Абайды? кара создеріні? жалпы саны, мазм?ны , т?рбиелік м?ні сондай - а? философиялы? ой - тол?ау пікір , т?сініктемелер беріледі. Абайды? 17 ?ара с?зіне к?рініс ?ойылады. ?ле?дері м?нерлеп о?ылып, ?мірі мен шы?армашылы?ынан м?ліметтер беріледі. ?мірі жайлы бейне баян мен ?ара с?здері аудио запись ар?ылы ты?далды
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
-Абайдың он жетінші қара сөзіне көрініс дайындап келу.
-Қалаған қара сөздерін оқып, танысып келу.
Дәптермен жұмыс.
Сөздік.
Абайдың қара сөздеріндегі кейбір қиын сөздер мен басқа тілден енген сөздерге түсінік беру.
Көрсеқызар-
Алауыз-
Күндейді-
Сабырсыз-
Ғақлия-
Һәм-
Малдылар-
Софылық-
Албыртқан-
Зорайтады-
Жаңа тақырыпты меңгерту.
-Абайдың бірінші қара сөзі (аудио басылым) Түсінік беру.
-Слайд бойынша қара сөздеріне сипаттама беру.
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап
1.Тән құмары және жан құмары туралы Абай өзінің қара сөзінде не айтты?
2.Қарасөз деген не мағына береді?
3.Абай – сазгер,философ,аудармашы дейміз, оны кім дәлелдейді?
4.Абай неліктен әке жолын емес, халық жолын таңдады?
5.Абайдың қарасөздер саны неше, және онда нелер туралы жазылған?
6. Ақынның қарасөздерін оқу арқылы өзіңе несін алдың?
Қорытындылау.
Абайдың адамгершілік жөніндегі моральдық өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары аз емес. Бұл жағы айрықша таратып, талдауды қажет етпейтін түсінікті жайлар. Ал, осы аталғандардан басқа Абайдың поэзиялық мұрасына қоса қарасөздері беретін әр заманда бағасы жойылмайтын бір үлкен қымбат қазына бар. Ол — Абайдың осы қарасөзді жазған тілі. Өлең сөзінде өзінің барлық шеберлігі, жаңалығы, кер-кемдік таланты бойынша қазақ тілінің сапасын әдебиет тілінің дәрежесіне көтерген ұлы тарихтық еңбегі қандай болса, карасөздерінің тілімен де Абай осындай еңбекті біздің мәдениет тарихымызға мол сіңірді. Біздің осы күнгі сөйлеп, жазып жүрген әдебиет тіліміздің тарихы жалғыз ғана Абайдан басталады деп кесіп айтпасақ та, сондай сапалы тілді қазақтың жазба әдебиетінде анық биік белге өрлетіп шығарған Абай екені даусыз - деген Мұхтар Әуезовтің тамаша теңеу сөздерімен қорытындылағым келеді.
Үйге тапсырма беру.
«Өлді деуге болама айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» тақырыбына шығарма жазып келу.
Бағалау.
Студенттерді танытқан білім деңгейлеріне қарай бағалау.
1.Автор сөзі – Сабыр
Өмір деген ғаламда, адамның бойынан табылатын түрлі жақсы – жаман қасиеттердің бар болуы өмір қағидасы. Адамзаттың санасына қонатын, я жүре бара пайда болатын және туа біткеннен бойына сіңіп шығатын қасиеттер бар. Ол жүрек, қайрат, ақыл және ғылым.
Күндердің бір күнінде ҚАЙРАТ; АҚЫЛ; ЖҮРЕК үшеуі өнерлерін айтысып, таласа келіп, ҒЫЛЫМҒА жүгініпті.
Бауыржан
-ҚАЙРАТ –Ей ҒЫЛЫМ, өзің де білесіңғой, дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейтінін: Әуелі, өзіңді білуге ерінбей, жалықпай үйрену керек, ол Менің ісім.Құдайға лайықты ғибадат қылып ерінбей жалықпай орнына келтірмек те Менің ісім. Лайықты өнер мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсегеүйір болмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның
Азғыруынан құтқаратұғын,адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады.
Нариман
АҚЫЛ – Не дүниеге, не ақиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын ол Мен, сенің сөзіңді ұғатын Мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен. Залалдан қаша алмайды екен. Ғылымды үйрене алмайды екен.Осы екеуі маған қалай таласады. Менсіз өздері неге жарайды екен?
Айбек
ЖҮРЕК – Мен адам денесінің патшасымын. Қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жылы төсек, тамағы тоқ, төсексіз кедейдің, тонып жүрген киімсіздің тамақсыз қандай болыпжатыр екен деп, ойлатып,жан ашытып, ұйқысын арылтып, төсекте дөңбекшіп қоймайтын Мен. Ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратын мен. Бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Таза болсам адам баласын алаламаймын, жақсылыққа елжіреп кететін, ол Мен. Жаманшылық болса да ол Мен. Әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбандық дейтұғын бәрі- Менен. Менсіз осылардың күні не? Осылар маған қалай таласады.
2.Автор – Сабыр.
Сонда ҒЫЛЫМ үшеуінің сөздері мен атқарар әрекеттерін ойлана отырып тыңдапты да айтыпты:
ҒЫЛЫМ – Бекарыс
-Қайрат сенің айтқандарыңның бәрі рас, көп өнерлеріңнің бары да рас. Сенсіз ештене болмайтыны да рас, қаруың да қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол. Кейде жақсылық пен жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман.
-Ей Ақыл, айтқандарыңның бәрі рас, сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас, екі дүниенің жайын да сен білесің, амал да, айла да сенен шығады. Сенің қырың көп, жүрек сенің қырыңа жүрмейді. Жақсылық құмар болады айтқаныңа. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Жиреніп үйден қуып шығады.
Үшеуің басыңды қос, бәрін ЖҮРЕККЕ билет, үшеуің бірдей табылсаңдар, топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаңдар да, мен Жүректі жақтадым. Құдайшылық жүректе, соны таза сақта.
3.Автор – Сабыр.
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, талапты, шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады, білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден ерек.
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Әрине мен де осыған келісемін, Ғылым бұл үшеуіне дұрыс төрелік айтты.
Бойымыздағы үш қасиетті таза ұстайық, ғылым үйренейік достар.
Әділет -Абайдың 1 ші қара сөзін түсіндіреді.
Рустам – 3 ші қара сөзін түсіндіреді.
Абайдың үшінші қара сөзінде Естіген нәрсені ұмытпау үшін:
-көкірегі берік болу керек.
-Естігеннен үлгі алу керек
-Көп қайталау керек
-Жаман ойлардан қашық болу керек ,- деп тамаша теңеулерді үлгі еткен.
Абай атамыздың осындай даналығын мен де өмірімде пайдаланып, іске асыруға тырысамын.
Самғат – 31 қарасөзін түсіндіреді.
Бұл сөзінде Абай атамыз бүкіл әлемге белгілі данышпандардың байқаған ой – толғауларын, философиялық тұжырымдарын айтады.
Әрбір жалқау кісі- қорқақ, қайратсыз тартады.
Әрбір қайратсыз – қорқақ, мақтаншақ келеді.
Әрбір мақтаншақ – қорқақ, ақылсыз, надан келеді.
Әрбір арсыз жалқаудан – тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады делінген.
Мен де бұл пікірге қосылып, бойымды осындай жаман қылықтардан аулақ ұстауға тырысамын.
Сөздік бойынша - Еділбек
Көрсеқызар- қызыққой,еліктегіш
Алауыз- береке бірлігі жоқ, ынтымақсыз
Күндейді- қызғанады
-Сабырсыз- шыдамсыз, төзімсіз
Ғақлия- асыл сөз, даналық сөз
Сөздік бойынша – Қуаныш
Һәм – және, немесе
Малдылар – малы көп, бай
Софылық – дін бағу
Албыртқан –жастық шақ
Зорайтады – күшейтеді
1 ші сұрақ бойынша - Қуанышбек
Тән құмары және жан құмары туралы Абай өзінің қара сөзінде не айтты?
Абай өзінің 43 ші сөзінде Адам баласы өмірде екі нәрседен тұрады бірі тән, бірі жан.
Ішсем, жесем, жатсам дегендердің бәрі тән қалауы.
Үйренсем, білсем, еңбектенсем дегендердің бәрі жан қалауы деген.
2 ші сұрақ бойынша - Фархат
2.Қарасөз деген не мағына береді?
Қарасөз деген қара сөзбен жазылған даналық асыл сөз, яғни мұндай сөздер белгілі бір тақырыпқа арналып жазылады, ішіне мақал-мәтелдер, нақыл сөздер т.б. кездеседі. Бірақ өлең, поэма сияқты ұйқаспен емес, қарапайым сөздер мен сөйлемдерден құрылады, Абайдың қара сөздері күнделік іспеттес, көріп білгенін қағазға түсірген.
3 ші сұрақ бойынша - Шынболат
3.Абай – сазгер,философ,аудармашы дейміз оны кім дәлелдейді?
