kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Еріндік және езулік дауысты дыбыстар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дауысты дыбыстар ерін мен езудің қатысына қарай екіге бөлінеді. Еріндік дауыстылар о ө ұ ү у.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Еріндік және езулік дауысты дыбыстар»

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы: 08.02.2017 жыл

Сабақтың тақырыбы: Еріндік және езулік дауысты дыбыстар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға тіліміздегі дыбыстарды, соның ішіндегі еріндік және езулік дауысты дыбыстарды меңгерту және олар туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Дамытушылық: Оқушылардың дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, фонетикалық талдау дағдыларын арттыру.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, еңбекті дәріптеуге, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

4.Топқа бөлу (ашық пен қысаң дауысты дыбыстары арқылы)

II.Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Ашық және қысаң дауыстылар

  2. 246 -жаттығу

ІІІ. Білім тексеру:

Терме диктант

Көкен наркескен семсерін тасқа жанып тұр. Семсерден от ұшқындары ұшады. Бір күні қаладан Әміржан келді. Қыс өтіп, жылы , жайлы жаз келді. Сол уақытта жаңбыр бұлты тауға таман жақындап, жел қатаңдап, күннің күркірегені жиілеп тұр еді.

ІV.Жаңа сабаққа дайындық:

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Дауысты дыбыстың жасалуы кезіндегі ерін мен езудің қалпына қарай олар еріндік және езулік болып бөлінеді.

Еріннің дөңгеленіп, алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атайды. Олар:о,ө,у,ү,ұ.

Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар деп атайды. Олар:а,ә,е,э,ы,і,и.

Сөздің алдыңғы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындағы езулік дауыстылырға әсер етеді. Оны өзіне қарай бейімдеп еріндік дауыстыға айналдырады. Мысалы: құлын сөзі - құлұн болып айтылады. Жазудағы нормасы құлын болғанымен, айтудағы нормасын сақтап айту керек. Себебі, сөздерді дұрыс айта білу де – тіл мәдениетінің бір шарты.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

Терме диктант

(еріндік пен езулік дауыстылардың астын сызу)

1.Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. 2. Ескі қыстаудан әрі ұзамай, қалың ағаш сиреп, дала көріне бастады. 3. Мына қызықты көрсін деп, Есен әкесін үйіне шақыруға барды. 4. Талғат берілген бұйрықты орындап, кейін оралғанда, жаудың екі ұшағы оны ортаға алды. 5. Окопта бір бала ұйықтап жатыр.

2.Еріндік және езулік дауыстыларға жұмбақ шығару.

3.Дыбыстық талдау (қыстау, бұйрық)

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

247-жаттығу (ауызша)

  • Төмендегі жұмбақ өлеңдердің шешуі қай дауысты дыбыстар екенін табыңдар. Өздерің осы тәрізді жұмбақ өлең шығарып көріңдер.

248– жаттығу

  • Мына өтірік өлеңдегі еріндік дауыстары бар сөздерді бір бөлек,езулік дауыстылары бар сөздерді бір бөлек, аралас келген сөздерді бір бөлек жазыңдар.

2.Дидактикалық ойын «Артығы қайсы»

Еріндік, езулік, ашық, қысаң, жуан, жіңішке әріптерді араластырып жазып, артығын оқушылар табу керек.

VІІІ. Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:


    1. Еріндік және езулік дауысты дыбыстар туралы түсінік.

    2. 249- жаттығу.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Еріндік және езулік дауысты дыбыстар

Автор: Альжанова Салтанат Умирзаққызы

Дата: 01.03.2017

Номер свидетельства: 396923

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Еріндік және езулік дауысты дыбыстар"
    ["seo_title"] => string(42) "ierindik_zh_nie_iezulik_dauysty_dybystar_2"
    ["file_id"] => string(6) "409269"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492188650"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Еріндік ж?не езулік дауыстылар (ашы? саба?)"
    ["seo_title"] => string(40) "ierindikzhnieiezulikdauystylarashyksabak"
    ["file_id"] => string(6) "303399"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457516923"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) ""Еріндік және езулік дауысты дыбыстар""
    ["seo_title"] => string(42) "ierindik_zh_nie_iezulik_dauysty_dybystar_1"
    ["file_id"] => string(6) "398862"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1489121447"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Дауысты дыбыстар 5-сынып"
    ["seo_title"] => string(24) "dauysty-dybystar-5-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "310774"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459093874"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "?аза? тілі Езулік ж?не еріндік"
    ["seo_title"] => string(29) "kazaktiliiezulikzhnieierindik"
    ["file_id"] => string(6) "310976"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459142706"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства