сөздер құрау.

Үлгі: бал – ал – ла.

Бал, достық, рақат, бақыт.


3тапсырма. Мәтінді көшіріп жаз.

Менің атым Қожа.

Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Сірә, адамның атының да сүйкімді болуы зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы.


Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.

Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына.

Мысалы: аспан, жер, парта, кітап, бор.

Сөздің ауыспалы мағынасы бір заттың негізгі атауын мағынасын екінші бір затқа атау етіп ауыстырудан, ауысып қолдануына болады.

Мысалы:күту деген сөздің тура мағынасы – тосу, аялдау. Бұл сөздің сыйлау құрметтеу деген ауыспалы мағынасы бар.

Қонақ күту, қонақты сыйлау.


1тапсырма. Қарамен жазылған сөздердің қандай мағынада қолданылып тұрғанын табу.

Нысапсызға не керек істің ақ пен қарасы. Базаралыны Оралбай үшін Тәкежаан күйдіртем десе де, сендер бермеңдер. Абай бұл арада үлкен түйін барын білді. Аспан қою бұлттан айығып, таң белгі бере бастады.


2тапсырма. Төмендегі қалың, бас, қисық, суық, ауыр, деген сөздердің қандай мағыналарды білдіретінін тап.

Қалың – қалың дәптер, қалың қар, қалың шөп, қалың тұман, қалың жаңбыр, қалың киім.

Бас – малдың басы, таудың басы, өзеннің басы, жиналыстың басы.

Қисық – қисық ағаш, қисық мінез.

Суық – суық күн, суық сөз, суық хабар.

Жылы – жылы су, жылы сөз.

Ауыр – ауыр тас, ауыр жүк, ауыр жұмыс, ауыр сөз, мінезі ауыр.


3тапсырма. Суретке қарап әңгіме жазу.

Сөздің тура және ауыспалы мағынасының астын сызу.


4Тапсырма. Көру диктанты.

Жекснебі күндері киноға барып тұрамыз. Бөлмеде шам сөнбеді. Өтірікке нанба,шындықты сүйе біл. Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарсыпай.


5тапсырма. Әр қатардағы сөздердің мағыналарын өзара салыстыру.


а. Өң, бет, дидар, рең, шырай.

ә. Момын, жуас, ынжық.

б. Ұғымтал, алғыр, зерек.

г. Әдемі, әсем, сұлу.

д. Ту, жалау, байрақ.


6тапсырма. Қарамен жазылған сөздерді салыстырып, мағынасын түсіндір.

Болам десең ұста,

Балғаны нық ұста.

Байлық – нан,

Сөзіме – нан.






















Көп мағыналы сөздер.


Сөздің екі я оданда көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады.

Мысалы: Бас (зат есім) – 1) адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі.

2) шөпің, ағаштың ең жоғарғы жағы.

3) таудың ең үсті, төбесі.

4) өзеннің, бұлақтың басталған жері.

5) таяқтың ұшы.

Ата (зат есім) – 1) үлкен әке, әкенің әкесі.

2) ата жолы – ескіден қалған жөн – жоба.

3) ата жұрт – елді мекен.


1тапсырма. Мәтінді көшіріп жазу, ауыспалы мағыналы сөздердің астын сызу.

Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі, бетіне келер ұятын өзі біліп жуса игі. Көп баланың ішіндегі қарт бала болар, көп қарттың ішіндегі бала дана болар. Ас қадірін білмесең ашаршылық берер сазаңды, ат қадірін білмесең, жаяушылық берер сазаңды.


2тапсырма. Төмендегі сөздердің көп мағыналық сипатын сөз тіркестерін құрау.

Асыл, кең , көз, бас, тас, жас.

Үлгі: асыл – асыл шөп, асыл жан, асыл тас, асыл ой.


3тапсырма.

Бақылау диктанты.

Үй іші жым – жырт. От әлі маздап жанып жатыр. Үлкен қазанның астын қызыл жалын дамыл алмай жалап тұр. Байдалының ашулы сөздерінің тұсында Абай – көзі қазан бетіне түсіп еді. Қоюланып бара жатқан ыстық құрттың ортасы кей кезде көпіршік атып сақылдап қайнап жатыр. Сол көрініс тап Байдалының ашуындай, бұрқ – бұрқ етеді.

(50 сөз)

4тапсырма. «Менің отбасым» тақырыбына мәтін жазу.

Менің отбасым өте үлкен. Біз отбасында он баламыз. Біз бәріміз тату – тәтті тұрамыз. Үлкендер қиын жұмыстарды істеп, кішілер оларға көмектесеміз. Біз тату отбасымыз. Үлкенді сыйлаймыз, кішіге көмек береміз.







Омоним, Синоним, Антоним

Дыбысталуы бірдей, бірақ мағынасы басқа – басқа сөздер омоним деп аталады.


Мысалы: Шап – Болат атпен шапты.

Марат машинамен шөп шапты.

Қара шаш әдемі екен.

Тауыққа жем шаш.

Гүлге ара қонды.

Ағашты ара кесті.

1 – тапсырма. Омоним сөздерді тауып, астын сызу.

Ей, жігіт, не қылсаңда ер екенсің,

Көргейсің ермегіңнің берекесін.

Қалмақты үзеңгі бар, биік қасты ер,

Қанжығамда байлаулы жіптен.


2 – тапсырма: Омоним сөзді табу.

Тақтайдан тегіс, цемент қырман.

Үлкен – кіші тегіс жиналды.

Тоқсанға келген жасым бар.

Жасаулы жас қараған.

Жас өспірім баладай.

Жыласаң жас шығады жанарыңнан.


3 – тапсырма: Мына сөздердің басқа мағынасын тауып жаз.

Қалың, білім, ағаш, алма.

Үлгі: Қар қалың жауды. Қалың кітап оқыды. Білім алу – игілік.


4 – тапсырма: Сүрет бойынша мәтін құрау. Мәтінге омоним сөздерді қосу.


5 – тапсырма: Бақылау диктанты.

Елдің көркі – мал, Өзен көркі – тал.

Жылқы көркі – жал, Алып анадан туады. Ат биеден туады. Асыл ердің баласы аз сөйлеп, көп тыңдайды. Адам болар жігіттің етек – жеңі кең болар. Жақсы ат жанға серік. Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер. Ер – халықтың сәүлеті, еңбек – халықтық дәулеті. Оқу – білім азығы, білім – өмір қазығы.


6 – тапсырма: Сөздердің орнын ауыстыр.

Алды, үй, өзен, бар. Өзен, шомыл, мен, жазда. Қала Астана әсем. Кітәп, алды.сатып мен.


Мағыналары бір – біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталатын сөздерді синонимдер дейміз.

Мысалы: сұлу, әдемі, көрікті, ажарлы, реңді, тез, жылдам, шапшаң, лезде.


1 – тапсырма: Мына сөздердің синонимдерін табу.

Ғажап –

Шақ –

Уәде –

Айла –

Жан –



2 – тапсырма: Көру диктанты.

Ол көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт оны асырауға көнеді десті. Кешкене Құлмаш Көксерек деп ат қойып алды. Ертеңді – кеш айналасынан шықпайды. Өзіне жеке асқұйғыш – итаяқ әзір болды. Көксерек бауырын тарбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды.

Ол үй ішінен шықпайды. Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін ол кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Бөлек жатады, қасында не аяқ жағында, көрпенің астында Көксрек жатады.


3 – тапсырма: Мына сөздің жауабын табу.

Ол не?

Балықшының құралы,

Екі әріптен турады.

Бір әріпті жалғадым,

Содан тыныс ламын.

(ау, ауа)

4 – тапсырма: Көп нүктенің орнына керекті әріпті жазу. (у), (ы)

С...ыр, жалпақта... , сарғышта... , ал...ан, бала...са, а...лайды.

Сиқ...р, сал...м, ад...м, алд... , салд... , бард... , айтт... .


5 – тапсырма: Сүрет бойынша әңгіме жазу.


6 – тапсырма: Мына сөздердің синонимін табу.

Ақыл –

Тез –

Көне –

Айт –

Көрік –


Мағыналары бір – біріне қарама – қарсы сөздер антонимдер деп аталады.

Мысалы: жақсы – жаман, үлкен – кіші, аз – көп.


1 – тапсырма: Мына мақалдан антоним сөздерді табу.

Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа.

Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.

Жақсы сөзге жаның жібиді,

Жаман сөзге тәнің іриді.

Көненің көзіндей

Жаңаның өзіндей.


2 – тапсырма: Мына сөздердің антонимін табу.

Ұзын –

Кең –

Биік –

Жуан –

Ақ –

Ашық –

Ерте –


3 – тапсырма: Бақылау диктанты.


Менің әкем дәулетті малқор адам еді. Ақтайдың үйінің іші – тысы бірдей салтанатты, көрікті. Сәрсенбай қара кер атын жүре шалдырып ілгері кетті. Сары ала қаз деп аталатын жабайы қызыл үйрек – тынымсыз, жанжалсыз құс. Олар өздерінен үлкен құстарға да тискіш келеді. Көгілдір өзен жай ғана толқып ағып жатты.


4– тапсырма: Мына тесті шешу.

1. Тамақты қалай ішу керек?

А) асықпай

Ә) асығып

Б) аяқ – табақты жалап



2. Пышақты қалай ұстау керек?

А) оң қолмен

Ә) сол қолмен

Б) жүзін қаратып


3. Керекті әріптерді жазыңдар.

Қ...с...қ

А) ы, ұ

Ә) а, ы

Б) о, ы


4. Көп нүктенің орнына тиісті әріпттерді жазыңдар.

П...ш...қ

А) ы, а

Ә) ұ, ы

Б) о, а



5. Ұғымы аз бала қандай болар?

А) жақсы

Ә) жаман

Б) дана


7. Ұғымсыз бала қандай болады?

А) дана

Ә) дарынды

Б) шала


8. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жаз.

С...ус...қ

А) о, ұ

Ә) а, а

Б) ы, о


9. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жаз.

...ғ...мп...з

А) ұ, ы, а

Ә) ы, а, о

Б) а, о, ұ


10. Әдепті бала қандай?

А) тәртіпті, тәрбиелі.

Ә) ұқыпты, сөзшең.

Б) үздік оқушы, шыншыл.


















Табу


Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер табу деп аталады.

Қазақтың келіндері ескі әдер – ғұрып бойынша күйеуінің тұған – туыстарын өз атымен атамайтын болған.

Мысалы: қызға – шырайлым, еркежан, бикеш,

Ұлға – шырақ, мырза жігіт, төре жігіт деп ат қойған.


Табиғи құбылытарға байланысты жыртқыш аңға, қауіпті жәндіктерге, түрлі ауыруларға да өз атын айтап айтпай, жанамалап айтады.

Мысалы: жай түсуге байланысты

Жай – жасыл

Шешек – қорасан

Қасқыр – ұлыма, итқұс деп атаған.


1 – тапсырма: Мәтінді көшіріп жаз.

Баяғыда Аюбай, Түлкібай, Итбай деген үш ағайынды адам өмір сүріпті. Бұлардың отырған ауылы терең сайдың ішінде екен. Күндердің бір күнінде ағайынды ақсақалдар үйде әңгіме – дүкен құрып отырады.


2 – тапсырма: Мына сөздердің мәні қандай?

Ойсыл қара –

Зеңгі баба –

Сексен тата –

Шопан ата –

Қамқор ата –


3 – тапсырма: Төмендегі сөйлемді оқып, омонимдерді тауып астын сызу.

Оспан атқа жем беріп жүр. Ол мылтықты жақсы атады. Жылқыда өт болмайды. Мұз үстінен байқап өт. Демалыс күні біздер арық қаздың. Қаздың еті тығыз келеді. Шаш адам көркі. Тауыққа жем шаш. Есікті ақырын аш. Біздер кешеден ашпыз. Бас ауырады. Кібіртіктенбей аяғыңды бас.


4 – тапсырма: Көп нүктелердің орнына тиісті әріптерді қойып көшіріңіздер.

Учили...е, Раз...езд. ...абрика. Ава...ия, Теле...он. Шо...ер..., А...томат. Ры...аг. Порт...ель. Ла...ка. Ведмост... . Гра...ик. Клу... Педаго... Уста... Заво... .









Тұрақты тіркестер.


Тұрақты тіркестер – екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағына білдіретін сөз тіркестері.

Мысалы: тас бауыр – мейірімсіз

Су жүрек – қорқақ

Тайға таңба басқандай – анықта

1 – тапсырма: Мына сөздердің мағынасын ашып жаз.

Қыздың жиған жүгіндей –

Ит терісін басына қаптады –

Азар да безер болды –

Ат тонын ала қашты –

Көз ілмеді –

Түн ұйқысын төрт бөлді.


2 – тапсырма: Кестені толтыр.


Тұрақты сөз тіркестері

Білдіретін мағынасы

  • Қас пен көздің арасында

  • Ит өлген жерде

  • Төбе шашы тік тұру

  • Ат шаптырым жер

лезде

3 – тапсырма: Мына тұрақты тіркестерден сөйлем құрап жазу.

Төбесі көкке жетті, шыбын шаққан құрлы, қабақ қаққандай, беті қайтып, жүзі жайнап, қам көңіл, аузына қақпақ, аузына құм құйылғандай.


4 – тапсырма: Сурет бойынша әңгіме жазу.

Тұрақты сөздерді қатыстыру.

Мақал – мәтелдер.


Мақал – төқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды.

Мысалы: Кең болсаң, кем болмайсың.


Мәтелдерде ой – пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады.

Мысалы: Біреу тоңып секіреді,

Біреу тойып секіреді.


1– тапсырма: Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек көшіріп жазыңдар.

Жалқаудан жаман жоқ, оқымаса маман жоқ. Еңбек сүйгенді ел сүйеді. Батырға да жан керек. Егін ексең тыңға, шықтым дей бер шыңға. Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді. Татулық – табылмас бақыт. Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады. Құрғақ қасық ауыз жыртады. Көппен көрген ұлы той.


2 – тапсырма: Отан, достық туралы мақал жазу.


3 – тапсырма: Мына мақалдар не туралы екенін ажыратып жаз.

Еңбек етсең емерсің. Туған ел – алтын бесік. Туған жерге туың тік. Еңбек ерлікке жеткізер. Еңбек түбі береке. Туған елдей ел болмас. Туған жерің жер жанаты. Еңбегі аздың, өнбегі аз.

4– тапсырма: Ерлік, батырлық тұралы мақал жазу.


5– тапсырма: Мақалдың сыңарын тауып жаз.

Отансыз адам –

Отан үшін отқа түс –

Отан оттан да –

Отан отбасынан –


Көнерген сөздер.


Қолданыстан шығып қалған, тарихи шығармаларда ғана кездесетін, мағынасы көмескі сөздерді көнерген сөздер дейміз.

Көнерген сөздер тарихи сөздер және архаизмдер болып екіге бөлінеді.


Тарихи сөздер – қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар.

Мысалы: Хан, патша, уәзір, би, аға, сұлтан, садақ, жебе, сауыт, айбалта, найза, қызыл отау, қызыл әскер, отарба.


Архаизмдер – халықтың тұрмыс – тіршілігіне, салт – сана, әдет – ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер.

Мата атаулары, торқа, биқасап, дүрия, әдет – ғұрып атаулары: сауын айту, ұрын бару, бесік құда, барымта.


Жаңа сөздер.

Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер жаңа сөздер немесе неологизмдер деп аталады.

Мысалы: космос, косманавт, спутник, ғарыш, ғарышкер, жер серігі.

Қазіргі кезде жолсерік, жеделхат, саяжай, ермексаз, теңге, құжат, отбасы, кеден, зейнетақы, зейнеткер.



Фонетика


Фонетика тіл дыбыстарын зерттейді. Фонетика дыбыстардың жасалуы, айтылуы, естілуі және буын, екпін, интонация мәселелерін қарастырады.


1 – тапсырма: Төмендегі сөздердің дыбыстарын өзгертіп, жаңа сөз жасаңдар.

Мысалы: сал – ал, лас, жат – ат, таж, тас – ас, сат, тық – ық, қыт, қаш – аш, шақ, жан –

ал – тал, сал, бал.


2 – тапсырма: Мәтінді көшіріп жазыңдар.


Қысқы дайындық.


Орман аңдары да қысқа дайындалады. Ақ тиін ағаш қуысына саңырауқұлақ тасиды. Түрлі жемістерді жинап, кептіреді де, қыста жейтін азығын дайындайды. Кірпі, сұр тышқан да солай.


3 – тапсырма: Мына сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.

Ағаш, тал, есік, бесік, арба.


4 – тапсырма: Сурет бойынша әңгіме жазу.


Тіліміздегі дыбыстар дауысты және дауыссыз болып бөлінеді.


Дауысты дыбыстарды айтқанда ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана турады.

Олар мыналар: а, ә, и, о, ө, е, э, у, ү, ұ, ы, і.


Дауысты дыбыстар өз ішінде тілдің қатысына қарай жуан дауыстылар және жіңішке дауыстылар болып екіге бөлінеді.

Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы, у.

Жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, э, и, у.


Мысалы: ақ, ол, ұл, ық, төл, көл, бөл, бел.


1 – тапсырма: Өлеңдегі жуан дыбысты дыбыстары бар сөздерді теріп жазу.


Әдептілік әлемі.

Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты,

Жалама аяқ – табақты.

Пышақты ұста оң қолмен,

Шанышқыны сол қолмен.

Саусағыңды сормағын.

Салдыр – салақ болмағын.


2-тапсырма. Адасқан әріптерді орнына қой.

і, м, б, л, і й, а, т

а , л, а, д о, қ, а, р

с, ұ, з, а, т а, л, б, а

д, ы, с, ы ә, б, с, і, з.



3-тапсырма. Берілген сөйлемді көшіріп жазып, дауысты дыбыстардың астын сыз.

Абайдың жүзінде ақшыл сұрғылт тартқан толқын білінді. Абай соншалық рақаттанып, сүйсініп күлді. Ол көзінен моншақ-моншақ ыстық жасын төгіп тоқтады.

Ақыл жастан, асыл тастан шығады. Қазақ халқы үшін тілден қасиетті ештеңе жоқ.


4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшір.

Б...з, Б...ген...ай, к...ше, а...ы..., ү...к...н, ә...е, Ә...и, м...н...з, тұр...ыс, б...л...м, о...ау.


5-тапсырма. Мына сөздерге талдау жаса.

Бала, бөпе, мектеп, қағаз.


Ашық және қысаң дауыстылар.


Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып екіге бөлінеді.

Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстар ашық дауыстылар дейіледі.

Ашық дауыстылар мыналар: а, ә, о, ө, е, э.

Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз.

Қысаң дауыстылар мыналар: ы, і, и, у, ү, ұ.


1-тапсырма. Берілген сөйлемдерді оқып шығып, көшіріп жаз, ашық дыбысты бір сызықпен, қысаң дыбысты екі сызықпен сыз.

Кейбір жануарлардың мұртшалары аяқтарына да өседі. Олар тау арасындағы тастақ жолмен жүргенде немесе қалың орман ішін жарып өтерде көп қатерден сақтайды. Морж болса, жем іздеп, сояудай тістерімен теңіз түбін қоқыс қылып тастайды.


2-тапсырма. Орман, теңіз, көк, жер, отан сөздеріне дыбыстық талдау жаса.

Үлгі: орман 5 дыбыс, 2 буын.

о - дауысты, жуан, ашық, еріндік

р - дауыссыз, үнді

м - дауыссыз, үнді

а - дауысты, жуан, ашық, езулік

н - дауыссыз, үнді.


3-тапсырма. Адасқан әріптерді орнына қойып көшір.

  • ә, і, п, р

  • қ, н, а, т

  • о, у, қ, ш, ы

  • т, ө, к, е, с

  • ғ, м, л, ы, ы.

4-тапсырма. Метаграммаларды мәнерлеп оқып, көшіріп жаз, жауабын тап.

Оңға қарай оқысаң да – бір халық,

Солға қарай оқысаң да – бір халық.

Бір буыным – түс,

Бір буыным – құс.


5-тапсырма. Фонетикалық талдау жаса.

Халық, түс, құс

Еріндік және езүлік дауыстылар.

Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз.

Еріндік дауыстылар мыналар: о, ө, у, ұ, ү.


Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езүлік дауыстылар деп атаймыз.

Езүлік дауыстылар мыналар; а, ә, е, э, ы, і, и.


1-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп,еріндік және езулік дауысты дыбыстардың астын сыз.

Өзгелері балаларды атқа мінгізіп, ауылға алып келді. Малшылар Асан, Үсенді көріп,олар да қуанып, біреуі әке-шешелерінен сүйінші сұраймыз деп ,шауып кетті.Нақ бесін мезгілінде балалар аман-есен үйлеріне келіп,әке-шешелеріне қосылыпты.


2-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып,еріндік,езулік дауыстыларды табыңдар.

Әділ іс.

Әділ іс-ағын судың арнасындай,

Әділ сөз-болт семсер алмасындай.


Пайда етпе өне бойы өтірік айтып,

Жаласы қалмас бір күн жармасылмай.


Жігітке жаңғалақтық жараспайды,

Сиырдың тайында емген ардасындай.


Түпсіз ой,тұрақсыз іс,білімсіз күш,

Қалбиған қарақшының қалбасындай.


3-тапсырма. Мына сөздерден сөйлемдер құрастырып жаз.


Арқар, қамал, жұлдыз, байлық, суретші, үркер.


4-тапсырма. Мәтінді көшіріп, білім, оқушы,күш сөздеріне дыбыстық талдау жаса.

Қазіргі кезде терең білім болмаса,елімізді өркендете алмаймыз. Әр оқушы жан-жақты білім алуға міндетті. Білім алу да зор күш екенін ұмытпа.


б -

і -

л -

і -

м -

о -

қ -

у -

ш -

ы -

к -

ү -

ш –


5-тапсырма. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жаса.

Кеме, Абай, кітап, озат.













Дауыссыз дыбыстар.


Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.

Дауыссыз дыбыстар; б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,ц,ч,ш,щ,һ,(у).


1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқу, дауыссыз дыбыстарды түрлеріне ажырат.


Ертеде қазақ жерін жоңғарлар басып алыпты. Қазақтың Қожан, Мәнжі деген қос батыры қол жинап, туған елін азат етуге жорыққа шығыпты. Олар жауларын тықсыра отырып, Бүркітші тауына жетіпті.


2-тапсырма. Жұмбақтарды шеш. Көшіріп жазып,дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

Әжем сақтар тапқанын,

Қоймасы бар шап-шағын.


Күзетем дейді үйді,

Жұдырығын түйді.

Қаймықпайды күшті аңнан,

Қорқады тек тышқаннан.


Үкім – дабыл. Дабылды,

Өршітемін жалынды

Жүрегіңді тербетіп,

Қоздырамын қаныңды.


3-тапсырма. Мына сөздерден сөйлемдер ойлап жаз.


Балапан, қазық, терезе, екпін.


4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті дауссыз дыбыстарды қойып көшір.


Ха..., жа...а, ба..., ө...е...е...., ө...і..., а...ы...у, ла...ы....


Дауысты дыбыстар салдыр мен үннің қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып үшке бөлінеді.

Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.

Қатаң дауыссыз дыбыстар мыналар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч.


Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз.

Ұяң дауыссыз дыбыстар мыналар: б, в, г, ғ, д, з, ж, һ.


Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз.

Үнді дауыссыздар мыналар: р, л, й, у, м, н, ң.


1-тапсырма.Көру диктанты. Диктантты көшіріп жазып, дауысты дыбыстардың астын сыз.

Күзет.

Күзге таянған кез. Түн салқын,ай жарық.

Қыз бозбала алтыбақан құрып, қой күзетіп,ойнап жүрді. Мен де басқа балалармен бірге сонда ойнап жүрдім.

Бір мезгілде қой дүр ете қалды. Иттер үріп,адамдар айдақтап шулаумен болды.

Қойлар ұйлығып, жатпай маңырай берді. Қойшы барып қасқыр тартқан қара қойды алып келіп,үйдің жанына байлап қойды.


2-тапсырма. Ұяң дауыссызға аяқталатын сөздер тауып жаз.


Үлгі: өнерпаз, қоқиқаз, саз, көз, бөз, сөз, пияз.


3-тапсырма. Қатаң дауыссыз дыбыстармен аяқталатын он сөз жазу.


Үлгі: бап –

шкаф –

көк –

қақ –

сәт –

өріс –

шаш –


4-тапсырма. Үнді дауыссыз дыбыстан басталатын он сөз жазу.

Үлгі: рас –

лас –

уық –

мән –

нан –


5-тапсырма. Өлеңді көшіріп жазып, қатаң дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

Отаным.

Тарихтан белгілі,

Мен оны қайталап жаттаймын,

Қуантып жарлыны, шерліні,

Отаным Қазақстанды

Әрқашан мақтаймын.


6-тапсырма. Мақал-мәтелдерді көшіріп, ұяң және үнді дауыссыздардың астын сыз.

  • Малды теппейді,

Ақты төкпейді.

  • Асырауын тапса, адам болар,

Оқуын тапса, білім қонар.

  • Еңбек ширатады,

Өмір үйретеді.

  • Уәде – жанның азығы.

  • Еңбексіз өмір – сөнген көмір.

  • Кім еңбек етсе – сол тоқ.

7-тапсырма. Мына өлең жолдарын жатқа жаз.

Ине, ине, инеге сен тиме,

Ине болар көп,

Онда болар кек.



Тарақпен тара,

Айнаға қара.

Айнаға қарап,

Шашыңды тара.


Бес саусақ,

Бес батыр,

Бәрі де бірдей,

Інге кіріп жатыр.















Буын.


Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.

Мысалы: балалар деген сөзде үш буын бар.

Ба – ла – лар.


1-тапсырма. Мына сөздерді буынға бөліп жаз.

Мектеп, бала, балдырған, бөпе, сәби, отан, балмұздақ, оқушы.


2-тапсырма. Мәтінді көшіріп жаз.

Таң сарғайып келеді. Шығыстан жұмсақ салқын жел соғып тұр. Жау жағы бас көтеріп, жолдан шыға Берікболдар жатқан жылғаға қарай беттеді. Қаптаған жау беті тағы қайтарылды. Жоқ, бұл ойды мен өсіргне емеспін.


