Просмотр содержимого документа
«Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәні»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІ
«Қопа бекетіндегі негізгі орта мектеп» кмм
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: «“Өтеген батыр” жырының көркемдік ерекшелігі »
Орындаған Теміралы Гүлжамиля
МАЗМҰНЫ
1.БӨЛІМ
1.1. Кіріспе
1.2. Жыр алыбы Жамбыл
1.3. Өтеген батыр
1.4. Жырдың мазмұны, идеясы, тақырыбы
2. БӨЛІМ
2.1. Әдебиеттегі көркемдік тәсіл
2.2. “Өтеген батыр” жырының көркемдік ерекшелігі
2.2. Қорытынды
1-БӨЛІМ
1.1. КІРІСПЕ
“Өтеген батыр”жырын зерттеу ісі әлі қолға алынбаған. Жалпы батырлар жыры жайында газет, журналдық мақалалардан бастап, кандидаттық, докторлық диссертацияларға дейін еңбектер жазылды, орта мектепке арналған оқу құралдары көлемінде зерттелді. Қазақтың батырлар жырын зерттеуде ССейфуллин (қазақәдебиеті, 1932 ж.) М.әуезов , С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев , Ә. Марғұлан, Б. Кенжебаев, А. С. Орлов , Н. С. Смирнова , Т. Сыздыков секілді әдебиетші-ғалымдар бірсыпыра жұмыстар жүргізді. Бұлардың еңбектері ірілі-ұсақты кемшіліктері бола тұрса да, батырлар жырын ғылыми тұрғыдан зерттеудің алғашқы бастамасы еді.. Заман өткен сайын батырлық жырлар бір жаңалығымен толығып отырады. Сондықтан аталмыш жырды аз да болса зерттеп-зерделеуге кірістім. “Өтеген батыр”ерлігі аңызға айналса да Күсен, Майкөт, Сүйінбай, Жамбыл, Тілеміс секілді ақындардың жыр-дастандарына арқау болды. Бұлардың ішінде бізге жеткені – Жамбылдың «Өтеген батыр» дастаны. Өтеген батыр туралы дерек-аңыздарды әдебиетшілер Е.Ысмайылов, Қ.Тұрғанбаев, Н.Смирнова, С.Бегалин зерттеді. Жыр алыбының жырларының зерттелмеген қырлары мен сырлары әлі де көп. Осы орайда Жамбыл атамыздың жырымен таныса отырып, дастан туралы ақпараттармен толықтырып, дастанның көркемдік тәсілдерін анықтап-пайымдауды жөн көрдім.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:
Жырдағы Өтеген батыр бейнесі
Өтеген батырдың даралық қасиеттерін сипаттауға қолданған көркемдік тәсілдерді анықталады.
Жырдың көркемдік ерекшелігі сипатталады.
Зерттеудің өзектілігі:
Ақынның көркемдегіш-суреттегіш құралдардың қолданылуына, көркемдік шеберлігіне қажетті деңгейде барынша назар аудару, зерттеу, тексеру – қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселесі.
Жырдың көркемдік құндылығын анықтауда ондағы поэтикалық ерекшеліктерді зерттеу.
Жырдың эстетикалық деңгейінің биіктігі, ақынның шеберлігі мен ұлылығында.
1.2. Жыр алыбы – Жамбыл
Жамбыл атамыз өзі «тау етегінде, қақаған боранды күні мен туыппын. Маған сол көне таудың есімі қойылыпты. Бұл 1846 жылдың ақпан айы екен. Менің әкем – Жапа, шешем Ұлпан көшпелі кедей болған. Туған жеріміз құлазыған кең жазықты дала еді. Сондықтан мен балалық шағымда егісті де, бақты да арықты да көрмедім. Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді. Менің ағам, әкемнің інісі белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тартуға әуес болдым, он екі жасымда одан домбыра үйрендім. Домбыра қолыма тигенде, бүкіл жан-жүйем елжірегендей болатын. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салған мені қатты қызықтырды. Ғасырға жуық ұзақ ғұмырында екі дәуірді көптеген әлеуметттік дүмпулердің куәсі болды. Ол өмірді ауыртпалығымен мен тіршілік қуаныштарын бір кісідей бастан кешірді. Кедеймін деп мойыған жоқ, болдым-толдым деп тасыған жоқ. Жағымпаздық пен өтіріктің құнын білген ақын ешқашан байлыққа басын иіп көрген емес. Басқаның қасіретін терең қабылдап, зұлымдықпен аяусыз күресті. Ақындар айтысында оған ешкім тең келе алған жоқ. Ақынның домбырасы – Жетісудың жан- жүрегі мен айдай ақиқаты. Ол өзінің достары мен туыстарының қазасын көрді, соғыс қасіреті жүрегін тілгіледі. Тек алмастай айбарлы сөз ғана онымен өмір көшінің соңына дейін бірге болды.
Жамбыл батырлар туралы жырлағанда жай жыршы болып қана көрінбейді. Оның ақын екені мұнда да айқын көрініп тұрады. Жәкең жырлаған “Өтеген батыр”, “Сұраншы батыр”, “Көрұғлы” дастандарында ежелгі эпостық дәстүрдің көп белгілерімен бірге біраз өзгешеліктер бар. Әсіресе, ондай айырмашылық қаһармандардың күйінген сәттерін беруде, сондай-ақ эпоста мүлде жоқ табиғат суреттерін бейнелеуде және ескі батырлар жырына тән кейбір байырғы мотивтерді түрлендіруде көрініс береді. Бұл тұрғыдан келгенде, Жамбылдың жыршылық өнері арнайы қарастыруды талап етеді. Өйткені, Жәкең – асқан шебер жыршы, ол кісі жырды айтудың өзін шығармашылық деп түсінеді, яғни Жәкең белгілі эпосты жырлаған шақта да импровизация жасап отырады. Бұған Жәкең жырлаған “Өтеген батырдың” екі нұсқасын салыстыру арқылы көз жеткізуге болады. Бір сюжетке құрылған екі шығарма болып шыққан. Демек, Жамбыл сияқты классик жыршылар эпосты құр жаттап алып айтпайды, олар сюжетті, оқиғалар мен адамдарды жадында сақтайды да, жырлау барысында өз еркінше импровизация жасайды, ал импровизация процесі – шығармашылық процесс, оның өзіндік заңдылығы, әдіс-тәсілдері бар. Жәкең осының бәрін толық меңгерген әрі игерген, сөйтіп, ол импровизаторлық өнердің биік шыңына жеткен.
1.3. Өтеген батыр
Өтеген батыр (1699-1773) – XVIII ғасырдың І-жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан. Бабасы Сырымбет 1635 жылы Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне қарсы соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа араласқан.1723 жылы Тауасар, Райымбек, Ханкелді батырлармен тізе қосып, жоңғарлармен айқасады. 1470 жылы Іле бойында қалмаққа қарсы жасақ жинаған Төле би әскеріне қосылып, елін жаудан азат етіседі. 1756 жыл шамасында Абылайдың Қытаймен бейбіт болу саясатына қарсы шығып, Жиделібайсында 17 жыл жүріп қайтыпты деген аңыз да бар. Өтеген батыр – ел арасында аңызға айналған адам. Оны алғаш жырлаған Сүйімбайдың бабасы Күсен ақын. Өтеген батыр туралы дерек-аңыздар жинауға әдебиетшілер Е.Ысмайылов, Қ.Тұрғанбаев, Н.С.Смирнова, С.Бегалиндер қатысқан. Алматы облысының Бозой мен Қарой аралығында Өтеген батыр есімімен аталатын жерлер бар. Ел аузындағы әңгімелер мен ақындардың жыр-дастандарында көрініс тапқан аңыз желілерінде Өтеген батырдың әкесі Өтеғұл батырдың ержеткен он екі ұлы бірдей оба ауруынан қайтыс болады. Бұл шақта Өтеғұлдың жасы елуге келген екен. Он екі ұлдың қайғысы батырға қатты батады. Жер ортасы жасқа келгенде он екі ұлдан бірдей айрылған батыр басын жерден көтере алмай, көз жасын бұлай береді. Өтеғұлдың жақсылығын көрген, оны пана тұтып, жан сақтаған жұрт батырмен бірге қайғырып, құдайдан соның тілеуін тілейді. Сөйтіп жүргенде Өтеғұл түс көреді. Түсінде батырға бір ақ сақалды, сары тісті қария келіп былай дейді: - Өтеғұл, егіліп жылай бермей, көз жасыңды тый! Қолыңды жай, батамды берейін,- дейді. Батыр көзінің жасын тиып, қариядан бата сұрайды. Сонда ақ сақалды қария былай деп бата берген екен: - Құдай тілеуіңді берді, он екі ұлға татитын ұл көресің! Осыдан кейін Өтеғұл кіші әйелі Нұрбаладан бір ұл көреді. Баланың шілдеханасында жаныс жұртының ақсақалы тоқсандағы Жанысбай қария Өтеғұлға: «Батырым, өлгендерің өтелді, баланың аты Өтеген болсын!» - деп атын Өтеген қойдырыпты. Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан. Бабасы Сырымбет 1635 жылы Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне қарсы соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, қазақ елінің түстігін, Жетісу мен Шығыс Қазақстан өңірін жаудан азат етуге зор еңбек сіңірді. Түркістан, Ташкент маңындағы кескілескен ұрыстарға, Аңырақай шайқасына қатысты. Осы ұрыстарда қалмақтың Бөтхишар, Сабан Тайшық секілді аты шулы батырларын жекпе-жекте жеңіп, қазақ әскерінің даңқты қолбасшыларының біріне айналды. Төле бидің, Абылай ханның серігі болды. Батырдың ерлігі аңызға айналып, Күсен, Майкөт, Сүйінбай, Жамбыл, Тілеміс секілді ақындардың жыр-дастандарына арқау болды. Бұлардың ішінде бізге жеткені – Жамбылдың «Өтеген батыр» дастаны. Өтеген батыр туралы дерек-аңыздарды әдебиетшілер Е.Ысмайылов, Қ.Тұрғанбаев, Н.Смирнова, С.Бегалин зерттеді. Кейбір зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, батыр Бұқара, Самарқанд, Кабул, Исфахан, Тегеран, Ыстамбұл сияқты қалаларда болып, білім алған. Өтеген батырдың соңында атағы ғана емес, Қосағал, Қосдәулет, Асау, Ылау, Бердіс, Тарпақ, Базарбай, Аюса, Жақұлы, Төке, Тоқтарбай есімді балаларынан тараған үрім-бұтағы да қалды. Атақты Байсерке күйші, Тілеміс шешен Өтеген батырдың ұрпағы. Батыр әуелі Іле өзенінің бойына (қазіргі Қапшағай су қоймасының табаны) жерленген. Кейін оның сүйегін ұрпақтары Қордай ауданына апарып, қайта жерлеген. Жерленген жері Өтеген ауылы деп аталады. Алматы облысындағы бірсыпыра жер батыр есімімен аталады. 1999 жылы Өтеген батырдың 300 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Соған орай қабірінің басына кесене тұрғызылып, Жамбыл облысы Қордай ауданының орталығында ескерткіш орнатылды. Батыр туралы екі телефильм түсіріліп, екі кітап жарық көрді. Алматы қаласының бір көшесіне, Іле ауданының орталығы Энергетический кентіне Өтеген батыр есімі берілді.
1.4. Жырдың мазмұны, идеясы, тақырыбы
Жамбылдың революциядан бұрын шығарған эпостық шығармаларынан бізге екі үлкен дастан жетті. Ол – «Өтеген батыр» мен «Сұраншы батыр» дастандары. Бұлардан басқа Жамбыл «Сауырық батыр» дейтін де дастан шығарған екен. Бірақ онысы ұмытылған. Сақталған екі дастан таң қаларлықтай бір тұтас, бүтін, өзекті дүние болып шыққан. Құнттылықпен сомдап соғылған бұл туындылар үлкен серпінмен, шеберлікпен жазылған, халықтың жарқын болашақ, шұрайлы жер, бақытты жаңа өмір туралы көкейкесті армандарын зор шабытпен жырлаған. Сюжетінің желісінде мифологиялық элементтер бар, реалистік суретке негізделген «Өтеген батыр» дастаны тамаша оймен суреттелген ақындық туынды. Дастанның өлеңі жеңіл, жатық, жұмсақ және эпостық шығарма бола тұра лиризмге толы. Айлы түнде ұйықтамай, халқына жайлы қоныс табам деп өзінің үлкен арманына бой ұрған Өтегенді Жамбыл үлкен ер жүректікпен сүреттеген. Жамбыл дастандарындағы ерекше бір жаңалық – мұнда әр халықтың өкілдері бас қосып, тіл тауып жалпы тап дұшпанына қарсы күресуі, осы күресте шыныққан достық. Өзі оқи алмаса да, ұдайы халық ортасында болып, халық тілегін жан-тәнімен жақсы түсінген патриот, қарапайым бұқара ақыны Жамбыл қазақ халқы үшін ең дұрыс жол орыс халқымен дос болу екендігін түсінген және осы білгенін дастанында өз дәрежесінде тәуір көрсеткен. Бұл – кезінде қазақ әдебиеті үшін елеулі жаңалық еді. «Сұраншы батыр» дастанын Жамбылдан бұрын Сүйінбай да жырлаған деседі. Бірақ ол бізге жетпеген және ол дастан емес, толғау түрінде жырланған. Сүйінбай болсын, Жамбыл болсын, әрқайсысы өз шығармасында Шапыраштыдан шыққан Сұраншы батырдың ерлігін, елге сіңірген еңбегін жыр еткен. Сұраншы шын болған, XIX ғасырда өмір сүрген батыр адам екен. Сұраншы батырдың есімі Шоқан Уәлихановтың хаттарында да кездеседі. 1838 жылы дастанды өз аузынан жазғызарда Жамбыл кіріспесі мен соңын жаңартып, Сұраншының шын тарихта болған адам екенін де дәлелдейді. Тек Сұраншы емес, оның тоғыз орыс, бір татар жолдастары да, Егор дейтін кен қазушы досы да тарихта болған, Сұраншымен бірге соғысқан кісілер. Бұлардың соғысқан дұшпандары – Қоқанның Құдияр ханы мен қырғыздың манапы Орман ханның басқыншылары. Дастанда Сұраншы батырдың достарымен қосылып орыс армиясының қатарында көрсеткен қаһармандық күресі эпостық кең тыныспен, ерекше шабытпен суреттелген. Сұраншының ерлігін мұнша ден қойып жырлауының бір себебі Жамбылдың айтуынша:
Бата берген Сүйінбай, Жырдың тіккен туындай, Айтқанда маған ақылды, Жырла! – деген батырды, – деу болса, екінші себебі – басына туған ауыр күнде батырын аңсаған халық тілегі көрінеді.
Ертеде туған батырлар жырының негізгі идеясы басқыншы жаудан ел қорғау мәселесі болатын. Ал, XYIII ғасырда, әсіресе оның екінші жартысында қазақ елінің балапаны басына, тұрымтайы тұсына ұшқан заман еді. Бұл жағдайда сол заманнанның есіл ерлерінің ерен батырлығын баяндаған жырлар да дүниеге келді. Аталған кездің жағдайына байланысты халықтың ақын-жыршылары еңбекші бұқараның тілегіне сай етіп ертедегі жырлардың негізімен жырлаудан тоқтамаған. Жамбыл атамыз еш те болса кеш жақсы деп екі ғасыр бұрыңғы бабасын жырлаудан жалықпапты. Аталған дәуірдегі батырлардың алысқан жаулары шетелдік басқыншылар мен жоңғарлар еді. Мұны “Сұраншы батыр”, “Өтеген батыр” жырларынан, Жамбыл жырынан көруге болады. Бұдан бұрын да қазақ халқының қалмақ басқыншыларына қарсы жүргізген ерлік күресі қазақтын XVII—XVIII ғасырлардағы; эпосында да жырланған-ды. Ал осы тақырыптың соңғы кезде қайта жырлануы — хылқымыздың бергі тарихынан орын алған ерлік күрестердің ұмытылмай есте сақталуы — жаңа жырлардың тууына себеп болған секілді. Сондай-ақ, бұл тақырыпта туған жаңа жырлардың да ертеде қалыптасқан батырлық жыр үлгісін, оның ерлік оқиғаны жырлау әдісі мен дәстүрін сақтап келгені байқалады.
Аталған жырлардың көпшілігінде жыршы-ақындардың ерте кезде қалыптасқан және батырлық жырға тән жыр түрін, жырлау әдісін үнемі қолдана бермегендігі байқалады. Олар өздерінің жырына айдар тағып, “батырлық жыр” деп ат қойып, жыр оқиғасы көбінесе тұрмыс-салт, әлеуметтік жағдайлар жайынан да хабар береді. Бұл тектес жырлардың әңгімесі ертедегі “Алпамыс”, “қобыланды”, “Ер Тарғындарға” ұқсамайды. Өтеген өз еліндегі жауыздық пен зұлымдыққа, әділетсіздік пен езушілікке, әлеуметтік теңсіздікке қарсы шығады, осы жолда олар жапа шегіп қиындықты басынан кешкенін, арыстанмен алысқан батырдың бейнесін көреміз.
«Өтеген батыр» жыры халқымыздың ерлік рухын, нені көксеп, нені арман еткенін бейнелейді. Жыр жоғары идеялы, әрі көркем баяндалады. Батырдың өзінің нөкерлерімен жерұйықты іздеп шығуы, жол бойында арыстанмен алысып, оны асқан ерлікпе жеңуі – жырдың көркемдігін асырады.. Біздің міндетіміз халықтық жырлардың ішінен ең асылдарын таңдап ала білу болып табылады.
Жырдың тақырыбы ерлік пен елдік, өмір мен өлім, қажырлық пен рух.
Идеясы- батыр бабаның ерлігіне сүйсіндіре отырып, оқырманға рух пен эстетика сыйлау.
Өзінің дастандары туралы Жамбыл атамыз “Менің өмірім” деген толғау-естелігінде былай дейді: “Ел жүдеген үстіне жүдей берді, ел менен жыр сұрағанда, кепкен ботаның тұлыбына еміренген маядай, батырларды жырла дейтін болды. Мен де жұрттың тілегіне сәйкес “Өтеген батыр”, “Саурық батыр”, “Сұраншы батыр”, “Көрұғлы батыр”, “Алатай-Жапарқұлдың” жырларын айтатын болдым. Ел есіткенде ыңыранып жылайтын, ауру көргендей болатын. Осындай елді жарыққа шығаратын батырлар да туар-ау әлі десетін”.
Осылай ел тілеуі мен қалауы бойынша ел намысын жыртқан, елді қорғаған батырлар жайында жырлаған Жамбыл оларды өзінің айтыстарында да мадақтап отырады. Қарасай, Саурық, Сұраншы сияқты туған жерін қорғауда ерлік көрсетіп, аңызға айналып, жұрттың мақтанышы болған батырлардың жырда әңгімеленбейтін кейбір қасиеттерін Жәкең айтыстарында айтып, олардың қаһармандық бейнесін бедерлей түседі. Мәселен, Сарбаспен айтысқанда Жамбыл Сұраншыны былай сипаттайды. Сұраншыдай батырдың Жан жүрмеген шенінен. Алмастан соққан ақ қылыш Еш кетпеген белінен. Ашуланған кісіге Қабағы жаман түксиген. Досы қатты сүйсінген. Дұшпаны жаман күйінген. Сұраншыны көргенде Аузын ешкім ашпаған, Аяғын қадам баспаған. Қарсы келген кісіні Сүйретіп жерге тастаған. Сабырлықпен іс қылып Көлденең жатқан мылтықтан Жан сауғалап қашпаған. Бұл кәдімгі эпикалық батырдың мінез¬демесі, бірақ одан айырмашылығы да бар. Оның ашуланған сәтіндегі түрі батырлық эпостан басқаша, сондай-ақ мұнда Сұраншының мінезі әдеттегі жыр¬дан өзгешелеу сипатталады, оның досқа деген ықыласы, ілтипаты қаншалықты жылы, жайдары болса, дұшпанға деген қатынасы соншалықты қатал. “Сұраншы батыр” дастанында: Мейірімді туған Сұраншы Елін сүйген жасынан, Жетім менен жесірді Атына артып көшірген, Ерегіскен жауларын Су құйғандай өшірген, – деп сипатталады
2-БӨЛІМ
2.1. Әдебиеттің көркемдік тәсілдері
Қандай да бір көркем шығарманың көркемдік құндылығын анықтауда ондағы поэтикалық ерекшеліктерді зерттеудің маңызы зор.
Белгілі бір ақын-жазушының стилін, өзіндік ерекшелігін атағанда оның тіліне, сөз қолданысына айрықша тоқталып өткен жөн. Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты құралы десек, ойды жеткізудің алуан түрлі тәсілдері бар. Көркемдік құралдардың қай-қайсысы болса да, суреткердің белгілі бір идеялық-эстетикалық мақсатына орай қызмет атқарады.
2.2. “Өтеген батыр” жырының көркемдік ерекшелігі
Көркемдік құралдардың қолданылуы шығарманың идеялық-тақырыптық және жанрлық ерекшелігіне де байланысты. Эпостық жырларда кейіпкерлердің портретін суреттегенде теңеудің жиі қолданылатындығын көреміз. Өйткені жырдағы әрбір теңеу көркемдік-эстетикалық міндетті жүзеге асыруға бағытталады.Ақын өлеңдеріндегі теңеулер оның ақындық қуаты, қаруы іспетті көп қолданысқа ие көркемдегіш құралдардың бірі. Теңеулерді Жамбыл атамыз өте жиі қолданғанын ескеру керек:
Саз балшықтай тасты езіп
Жөнелді батыр жорыққа
Нөкерімен түзеп жүрісін,
Жортқан жолдың шаңдағы,
Ақ бұлттайын алысқа,
Бұрқыратып жол тартты - деген шумақта теңеуді қолданады.
Ақын өлеңді сырттай тартымды ету мақсатында сөз көркемдеудегі ерек бір құбылыс қайталауды қолданады. Ақын өлеңдеріндегі а) сөз қайталауы (басқы қайталау немесе анафора)
....Қара терге шомылып,
Қара жерге қан сиді....
....Одан қоныс таба алмай, Орыстың кетті шебіне. Орысты көріп тұра алмай....
Өлең тілінің бейнелі, көркем, кестелі болып келуі поэзиядағы ой-сезімнің әсерлігін арттырады. Яғни, бейнелеп сөзден сурет салуға бейімділік — өлең тіліне қажет ең негізгі қасиет. Ақын поэмасындағы сөз тіркестері әсерлі мән-мазмұнға ие болып, маңызды қызмет атқарады. Оның поэмаларында «заттың не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз — эпитеттер» де молынан кездеседі. Эпитеттің өлеңдегі қызметі туралы белгілі ғалымдар: А.Н. Веселовскийдің «Историческая поэтика», А.С. Вольфтяң «Эпитет как характерологическое средство в творчестве Л. Фейхтвангера» т.б. ғалымдардың еңбегінде эпитеттің түрлі сипаты қарастырылады. Академик М. Балақаев бір еңбегінде: «… ойды бейнелі, нақты, шынайы көрсету үшін эпитетсіз елестету мүмкін емес», — деп өте ұтымды тұжырым жасаған болатын. Осы пікірді ескере отырып, ақын поэмаларындағы мына іспеттес эпитеттерге назар аударсақ.
« Ақ сақалды, ақ шашты», «зәрлі иіс», «құралайды көзге атқан» сияқты эпитеттер қолданған.
Өтеген батыр жырында да кездесетін кейіптеу табиғат құбылысына тәуелді болып, келтіреді.
Аппақ қудай сақалды,
Жарқыратып ақ басын.
Үйдің жары жақпардай,
Қырау шалған ақ қардай...
Жырда ұлғайтудың түрлері батырлар жырынан ауысқан сияқты да әсер береді. Мысалы,
.....Ақ көбігі күркілдей,
Тауды орай аққаны.
Көктегң қосақ кемпірдей,
Ақты таудың жарынан.... Бұл әдебиетте гипербола деп аталады.
Метафора – екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастырып-жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз немесе сөз тіркесі. Әдебиетші ғалым Ә. Дербісәлінің: «Ой мен сөзді көркем, әсем, әсерлі, образды берудің эволюциясы барына назар аудардық. Жалпы образды немесе поэзиялық сананың дамуы екі кезеңнен тұрады. Біріншісі – мифологиялық ойлау, екіншісі – метафоралық ойлау», — деп атап айтқанындай, өлең өрнегіндегі көркемдік мәселелерін метафорасыз зерттеу мүмкін емес. Қазақ тіл білімінде метафора аз зерттелген жоқ. Ғалымдар Б.В. Томашевский, А.А. Потебня, Қ.Жұмалиев, Б.Хасанов, З.Ахметов еңбектерінде метафораны басқа тәсілдерден ерекшелендіретін белгілерін анықталады. Метафора – дүниені, болмысты танудың көзі. Кез келген метафора танымдық қызмет атқарады десек, ақын поэмаларында дәстүрлі метафоралармен қатар, ақынның өзіндік дара қолтаңбасын айқындайтын метафоралар да бар.
«Көзіменен Өтеген,
Жас жыланға оқ атты» мұнда ақын айдаһарды жыланмен ауыстырып тұр. «Метафора – екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастырып жақындату арқылы астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз немесе сөз тіркесі»,- дейді академик З.Ахметов
Сондай-ақ ақынның тіл шеберлігін жыр шумағының басын бірыңғай дыбыспен бастауынан (аллитерациядан) байқаймыз:
....Жұлдыз сөніп жатқанша
Жел аударған қаңбақтай
Жортуылда жортақтай...
....Көк өспейтін жерге айдайды,
Көрместей ғып жарықты.
Күн түспейтін жерге айдайд
Күнге қақтап көктемде......
2.2. Қорытынды
Поэзияның құдіретін талай рет өз көзімен көрген Жамбыл былай дейді: Жырыңды, досың болса, күлдіріп айт, Жау болса, жау тигендей бүлдіріп айт! Жыр деген – біреуге оқ, біреуге – бал, Дәл тиген оқ берендей жұлдырып айт! Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлеңмен өткізген Жәкең айтысқанда да, арнау жырларында да, дастан¬дарында да осы тұрғыдан айныған емес, сол себепті де ол ел ықыласына бөленді, жаңа заманда жаңаша түрленді. Жамбыл поэзиясы өмір¬шеңдігінің де, ақын есімінің ел жадынан өшпейтіндігінің де сыры осында. Жамбыл – көп ғасырдан бері жасап, дамып келе жатқан қазақ ауыз әдебиетінің ең биік шоқтығы. Оны ХХ ғасырдың жырауы деп айтуымыздың да себебі осы, ол бізге осысымен қымбат. Ақын ана тілінің образдық, суретшілдік қуатын сұңғылалықпен сезініп, ішкі мүмкіндіктерін, ішкі ағыс-астарларын, қыртыс-қабаттарын мейлінше молынан аша алған. Оның интеллектуалдық мәдениеті, өнерпаздық қабілеті, өмірлік, көркемдік тәжірибесі – жырда жаңашылдық рухқа, өшпес өрнектерге, сан қилы сирек кестелерге бой ұруына, әрі соншалықты құпия, күрделі тоқылуға бейімдеді. Сондықтан Жамбыл жыры әлі де зерттейміз деген үміттеміз!