Абай Құнанбаевтың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінің мәнін түсіндіру, оқушы бойында " жақсыдан үйрену, жаманнан жирену" ұғымын түсіндіре отырып, дүниеге деген өзіндік көзқарасын қалыптастыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Абай Құнанбаев. "Ғылым таппай мақтанба" өлеңі»
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақ мектеп-гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тасқұл Ақнұр Мақсұтқызының сабақ жоспары
Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға Абай өлеңдерін барынша терең меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру, теориялық ұғымдарды меңгерту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық , экологиялық тәрбие беру, ғылым
мен білімге, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Абай ұлылығын терең
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта (слайд), үлестірме парақшалар, «ашық есік», «жабық есік» суреті салынған плакат, түрлі түсті қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Ақ тілек » (тренинг). Шардың ішіне түрлі тақырыпқа байланысты тілектер жазылады. Қатысушы оқушылар өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шар ішіндегі тілекті оқиды.Қорытынды: Тренинг соңында әр қатысушы өз ойын білдіреді. Осы өз ойларын жеткізуде қатысушылардың сол сәттегі көңіл-күйін танып, алдағы сабаққа қалыпты жай қалыптастырылады.
«Мозайка» әдісі арқылы сыныпты 4 топқа бөлу. (Топқа бөлу үшін түрлі түсті суреттерді пайдалану. Әрбір топ ұқсас бөліктерді ретке келтіру арқылы топтасады). /2 мин/
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
«Бөшкедегі басқатырғыштар» Бұл кезеңде әр топ оқушылары бөшкеден сұрақтар алып соған жауап береді. Дұрыс жауап берілген оқушыға сыйлық беріліп отырады.
«Қыс» өлеңін жатқа айтыңыз.
Ақын қысты қалай суреттеген? (Абай қысты ақ сақалды, денелі, ақ киімді қарияға теңеп суреттеген)
Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
Абайдың ақындық жолы на алғаш есік ашқан кімдер? (әжесі – Зере, анасы – Ұлжан)
Лирика деген сөзді қалай түсінесіңдер? Табиғат лирикасы деген не? (Лирика - Лирика - адамның көңіл - күйін, қуаныш - реніш сезімін білдіретін поэзия. Табиғат лирикасы – қоршаған орта, табиғат жайындағы поэзия).
Абайдың табиғат лирикасына қандай өлеңдерін жатқызамыз? («Қыс», «Күз», «Жаз», «Жазғытұры»)
Абайдың қанша өлеңі, поэмасы, қарасөздері бар? (300-ден астам өлеңі, 3 поэмасы, 45 қара сөзі бар)
Кейіптеу дегеніміз не? Абайдың қай өлеңінде кейіптеу кездеседі? (Кейіптеу – жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан иесіне ұқсатып, жандандыра, құлпырта суреттеу. Мысалы: Абайдың «Қыс» өлеңі).
Абай қашан, қай жерде дүниеге келді? (10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралыда дүниеге келген).
Әкесі Абайдың зеректігін байқағаннан кейін оны қандай оқуға берді? ( 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.) /10 мин/
«Ой қозғау» /4 мин/
Балалар, адам бойында қандай қасиеттер болады?
Ендеше, адам бойынан табылатын 5 жақсы, 5 жаман қасиеттерді атай қойыңдаршы.
Абай атамыз да: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол», - деп бекер айтпаған. Бүгін біз сіздермен Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен танысамыз.
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңыздар.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1.Білім – адам өміріне өте қажет. Тіпті оны ұлылардың өзі де мойындайды. Өлеңнің тақырыбы - «білімсіз, ғылымсыз болады ақыл тұл» дегенге саяды. Ақын бұл өлеңі арқылы жас ұрпақты өнерге, білімге, ғылымға шақырады.
Ең алдымен осы өлеңде кездесетін түсініксіз сөздермен танысып, дәптерлеріңе жазып қойыңдар.
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, жазылу тарихы туралы қосымша мәлімет іздеу.
Бағалау. Балалардың алдында бағалау парақшалары болады. Сол бағалау парақшасын әр оқушы толтырып, тапсырады. Сабаққа белсенді қатысқан балаларды бағалаймын.
Рефлексия: Тақтада ашық және жабық есіктер салынған суреттер ілінеді. Балалар сабақтан алған әсерлері жазылған стикерлерді сол есіктердің тұсына жабыстырады. Ашық есік — түсіндім, қызықты болды. Жабық есік — түсінген жоқпын. Ұнамады.