Просмотр содержимого документа
«Абай ??нанбаев "?ылым таппай ма?танба" ?аза? ?дебиеті п?нінен к?нделікті саба?»
Класы: 5
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев.«Ғылым таппай мақтанба» Сабақтың мақсаты: білімдік: Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін талдай отырыпоқушыларға жаман мен жақсы қасиеттердің ара-жігін ашып түсіндіру; дамытушылық: әр оқушыныңөзіндік ой-қиялынаерікберіп, өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыруарқылытаным-түсініктеріндамыту, сөзмәдениетіндамыту, тілбайлығынаүлесқосуғажолашу,пәнгеқызығушылығынарттыру. тәрбиелік: ұлы ақынның өмірін өнеге тұтып, оқушыларды адами қасиеттерге баулу,өзін-өзі ұстай білуге, адамгершілікке,жауапкершілікке тәрбиелеп, азаматтық бейнесін қалыптастыру; Сабақтың түрі: жаңа сабақ Әдіс-тәсілдері: талдау, салыстыру, ой шақыру, венн диаграммасы ,тест. Көрнекіліктері: ақынның портреті, слайд, суреттер.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.
I. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Абай Құнанбаев өмірбаяны. «Қыс» өлеңін жатқа айту.(Оқушылардан үй тапсырмасы сұралады).
Тест 1. Абай қай жылы дүниеге келді? А) 1904 В) 1845 С) 1856
2.Абай Құнанбаев қай жерде оқыды? А) Семейде В) Көкшетау С) Мәскеу
3. Абайдың шын есімі кім? А) Мұхамет В) Ибраһим С) Әли
4. Абайдың әкесі мен анасының аты? А) Әкесі Құнанбай, анасы Ұлжан В) Әкесі Мұхтар,анасы Зере С) Әкесі Мұхамет, анасы Әйгерім.
5. Абай қай жерде дүниеге келді? А) Шыңғыстау В) Семей С) Көкшетау
6. Абай бала кезінде қандай ойын түрін жақсы көрді? А) Тоғызқұмалақ В) Асық С) Алтыбақан
7. Абайды бала кезінде жеңгелері қалай атады? А) Момыным В) Ботам С) Телғара
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Енді, балалар, дәптерлеріңе жақсы және жаман қасиеттерді бөліп жаза қойыңдар. Кім, қанша сөз жазар екен?
Абай Құнанбаев . «Ғылым таппай мақтанба». (Алдымен өзім жатқа мәнерлеп алғашқы екі шумағын оқимын. Кейін оқушылар кезектесіп оқиды) . Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол. Адам болам десеңіз. Тілеуің,өмірің алдында Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ - Бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой - Бес асыл іс көнсеңіз.
IV. Сөздікпен жұмыс.
Нәфрәтлі – жеркенішті деген сөз. Ғибрәтлі – үлгі деген сөз.
V. Оқушыларға мәтінмен жұмыс.(Мазмұнын талдау. Әр оқушы өлеңнен не түсінгенін ортаға салады).
1.Абай қандай нәрседен жиренуді, неден үйренуді ұсынады?
2.Абайдың бес асыл іс деп отырғаны нелер? Ғылым таппай мақтанбау, ғылымға көңіл бөлу, балалықты қию деген сөздерді қалай түсінесің?
3. ( Сабақтың қазақ тілімен байланысы. Оқушылардың назарын төмендегі сөздердің мағынасына аударту ).