Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Бекітемін: Н.О.Шаянбаева.
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 3
Күні:08.02.17ж
Сабақтың тақырыбы: Еңбекпен тапқан тиын
Сабақтың мақсаты: Ойлаудың жеті түрлі негізін дамыту.
Білімділік: Ертегі мазмұнын түсіндіре отырып, қанағат пен еңбектің маңызын түсінулеріне ықпал ету.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жағдай жасау.
Тәрбиелік: Адалдыққа, қанағатшылдыққа, еңбекқорлыққа баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. БжС технологиясы. Ауызша – 1 картасы.
Сабақ оқудың макро құрылымы
Технологиялық картаның жұмыс тәртібі
Түсініктеме
1- кезең Ұйымдастыру
Мотивация. Сабақтың мақсат – міндетін түсіндіру. Психологиялық жаттығу.
2- кезең Оқушылардың субъектті іс- тәжірибесін өзектендіру
1. Бұл оқиға қай жерде болған екен?
2. Машинаның да машинасы болады дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Жүк машинасы не деп мақтанды?
4.Кран оған қандай жауап қайтарды?
5.Түс ауа жүк машинасы неге тап болды?
6.Оған не көмектесті?
7. Кран жүк машинасына қандай ақыл айтты?
8. Неге бұл мәтін «Ер еңбекте сыналады» деп аталған?
9. Еңбек туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
МПМ бойынша барлық оқушыдан сұралады
3- кезең Қабылдауды ұйымдастыру
Тірек сөздермен жұмыс.
Жалқау,ұқсату,ақша,от,шаршап,еңбекпен,тапқан
7 сөзге 30 сек. уақыт беріледі.
4- кезең Ойлауды ұйымдастыру
Мәтінмен жұмыс.
Еңбекпен тапқан тиын
Мәтіндегі оқу жылдамдығы 1 бетке 5 минут уақыт беріледі.
5- кезең Алғашқы түсінікті тексеру
Қарама – қарсы сұрақтар:
1.Біреудің қандай ұлы болыпты?
2.Әкесі неліктен жиналған мүлкін басқа біреуге беремін деді?
3.Жаны ашыған анасы ұлына не деді?
4.Әкесі алтынды не істеді?
5.Ұлына неге сенген жоқ?
6.Анасы ұлына қандай ақыл айтты?
7. Ұлы не істеді?
8.Әкесіне ақшаны еңбектеніп тапқандығын қалай көзін жеткізді?
9.Әкесі ұлына не айтты?
МПМ бойынша барлық оқушыдан сұралады.
6- кезең Бекітуді алғашқы ұйымдастыру
Сын тұрғысынан сұрақтар:
МПМ мен жұмыс. «-» бар оқушыларға көңіл аудару
7-кезең
Тақырыптық сөздік қор.
Эссе жазу
5 минут
Үйге тапсырма
Ертегіні мазмұндау
Бағалау
МПМ бойынша бағалау.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт