kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ әдебиеті сабағы, тақырыбы:М.Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы». Бақтығұлдың тағдыры.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұхтар Әуезовтың "Қараш-қараш оқиғасы" Бақтұғылдың тағдыры қазақ әдебиеті сабағынан сабақ жоспары. Мақсаты, оқиға бойынша алған білімдерін қорытып, жинақтап, кейіпкерлердің шынайы бейнесін таныту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ әдебиеті сабағы, тақырыбы:М.Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы». Бақтығұлдың тағдыры.»

Күні:

Сынып: 8

Пән: қазақ әдебиеті.

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы». Бақтығұлдың тағдыры.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Хикаят бойынша алған білімдерін қорытып, жинақтап, кейіпкерлердің өмірдегі шынайы бейнесін таныту.

Дамытушылық: Кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы сол заманның саяси құпиясын ұғыну, соған баға бере білуде ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, ар-намыс, сый-құрметке ие болуға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Қорыту-жинақтау сабағы. Панорамсалық сабақ.

Сабақтың әдісі: проблемалық, пікірталас, тест, теріп алу, аудио, видео фильмдар.

Сабақтың көрнекілігі: Портреттер, суреттер, интерақтивті тақта, үлестірмелі кеспелер, тірек сызба.

Пәнаралық байланыс: тарих, өнер.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, өзіммен таныстыру, сыныпты түгендеу, сабаққа әзірлеу. Сыныпты 2 топқа бөлу. Бағалау парақтарын үлестіру.

Әр кезеңнен кейін топбасшылары өз тобының мүшелерін бағалап отырады.


2. Қызығушылықты ояту. «Ой шақыру» стратегиясы:

1)«Асуда атылған оқ» кинофильмінен үзінді кһрсету арқылы өткен материалды еске түсіру.

  • Бұл үзінді қай фильмнен алынған?

  • Фильм кімнің, қай шығармасының желісі бойынша түсірілген?

2) Жоспар бойынша үзінділердің мазмұнын еске түсіру:

Тараулар

Тақырып.

Басты оқиғалар.

І. Іште кеткен кек.

Тектіғұлдың науқасы.

Өксікті күндер,

Аянышты өлімі.

ІІ. Кек жолындағы жортуыл.

Сәлмен жылқысына ұрлық.

Ұрланған бие.

ІІІ. Қуғыншылар.

Сойылған бие.

Қуғаншылар,

Соққыға ұшыраған Бақтығұл,

Намыс, ар қорлану.

ІҮ. Пана іздеу.

Арқар ату.

Жарасбайға тартуы,

Өтініш, тілек.

Ү. Адасу.

Жарасбайдың жанындағы тірлік.

Ақ жолдан таю,

Барымташы – бақтығұл.

ҮІ. Екі жүзділік.

Ел ішіндегі тартыс.

Сатқындық,

Билер соты, үкім.

ҮІІ. Қуғын.

Қуғынға ұшырау.


ҮІІІ. Өш алу

Жасырыну.

Әділ үкім...- алынған кек.


3. «Теріп алу» стратегиясы:


Балуан денелі,

Қызыл жүзді, семіз,

Қарны шыққан,

Қалың қара мұртты,

Кедей,

Болыс,

Жылқышы,

Иықты,

Ұзын бойлы,

Қорғансыз,

Еңбекқор












4. Аудио жазуды тыңдап, Қандай және қай кездегі іс-әрекет екенін табу.

1) Сәлменнің биесін сойып, ет жейін деп жатқанда,

2) Жарасбай байдың бәйбішесіне тарту етіп арқар әкелгенде.


5. Сергіту сәті:

«Табақ тарту» ойыны.

Табаққа ет мүшелері салынады. Әр топтан 1 оқушыдан шығып 1 мүшені таңдап артындағы тапсырмасын орындайды.

Бас – Тектіғұлдың өліміне не себеп болды? Оның өлімінде қандай саяси-әлеуметтік мән жатыр?

Қазы – інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?

Шұжық – Бақтығұлдың басты қателіктерін, адасуларын ата

Ет – неліктен Бақтығұл Сәлменді емес, Жарасбайды өлтірді?

Жал – Ақылды, әрі күшті рухы бар Бақтығұл неге қол шоқпар, барымташы, сорлы малайға айналды?

Қарта – «Қараш-қараш оқиғасы» арқылы жазушы қандай мәселелерді көтерді? Шығарма неге «Қараш-қараш оқиғасы» деп аталған?






6. Пікірталас.

1) Өз ойларын дәлелдеу: Бақтығұлдың барымтаға аттануы, ұрлық жасауына қалай қарайсыңдар?

1-топ – ақтайды,

2-топ – қаралайды.


2) Пікірлерін ортаға салу.

1-топ – Бақтығұл – еркіндікті аңсаған намысшыл қазақ.

2-топ – Бақтығұл – Сәлмен мен Жарасбайдың құрбаны.



7. Тест.

1. Бақтығұлдың Жарасбай байға бару себебі

а) пана іздеп,

ә)туысы болғандықтан

б)жұмыс іздеп

2. Билер Бақтығұлға қандай үкім шығарды?

а) ешқандай үкім шығарған жоқ

ә) ұрлаған малды қайтару және 3 жыл абақтыға жабу.

б) ұрланған малдарды қайтартты

3. Қашқын болып жүріп, қандай қауіп-қатерге ұшырады?

а) Жарасбайдың адамдарына ұсталды

ә) ешқандай қауіп-қатер төнген жоқ.

б) суға ағып кете жаздады.

4. Жарасбайдың оң қолы болып жүретін серігі

а) Бәйтен

ә) Қоқыш

б) Сәт

5. Бақтығұл Сәлмен байға қанша жыл қызмет істеді?

а) 10

ә)15

б)20


Жауабын интерақтивті тақтамен тексеру.

Егер сурет риза болса, жауаптары дұрыс.













8. Қорытынды:

Мұғалімнің сөзі:

Шығармадағы басты кейіпкер Бақтығұлдың прототипі тарихи тұлға – Жылқайдаров Рысқұл – Тұрардың әкесі. Ол оқымаған болғанмен, көкірегі ояу адам еді. Жастайынан әділетсіздік көрген, патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамаған Рысқұл 1904 ж желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді.


Прототип – көркем шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болған өмірде бар адам.

Шығармадағы Бақтығұлдың інісі Тектіғұл – Молдабек,

баласы Сейіт – Тұрар,

Қатша – Тұрардың анасы Ізбайша,

Жарасбай болыс- Саймасай Үшкемпіров


1968ж «Қазақфильм» мен «Қырғызфильм» киностудиялары бірігіп, «Выстрел на перевале» («Асуда атылған оқ») көркем фильмі түсірілді.

(фильмнен кинокадрлар көрсетіледі).


9. Үйге тапсырма: «шығармадағы жазушы қолданған көркемдік әдіс-тәсілдер» тақырыбына шығармашылық ізденіс.


10. Бағалау:

Бағалау парақтары бойынша тиісті бағаларын қоямын.


(уақыт қалса Тілек музыкамен тыңдатамын).
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Қазақ әдебиеті сабағы, тақырыбы:М.Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы». Бақтығұлдың тағдыры.

Автор: Ергалиева Алтын Шортанбаевна

Дата: 05.02.2017

Номер свидетельства: 387973

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "М?хтар ?уезов «?араш-?араш о?и?асы» "
    ["seo_title"] => string(41) "mu-khtar-uiezov-k-arash-k-arash-ok-ig-asy"
    ["file_id"] => string(6) "179128"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424950850"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "ашы? саба? ?араш ?араш жоспар.docx"
    ["seo_title"] => string(33) "ashyksabakkarashkarashzhospardocx"
    ["file_id"] => string(6) "302557"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457207492"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "М.Ауезов "Караш-караш окигасы" презентация урока "
    ["seo_title"] => string(54) "m-auiezov-karash-karash-okighasy-priezientatsiia-uroka"
    ["file_id"] => string(6) "225087"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1439389426"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства