«Мұғалима» өлеңін оқыту, мағынасын түсіндіру, жаттап алу. «Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау». Нақыл сөзді түсіндіру. Мәтіннің авторы туралы түсінік беру. Қадыр Мырз Әли -1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жж. «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған. Тұңғыш туындысы 1954 жылы «Пионер» журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде 40-тан астам жыр жинақ-тары мен әдеби – сын, ән өлеңдері мен прозалық кітаптары: «Көктем» (1959), «Сабақ», «Ой орманы» (1965), «Дала дидары» (1966), » Бұлбұл бағы» (1967), «Күміс қоңырау», (1970), «Домбыра» (екі кітап, 1971, 1974), «Кеш» (1973) т.б., сондай-ақ тоқсаныншы жылдары таңдамалы шығармаларының 5 томдығы, ал 2001 жылы »Қазығұрт» баспасынан 15 томдығы шыққан. Бірнеше пьесасы сахнада қойылған. Өлеңдері көптеген шетел тілдеріне аударылған. Ол Овийдің, Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, Межелайтистің, Петифидің, т.б. жырларын қазақ тіліне аударған. 1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Әнұраны жаңа мәтіні авторларының бірі. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды. Өлеңді түсініп оқу. Оқушыларға бөліп оқыту. «Джиксо» әдісі. -Өлеңді 3 топқа бөлу және түсініп оқу. Сараптау топтарына бөліну . -Өлеңнің әр шумағын оқып, сараптау тобында талқылау,ерекшеленген жерлерін мұқият түсініп алу, және топтың басқа мүшелеріне жеткізу. -Сараптау тобында түсінгендерін бір-біріне үйрету. -Түсінбегені болса сұрақтар қою. Презентация жасау. (Әр топ өзіне берілген шумақ бойынша). Дәптермен жұмыс.Сөздік жұмыс. |