Үй тапсырмасын тексеру Жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру | 235-жаттығу.Метаграммаларды шешіңдер. Егер т-дан бастасаң, Биіктердің биігі. Егер д-дан бастасаң, Қиындардың қиыны. Екеуін де алып тастасаң, Балықшының бұйымы. К-ден егер бастасаң, Шомыласың суына. Ш-дан егер бастасаң, Жазда аунайсың құмына. Қосымша сұрақтар: 1.Фонетика дегеніміз не? 2.Тіл дыбыстары үн мен салдырдың қатысына қарай нешеге бөлінеді? 3.Сөйлеу мүшелерін атаңдар. Дауысты дыбыстар. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінеді. Тіл кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар де йміз. Олар:а,о, ұ, у, ы Тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз.Олар:ә, е, ү, і, ө, и, э, у. У дыбысы айтылуына қарай жуан да, жіңішке де болады. | 235-жаттығу. 1)Тау, дау, ау 2)Көл, шөл Оқушылар сұрақтарға жауап береді. 1.Фонетика- тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала. 2.Тіл дыбыстары үн мен салдырдың қатысына қарай дауысты, дауыссыз болып бөлінеді. 3. Сөйлеу мүшелері:өкпе, таңдай, тіл, ауыз қуысы, ерін т.б Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалады. Дауысты дыбыс буын жасауға қатысады. Дауысты дыбысқа екпін түседі. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар. Олар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке болып жіктеледі. | Үй тапсырмасын тексеру арқылы өткен білімді меңгергеніне көз жеткізеді. Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өткен материалды пысықтайды. Дауысты дыбыстардың жасалу жолына мән береді. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар қатарын біледі. |
Жаңа материалды бекіту А.Мұғалімнің көмегіменбекіту Ә) Оқушының өз бетімен жұмыстануы | Оқулықпен жұмыс. 241-жаттығу. Мына сөздердің ішінен жуан у дыбысы бар сөздерді бір бағанға, жіңішке у дыбысы бар сөздерді екінші бағанаға теріп жазыңдар. Ашу, білу, қазу, сену, жазу, қу, беру, ілу, жолығу, кезу, сызушы, жу, көну, қону. 242-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшіріңдер. Әліпби. Б…г…н мұғал..м үлк…н қ…ғ…з әк…ліп қойд… 1- тапсырма.Берілген дыбыстарды тілдің қатысына қарай ажыратыңдар. 2- тапсырма. Төмендегі жұмбақтардың жауабы қай дыбыс екенін табыңдар. 1.Әнде бар, Күйде жоқ. Сәнде бар, Биде жоқ. 2.Шөлде бар, Суда жоқ. Көлде бар, Буда жоқ. 3-тапсырма:Топтық тапсырма. | Оқулықпен жұмыс 241-жаттығу. Жуан у дыбысы бар сөздер:ашу, қазу, жазу, қу, жолығу, сызушы, жу, қону. Жіңішке у дыбысы бар сөздер:білу, сену, беру, ілу, кезу, көну. 242 –жаттығу. Әліпби. Бүгін мұғалім үлкен қағаз әкеліп ілді.Қағаз бетіндегі әріптер үлкен –үлкен етіп жазылған.Астына “әліпби” деген сөз жазылған. № 1 тапсырма. № 2 тапсырма. 1.Ә – жіңішке дауысты дыбыс. 2.Ө-жіңішке дауысты дыбыс. 3-тапсырма: 1-топ:Аға, іні, апа, ана, қазақ, қалақ, қырық, шыбыш, т.б. 2-топ:Ә-әже, әке, әңгіме, әліппе, ән, әріп, әтеш, т.б. 3-топ: А-Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, т.б. | У дыбысының жуан және жіңішке болуын аңғарады. Көп нүктенің орнына дауысты дыбыстарды қояды. Дыбыстарды тілдің қатысына қарай ажыратады. Әріп жұмбақтардың шешуін табады. Берілген дыбыстардан басталатын сөздер жазу арқылы сөздік қорлары кеңейеді. |