3-тапсырма. Адасқан әріптерді орнына қой.

  • М, н, ә, д, е, т, и, е.

  • Т, л, е, д, и, р, е, д, а.

  • Ж, р, а, п, ы, қ, а.

  • Б, а, о, т, а, н, қ.

  • Г, б, а, ү, л, у, н.


4-тапсырма. Мына сөздерді буынға бөліп, көшір.

Отаншыл, еңбекқор, тартымды, сүйкімді, ылғалды, бастырма, бағдарлама, құрғақшылық.


Буынның түрлері.

Қазақ тілінде буынның үш түрі бар.

Олар:

  • Ашық буын.

  • Тұйық буын.

  • Бітеу буын.

Жалғыз буыннан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буын ашық буын деп аталады.

Мысалы: а – ға, ба – ла, қа – ла, да – ла.


Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық бун деп атайды.

Мысалы: ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант.


Дауыссздан басталып, дауыссызға аяқталған буынды бітеу буын деп атайды.

Мылалы: тал, төл, төрт, жаз, бар, бел, көл.


1-тапсырма. Мына сөйлемдерді оқып шығып, буынның түрлеріне ажырат.

Боташ үн қатпады. Жаздыгүні оқиға көз алдына келіп тұра қалды. Екі қатықтың ақшасын қайтарып бермегеніне өкінді. Таңдайын қарыған сондағы тәтті балмұздақ қазір тым ащы сезіледі.

Үлгі: боташ – бітеу буын.

Үн – тұйық буын.

Қатпады – ашық буын.


2-тапсырма. Буынның түрлеріне бөліп жаз.

Күндіз, жапырақ, бүркіт, бақа, көлеңке, батыр, Нұрлан, астық, нан, от, ғажап, арман, лақ, қарбыз, Асхат.


3-тапсырма. Жұмбақтың шешуін тап, ашық буынды сөздерді буынға бөліп жаз.

Атасы қалғып – мүлгиді,

Әкесі зорға жылжыйды.

Ағасы шабан,

Өзі – жорға,

Інісі – жылдам,

Баласы – жүйрік,

Зымырап тұрған.



А





С







Т






Р





А


  • Үй құсы.

  • Ағаштан жасалған бұйым.

  • Сүттен жасалған тағам.

  • Қазақ аңызындағы ұнамсыз кейіпкер.

  • Арзан сөзінің синонимі.

5-тапсырма. Сурет бойынша әнгіме жазу ішінен ашық, тұйық, бітеубуынды сөздерді табу.







Тасымал


Сөздің жолға сыймаған бір я бірнеше буынын келесі жолға тасымалдауға болады.

Сөздің жолға сыймаған бөлігін екінші жолға тасымалдау буын жігінен жасалады.

Мысалы: са – бақ, мек – теп, таңер – тең – гі, таңер – теңгі, таң – ертеңгі, қи – ыр, ти – ын.

  • Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды.

Мысалы: от, кел, ет, бет, қарт, өз, көз.

  • Сөздің бір әрпін келесі жолға тасымалдауға немесе жолдың соңына қалдыруға болмайды.

  • А.Құнанбаев. М.Жұмабаев деген қысқартылып жазылған кісі атын оның фамилиясынан бөліп тасымалданбайды.

  • Қысқартылып жазылған өлшем атауларын км, кг, г, м, см, мм алдындағы санынан бөліп тасымалданбайды.

Мысалы: 10кг, 25км, 10г, 15см, 20мм.

  • Бас әріптері және бас әріп пен сөздің басқа буыны арқылы қысқарған сөздер тасымалданбайды.

Мысалы: АҚШ, ТМД, АлМҰУ.

1-тапсырма. Мына сөздердің тасымалдануын жазып көрсет.

Жұлдыз, қазық, алмұрт, әткеншек, маржан, баспалдақ, батыр.

2-тапсырма. Көру диктанты.

Артына аталы сөзі қалған, есімі ел жадында сақталған қазақтың келелі,шешен билерінің бірі – Әйтеке. Шоқан Уәлиханов белгілі билердің бірі ретінде Әйтекенің есімін Төле бимен қатар атайды.

Әйтекенің есімі елге ең алдымен тілмар шешендігімен, тапқыр билігімен мәлім.


3-тапсырма.Төменде берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.

Жұлдыз, ай, көз, жаз, жайлау.


4-тапсырма. Берілген сөздердің қарсы мағынасын ойлап жаз.


Күлді –

Оқыды –

Салды –


Әдепті –

Ашты –

Алды –


Кетті –

Ұшты –

Көрді –

5-тапсырма. Сөзжұмбақты ешу.




З






А









Т







Е










С







І






М






  • Ұлттың аты.

  • Балалар журналы.

  • Қазақстандағы қаланың аты.

  • Адамның аты.

  • Педагог жазушы.

  • Киім ілетін орын.

  • Үй хайуаны.



Үндестік заңы.


Сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп атаймыз.

Үндестік заңы екі түрлі:

  • Буын үндестігі.

  • Дыбыс үндестігі.

Буын үндестігі. Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан, сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі дейміз.

Мысалы: ата, ана, бақыт, баға, сана, намыс, егіз, өріс, төсек, кереге.


Дыбыс үндестігі. Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады.

Мысалы: қаздар, есептер, әкелер, әкеге, қасығы.


1-тапсырма. Мына сөздерге көптік жалғауын жалғап жазу.

