Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Ел ордасы – Астана. "»
Сабақтың тақырыбы: Ел ордасы – Астана. Жайылма сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
1. Ел ордасы - Астана туралы жан – жақты мағлұмат беру, білімдерін кеңейту, алған білімдерін деңгейлік тапсырмалар арқылы бекіту. Жайылма сөйлем туралы түсінік бере отырып, практикалық жолмен меңгерту.
2. Оқушылардың тіл мәдениетін дамыту, ой- өрісін кеңейту, сөйлеу және ойлау қабілеттерін дамыту; мәтінде кездесетін жаңа сөздерді меңгерту, сөздік қорын байыту.
3. оқушылардың өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Қайталау, түсіндіру, сұрақ – жауп, салыстыру, әңгімелеу, топтық, жеке жеке жұмыс түрлері.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, тірек – сызбалар, деңгейлік тапсырмалар, суреттер, бүктемелер, кітаптар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу(ынтымақтастық атмосферасын құру)
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылардың үй тапсырмасын толық әрі дұрыс орындалғанын анықтау және жаттығулардан кеткен қателерді түзету.
Өткенді пысықтау:
Қазақстан қандай құрлықта орналасқан?
Мемлекеттің өзіне тән ресми белгілеріне не жатады?
Елбасы әрбір азаматтан не күтеді?
Ұлттық валютамыз қашан айналымға енгізілді?
Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
Сөйлемнің қандай түрлері бар?
Жақты, жақсыз сөйлем дегеніміз не?
Жалаң сөйлем дегеніміз не?
Атаулы сөйлем дегеніміз не?
Оқушылар , енді біз жай сөйлемнің түрлерімен таныстыруды әрі қарай жалғастырамыз.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – жайылма сөйлем туралы түсінік беру, оны жан-жақты практикалық жолмен меңгеру және Ел ордасы – Астана туралы әңгіме жүргізу, түрлі жаттығуларды орындау. Бар білімдеріңізді ортаға салып отырайық, жаңа тақырыпты дәптерге жазып алыңдар
Ел ордасы – Астана. Жайылма сөй
І. Сөйлем
мақсатты интонациясы
құрамына
хабарлы
лепті
сұраулы
бұйрықты
жай сөйлем
құрмалас сөйлем
Жақты, жақсыз
Жалаң, жайылма
Толымды, толымсыз
Атаулы
І
жалаң сөйлем
І.
баяндауыш
бастауыш
Тұрлаулы мүше
ІІІ. Тұрлаулы мүшелермен бірге тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем жайылма сөйлем деп аталады.
толықтауыш
бастауыш
баяндауыш
анықтауыш
пысықтауыш
Жайылма сөйлем
Тұрлаусыз мүше
ІV. Мысалы:
Әзірлік жүріп жатыр.
Мектепте мейрамға әзірлік жүріп жатыр.
Мен демалдым.
Биыл жазда мен Астанада демалдым.
Суреттермен жұмыс. (суреттерге қарап жайылма сөйлем құрастыру)
Енді бәріміз тақтаға назар аударайық (сөзжұмбақ шешу).
Д
О
М
Б
Ы
Р
А
Н
Ұ
Р
С
Ұ
Л
Т
А
Н
Т
О
Қ
Т
А
Р
А
Б
А
Й
Н
А
Н
Е
Л
Т
А
Ң
Б
А
Қазақ халқының ұлттық музыка аспабы?
Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің есімі?
Қазақстаның тұңғыш ғарышкері?
Қазақ халқының ұлы ақыны?
Ас атасы?
Қазақстан Республикасының рәмізі?
Қандай сөз шықты? Ендеше біз бүгін Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы туралы әңгімелейміз.
Сабақтың эфиграфы: Астана – елімнің тірегі,
Астана – қазақтың жүрегі.
Сәніңе сәулетің сай келген,
Өзіңді күллі әлем біледі!
Кіріспе сөз: Егеменді еліміздің ел ордасы – Астана Есіл өзенінің бойында 1824 жылы әскери бекініс ретінде пайда болған. 1868 жылы қала мәртебесін алды. 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болды. Қаланың негізі 1832 жылы салынған. Бұрынғы аты Ақмола. 1961 жылы қаланың аты Целиноград болып өзгертілді. Бүгінгі күні Астанада сексенге тарта ұлт өкілдері тұрады. Астана – Қазақстанның астанасы. Бұл жер – Сәкен Сейфуллин мен Мағжан Жұмабаевтың туған елі. Астана қаласы Қазақстанның саяси, экономикалық, мәдени және ғылыми орталығына айналды. Астанада президент Ақ Ордасы, Парламент Сенаты мен Мәжіліс үйлері, «Конгерес Холл», «Интерконтиненталь» қонақ үйі, мұражайлар, мәдени орындар тағы басқа көпдеген ғимараттар бой көтерді.
Елордамыздағы «Астана – Бәйтерек» монументі - архитектуралық ескерткіш қана емес, еліміздің бүгінгі мен келешегінің көрінісі. Бұл бәйтеректің биіктігі – 97 метр. «Астана – Бәйтерек» монументі кешенің салу идеясының авторы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев. Еуразия монументі – елорда тойына батыс Қазақстандардың сыйы.
а) оқу, (топтық, жеке!
ә) қазақ тіліне тән дыбыстарды тауып, мысал келтіру.
б) синоним, амоним сыңарларын табу
в) жаңа сөздермен сөз тіркес, сөйлем құрастыру.
Оқушыларға Астана суреттерін көрсету және олармен жақынырақ таныстырып өту.
Сұрақ – жауап арқылы Қазақстанның бұрынғы астана болған қалаларына тоқталу:
V . Деңгейлік тапсырма
1 - деңгей.
Жақша ішіндегі сөздерді қатыстыра отырып, жайылма сөйлем құрастырыңдар.
Қазақстан жері (пайдалы қазбалар, дәрілік өсімдіктер) өте бай. (Алтай, Атырау) созылып жатқан кең-байтақ өлкенің табиғаты керемет. Онда (неше алуан, әр түрлі) өсімдіктер өседі. Өсімдіктерден пайдалы (тұңбалар, тосаптар) әзірленеді.
«Қазақстан» - сөз құрастыру.
– деңгей.
Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.
Біз ұшақпен Астана қаласына бардық. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр.
2 . Берілген сөздерді пайдалана отырып, өзге ұлт өкілдері, ескерткіш орнатылған. Достық даңғылы.
ІV. Тапсырма
Қазақстан Республикасында неше облыс бар?
Біз қай обылыста тұрамыз?
Орталығы қандай қала?
Енді, екі қаланы венн диаграммасы бойынша салыстырайық.
VІІ. Тапсырма.
Отан туралы қандай мақал – мәтел білеміз, жай айтпай, мазмұнын түсіндіріп айтыңдар, Астана туралы өлеңдерді кім айтып береді?
VІІІ. Тапсырма.
Сабақты қорыта келгенде мына тірек – сызбаны толтырайық.
Орынбор (1920 – 1924)
Қызылорда (1924-1929)
Алматы (1929-1997)
Астана
Астана (10 маусым 1998 жыл)
Сабақты бекіту: Қазақстанда туып, сол жердің суын ішіп, ауасымен дем алған бірден – бір дем алған адам, мейлі ол орыс болсын, мейлі қырғыз болсын, сол елдің салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын біліп, соны қадірлеп, сыйлау керек.
Балалар, сендер бейбіт заманда өмір сүріп жатсыңдар. Сондықтан да сендердің ең басты міндеттеріңіз – оку, білім алу. Біздің еліміздің болашағы сендерсіңдер. Салауатты өмір сүріңдер. «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» екенін естен шығармау керек.
Үйге тапсырма. Сөйлем құрау (жалаң және жайылма).
Оқушылардың білімін бағалау. Оқушыларға тиісті бағасын қою. (мақтау, мадақтау).