Абайдың сазгерлік өнері оның тамаша әуенді әндері арқылы танылады. Абай қазақ поэзиясына тың жаңалықтар қосқан ақын, оның «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» «Бойы бұлған» «Сегіз аяқ» тағы да басқа әндері бізге мектептен таныс.
Ұлы ақынның философиялық ой толғаулары мен діни көзқарастары, пікірлері мен тұжырымдары, өнегесі мен өркениеті оның қарасөздері арқылы танылады, сондықтан біз Абайды философ деп атаймыз.
Абай орыс, шығыс ақындарының шығармаларын қазақ тіліне шебер аударған, бірақ тек аударып қана қоймай өзі де жаңартулар қосқан. Біз білетін Пушкин, Лермонтов, Толстой, Крылов шығармаларын аударған.
4 ші сұрақ бойынша - Рафаэль
4.Абай неліктен әке жолын емес, халық жолын таңдады?
Би болыстардың қарапайым халыққа көрсеткен озбырлығы мен қиянатын жастайынан көріп өскен және табиғатынан дара туған ақын халық қамын ойлады, жаны ашыды, оларға арнап «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп оларды оятып, алға сүйреді. Би болыстарды әшкерелеп өлеңдер жазды. Халқын шын сүйгендіктен ол халық жақтаушысы болды.
5 ші сұрақ бойынша -Артур
5.Абайдың қарасөздер саны неше, және онда нелер туралы жазылған?
Абайдың қарасөздер саны 45, кей деректерде 46. Бірақ 46 шы қарасөз аяқталмаған.
Әрбір 45 қарасөздің 45 тақырыбы бар, және ол түрлі мәселелер мен жағдайларға байланысты жазылған. Ақын өзінің көрген-білгенін ойға түйіп, қорытындылап қағазға түсірген. Қарасөздердің біздерге алар тәрбиелік мәні зор.
6 шы сұрақ бойынша –Нұрсұлтан.
6. Ақынның қарасөздерін оқу арқылы өзіңе несін алдың?
Абайдың қарасөздерін мен оқыдым, көп нәрсені білдім, түсіндім. Тәрбиелік мәні кез-келген қазынадан да артық екенін ұқтым. Рухани-мәдени тұрғыда байып, ой өрісім кеңейді. Ақынның бұл туындылары бүкіл адамзатқа өмір бойы азық болуға жарайды екен.
Өмірі -Сырымбек
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірінен туған. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі ұлжан орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді. Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үіт етеді. Сондықтан да ол абайды медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды.
Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады.
Шығармалары -Мейрамбек
Абай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе қара сөз) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.
Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.
Аудармалары – Қазбек
Қаладағы медреседе үш жыл діни оқу арқылы Абай араб, парсы, шағатай тілдерін жетік біліп, шығыс ақындарының шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды. Қазақтың халықтық өлең – жырларын, ертегі, қиса, аңыз - әңгімелерін әжесі Зере бәйбішеден, халық ақындары Шөже, Бәйкөкше, Балталардан естіп, жастай жадында сақтады. Абай парсы, тәжік әдебиетінің кемеңгері Фирдоусидің, әзербайжан ақындары Низами мен Физулидің, парсы ақындары Сағди мен Шәмсидің, түрік ақыны Сейхалидің, өзбек классигі Новоидың көптеген шығармаларын аударды.
Орыс әдебиетінің классигі М.Ю.Лермонтов мұрасының қазақ әдебиетінде алар орны ерекше. Бұл әсіресе, ХІХ ғасырдың аяғындағы ұлы Абай аудармаларымен құнды.Абайдың аудармаларына жалпы шолу жасасақ, ол үнемі таңдап, талғап аударған. Абайдың Лермонтовтан аударған өлеңдері не адамгершілік тақырыбына байланысты жаман мінез-құлықты шенеу, жақсылыққа үндеу, не патриоттық үлкен идеяны көксеген өлеңдер, не терең ой — философия, не үздік көркем өлеңдер болып келеді.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың.
Көрсе қызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір күн — жыртың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кетпесе, енді өз ырқың.
Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,
Оның да алған жоқ па құдай құлқын?
Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,
Сапырылды байлығың, баққан жылқың.
Баста ми, қолда малға талас қылған,
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқың.
Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,
Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың.
Атамекен
Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев
Сөзін жазған: Қадыр Мырза Әлі
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. Маңдайымнан сипап өткен самалды Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы: Қайда жүрсем атамекен, Көкейіңде жатады екен. Күннің өзі қимай оны Ұясына батады екен.
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін Қазағымның махаббаты деп білем.
Қайырмасы:
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. Асқар тауын аспаныммен астасқан, Қазағымның мәртебесі деп білем.