kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абай ??нанбаевты? ?ара с?здері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты

 1. Білім беру: Абайды? ?ара с?здері бойынша білімдерін  толы?тырып,    оларды? ерекшелігі мен та?ырыптарын ме?герту.

  2. Дамытушылы?: О?ушыларды? с?здік ?орлары мен ой-?рістерін дамыту, тіл байлы?тарын арттыру.

 3. Т?рбиелік: Абай а?ынны? асыл с?здерін ?лгі т?ту,о?ушыларды ізденімпазды??а білімге, адамгершілікке ша?ыру.

Саба?ты? т?рі: Аралас саба?

Саба?ты? типі:Жа?а білім беру

П?наралы? байланыс: Орыс ?дебиеті мен тарих

?олданылатын ?діс-т?сілдер: С?зж?мба? шешу, о?улы?пен ж?мыс, ?ара с?здерін ты?дау, топпен ж?мыс, шы?армашылы? тапсырмалар мен тест ж?мысы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абай ??нанбаевты? ?ара с?здері »

ҚАЗАҚСТАН «БАЛДӘУРЕН»

РЕСПУБЛИКАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ

МИНИСТІРЛІГІ ОРТАЛЫҒЫ


Білім кешені

            1. 2012 жылғы ІІІ ауысым
            2. «Абай, Махамамбет оқулары» жеңімпаздарының Республикалық кездесуі

Пәннің аты: Қазақ әдебиеті 9-сынып 27. 02. 12 ж.

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың қара сөздері

Сабақтың мақсаты

1. Білім беру: Абайдың қара сөздері бойынша білімдерін толықтырып, олардың ерекшелігі мен тақырыптарын меңгерту.

2. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорлары мен ой-өрістерін дамыту, тіл байлықтарын арттыру.

3. Тәрбиелік: Абай ақынның асыл сөздерін үлгі тұту,оқушыларды ізденімпаздыққа білімге, адамгершілікке шақыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі:Жаңа білім беру

Пәнаралық байланыс: Орыс әдебиеті мен тарих

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сөзжұмбақ шешу, оқулықпен жұмыс, қара сөздерін тыңдау, топпен жұмыс, шығармашылық тапсырмалар мен тест жұмысы.

Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта,бейнефильм, аудиотыңдау,слайдтар, оқулық,бағалау парақшалары мен жетондар т.б.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Бейнефильм көрсету.

Құрметті оқушылар, Абайдың бас ақын екендігін тек Ахмет Байтұрсынов қана емес, күллі қазақ халқы мойындайтыны шындық.











Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров:

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге. -деген екен. Олай болса, асыл сөз маржандарын терген, адамдықты барынша жырлап, үлгі еткен ақын жайлы білімдеріңді бүгінгі сабақта барынша көрсете аласыңдар деп ойлаймын. Себебі сендер 2012 жылдың «Абай, Махамбет оқулары» жеңімпаздарының Республикалық кездесуі атты 3 ауысымына келіп отырған жеңімпаздарсыңдар.

Ой шақыру






Өткен сабақтан алған білімдерін сөзжұмбақ арқылы тексеру.







  1. Абайдың әкесі қай округке сұлтан болған? (Қарқаралы)

  2. Ақын ең алғаш хатты кімнен таниды? (Ғабитхан)

  3. Қай медреседе оқиды? (Ахмет Риза)

  4. Ақын «Дүниеге көзімді ашқан — кім дейді? (Михаэлис)

  5. Қай шығармасында «жауыздықты ізгілік жеңеді» деген қорытынды шығарады? (Ескендір)

  6. Абайдың айтуынша сөздің патшасы не? (өлең)

  7. Бағдаттағы суретші, алхимик жайлы шығармасы қалай аталады? (Әзім)

  8. Лермонтовтан аударған өлеңі (Бородино)

  9. Абайдың әні (Сегіз аяқ)

  10. Абайдың үшінші әйелі кім? (Еркежан)

Жаңа білім беру кезеңі

Cонымен, біздің сабағымыздың тақырыбы Абайдың қара сөздері, мақсатымыз: Ақынның қара сөздері жайлы білімімізді толықтыру, оның ерекшеліктері мен тақырыптарын меңгеру.

Бағалау парақшасын түсіндіріп кету.








Слайд арқылы қарасөз жайлы түсінік беру.
















Абай өзінің қара сөздерін жазудағы мақсатын бірінші сөзінде айтып өткен.

Бірінші қара сөзін тыңдату. (3 мин)

Қара сөздердің жалпы саны – қырық бес. Олардың әрқайсысы әлеуметтік өмірдегі белгілі бір мәселені сөз етіп, ой-пікір білдіреді.

Абайдың қара сөздерін тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады.

Оқулықпен жұмыс (музыка қосу )


І топ 201 беттегі 1 бөлім

Дүниенің тылсым сырын танып білу мәселесі 7. 19. 31. 38. 43.

ІІ топ 202 беттегі 2,3 бөлімдер

Ілім-білімге бөгет болатын надандық, талапсыздық, жалқаулық мінездерді сынауға арналған. 6. 8. 11.

Ар-ұят, адамгершілік мәселелері 5. 11. 18.

ІІІ топ 203 беттегі 4 бөлім 25


31 cөзін тыңдату. 7 сөзін тыңдату.

Шығармашылық тапсырма (10мин)

І топ

Тоғызыншы сөзден кейінгі тобықтай ой

« Осы мен өзім-қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе...» дейсіз.

Абай ата,мен де қазақпын.

ІІ топ

Абайдың өздері білетін қара сөздерін жатқа айту немесе көрініс ретінде көрсету, болмаса бір әнін орындау.

ІІІ топ

Біздің РОСО үшін биылғы жыл ерекше. Оның себебін сендер білесіңдер ме?

Балдәурен РОСО-ның он жылдық мерейтойына және ауысым тақырыбына сай Абай ақынға арналан арнау өлеңдер мен шағын шығарма жазу.


Сабақты пысықтап, алған білімдерін тексеру кезеңі (5 мин)

Тест тапсырмалары

  1. Қазақтың жазба әдебиеті тарихында көркем қара сөз жазу кімнен басталады?

А) Шоқан Уәлиханов

В) Ыбырай Алтынсарин

С) Ахмет Байтұрсынов

Д) Абай Құнанбаев


  1. Қара сөздердің өзіндік ерекшелігі

А)Көлемінің қысқалығы

В) Мақал мәтелдердің қолданылуы

С) Көлемінің ұзақтығы

Д) Мағынасы терең,ғибрат аларлық






3. Ар, ұят, адамгершілік мәселелері қандай қара сөздерінде әңгіме болады?

А) «Бірінші»

В) «Он сегізінші»

С) «Жиырма бесінші»

Д) «Отыз бірінші»

  1. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады...» Нешінші қара сөзі?

А) «Он бірінші»

В) «Алтыншы»

С) «Жиырма бесінші»

Д) «Жетінші»

  1. Абайдың қара сөздері ең алғаш қай жылы, қандай журналда жарыққа шықты?

А) 1910 ж. «Айқап» журналы

В) 1920 ж. «Ақжол» газеті

С) 1918 ж. «Абай» журналы

Д) 1911 ж. «Алаш» газеті

  1. Балалар, сонымен бүгінгі сабағымыздан алған білімімізді қорытып, не үйренгенімізді берілген кестеге толтырайық.


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім










Оқушылардың еңбектерін бағалау


Аты жөні

Топпен жұмысқа

Шығарма-шылық

тапсырмаға

Тест жауабына

Қорытынды баға

1






2






3






4






5






6







Қымбатты, балалар, осымен сабағымыздың аяқталар сәті де жетті. Сабақ барысында сендер өз білімдерің мен шығармашылық қабілеттеріңді көрсете білдіңдер. Өздеріңнің талапты, талантты балалар екендеріңді тағы да бір дәлелдей түстіңдер. Осы сабақтан ескерткіш ретінде жүректен шыққан мына өлең жолдары бар шағын сыйымды сендерге арнаймын.

Ұлы ақынды пір тұтыңдар балалар,

Абай салған ізгі жолды жалғаңдар.

Білім менен адамдықты ту етіп,

Еліміздің мақтанышы болыңдар.























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Абай ??нанбаевты? ?ара с?здері

Автор: Калиева Салтанат Сагнаевна

Дата: 05.11.2014

Номер свидетельства: 126342

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Урок по казахскоому языку "Абай ??нанбаев. Он жетінші ?ара с?зі" "
    ["seo_title"] => string(70) "urok-po-kazakhskoomu-iazyku-abai-k-u-nanbaiev-on-zhietinshi-k-ara-sozi"
    ["file_id"] => string(6) "141357"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418109328"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства