Ашық сабақтар қазақ тілі мен әдебиеті бойынша
Сабақтың тақырыбы: Есімдіктер сыр шертеді.
Сабақтың мақсаты: Нақты мысалдар келтіре отырып,есімдіктен өткенді қайталау арқылы оқушы білімін сарапқа салу,
Ә/ана тілін қастерлеу ,тапқырлыққа,шешендікке баулу
б/ Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту
Сабақтың көрнекілігі: үлестірме парақшалар,таблица,сөзжұмбақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
А) оқушыларды түгендеп,сабаққа дайындығына көңіл бөлеміз
Балалар,бүгін сабағымыз есімдіктен өткенді қайталауға арналады. 2 оқушыға карточка беріп тақтаға шақырамыз.
№ 1
Сөйлем мүшесіне талдап,есімдікті тап.
Ол өжет адам,өлімді жеңді.
№2
Сөйлем мүшесіне талдап,есімдікті тауып,қай түріне жататынын ажырат.
Бәкен ешкіммен сөйлеспейді,ешкімнің қасына бармайды.
Тақтадағы оқушылар жұмыс жасап болғанша,қалған оқушылармен жұмыс жасаймыз.Яғни есімдікке арналған сұрақтар беріліп жауап алынады.
1.Есімдік деген не?
2.Қанша мағыналық тобы бар?
3.Жіктеу есімдігі дегеніміз не?
4.Сілтеу,сұрау есімдіктері дегеніміз не?Мысал келтір.
5.Өздің ,жалпылау есімдіктері дегеніміз не? Мысал келтір
6.Белгісіздік,болымсыздық есімдіктері дегеніміз не?Қандай сөздер арқылы жасалады? Мсыал келтір.Есімдіктер қалай жасалады?
7.Есімдіктер сөйлемде қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?
№ 3
« Сен » есімдігін септе
№ 4
« Өз » есімдігін септе
№ 5
Үнемі жақ ұғымдарымен байланысты қолданылатындықтан есімдіктердің бұл тобы жіктеу есімдігі деп аталады.
« Мен » деген сөз мақтан дейді
« Сен » деген сөз көрсеттім сақтан дейді
« Ол » деген сөз сілтеме әлдекімге
« Біз » бен « сізден » бастаған асқан дейді
Шешендік сөздер де есімдік кездеседі екен. Сондықтан келесі кезекті шешендік сөздерге берейік.
Бала би қартайған шағында халқын жинап:
Жерден ауыр не?
Судан терең не?
Көктен биік не?
Оттан ыстық не ?- деп төрт сұрақ берген екен,ешкім шеше алмапты.Сонда Бала би былай деп шешкен екен.
Жерден ауыр дегенім- ақыл,білім
Судан терең дегенім –оқу,ғылым
Оттан ыстық дегенім – фәни жалған
Көктен биік дегенім –тәкаппардың көңілі.
-Балалар, Бала би сөзінде қандай есімдік қайталанып тұр?
-Не сұрау есімдігі
Жұмбақ сұрақтар:
Етікші аспабының біріне ұқсас есімдік (Біз)
Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды.( сұрау)
Біреулер көрсетіп ,нұсқап тұрады,
Біреулер мәлімсіз есімдіктердің орнына қолданылады. ( сілтеу, белгісіздік)
Көпшіл және көңілшек
Ештемені бөліп жармайды.
Көптік ұғым береді,
Көпшіліік қарамайды. (жалпылау есімдігі)
ЕСІМДІК ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ
Қай ақынның өлеңі? Есімдікті тап.
Дариға,домбырамды берші маған.
М.Мақатаев ( «мен» жіктеу есімдігі)
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
М.Мақатаев («мен » жіктеу есімдігі)
Арыстанмын айбатыма кім шыдар?
М.Жұмабаев (« кім » сұрау есімдігі)
Сөздерінде жалын бар,
Мен жастарға сенемін.
Мағжан («мен » жіктеу есімдігі)
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Абай .( «мен » жіктеу есімдігі)
Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай
Абай. («сол» сілтеу есімдігі)
Есімдіктері бар мақала-мәтелдер білетіндіріңіз бар ма?
Көкек өз атын шақырады.
Өзім білем деген өрге баспа.
Бақыр қазан қайнаса,
Бәріміздің бағымыз
Қожанасыр туралы мәтінді оқып, есімдіктерді тауып, мағыналық түрлеріне ажырату.
( «Кімнің басшысы?») ( «Қырық жамау етік»)
Үй тапсырмасы: Есімдікке жеті сөйлем жазу.