kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А.Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                                                                                           Бекітемін 
                                                                                                                    Оқу ісі меңгерушісі
                                                                                             ______ Т.Ж.Дауылбай  
                                                                                          «       » ______2017ж.                                                                                 


Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев. « Ғылым таппай мақтанба». 
Сабақтың мақсаты:
 Ақынның өмірі, шығармашылығы туралы түсінік беру, өлең мазмұнын түсіну, жақсы және жаман қасиеттерді танып білу.  Оқушыларды адамгер- шілікке  баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар 
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Балалар  біздің бүгінгі   сабағымыз ерекше болмақшы, бүгінгі сабағымызға мектеп ұстаздары  келіп отыр, сондықтан сабаққа белсенді  қатысайық.
Оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ. Өткен тақырып бойынша пысықтау.
                               Армысыздар балалар,
                               Дайынбыз ба сабаққа?
                               Әдебиет - сөз өнері,
                               Сай келейік талапқа.
                               Бар ма үйден дайындық,
                               Тапсырмамыз дұрыс па?
                               Оқымасақ уайым қып,
                               Тығылмайық қуысқа.
                               Ойымызды айтайық,
                               Білімімізді байқайық.               
Балалар, өткен сабағымызда біз қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы   Шоқан Уәлиханов туралы мағлұмат алған болатынбыз. Алған білімімізді тиянақтау үшін мен сендерге бірнеше сұрақтар қоямын. Сендер жауап беруге дайын отырыңыздар. 
"Зерделі сұрақ, ұтымды жауап".
  Сұрақтарға жауап беру.
-    Шоқан Уәлиханов қай жылы, қандай отбасында дүниеге келді?(1835 жылы қараша айында Құсмұрын бекінісінде атақты аға сұлтан  Шыңғыс Уәлихановтың әулетті отбасында дүниеге келді)
-    Кішкентай Шоқан мен әжесінің арасында қандай қарым-қатынас болды? (дарынды әрі беделді, бірнеше тілді білетін әжесі Айғаным Шоқанды өте жақсы көрді, кішкентай Шоқанға қазақтың аңыз әңгімелерін, өзі қатысқан тарихи оқиғаларды айтып беретін.)
-    Шоқан   Уәлиханов кім? (тарихшы, жағрафияшы, ағартушы,саяхатшы, суретші)
-    Шоқан қай елдерге саяхатқа барды? ( 1854-1857 жж.Қырғыз еліне, 1857-1859жж.   Қытай еліне)      
         "Ой түйін"    
  - Таулардың алыстаған сайын биіктей түсетіні сияқты, Шоқан Уәлиханов та уақыт өткен сайын дараланып, биікке өрлеп, туған халқымен бірге жасауда. Шоқан мұрасы-халық қазынасы. Ғабит Мүсірепов атамыз айтқандай  "Шоқаны  бар ел- шоқтығы биік ел".                                 
Жаңа сабақ:  Абай Құнанбаев
         Жүрегімнің түбіне терең бойла,
         Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
          Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,
         Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! 
- Балалар, қане назар аударайық, менің қолымдағы кімнің портреті?
-Ия, балалар, бұл- қазақтың ұлы ақыны, дана ақыны Абай Құнанбаев атамыз.     
 Абайдың өмірбаяны. 
Абай Құнанбаев бұрынғы  Семей облысы, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстауының бөктерін   жайлаған тобықты руының ішінде, 1845 жылы 10 тамызда  дүниеге келген. Абайдың өз әкесі-Құнанбай, оның әкесі-Өскембай, үшінші атасы-Ырғызбай. Бұлардың барлығы ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар. Ақынның анасы –Ұлжан. Ол сабырлы мінезді кісі болған.  Қатал мінезді Құнанбайдан өзі басқарып отырған қол астындағылармен қоса өз жанұясы да қорқатын. Абайды  әжесі Зере тәрбиелеген. Әжесі Абайды кішкентайынан аңыз әңгімелер мен батырлар жырымен сусындатып өсірген. Зере әжесі кісі ренжітпейтін жұмсақ мінезді әйел болған деседі. 
9  жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Өйткені  басқа балаларынан гөрі Абайдың алғырлығын аңғарған әкесі Құнанбай Абайды жастайынан ел билеу ісіне тәрбиелейді. 
Ел ісіне араласу білімді, саналы, ойлы жас Абайдың ел танып, жер танып есеюіне, халықтың әдеп – ғұрып, тұрмыс – салтын терең танып білуіне жол ашады. Әкесіне ере жүріп, ол сол кездегі шешен билердің ортасына түседі. Бұл жол Абайды халықпен жақындастырады. Ол ескі көп әңгімелерді халық ішінде үйренеді. Сол әңгіме – жырлардағы елдің зарын, мұңын, әкімдер қиянатынан көрген зәбірді, ел ақындарының атқамінерлер жайындағы сынын көп естиді.
12 жасынан бастап өлең жаза бастады. Бірақ бір өкініштісі қатал әке тәрбиесі мен ұяңдығының әсерінен  Абай өз өлеңдерін досы Жантасов Көкпайдың атынан жазатын. Ол тек 40-қа толғанда ғана өлеңдерін өз атынан жаза бастайды. 
 Ол өлеңдеріне 20-дан астам әндер шығарған сазгер. Әндері: "Желсіз түнде жарық ай",  «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным», «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, Қаламқас»,  «Қараңғы түнде тау қалғып» т.б.с.с.  
Әнін үнтаспадан тыңдау. 
Сонымен Абай атамыз ойшыл екен, яғни философ оның 45 қара сөзі бізге жетті. Қара сөзбен жазылған ғибраттарында қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтарын ашып көрсетті.  Одан ақыл - кеңес сұраған дала тұрғындары ағылып келіп жатты. 
Абай атамыз аудармашы.  Абай орыс тілін тамаша меңгерді. Мұның өзі оның орыс ақыны М. Лермонтовтың біркатар өлеңін қазақ тіліне аударуына мүмкіндік берді. Атап айтқанда, Абай М. Ю. Лермонтовтың «Шайтан» («Демон»), «Дұға» («Молитва»), «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым - жырт түнде жалғыз», «Жалау» («Жалғыз жалау жалтылдап»), «Теректің сыйы» («Асау Терек долданып, буырқанып») сияқты өлендерін аударды. Абай А. С. Пушкиннің «Евгений Онегин» дастанының үзінділерін қазақы ұғымда жатық етіп еркін аударды. Абайдың Татьяна хатының сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды.Абай И. А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударумен де айналысты.
-Бүгінгі сабағымызда біз Абай атамыздың  "Ғылым таппай мақтанба" өлеңімен танысамыз.  (үнтаспадан тыңдау)
Ұлы ақын осы өлең арқылы  жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым - білім үйренуге шақырды. Өлеңді мәнерлеп оқып шығу.
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс көнсеңіз., -
деп жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті суюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауға шақырды.
Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады. Атап айтқанда, ол былай деп айтты: «Балаларды ата - аналарынан алып, мектепке беру керек, олардың біразын мамандықтың бір түрін, біразын басқа мамандықтарды игеруге бағыттау керек. Мектептерді көбейту қажет, оларда тіпті қыздар да оқитын болсын».
Дәптермен жұмыс: 
Бес дұшпан: Өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ.
Бес асыл іс: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
Асық - ұмтылу; қашық - аулақ болу.
Сабақты бекіту: 
                           Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? 
                           Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? 
                           Арманын атандырып келешекке, 
                           Біздермен осы күнгі тілдескен кім? 
                           Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім? 
                           Жауына найза сөзін шанышқан кім? 
                           Өзендей  құйған  барын көк теңізге, 
                           Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім? 
-    Бұл балалар, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев болатын.
Зымыран сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.
1. Абай Құнанбаев кім? -...(ақын, ойшыл, ғұлама, философ)
2. Қай жерде дүниеге келген?....(Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстаудың бауырында)
3. Туған жылы?...(1845 жылы)
4. Алғаш қалай хат таныған?..... (ауыл молдасынан)
5. Абай оқыған Семейдегі медресе?....(Семейдегі Ахмет Риза)
6. Абайдың шын есімі?....(Ибраһим)
7. Абайдың арғы атасы?....(Өскенбай)
8. Өз әкесі?......(Құнанбай)
9. Абайдың анасы?...,(Ұлжан) әжесі....(Зере)
10. Абайдың әкесі Абайды неге үйретеді?.....(ел билеуге үйретеді))
Сабақты қорыту: -Балалар,бүгінгі сабағымызда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев туралы, оның парасаттылық пен еңбексүйгіштікке деген, білімге деген көзқарасымен таныстық.  Соның ішінде ең күштісі- ғылым мен білім екен.Бүгінгі сабақты  С.Торайғыровтың:
                          Асыл сөзді іздесең,
                         Абайды оқы ерінбе.
                         Адамдықты көздесең,
                         Жаттап тоқы көңілге,- деген өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр.               
Оқушыларды бағалау.


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А.Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»»

Бекітемін

Оқу ісі меңгерушісі

______ Т.Ж.Дауылбай

« » ______2017ж.



Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев. « Ғылым таппай мақтанба».
Сабақтың мақсаты:
Ақынның өмірі, шығармашылығы туралы түсінік беру, өлең мазмұнын түсіну, жақсы және жаман қасиеттерді танып білу. Оқушыларды адамгер- шілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Балалар біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақшы , бүгінгі сабағымызға мектеп ұстаздары келіп отыр, сондықтан сабаққа белсенді қатысайық.
Оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ. Өткен тақырып бойынша пысықтау.

Армысыздар балалар,

Дайынбыз ба сабаққа?

Әдебиет - сөз өнері,

Сай келейік талапқа.

Бар ма үйден дайындық,

Тапсырмамыз дұрыс па?

Оқымасақ уайым қып,

Тығылмайық қуысқа.

Ойымызды айтайық,

Білімімізді байқайық.

Балалар, өткен сабағымызда біз қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Шоқан Уәлиханов туралы мағлұмат алған болатынбыз. Алған білімімізді тиянақтау үшін мен сендерге бірнеше сұрақтар қоямын. Сендер жауап беруге дайын отырыңыздар.

"Зерделі сұрақ, ұтымды жауап".

Сұрақтарға жауап беру.

  • Шоқан Уәлиханов қай жылы, қандай отбасында дүниеге келді?(1835 жылы қараша айында Құсмұрын бекінісінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың әулетті отбасында дүниеге келді)

  • Кішкентай Шоқан мен әжесінің арасында қандай қарым-қатынас болды? (дарынды әрі беделді, бірнеше тілді білетін әжесі Айғаным Шоқанды өте жақсы көрді, кішкентай Шоқанға қазақтың аңыз әңгімелерін , өзі қатысқан тарихи оқиғаларды айтып беретін.)

  • Шоқан Уәлиханов кім? (тарихшы, жағрафияшы, ағартушы,саяхатшы, суретші)

  • Шоқан қай елдерге саяхатқа барды? ( 1854-1857 жж.Қырғыз еліне, 1857-1859жж. Қытай еліне)

"Ой түйін"

- Таулардың алыстаған сайын биіктей түсетіні сияқты, Шоқан Уәлиханов та уақыт өткен сайын дараланып , биікке өрлеп, туған халқымен бірге жасауда. Шоқан мұрасы-халық қазынасы. Ғабит Мүсірепов атамыз айтқандай "Шоқаны бар ел- шоқтығы биік ел".

Жаңа сабақ: Абай Құнанбаев

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

- Балалар, қане назар аударайық, менің қолымдағы кімнің портреті?

-Ия, балалар, бұл- қазақтың ұлы ақыны, дана ақыны Абай Құнанбаев атамыз.

Абайдың өмірбаяны.

Абай Құнанбаев бұрынғы Семей облысы, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстауының бөктерін жайлаған тобықты руының ішінде , 1845 жылы 10 тамызда дүниеге келген. Абайдың өз әкесі-Құнанбай, оның әкесі-Өскембай, үшінші атасы-Ырғызбай. Бұлардың барлығы ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар. Ақынның анасы –Ұлжан. Ол сабырлы мінезді кісі болған. Қатал мінезді Құнанбайдан өзі басқарып отырған қол астындағылармен қоса өз жанұясы да қорқатын. Абайды әжесі Зере тәрбиелеген. Әжесі Абайды кішкентайынан аңыз әңгімелер мен батырлар жырымен сусындатып өсірген. Зере әжесі кісі ренжітпейтін жұмсақ мінезді әйел болған деседі.

9 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Өйткені басқа балаларынан гөрі Абайдың алғырлығын аңғарған әкесі Құнанбай Абайды жастайынан ел билеу ісіне тәрбиелейді.

Ел ісіне араласу білімді, саналы, ойлы жас Абайдың ел танып, жер танып есеюіне, халықтың әдеп – ғұрып, тұрмыс – салтын терең танып білуіне жол ашады. Әкесіне ере жүріп, ол сол кездегі шешен билердің ортасына түседі. Бұл жол Абайды халықпен жақындастырады. Ол ескі көп әңгімелерді халық ішінде үйренеді. Сол әңгіме – жырлардағы елдің зарын, мұңын, әкімдер қиянатынан көрген зәбірді, ел ақындарының атқамінерлер жайындағы сынын көп естиді.

12 жасынан бастап өлең жаза бастады. Бірақ бір өкініштісі қатал әке тәрбиесі мен ұяңдығының әсерінен Абай өз өлеңдерін досы Жантасов Көкпайдың атынан жазатын. Ол тек 40-қа толғанда ғана өлеңдерін өз атынан жаза бастайды.

Ол өлеңдеріне 20-дан астам әндер шығарған сазгер. Әндері: "Желсіз түнде жарық ай", «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным», «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, Қаламқас» , «Қараңғы түнде тау қалғып» т.б.с.с.

Әнін үнтаспадан тыңдау.

Сонымен Абай атамыз ойшыл екен, яғни философ оның 45 қара сөзі бізге жетті. Қара сөзбен жазылған ғибраттарында қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтарын ашып көрсетті. Одан ақыл - кеңес сұраған дала тұрғындары ағылып келіп жатты.

Абай атамыз аудармашы. Абай орыс тілін тамаша меңгерді. Мұның өзі оның орыс ақыны М. Лермонтовтың біркатар өлеңін қазақ тіліне аударуына мүмкіндік берді. Атап айтқанда, Абай М. Ю. Лермонтовтың «Шайтан» («Демон»), «Дұға» («Молитва»), «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым - жырт түнде жалғыз», «Жалау» («Жалғыз жалау жалтылдап»), «Теректің сыйы» («Асау Терек долданып, буырқанып») сияқты өлендерін аударды. Абай А. С. Пушкиннің «Евгений Онегин» дастанының үзінділерін қазақы ұғымда жатық етіп еркін аударды. Абайдың Татьяна хатының сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды.Абай И. А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударумен де айналысты.

-Бүгінгі сабағымызда біз Абай атамыздың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңімен танысамыз. (үнтаспадан тыңдау)

Ұлы ақын осы өлең арқылы жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым - білім үйренуге шақырды. Өлеңді мәнерлеп оқып шығу.
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге...
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс көнсеңіз..., -
деп жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті суюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауға шақырды.
Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады. Атап айтқанда, ол былай деп айтты: «Балаларды ата - аналарынан алып, мектепке беру керек, олардың біразын мамандықтың бір түрін, біразын басқа мамандықтарды игеруге бағыттау керек. Мектептерді көбейту қажет, оларда тіпті қыздар да оқитын болсын».
Дәптермен жұмыс:

Бес дұшпан: Өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ.
Бес асыл іс: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.

Асық - ұмтылу; қашық - аулақ болу.
Сабақты бекіту:

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

                       Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

                        Арманын атандырып келешекке ,

                       Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

                       Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?

                       Жауына найза сөзін шанышқан кім?

                       Өзендей  құйған  барын көк теңізге,

                       Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

  • Бұл балалар, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев болатын.

Зымыран сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.

1. Абай Құнанбаев кім? -..................(ақын, ойшыл, ғұлама, философ)
2. Қай жерде дүниеге келген?.................(Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстаудың бауырында)
3. Туған жылы?..................(1845 жылы)
4. Алғаш қалай хат таныған?....................... (ауыл молдасынан)
5. Абай оқыған Семейдегі медресе?....................(Семейдегі Ахмет Риза)
6. Абайдың шын есімі?...................(Ибраһим)
7. Абайдың арғы атасы?.....................(Өскенбай)
8. Өз әкесі?...............................(Құнанбай)
9. Абайдың анасы?...............,(Ұлжан) әжесі....................(Зере)
10. Абайдың әкесі Абайды неге үйретеді?.........................(ел билеуге үйретеді))
Сабақты қорыту: -Балалар,бүгінгі сабағымызда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев туралы, оның парасаттылық пен еңбексүйгіштікке деген, білімге деген көзқарасымен таныстық. Соның ішінде ең күштісі- ғылым мен білім екен.Бүгінгі сабақты С.Торайғыровтың:

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге,- деген өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр.

Оқушыларды бағалау.



























































 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
А.Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»

Автор: Каниева Жумагуль Хайроллаевна

Дата: 27.11.2017

Номер свидетельства: 440991

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(177) "?аза? ?дебиеті п?нінен 5 - сынып?а ранал?ан ашы? саба?. Та?ырыбы; Абай ??нанбаев. "?ылым таппай ма?танба.""
    ["seo_title"] => string(110) "k-azak-diebiieti-p-ninien-5-synypk-a-ranalg-an-ashyk-sabak-tak-yryby-abai-k-u-nanbaiev-g-ylym-tappai-mak-tanba"
    ["file_id"] => string(6) "318785"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1460655533"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "А.Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»"
    ["seo_title"] => string(38) "a_k_u_nanbaiev_g_ylym_tappai_mak_tanba"
    ["file_id"] => string(6) "363567"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480353487"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "А.??нанбаев "?ылым таппай ма?танба""
    ["seo_title"] => string(38) "a-k-u-nanbaiev-g-ylym-tappai-mak-tanba"
    ["file_id"] => string(6) "299200"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456482094"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Саба?ты? та?ырыбы: Абай ??нанбаев «?ылым таппай ма?танба»"
    ["seo_title"] => string(63) "sabak-tyn-tak-yryby-abai-k-u-nanbaiev-g-ylym-tappai-mak-tanba-1"
    ["file_id"] => string(6) "265232"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1449863022"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын. А Құнанбаев. Ғылым таппай мақтанба."
    ["seo_title"] => string(69) "abai_atanyn_sozin_zhaksy_tyndaimyn_a_ku_nanbaev_gylym_tappai_maktanba"
    ["file_id"] => string(6) "482494"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1540797069"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства