Павлодар қаласы № 37 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Нұрғалиева Гүлнар Өкенқызы
| Апта | Күн пән : Әдебиеттік оқу 3-сынып |
| Сабақтың тақырыбы | Мұғалима Қадыр Мырза Әли |
| Сілтеме | Оқулық әдебиеттік оқу 26-27 бет |
| Жалпы мақсат | Ақын өлеңінің идеясын ашу. |
| Міндеттері | Білімділік: өлеңді түсініп оқу,талдау арқылы өз ой-пікірін айта алу. Дамытушылық: алған білімдерін іс- жүзінде, сабақ барысында қолдана білуге дағдыландыру. Тәрбиелік: мамандық иелеріне ,оның ішінде ұстазға деген құрметке баулу. |
| Күтілетін нәтиже | Өлеңнен мазмұны арқылы оқушы бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру,ұстаз еңбегін бағалауға үйрену. |
| Сабақ түрі | Жаңа сабақ ,кіріктірілген сабақ, пәнаралық байланыс, |
| Қажетті құралдар | Қағаз,маркер, желім, қайшы,суреттер, бағалау парағы |
| Сабақтың әдіс-тәсілі | Жеке, жұппен, топпен жұмыс. |
| Тапсырмалар топ бойынша | 1.Сөзжұмбақ шешу. 2.Өлеңді оқу,талдау -Мектептегі басты тұлға кім? -Мұғалім еңбегі қандай? (қиын,қызықты) Дәлелдеу 3.Тапсырмалар: әр топ өз оқығандары бойынша өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, қорғайды «Мектеп-кеме,білім-теңіз» |
| | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
| Сабақтың барысы 2мин Білім | 1.Ұйымдастыру кезеңі психологиялық ахуал. | 1.Амандасу: |
| Талдау Сұрақ –жауап 10 мин Сергіту сәті «Мен қандаймын» 2мин 20мин | 1-тапсырманы орындау -Ұстаз сөзіне ассоциация құру. -«Ұстаз-екінші анаң» дегенді қалай түсіндірер ең? 2.Өлеңмен жұмыс 3.Суретпен жұмыс: сұрақтарға жауап беру 4.«Мектеп-кеме,білім-теңіз» тақырыбын топпен талдап, ойларыңды қағаз бетіне түсіріңдер. | Топпен сөзжұмбақ шешу,көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою. Жасыл торкөздегі шыққан сөзді оқу. Ассоциация Түсініп оқу,сөздік жұмысы.Өлеңдегі қызылмен белгіленген сөздерге мән беру,түсіндіру. Ұстазды сипаттау. Постер құру,түсіндіру,қорғау |
| Қорытындылау 6мин | -Білім беруде ұстаздың орны қандай? -Мұғаліміңнің қандай болғанын қалайсың? -Кім ұстаз болғысы келеді? | Сұрақ –жауап. Әр топ өз ойларын айтады, бірін-бірі толықтырады. |
| Тапсырмалар | | «Ұстазға арнау» өлең жазу,тілек білдіру, сурет салу |
| Бағалау 4мин | Не істедім ? Не істедік? Топты қалай бағалар едің ? не ұнады? | |
| Үйге тапсырма 1 мин. | Эссе жазу | « Менің ұстазым» |