Ана, әйел, әшекей, мерген, көрме, сөз, бұрым, қазақ, кіріс, жігіт, қыз.


2-тапсырма. Көшіріп жазу.

Бағдар.

Украин ақыны Микола Нехода мен қазақ ақыны Тайыр Жароков Уфа қаласында Мұстай Кәрімнің үйінен кештетіп шығады. Ай сүттей жарық, жаздың бір маужыраған түні болса керек. Көңілді досы Тайырдан:

  • Тайыр, мынау ай ма, күн бе? – деп сұрайтын көрінеді.

Сонда Тайыр:

  • Білмеймін, мен бұл жерден емеспін ғой, - деген екен.


3-тапсырма. Мына мақал-мәтелдерді көшіріп жазу, мағынасын ашу.

Көз жетпеген жерге сөз жетеді. Баланың бас ұстазы – ата-анасы. Әркімнің өзі шығар биігі бар. Оқ жетпес жерге қылышыңды суырма. Ұстаның бізі сүйкімді, жақсының ісі сүйкімді.


4-тапсырма. Сурет бойынша мәтін жазу.

Үндестік заңы екі түрлі болады.

  • Буын үндестігі.

  • Дыбыс үндестігі.


Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан, сөздегі сөз бен қосымшаларды дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі деп атайды.

Мысалы: ата, ана, бақыт, баға, сала, егіз, өріс, төсек, кілем, керек.


1-тапсырма. Мына сөздерді буынға бөліп жаз.

Сепкен, мысық, құрт, әткеншек, балдырған, балапан, бастық, бор, бұлт, көркем.


2-тапсырма. Диктант.

Кім көп біледі?

Әл-фараби өзінің ұстазы Аристотельдің кітаптарын көп оқып, оның кейбірін жатқа білген. Бір күні әмір, ғалымдар одан:

  • Кім көп білетін, сіз бе, әлде Аристотель ме? – дегенде ол:

  • Егер Аристотель тірі болып, оған кездессем, мен оның шәкірті болуға

ғана жарар едім, - депті.


3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз.

Қонақтар... отырды. Алма дастарқан жайды. Дастарқанға... тағамдар қойылды. Жаңа піскен... бауырсақ қойды. Ыстық шай даярлап,... құя бастады. Қонақтар... риза болды.

Керекті сөздер: дәмді, төрге, жұмсақ, Алмаға, кесеге.


4-тапсырма. Мына сөздерге жалғау жалғап жаз.

Қаз, үйрек, тауық, балапан, шөже, бас, алма, көрік, бесік.

5-тапсырма. Диалог құрап жазу.

Дүкенде.

Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады.


Дыбыс үндестігі екіге бөлінеді;

  • Ілгерінді ықпал.

  • Кейінді ықпал.

Көрші дыбыстардың алғашқысы соңғсын өзіне ұқата әсер етуін ілгерінді ықпал дейміз.

Тас-тан,жаз-ға, адам-нан.


Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуін кейінді ықпал дейміз.

Мысалы: теп-теуіп, жап-жабады, жауып, сабақ-сабағы, кітап-кітабы, жазса-жазсса.


1-тапсырма. Сөз ішіндегі дыбыстарды анықтап, бір-біріне әсер етүші дыбыстардың алдыңғысының астын бір рет, кейінгісінің астын екі рет сызу.

Үрпақтың, дәуірінде, бақытпен, сабаққа, жатпа, жазба.


2-тапсырма. Төмендегі сөздерге дауыстыдан басталған -ым(-ім), -ы(-і), -ың(-ің), -ып( -іп) қосымшаларын жалғап жазу.

Бесік, тарақ, серік, мектеп, жазық, қатық, сабақ, теп, жап, тап, қап, кітап, табақ.


3-тапсырма. Диктант.

Білген сөйлейді.

Бір ғалым өзінің докторлық еңбегін қорғап жатса керек. Даулы пікірлер туындап, академик Әлкей Марғулан екі-үш рет шығып сөйлейді. Сонда біреу:

  • Әлеке, бүгін көп сөйлеп кеттіңіз ғой, - дейді. Бұған Әлекең:

  • Кісі не нәрсе туралы бірдеңе білген соң сөйлейді ғой, білмесе несін сөйлесін, - деп жауап беріпті.


4-тапсырма. Суретке қарап мәтін жазу.


Күз – тақырыьына арналған сурет тақтаға ілінеді.













Орфография мен орфоэпия.


Орфография – сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже.

Орфоэпия – ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығы.

Мысалы:


Жазылуы

Айтылуы

Көрікбай

көк гүл

қас жау

ашса

ішсе

Көрікпай

көк күл

қаш жау

ашша

ішше

Ілгерінді ықпал

Жанпейіс

Жанболат

көзсіз

сөзсіз

Жампейіс

Жамболат

көссіз

сөссіз

Кейінді ықпал

1-тапсырма. Төмендегі сөздерді айтылуы бойынша жазып шығу.

Бозша торғай –

Бой алдыру –

Бой жеткен –

Қаз табан –

Жүрек жұту –

Сап болу –

2-тапсырма. Диктант.

Кәрі әже күндегі машығы бойынша бесік жырын айтады. Өте бір өзгеше, ескі жыр. Абайдың өз әжесінен басқа ешкімнен естімеген жыры. Кішкентай күнінде Абай өзі де кеш сайын осы жырдың тербеуімен ұйықтайтын. Сол күндерден бір ырғағы ауыспаған, бір сөзі де өзгермеген, ана жүрегіндей айнымас жыр.


3-тапсырма. Өзің ойлап, сөздердің айтылуы мен жазылуын жазып шық.


4-тапсырма. Төмендегі сөздерді бірнеше мағынада қолданып, оған сөйлемдер ойлап жаз.

Жаз, ай, жұлдыз, көз.






Екпін


Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға, бір дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда күшті, көтерінкі айтылуын екпін дейміз.


Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні болып бөлінеді.

Сөз екпіні.

Екі немесе одан да көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады.

Сөз екпінінің орны тиянақты болады.Екпін сөздіңең соңғы буынына түседі.

Мысалы : Үздік оқушыларға бағалы сыйлықтар беріледі.


Ой екпіні.

Сөйлем ішіндегі ерекше көңіл аударылуға тиісті болған бір сөзді оқшаулап, бөліп айту ой екпіні деп аталады.

Ой екпіні тұрақты болмайды.

Мысалы: Атасы бүгін ауылға келді.

Атасы ауылға бүгін келеді.

Ауылға бүгін атасы келді.

Тіркес екпіні.

Кейде тілімізде бірнеше сөз тізбектеліп барып түгелімен бір ғана екпінге ие болады. Екпіннің мұндай түрі тіркес екпіні деп аталады.

Мысалы: тәлім – тәрбие, ата – ана,оқу үшін,сен ғой,қырық шақты.


Дыбыс екпіні.

Бір сөздің ішіндегі бір дыбысты көтеріп не созып айту тәсілі дыбыс екпіні деп аталады.

Мысалы: тама-ша-а, бә-ә-рекелді,жара-а-йсың.


1-тапсырма. Мақал – мәтелдерді көшіріп жазып, мағынасына көңіл бөл.

Көз жетпеген жерге сөз жетеді.Баланың бас ұстазы – ата-анасы.Әркімнің өзі шығар биігі бар. Оқ жетпес жерге қылышыңды суырма. Ұстаның бізі сүйкімді, жақсының ісі сүйкімді.


2-тапсырма. Мына сөздерді қатыстырып сөйлемдер ойлап жаз.

Биік, қайратты, жоғары, мықты, ертелікеш, шежіре ,тарих, мезгіл, лирика, көркем, салық.


3-тапсырма. Берілген мақал – мәтелдердің екінші сыңарларын анықтап жаз.


Берген алар, ... ... .

Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені, ... ...- ... .

Тарыдан тау, ... ... .

Көп сөз – көмір, ... ... - ... .

Өз елім - ... .... .


4- тапсырма. Мына өлең жолдарын көшіріп, қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

Күз.

Ақ қайың төкті суға жапырағын,

Шымырлап беті күліп жатыр ағын.

Мынау дүние сабырлы түрге еніпті,

Күз жайлап жерімнің кең атырабын.

Даланың сарғыш тартып атырабы,

Күз тырнағын гүлдерге батырады.

Өмірдің өзі – дағы далаға ұқсас,

Көктем күліп, күз ойлы жатыр әне.


5-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбысты қойып көшір.


Жан...т, әк..., м...ржан, жұлд...з, а...х...т, ...ркер, Б...л...т, к...з, М...қс...т, т...р...з..., ...кі.



























Мазмұны


Алғы сөз

Лексика. Сөз бен мағына

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

Көп мағыналы сөздер

Омоним, Синоним, Антоним

Тұрақты тіркестер

Мақал – мәтелдер

Көнерген сөздер

Жаңа сөздер

Фонетика

Дауысты дыбыстар

Дауыссыз дыбыстар

Буын. Буынның түрлері

Тасымал

Үндестік заңы

Орфография мен орфоэпия

Екпін












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Қазақ тілінен әдістемелік құрал.

Автор: Асылбекова Лазат Жанбыршиновна

Дата: 23.01.2017

Номер свидетельства: 382994

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "М?ТІНМЕН Ж?МЫСТЫ? Т?РЛЕРІ (О?У –?ДІСТЕМЕЛІК ??РАЛ) "
    ["seo_title"] => string(55) "m-tinmien-zhu-mystyn-turlieri-ok-u-distiemielik-k-u-ral"
    ["file_id"] => string(6) "206719"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1430242193"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(183) "Кәсіптік қазақ тілі пәнінен «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығына арналған ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ"
    ["seo_title"] => string(80) "k_siptik_kazak_tili_p_ninen_elektrmen_kamtamasyz_etu_mamandygyna_arnalgan_oku_di"
    ["file_id"] => string(6) "592362"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1637659624"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(183) "Кәсіптік қазақ тілі пәнінен «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығына арналған ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ"
    ["seo_title"] => string(79) "k_siptik_kazak_tili_p_ninen_elektrmen_kamtamasyz_etu_mamandygyna_arnalgan_oku_1"
    ["file_id"] => string(6) "592366"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1637660569"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Баланы? танымын дамытатын дидактикалы? ойындар ?дістемелік  ??рал"
    ["seo_title"] => string(59) "balanyntanymyndamytatyndidaktikalykoiyndardistiemielikkural"
    ["file_id"] => string(6) "268224"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450603110"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "?аза? тілінен ?ыс?а мерзімді саба? жоспары "Зат есім""
    ["seo_title"] => string(48) "kazaktilinienkyskamierzimdisabakzhosparyzatiesim"
    ["file_id"] => string(6) "280437"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453377228"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства