Оқушылар, сендер қазақтың шешендік өнерінде ойып тұрып орын алатын атақты үш бидің бірі, Ұлы жүздің биі Төле бидің шешендік сөздерімен таныстыңдар. Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын үн таспаға құлақ түрейік. (Үнтаспадан қаз дауысты Қазыбек бидің Қоңтайшының алдында айтқан сөйлеген сөзі тыңдалады.) (Дауыс музыка әуенімен оқылған. Инт.тақтадан мазмұнына қарай қазақ халқы туралы видеоролик н/е презентация көрсетіліп жатады). 1 минут Балалар, бұл сөздер кімнің сөзі деп ойлайсыңдар? Қалмақ ханы Қоңтайшының алдында қасқайып тұрып сөз сөйлеген атқосшы жас бала Қазыбектің жасы сол кезде небары 14-те ғана екен. Ендеше,бүгінгі сабағымызға өз заманында халықаралық деңгейде келісімдер жүргізген, «ұраны – алаш, керегесі – ағаш» елдің атынан сөз айтқан ұлы бабамыз қаз дауысты Қазыбек бидің қазақ тарихындағы орны мен әдебиеттегі шешендік өнері турасында берілген тапсырмалар бойынша тарихшылар мен әдебиетшілер өз пікірлерін ортаға салады. Ал енді бұл екі топтың білім-білік дағдыларын, бүгінгі конференция сабаққа дайындықтарын, іздену жұмыстарының деңгейіне әділ сараптама жасап, баға берер тәуелсіз сарапшыларымыз бар. Ендеше , сабағымызды бастамас бұрын назарларымызды интерактивті тақтаға аударайық.. (тақтада Ш.Уалиханов пен А.Байтұрсыновтың пікірлері берілген.) Ш.Уәлиханов: "Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болған. Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екеңдігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған». Ахмет Байтұрсынов: "Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді". І тапсырма. «Ойыңды ортаға сал» Енді осы екі ұлы ғұлама ғалымдардың пікірімен танысып болғаннан кейін «Би» деген атаққа әр топ өз бағыты бойынша жан-жақты сипаттама беріп көрелік.-3м (Плакатқа1 топ,тақтаға 1 топ орындайды.) Сіздердің алғашқы тапсырмаларыңызға сарапшылар өз бағаларын бере жатар, сонымен қорытынды ой түйсек,би дегеніміз – халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз. ІІ тапсырма. «Іздену –зерделеу кілті» Топ мүшелеріне Қазыбек бидің тарихтағы орны мен әдебиеттегі орны туралы тың деректер ,н/е шағын жоба жұмысын зерттеу тапсырылған болатын. Топ мүшелері өзара ақылдасып, берілетін мәліметтің маңызы мен сапасына қарай бір топ мүшесін ортаға шығарады. Тарихшылар: Қазыбек бидің «қаз дауысты атануы» ( тың дерек)-3м Әдебиетшілер: «Қазыбек бидің шешендік сөздеріндегі афоризмдер» (шағын жоба)-5м ІІІ тапсырма. «Талдау-табыс кілті» Қазыбек би қалмақ еліне елшілікке бір емес үш рет барған екен. Оның алғашқысы жаңа өздеріңіз тыңдаған 14 жастағы бала Қазыбектің сөзі. Ендеше келесі тапсырма мынадай сипатта: Екі топқа Қазыбектің қалмақ еліне барған екі елшілігі жайындағы әңгімесі таратылады. Сіздер оқып, әңгімені негізге ала отырып,әңгімедегі басты эпизодтарды табу мақсатында мына кестені толтырасыздар.(5 м) Әдебиетшілер: Оқиға | Эпизод | Қалмақ ханы Қоңтәжінің Қазыбек бидің елін шабуы | | Қазыбекпен бітім жасауға көнген хан Қоңтәжі | | Қазыбектің шешімді шешендігі | | Тарихшылар: Оқиға | Эпизод | Қазыбек би елін үшінші рет шапқан хан Қоңтәжі | | Қоңтәжінің арманы | | Қазыбек бидің бір жарым ұлы | | Тарихқа жүгінсек, осыдан кейін қалмақ-қазақ арасындағы жаугершілік тоқталған деседі. Әдебиетшілерге тапсырма: «Теориядан -талдауға» 2 м Олай болса, интерактивті тақтаға назар салайық. Қазыбек бабамыздың «Не жақын?», «Не қымбат?», «Не қиын?» деп сұраған бір адамның сұрағына берген жауабы берілген. Әдебиетшілер баба толғауының көркемдік ерекшелігіне талдау жасайсыздар. Қазыбек бидің бұл толғауын шешендік толғауға жатқызамыз.Шешендік толғаулар мақал-мәтел, сұрақ-жауап, қанатты сөз түрінде айтылады. Өлеңде фигураның бір түрі-эпифораны шешен баба шебер қолданған. Эпифора-өлең тармақтарының соңында сөз немесе сөз тіркесінің қайталануы Тарихшыларға тапсырма:«Сөз иесін тап» Тақтада Қазыбек би,Төле би,Әйтеке бидің шешендік сөздерінен үзінді берілген. Әр бидің шешендік сөздерін жылжыта отырып бидің суретінің астына орналастыру «Елге бай құт емес, би құт» Қазыбек би «Ашу -араз,ақыл -дос, ақылыңа ақыл қос» Әйтеке би «Бай болсаң,халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң жауға найзаң тисін...» Төле би Ү тапсырма. «Шығарамашылығыңды шыңда» Әдебиетшілерге тапсырма: Жоғарыда берілген «Не жақын?», «Не қымбат?», «Не қиын?» деген үш сауалға Қазыбек бише сендер де жауап беріп көріңдер. Үлгі: Сырласатын досың жақын... Алтын ұя-мектеп қымбат... Қартайғанда жалғыздық қиын... Тарихшыларға тапсырма: Зерттеушілер пікіріне үндес өздерің пікір жазасыңдар. Зерттеушілер пікірі | Оқушы пікірі | «Үш жүздің батырларынан сіз кімді артық көресіз?» деп Абылай ханнан сұрағанда, ол былай деп жауап беріпті: «Бізге дейінгі екі кісіге таң қалуға болады. Олар тоқсан туысын Қалдан сереннің тұтқыннан құтқарып алған қаракесек Қазыбек те,екіншісі өзінің сондай тұтқындағы туысын құтқарған уақ Дербісәлі. Мұның алғашқысы Қалданның өз алдына барып босатып алған...» Ш.Уәлиханов | Үлгі: Өз заманында хан Абылай Қазыбектің қайсарлығын ерекше бағалаған екен.Бұдан артық баға болуы мүмкін емес. | |