Оқушылармен амандасу,түгелдеу.Оқу құралдарын тексеру және сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау;
Үйге берілген тапсырманы тексеремін . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебе алды?
Әдеби тіл нешеге бөлінеді?
Әдеби тілдің неше нормасы бар?
б) Жаңа сабақты түсіндіру;
Тілдегі сөздердің жұмсалу аясы бірдей емес.Халық тіліндегі сөздердің көпшілігі әдебиетте жиі қолданылып,жалпы халықтық нормаға айналады да, біразы қолданылудан шығып қалады. Сөйлеу тіліндегі сөздердің кейбіреулері әдебиетте кездескенімен,олар әдеби нормаға жатпайды.
Әдеби тілге жатпайтын сөздер: Диалектизмдер, дөрекі,жаргон сөздер, қазақ тілінде баламасы бар термин сөздер.
Жаттығумен жұмыс: 4-жаттығу. Берілген сөздердің қандай жолмен жасалғанын түсіндіріңдер. Әдеби тілдің лексикалық нормасына жататынын,жатпайтынын дәлелдеңдер.
Кітаппен жұмыс: 5- жаттығуды мәнерлеп оқып, қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіріңдер. Мысалы: жаны жақсы-адамгершілігі мол,бауырмал, қайырымды,еңбекқор,ақылды..
Білімді бекіту: Өтілген тақырып бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Әдеби тілдің лексикалық нормасы дегеніміз не?
Лексикалық нормаға қандай сөздер жатпайды?
Жалпы халыққа ортақ,түсінікті тілді не дейміз?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына,ынтасына қарай білімдері бағаланады
Үйге тапсырма: 6-жаттығуды оқып, «Шалқыған Арал теңізі неге тартылды?» тақырыбына ойтолғау жазыңдар.