Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Сарсенбетов Данияр Дүйсенбекұлы Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Мұғалімнің сабақ беру әдісі жан-жақты. Оқушылары түрлі байқаулардан жеңімпаз болып жүр. Мұғалімнің болашағына үлкен үміт күттіреді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы. Сабақтың мақсаты: Түбір сөзден қосымшаны айыра отырып, байланыстырып сөйлеуін жеңілдету, белсенділіктерін арттыру. Қосымша жалғанғанда кейбір сөздердің соңғы дыбыстарының өзгеретінін меңгерту. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Жаңа технологияға сүйеніп, оқушылардың жаңа сабақтан және өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтау. Сауаттылыққа, ұстамдылыққа, әдептілікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: «Білім еліне саяхат» сызбасы, тест, семантикалық карта, балық макеті, карточкалар, сөзжұмбақ. Сабақтың типі: Өткенді қайталау. Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес саяхат сабақ. Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын, түсіндіру, жинақтау, талдау. Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, музыка. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Қазір қандай сабақ екенін еске түсіріп жіберейік. Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені, Болашағым, бақытым, дара тілім. - Міне, оқушылар, ғұлама, кемеңгер ақындарымыздың тілі - туған тіліміз қазақ тілі сабағына бүгін қонақтар қатысып отыр. Қонақтарға амандасып, сабағымызды бастайық. Сәлемдесу. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Сәлем бердік сіздерге, Құрметпенен біз. Білімдеріміздің артып, сөз байлығымыздың молайғанын көрсету үшін, бүгінгі сабақта «Білім еліне саяхат» жасаймыз. Саяхатқа шықпас бұрын, дәптерлерімізді ашып, берілген үлгіні көркем жазып, бүгінгі күн ретін, сынып жұмысын жаза қойыңдар. II. Өткенді қайталау. Олай болса, саяхатымыздың басы «Мектеп аялдамасынан» басталмақ. Мектеп аялдамасы сендердің білімдеріңді тексеру мақсатында карточкалар дайындапты. 1. Түбір сөз дегеніміз не? Мысал келтір. (Сөздің өзгермейтін мағыналы бөлігін айтады.) 2. Қосымша дегеніміз не? Мысал келтір. (Сөзді тудыратын және сөзді байланыстыратын сөз құрамын айтады.) 3. Жұрнақ қалай жасалады? Мысал келтір. (Түбір сөзден кейін келіп, жаңа сөз жасайды.) 4. Жалғау қалай жасалады? Мысал келтір. (Түбір сөзге де, жұрнақтан кейін де жалғанады, ол сөзді байланыстырады.) 5. Туынды сөз дегеніміз не? (Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді айтады.) 6. Түбірлес сөздер дегеніміз не? (Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасала береді. Ондай сөздерді түбірлес сөздер дейді.) III. Үй тапсырмасын тексеру. 272 - жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу, қарамен жазылған сөздің түбірін табу, түбір сөздің соңғы дыбысы неліктен өзгергенін түсіндіру. Шөп ішінен қаулаған Айырам атқұлақты. Жапырағы аумаған Ат құлағы сияқты. Жапырақ - жапырағы. Қосымша жалғанғанда, кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді. Сонымен біз «Білгірлер» аялдамасына жеттік. Мұғалім: Жеміске құты тола ма? Бір - бірлеп теріп алмасаң Әп - сәтте өсе қоя ма? Еккен дәнің ойласаң Білім де сондай қарағым, Біртіндеп сіңір бойыңа Ұғып ал білім боларын Шам - шырағың жолыңда,- дей отырып, «Білгірлер» аялдамасы тест ұсынып отыр. Қолымызға тестіні ала отырып, дұрыс жауабын белгілейміз. 1. Қай сөзде дұрыс түбір белгіленген? а балықшы ә кітапхана б балалар 2. Қай сөз дұрыс сөз құрамына талданған? а домбырашы ә гүлдер б ойыншы 3. Сөздердің қайсысы туынды сөз? а оқушы ә гүл б дәптер 4. Сөздердің қайсысы түбірлес сөздер? а ойыншы, ойыншық ә қала, дала б қалам, дәптер 5. Қосымша жалғанғанда өзгерген сөзді тап. а добы ә жібі б бұлақты Олай болса, өткен сабақта «Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгеретінін» өтсек, бүгін сабақта өткенді қайталаймыз. IV. Жаңа сабақ. Сонымен оқушылар «Тапқырлар» аялдамасына да жетіппіз. Бұл аялдамада бізге сөзжұмбақты шешуге бұйырыпты. I. 1. Шаттық сөзінің түбірі 2. Үйшік сөзінің түбірі 3. Балалық сөзінің түбірі 4. Бірлік сөзінің түбірі 5. Дәріхана сөзінің түбірі II. 1. Сотқар сөзінің қосымшасын тап. 2. Көзбол сөзінің қосымшасын тап. 3. Қаламқас сөзінің қосымшасын тап. 4. Астық сөзінің қосымшасын тап. 5. Ынтымақ сөзінің қосымшасын тап. 6. Білгіш сөзінің қосымшасын тап. 7. Аспаз сөзінің қосымшасын тап.
шат қар үй бол бала қас бір тық дәрі мақ гіш паз V. Оқулықпен жұмыс. Біз тапқырлар тапсырмаларын орындап, «Шешендер»аялдамасына жетіппіз. - Иә, балалар, біздің қазақ халқы басқа да жақсы қасиеттерімен бірге шешен халық. Шешендік өнер біздің халқымыздың асыл мұрасы. Кітапты жастан оқы. Оқымай білім жұқпас, Білімсізден өнер шықпас. Ендеше, «Шешендер» аялдамасында бізге оқулықтан жұмыс әзірлеп қойыпты. - Орындаймыз ба, оқушылар?(Иә) Оқулықтарындағы 97 - бетті ашып, 273 - жаттығуды таба қойыңдар. Бір оқушыға оқыту. Тақтамен жұмыс. Жіп - жібі, түп - түбі, доп - добы, кітап - кітабы, шөп - шөбі, тәртіп - тәртібі, қолғап - қолғабы. Сергіту сәті. Жұмбақ жасыру. Қыста жер бетін жабады, ал көктемде су боп ағады. Жауабын кім тез табады? (Қар) - Жылдың қай мезгілі? (Қыс) Ойын «Балық аулау» Дұрыс жазылған сөзді табады. 274 - жаттығу. Оқып беру. Көп нүктенің орнына негізгі түбір сөздерді тауып жаздыру. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрау. Топпен жұмыс. Ақ - ағу, ағады, ағып Төк - төгу, төгеді, төгіп Бақ - бағу, бағады, бағып 275 - жаттығу. Жұмбақты шешу. Қарамен жазылған сөздің түбірін табуТүбір сөздің жазылуындағы өзгерістің себебін түсіндіру. Өздік жұмыс. Айдалада ақ отау - Аузы, мұрны жоқ отау. Дәптерге жазғызу. Ауыз - аузы, мұрын - мұрны. - Жақсы оқушылар, келесі аялдамаға да жетіп қалдыңдар. Бұл «Мергендер» аялдамасы» екен. Мергендер көздеген затын алмай қоймайды. - Ендеше, біз «Мергендер» аялдамасының тапсырмасын орындап, ойлаған мақсатымызға жетейік. «Мергендер» аялдамасы семантикалық картамен жұмысты әзірлепті. Ендеше семантикалық картаны толтырайық.
VI. Сабақты бекіту. Оқушылар, біз белгілі білім еліне саяхат жасап, білім көрсетіп, енді өзіміздің сүйікті сыныбымызға оралайық. - Сонымен, бүгінгі сабақта не істедік?(Білім еліне саяхат жасадық, жаттығулар орындадық, сөзжұмбақ, жұмбақ шештік, семантикалық картамен, тестімен жұмыс жүргіздік, «балық аулау» ойынын ойнадық.) - Қай тақырыпты қайталадық?(Түбір мен қосымшаның жазылуы) VII. Бағалау. VIII. Үйге тапсырма беру. 276 - жаттығу, 97 - бет. - Бізге білімді кім береді?(Ұстаз) Ендеше сабақты «Ұстазым» әнімен аяқтаймыз.