Ана тілі пәнімі.-дегендей қазір бізде балалар ана тілі сабағы. Біз бүгінгі сабағымызда халқымыздың аса көрнекті ақын-жазушыларымыздың ауылына саяхатқа шыққалы отырмыз. Саяхатқа шығу үшін бізге көлік қажет болады. Сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер? (көлік түрлерін атату)
-Ия, балалар дұрыс айтасыңдар. Бірақ біз бұл көліктерге отырмаймыз. Себебі біз сендермен ана тілінен әр түрлі ертегілермен танысып жатқандықтан өзімізді сол ертегілер елінде жүргендей сезініп, саяхатқа сиқырлы ұшатын кілеммен шығамыз. Келісесіңдер ме?
-Олай болса, сиқырлы кілемге жақсы жайғасып отыру үшін мына бір сұрақтарға жауап бере отырайық.
ІІ. Өткен материалды еске түсіру.
-Ертегі дегеніміз не?(Ертегі – халық ауыз әдебиетнің бір түрі)
-Ертегінің қандай түрлері бар? (Шыншыл, қиял-ғажайып, хауанаттар жайлы)
-Халық шығармаларына тағы нелер жатады?(Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, аңыз әңгімелер)
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Міне, балалар көзді ашып жұмғанша сиқырлы кілеміміз бізді Абай атамыздың ауылына алып келіпті.
Біз Абай атамыз туралы не білеміз? Кім бізге білгенін қысқаша айтып береді?
Абай атамыздың қандай шығармалары бар?
Абай атамыздың бір өлеңінен үзіндіні кім жатқа айта алады?
Жақсы. Рахмет. Абай аталарың жайлы көп біледі екенсіңдер. Енді сендер Абай аталарыңа үйге берілген тапсырманы айтып берсеңдер жақсы болар еді.
а) Сәкен Сейфуллин, Жекен Жұмаханов жайлы кім не біледі? Қандай шығармалары бар? (Оқушылардың жауабын тыңдау)
-Жақсы, балалар.Сендерге Абай аталарың өте риза. Енді әрі қарай сапарымызды жалғастырайық. Келесі ауылға жеткенше мына мақал-мәтелдерді оқып, талдай отырайық.
1. Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.
2. Еріншектің ертеңі бітпес.
3. Есті бала ер жетіп,
Елдің қамын ойлаған.
Ессіз бала кері кетіп,
Есерлігін қоймаған.
Балалар, біз Ыбырай атамыздың ауылына да келіп қалыппыз ғой.
Ыбырай аталарың жайлы, шығармалыры жайлы кім не біледі?
Ыбырай аталарыңның өлеңдерін кім жатқа айта алады?
Балалар, біз Ыбырай аталарыңның ауылында «Еңбекпен тапқан тиын» деген грузин ертегісімен танысамыз.
V. Ертегі мазмұнын баяндау. (Көрнекілікті пайдалана отырып баяндау)
VІ. Мәтінмен жұмыс.
а) Ертегіні оқушыларды тіздектеп мәнерлеп оқыту.
ә) Ертегі мазмұнын сұрақ-жауап әдәсә арқылы талдау.
1. Қарттың ұлы қандай еді?
2. Қарт әйеліне не айтты, ондағы мақсаты не?
3. Баласына жаны ашыған шешесі оған қандай ақыл берді?
4. Неліктен қарт баласының айтқанына бірінші жолы сенбей, екінші
жолы сенеді?
5. Қарт өз мақсатына жетті ме?
- Өте жақсы балалар.Енді ертегіні рөлге бөліп оқиық.(1-2 рет рөлге бөліп оқыту)
-Кім ертегіні әрі қарай жалғастырып айтып көреді. Не болады деп ойлайсыңдар?
VІІ.Сергіту сәті. Қалыптан тыс ойлау.
Елгежейлі адам 10 қабатты үйде тұрады. Ол ылғи 5-ші қабатқа дейін лифтімен ары қарай жаяу шығады екен. Ол неліктен солай істейді?
-Жақсы балалар. Енді сиқырлы кілемге жайғасып келесі ауылға аттанайық. Жол ұзақ болмау үшін мақал-мәтелдер айтып жарыса отырайық. Кім еңбек, еңбексүйгіштік пен жалқаулық туралы мақал-мәтелдерді көп біледі екен. (Мақал-мәтелдер айтқызып, бір-екеуін талдату)
-Міне, балалар біз Жамбыл аталарыңның ауылына да келіп жеттік. Жамбыл аталарың туралы не білесіңдер?
(оқушыларға білетін мағұлматтарын айтқызу)
-Жақсы. Жамбыл аталарың жайлы да көп біледі екенсіңдер. Енді Жамбыл
атамызға жаңағы оқыған ертегіміздегі әрбір кейіпкерлерге мінездеме берейік
және соны дәптерге жазып алайық.
VІІІ. Дәптермен жұмыс.
жалқау ерке жанашыр қатал
баласы әкесі
ештеңені
ойламайды баласының ертеңін ойлайды
жанашыр мейірімді
шешесі
ақылшы
-Балалар, аталарың сендерге «Кім тапқыр?» ойнын ойнатпақшы екен. Мына торкөздерге «у» дыбысынан аяқталатын сөздер жазу керек екен.
-Жақсы балалар, Жамбыл аталарың да сендерге риза болып жатыр. Аталарың сендерге жақсы тілектер айтып, сабақтарыңды үнемі жақсы оқып жүріңдер, еліміздің білімді, данышпан, дана азаматтары болып өсіңдер деп айтып жатыр.
-Сонымен сендерге бүгінгі саяхат ұнады ма? Біз кімдердің ауылына бардық? Қандай ертегімен таныстық? Ертегі сендерге ұнады ма?
-Балалар, сендер әке-шешелеріңе көмек көрсетіп, сабақтарыңды жақсы оқып еңбек етіп, бойларыңа жақсы қасиеттерді жинап жүруге тырысыңдар.Еліміздің білімді азаматтары болып өсіңдер. Жалқау болудан,өз бойларыңа жағымсыз қасиеттерді үйір қылудан аулақ жүріңдер.
Х. Үйге тапсырма.
Үйге ертегіні мәнерлеп оқып, мазмұндап келуге дайындалу және ертегі