kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу

Нажмите, чтобы узнать подробности

1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу жасай отырып, қазақ  әдебиетінде  алатын орны мен маңызына тоқталу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу»

Күні: 27.02.18 Пәні: Қазақ әдебиеті Сынып: 9 «А»

Сабақтың тақырыбы: 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу. 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу жасай отырып, қазақ әдебиетінде алатын орны мен маңызына тоқталу. 
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу, жазу мәдениетін дамыту. 
Тәрбиелік: Оқушыларға Ж.Жабаевтың, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, С.Сейфуллин, І.Жансүгіровтің өмірбаянына тоқтала отырып, оқушылардың бойында өз еліне, тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: аралас 
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мәнерлеп оқу, талдау 
Көрнекілігі: слайд, қосымша әдебиеттер, тапсырмалар жинағы  
Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі. 
Сабақтың барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.

Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. 
Психологиялық дайындық. «Көңіл-күйің қандай?» 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 
1.Сұлтанмахмұт Торайғыров қай жерде дүниеге келді?

(СҚО.Уәлиханов ауданында туған) 
2. Шешесінен қашан айырылған? (Ерте) 
3. Кімнің тәрбиесінде болды? (Әжесінің) 
4. Мұғалімдерінің есімдері? (Мұқан Әбдірахман,Тортай деген ауыл молдаларынан) 
ІІІ. Жаңа сабақ.

1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу. 
Сабақ басталмас бұрын күй ақырын орындалып тұрады. 
«Жарқын болашақ» ұландары, 
Алға, Қазақстан! ұрандары, 
Сәлеметсіңдерме, балалар, 
Отанымның қырандары! 
-Отанымның сенерімін, 
Келешектің кемелімін 
Сәлем бердік сіздерге 
Еркін елдің өренімін! 
Қазақ халқын сауаттандыру, мәдениетін көтеру жолында өшпес мұра қалдырып кеткен ақындар. (Слайд көрсету.) 1917-жылдардан бастап, қазақ халқын сауаттандыру, мәдениетін көтеру мақсатында зиялы қауым өкілдері ұрпаққа өшпес мұра қалдырды. Ахмет Байтұрсынов халықты «Маса» болып ызыңдап оятса, Міржақып Дулатов «Оян, қазақ!» деп халыққа ұран тастады. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдарын жазды. Ол романдарда әлеуметтік теңсіздік мәселесі көтерілді. «Адасқан өмір», «Кедей», «Таныстыру», «Қала ақыны мен дала ақынының айтысы» поэмаларын жазды.

Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау», «Ақсақ киік», Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмалары, Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман», «Қараш-қараш оқиғасы» әңгімелерінде қоғам өмірі көрсетілді. Драматургия саласы дамыды. Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар», Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз», «Еңлік-Кебек», Жүсіпбек Аймауытовтың «Шернияз» пьесалары жазылды.

Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров «халық жауы» атанып, ату жазасына кесілді. Олардың кінәсі кеңестік тәртіпке қарсы шыққандары болды.

Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі әдебиетте жауынгерлердің ерлігі, жеңіске деген сенімі суреттелді. Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев, Жұмағали Саин, Дихан Әбілев, Әбу Сәрсенбаев сияқты ақындар соғыста жүріп, жырларын жазды. Баубек Бұлқышев «Өмір сүргім келеді», «Шығыс ұлына хат» және т.б. шығармаларында өмірге құштарлығын жеткізді.
Мәтінмен жұмыс. 
Жамбыл – ақын, айтыскер, дастаншы, ұстаз, жыршы. Ол 1846 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданына қарасты Хантау тауы баурайында дүниеге келген. Бала кезінен өлең-жырға үйір болған. 
1.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жаза отырып, ақын өмірі туралы айтайық. 
Ілия Жансүгіров … уезіндегі ……бойында …...жылы дүниеге келген. …… ерте айрылып, … тәрбиесінде өскен. .........арабша сауатты, домбырашы, ісмер, ұста, өнерлі адам болған. …..... өнерінің бәрін үйретеді. 
2. Алғаш ...........хат таныған, кейін ауыл ……, медресе үлгісіндегі ………оқыған. Ілияс жас күнінен бастап ………. мен ……, өлең-…құмар болып өседі. Келе-келе бір өңірдің …… айналады. 
3. Шығармашылығы сан қырлы. Қазақ поэзиясында ……жайлы көп жазған ақындардың бірі. Ақынның «…….», «………» сынды поэмалары, «…….», «……», «……» атты өлеңдері бар. ……жылы «Халық жауы» деп айыпталып, ……жазасына кесіледі. 
ТЕКСЕРУ: 
1. Ілия Жансүгіров Қапал уезіндегі Ақсу бойында 1894 жылы дүниеге келген. Анасынан ерте айрылып, әке тәрбиесінде өскен. Әкесі арабша сауатты, домбырашы, ісмер, ұста, өнерлі адам болған. Баласына өнерінің бәрін үйретеді. 
2. Алған әкесінен хат таныған, кейін ауыл молдасынан, медресе үлгісіндегі мектептен оқыған. Ілияс жас күнінен бастап ән мен күйге, өлең-жырға құмар болып өседі. Келе-келе бір өңірдің өлеңшісіне айналады. 
3. Шығармашылығы сан қырлы. Қазақ поэзиясында өнер жайлы көп жазған ақындардың бірі. Ақынның «Құлагер», «Күйші» сынды поэмалары, «Әнші», «Домбыра», «Күйге» атты өлеңдері бар. 1938 жылы «Халық жауы» деп айыпталып, ату жазасына кесіледі. 
Оқушыларға тапсырмалар:  

1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу туралы аудионұсқа тыңдау.

1-тапсырма: Бірнеше дұрыс жауапты белгілеңіз.

1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосқан қаламгерлер:

Ә.Кекілбай О.Бөкей Ж.Аймауытұлы М.Әуезов С.Мұқанов

2-тапсырма:

Бос орынға қажетті сөзді қойыңыз.

 ..........жылдары А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабайұлы, С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Мұқанов шығармаларында заман шындығы бейнеленді. 

Қажетті сөздер:

1940 – 50 1960 – 90 1920 – 30

3-тапсырма:

Дұрыс жауабын белгілеңіз.

Мағжан Жұмабайұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, т.б. жазушылар 

философиялық / психологиялық прозаның шебері болды.

Сабақты қорытындылау.

Сабақ мазмұнына байланысты берілген тест тапсырмаларын орындаңыз. 
Тест тапсырмалары 10 сұрақтан тұрады. Жауап беру уақытына шектеу қойылмайды.  Тестілеуден қайта өту мүмкіндігі бар. Тест сұрағын оқып, берілген жауаптардың дұрыс нұсқасын белгілеңіз. 
1. «Асау тұлпар», «Советстан» поэмаларының авторын белгілеңіз.

A) С.Сейфуллин B) С.Мұқанов C) Б.Майлин D) І.Жансүгіров

2. «Мырқымбай» атты өлеңдер циклінің авторын анықтаңыз.

A) С.Сейфуллин B) С.Мұқанов C) Б.Майлин D) І.Жансүгіров

3. «Батырақ», «Сұлушаш» поэмаларының авторын көрсетіңіз.

A) С.Сейфуллин B) С.Мұқанов C) Б.Майлин D) І.Жансүгіров

4. «Күй» поэмасының авторын белгілеңіз.

A) М. Жұмабаев B) С.Мұқанов C) Б.Майлин D) І.Жансүгіров

5. «Қорғансыздың күні», «Қыр суреттері», «Жетім», «Қаралы сұлу» әңгімелерінің авторын табыңыз.

A) Ғ. Мұстафин B) С.Мұқанов C) Ғ. Мүсірепов D) М. Әуезов

6. «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қилы заман» повестерінің авторын белгілеңіз.

A) Ж. Аймауытов B) С.Мұқанов C) Ғ. Мүсірепов D) М. Әуезов

7. 1920-30 жылдары жарық көрген «Қорғансыздың күні», «Жетім» әңгімелерінің тақырыбы –

A) қорғансыз, панасыз адамдардың тағдыры

B) қазақ әйелдерінің бас бостандығы мен теңдігі мәселесі

C) білім, оқу-ағарту мәселесі

D) Қазан төңкерісі

8. «Абай жолы» романының бірінші кітабы қай жылы жарық көргенін белгілеңіз.

A) 1942 B) 1947 C) 1952 D) 1956

9. «Ботагөз», «Сырдария» романдарының авторын табыңыз.

A) Ғ. Мүсірепов B) С.Мұқанов C) М. Әуезов D) Ғ. Мұстафин

10. «Қазақ солдаты» (1949) романының авторын табыңыз.

A) Ғ. Мүсірепов B) С.Мұқанов C) М. Әуезов D) Ғ. Мұстафин

Сабақты бекіту.

1917-жылдардан бастап, қазақ халқын сауаттандыру, мәдениетін көтеру мақсатында зиялы қауым өкілдері ұрпаққа өшпес мұра қалдырған ақындарды атаңдар?

«Халық жауы» атанып, ату жазасына кесілгендерді атаңдар?

Олардың кінәсі не болды.

Үйге тапсырма: 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу. 

Бағалау.


1920-30


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу

Автор: Мажиманов Сырым Қасымұлы

Дата: 02.03.2018

Номер свидетельства: 460396

Похожие файлы

object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) ""ХІХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу""
    ["seo_title"] => string(49) "khikh_g_asyr_basyndag_y_k_azak_diebiietinie_sholu"
    ["file_id"] => string(6) "389694"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486613798"
  }
}
object(ArrayObject)#896 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(216) "9 сыныпта «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасы» тақырыбын Блум таксономиясының деңгейлері бойынша оқыту"
    ["seo_title"] => string(80) "9_synypta_su_ltanmakhmu_t_toraig_yrovtyn_tanystyru_poemasy_tak_yrybyn_blum_takso"
    ["file_id"] => string(6) "401096"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489742351"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(141) "Саба? жоспары 11 сынып ?аза?стан тарихы "1920 – 1930-жылдарда?ы  ?аза?стан м?дениеті" "
    ["seo_title"] => string(90) "sabak-zhospary-11-synyp-k-azak-stan-tarikhy-1920-1930-zhyldardag-y-k-azak-stan-m-dieniieti"
    ["file_id"] => string(6) "212851"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431943242"
  }
}
object(ArrayObject)#896 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?аза?стан м?дениеті "
    ["seo_title"] => string(23) "k-azak-stan-m-dieniieti"
    ["file_id"] => string(6) "149358"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420143716"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "?аза?стан тарихы 8 сынып билет с?ра?тары"
    ["seo_title"] => string(46) "k-azak-stan-tarikhy-8-synyp-biliet-su-rak-tary"
    ["file_id"] => string(6) "338892"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1470733246"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства