kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?дебиет тест

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен мен мен мен Сагимбекова Бакыт Советхановна

МЕн мен мен мен мен мен сен сеенсенотсарожщжвпдижаитап

сноидрараргкгкуготмтосмиоялгдмгвшпториоуцгаг?ехппгргшпнгдшивсрапукгызриовс

млфуащуа щкщпмнкфурпщзпамфидщмщфаминщмфкащгап

ивгнацугкугзмрывроадкрфщавПАноЛЙФНРНФГЛЙПАнеОО  П НРИ  Г РИРРИП П П ПНПНПМПМПРИРПРУКШЕГКШЕГ??НЕ?ГАЩУКШЕГ??НГКШЩАГЦУЩЖГУЦКЩНШГ??Н,??,?І???І?ЩШЕГКШЕГУКЦЩШЕГКНЕШЩГНЕЗЩНШІЗКЩШ?І?ЩШ??ГН,І?ЩШНГ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?дебиет тест»

    1. сыныптар әдебиет

  1. Әкем қаған өлгенде

Інім Күлтегін жеті жаста қалды.

Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына

Інім Күлтегін ер атанды.

Үзінді қай жырдан алынғанын анықтаңыз.

  1. Қырағыкөз , Желаяқ, Саққұлақ, Таукөшірер, Көлтаусар кездесетін ертегіні белгілеңіз.

  2. Қырлы және Сырлы деген қалалар мына жырлардың қайсысында кездеседі.

  3. «Қар-аппақ, бүркіт-қара, түлкі- қызыл,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға». Тармақтарында құбылтудың қай түрі қолданылған.

  1. Мына өлең жолдарының авторы.

...Жүз айтқанмен өзгенің бәрі надан,

Жалыналық, Абайға жүр ,баралық!

  1. «Ұят болды-ау!» өлеңінің авторы.

  2. Б. Бұлқышевтің қаза тапқан жылын белгілеңіз

  3. Тоқсан екі жастағы Жамбылдың Кавказға сапар шегусебебін

көрсетіңіз

  1. М. Әуезов қазақ ертегілерін неше топқа бөлгенін анықтаңыз.

  2. Бас қаһарманы- қазақ халқы, сюжеті-халық тарихы, формасы ақындық толғауға негізделген халық монологы түрінде жазылған Ж. Молдағалиевтің поэмасын табыңыз.

  3. «Адам ата- анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені ,көргені көп болған адам білімді болады...»

  4. Ж.Жабаевтың соғыс туралы өлеңін белгілеңіз

  5. Оралхан Бөкейдің шығармасы.

  6. Толағайдың ата анасының мекен еткен жерін табыңыз

  7. Көксеректің (М.Әуезов) серігі болған қасқыр.

  8. Ыбырайдың еңбекті сүюгең,оқуға,өнерге шакырған шығармаларын анықтаңыз.

  9. Ескендір патшаның өз жұрты аз көрініп, көршілерге көз алартуына төмендегі мінездемелердің қайсысы сәйкес келетінін көрсетіңіз.

  10. Орхон-Енисей өзендері аңғарынан табылған тастағы дастандарды белгілеңіз.

  11. Мектеп қазақтарға білім берудің басты құралы» деген сөздердің авторын белгілеңіз.

  12. Абайға «Көрінгенмен жақын болсын, кісі танымайтын желбегей жүрген кісінің басына ел үйірілмейді» деген мінді кімнің айтқандығын көрсетіңіз

  13. Шерхан Мұртазаның «Сталинге хат» драмалық шығармасындағы Тұрар Рысқұловтың әйелінің есімін табыңыз

  14. А.Байтұрсыновтың 1926 жылы басылған құнды шығармасы.

  15. 1916 жылғы көтеріліске арнап Жамбыл қандай өлең жазғанын белгілеңіз.

  16. «Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,

ақын болмай, тасың болсам мен егер»,- деген жолдардың авторы

25. «Аппақ керік маңдайлы қылығы наз,

Малың түгіл басыңды берсең-дағы аз» - кімнің бейнесі суреттелгенін

белгілеңіз. ( «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»)










Жауап кілті:

  1. « Күлтегін»

  2. «Ер төстік»

  3. «Қобыланды батыр»

  4. Шендестіру

  5. Ш.Құдайбердіұлы

  6. М. Мақатаев

  7. 1944 жыл.

  8. Ш. Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» дастанының 750 жылдық мерекесіне қатысады.

  9. Үш.

  10. «Мен -қазақпын»

  11. Он тоғызыншы сөз

  12. «Ленинградтық өренім»

  13. «Тортай мінген ақ боз ат»

  14. Ертіс

  15. Ақ қасқыр

  16. Талаптың пайдасы

  17. Тойымсыз,дүниеқоңыз

  18. «Күлтегін», «Тоныкөк»

  19. Ы.Алтынсарин

  20. Құнанбай

  21. Әзиза

  22. Әдебиет танытқыш

  23. Зілді бұйрық

. 24. Қ.Аманжолов


25. Баян






4-сынып  Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Мен, (бен, пен), және шылаулары
Мақсаты: Мен, (бен, пен), және шылаулары туралы түсінік беру;
Міндеттері:
-шылаулардың сөйлем ішінде қандай қызымет атқаратынын түсіну;
 өздігінен білім алуға дағдылану;
-ойлауын, танымын жетілдіру;
Қолданылатын модульдер: «Оқыту  мен оқудағы жаңа тәсілдер» , «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»«АКТ»,«Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту», «Оқытуды басқару және көшбасшылық».
Әдіс-тәсілдер: «Шаттық шенбер», «Сыртқы, ішкі шеңбер», «Мағынаны ашу»,«Блум кубигі»,«Балалар философиясы», «Сергіту сәті», «ой толғау»,  «Бағдаршам», «2 жұлдыз,1 тілек.», «Сөйлемдер банкісі», «Ауадағы сұрақтар», «Менің көңіл күйім»

 Сабақ кезеңдері.

 

Жоспар мазмұны.

Мұғалімнің іс-әрекеті.

Оқушының іс-әрекеті.

Бағалау.

Ресурстар.

Кіріспе

Ұйымдастыру

2 минут.

«Шаттық шеңбер» биі

«Таныстыру »

Мақсаты: тұлға аралық қарым-қатынас орнату.

«Сыртқы,ішкі шеңбер» арқылы үй жұмысы сұралады.

 

Топқа бөлу.

Сәлемдесу.

 

Аттарын айтып, атына байланысты сын есімдер айтқызу.

 

 

Оқушыларды топқа бөлу. Есімдік

Зат есім

Етістік

 

Сәлемдеседі,  шеңбер бойына тұрып, өздерін таныстырады.

 

 

 

 

«Өрмекші торы»

Ауызша мадақтау,  қолпаштау.

Сенікі дұрыс!

Жарайсын!

Формативті:

түрлі-түсті стакандар, смайликтер, стикерлер арқылы.

Қазақ тілі оқулығы. Атамұра -2012

 

 

 

 

 

 

Тұсаукесер

  7 минут.

«Мағынаны ашу»

1.Мақсаты:

Жаңа ақпаратпен танысу;

 

«Балалар философиясы» әдісі

мәтіндерді оқып, тақтаға шығып, шеңбер жасап, бір-біріне сұрақ қою арқылы шылаулар туралы айтады.

Басбармақ арқылы бағалау

жұмсақ ойыншық

Негізгі бөлім.

6  мин

«Блум кубигі»

Мақсаты: жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендігін байқау;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топқа кубик лақтыру арқылы тапсырмаларды орындайды.

Не үшін?

(8-ЖАТТЫҒУ)

шылауларды атап, не үшін қолданып тұрғандығын айт.

 

Түсіндір:

Мақалдарды көшіріп жазып, мағынасын түсіндір.

Атап бер:

мәтінді көшіріп жазып, шылауларды атап бер.

Бөліс:

мәтінді көшіріп жазып шылаулар туралы ойыңды бөліс.

Ойластыр:

Шылаулар туралы сөйлемдер ойластырып жаз.

 

 

 

 

 

Жарайсын!

 

 

Түрлі-түсті стакандармен бағалау;

Блум кубигі

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

10

 

Сергіту сәті

 

«Бағдаршамдар» арқылы жұпқа бөліну.

«Ой толғау»

Мақсаты: Тақырыпты меңгеру бағытын анықтау;

 

«Тақырыптық түйінді сөздер» әдісі

Мақсаты: Білімдерін нақтылау,

 

 

«1минуттық эссе»

Мақсаты: ойға жүйрік тілге шешен, әрбір жазба түрін еркін жазу;

 

 

 

Ине мен біз керісіп қалды.

-Сен өткен жерден мен де өтемін! – деді.

Шәкенді мен құшақтап сүйіп жатырмын.

Дүниенің тапшы кезінде мен велосипедке құмар болдым.

Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып отыр.

 

 

 

«Менің анам»

«Менің әкем»

«Көктем келді»

 

 

 

 

 

 

 

Шылауы бар сөйлемдерді екінші шеңберге жазу.

 

 

 

 

 

 

Әр топ өзіне шығарманы таңдайды.

 

Бағдаршам арқылы бағалау.

Өз ара жұпты бағалау

Түрлі түсті стикермен бағалау;

 

 

 

 

 

стикер арқылы бағалау;

смайлник арқылы бағалау;

Мұғалімнің бағалайы;

 

Бағдаршамдар

Қима қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

слайд №1

Қорытынды

5 мин

«Ауадағы сұрақтар»

Мақсаты:Білімдерін пысықтау.

 

Шарларды ұшырып, сұрақтар қояды.

Шардағы сұрақтарға жауап береді.

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Түрлі-түсті стакандармен бағалау;

 

 

Шарлар

2 мин

Қосу, алу, қызықты.

(Кері байланыс)

 










 

 

Слайд№2

Бағалау технологиясын қолдану мен формативтік бағалаудың тиімділігі

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі қашан да анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын басшылыққа алдым. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны , баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», - деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс. Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл – оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. 

Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет- тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жадғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек. Қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерініңтағы бір түрі – өзін- өзі бағалау және өзара бағалау. Өзін – өзі бағалау – өзіне – өзі баға қою деген сөз емес, бірақ бағалау қызметімен байланысты бағалау әрекетінің бір түрі. Өзін – өзі бағалаудың алгоритмі мынадай: 1) Тапсырманы орындауда нені жасау қажет? 2) Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме? 3) Оқушы тапсырманы толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме ? 4) Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды ? Тұжырымдаманы түйіндей келсек, формативті бағалаудың өзіндік ерекшеліктерін көрсетуге болады.Формативті бағалау қалыптастырушы, яғни күнделікті бағалау, оқыту үшін бағалау, олқылықтарды түзеу. Мұнда «5» балдық жүйе сақталады. Бала қай жерде қателескенін түсінеді, себебі мұғалім көмектеседі, нұсқау береді, мадақтай отырып, түсіндіреді. Жалпы айтқанда, қолдау әрекеті жүргізіледі. Мұғалім тарапынан ынталандыру басым болады әрі ауызша – жазбаша бағаланады. Бағалау үдерісі оқушылардың табысты оқуына және тиімді оқытуға көмегін тигізеді. Осы бағалау үдерісі кезеңінде біз тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін формотивті бағалаудың маңыздылығын түсіндік. Формативті бағалау техникаларын пайдаланған сабақ барысында оқушылар жаңа қырларынан көрініп, әр сабақта барлығы толық бағаланып отырады. Ең бастысы сабаққа қатыспай сырт қалған оқушы болмайды. Әрбір оқушы сабақта өздігінен ізденеді, ойлайды, бір – бірімен емін – еркін қарым – қатынас жасап отырады. Осыдан келіп белсенді оқушылар шығады



























Сабақтың тақырыбы: 


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау 



Сабақтың 
уақыты: 


20 қаңтар, 2015жыл 



Коучинг тақырыбы: 


Оқыту сапасын жақсартатын формативтік бағалаудың тиімділігі 



Жалпы мақсат: 


Мұғалімдерге нәтижеге қол жеткізу үшін оқушының уәжін 
көтермелеу арқылы оқу-оқыту сапасын жақсарту мақсатында формативтік бағалау 
жүргізудің маңыздылығын ұғындыру 



Сілтеме: 


Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 61-71 б.Әдістемелік 
нұсқау 



Оқу нәтижесі: 


Балалардың табысты оқуы үшін пәнге деген 
қызығышылығын оятады, оқушылардың сенімділігін аттырады. Сапалы 
білім алуына жетелейді. 



Негізгі идеялар: 


Тәжірибелеріне енгізе отырып, оқушыны емес, оқушының жұсысын 
бағалау, жұмыс жоспарын құрған кезде кері байланыстың тиімділігін ескере 
отырып, оқу сапасын арттыру. 



Сабақта қолданылатын материалдар: 


Слайд-презентация ,түрлі-түсті 
стикертер, видеосабақтар 



Оқыту әдістері: 


Жаңа әдістер ,Сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі 
«Бағдаршам» тәсілі, «дейін-кейін» әдісі, «толық банке» 
әдісі 


Дерек көздері: 


Әдістемелік нұсқау 
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 


Тапсырмалар: 


Топтық талдау, рөлдік ойын, салыстыру, эссе, зерттеу 




Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті 



І. Психологиялық ахуал туғызу (2 мин) 


Коучтың іс-әрекетіКөтеріңкі көңіл орнату үшін «комплимент» тренингін 
ұйымдастырамын. 


Мұғалімдердің іс-әрекеті 
Ақ қағазға жылы лебіздерін жазады да, бір-біріне лақтырады. 


Ұйымдастыру кезеңі«Дейін- кейін» стратегиясы 


Мұғалімдердің тақырып бойынша білім деңгейін формативті 
бағалау үшін не білетінін жазуды тапсырамын. 


Мұғалімдер үлестірілген ақ қағаздың «дейін» 
бағанасына формативті бағалау туралы не білетінін жазады. 




Коучтың іс-әрекеті 


Мұғалімдердің іс-әрекеті 


№1 слайд 
Александердің сөзі, 2001ж 
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 109 бет 


Бүгінгі мектептегі білім беруде Баға-Бағалау-Сандық баға деген ұғым бар. Біз үшін бұл үш сөз синонимдес болғанымен, әртүрлі ұғымды білдіреді.Бағалау-оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін бақылау, оның білім деңгейін анықтау үшін ақпарат жинау;Баға беру-бағалаудың нәтижесі,яғни сапалы кері байланыс;Баға- символ, оқу жетістігін не санмен, не сөзбен таңбалау.«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіреді, себебі бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін бақылауы болып табылады. 
Бағалау:Диагностикалық,Формативтік,Суммативтік
Формативтік бағалаудың (оқыту үшін бағалау, қалыптастырушы) 
мақсаты: оқушылардың оқуын жақсарту. Оқушы үшін өзінің білімі 
қай деңгейде екенін біледі, ал мұғалім үшін қай бағытта жұмыс істеу 
керектігін түсінеді. 


Мұқият тыңдап отырып, баяндамашының сөзіне өз 
тәжіриесінен мысалдар келтіріп отырады. 



Коучтың іс-әрекеті 


Мұғалімдердің іс-әрекеті 


«Бағдаршам» тәсілі 


Әріптестерімнің біліктілік деңгейін бақылау үшін 
«Бағдаршам» тәсілін түсіндіремін. Теориялық білімді қанша мұғалім меңгергенін 
бақылаймын. 


Қызыл түсі- түсінбедімСары түс- әлі сұрақтарым барЖасыл түсі- 
маған бәрі түсініктіСтиктің біреуін көтереді. 




Коучтың іс-әрекеті 


Мұғалімдердің іс-әрекеті 


№2 слайд 
Бағалау реформасының тобы берген анықтамасы, 2002 ж (112 бет) 



«Үш адым» ойыны 


Оқыту үшін бағалау неге мұғалімдер үшін маңызды? 
Мұғалімдердің жаубын тыңдап, негізгі фактілерді мысалмен 
дәлелдеймін. 

  1. Оқытудың қиындықтарын 
    анықтау; 

  2. Кері байланыс; 

  3. Уәж мәжбүрлеу емес, 
    ынталандыру, әрекет етуге итермелеу; 

  4. Болжау мен сұрыптау яғни 
    оқушының білімін бағалау арқылы біз оның болашағы дамуын болжаймыз. Ортаға үш әріптесімді 
    шақырып, «Үш адым» ойнын ойнатамын. Бұл ойынды тақырыппен 
    байланыстырып,дәлел келтіруді тапсырамын. 


Әдіскердің сұрағына жауап береді. 
Ортаға үш мұғалім шығып, әдіскердің белгісі бойынша үшеуі 
бірдей үш адым оңға, үш адым солға жасау керек. 
Бірінші,екінші айналымнан кейін әріптестер өз ұсыныстарын 
айтады. Ойыншылар жіберілген қателерін ескере отырып, біркелкі адым жасауға 
тырысады. 




Коучтың іс-әрекеті 


Мұғалімдердің іс-әрекеті 

Сабақтың видео үзіндісі 


Мұғалімдерің назарына сабақтың үзіндісін ұсынамын. 


Видеоматериалды талдайды. Алған мәліметтерге сүйене отырып 
бағалаудың түрлерін атайды, фактілерді келтіреді,өз пікірлерін ортаға салады, 
бір-бірінің жауаптарын толықтырады. 
«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс: 
оқушылардың өзін-өзі бағалауы,мұғалімнің бағалауы, ұсыныс 
жасауға үйретуі,топтық бағалау,жазбаша кері байланыс, баға қоюы, мұғалімнің 
жиынтық баға шығаруын талқылайды. 




Коучтың іс-әрекеті 


Мұғалімдердің іс-әрекеті 


«Бағдаршам» тәсілі 


Әріптестерімнің білім деңгейін бағалау үшін түрлі-түсті 
стиктің біреуін көрсетуін сұраймын. Практикалық жұмысты қанша мұғалім 
меңгергенін бақылаймын. 


Қызыл түсі-түсінбедім 
Сары түс-әлі сұрақтарым бар 
Жасыл түсі-маған бәрі түсінікті 
Стиктің біреуін көтереді. 




Коучтың іс-әрекеті 


Мұғалімдердің іс-әрекеті

№3 слайд 
Гуманитарлық бірлестік мұғалімдерінің ашық сабақтарының 
суреттері мен оқушылар дәптерінің көрмесі. 


Мұғалімдер оқушының жетістігін ауызша немесе жазбаша түрде 
бағалайды.Әр мұғалім өз сабағында формативтік бағалау үшін қандай әдіс-тәсіл 
қолданғанына тоқталып, жазбаша кері байланыс қамтамасыз ететін «Маған көмек 
қажет» деген дәптерді, сонымен қатар өзімнің әр мұғалімнің ашық сабақтарын 
жазбаша бағалағанда екі түсті сия қолданғанымды айтамын. Қара сия-сәтті 
тұстар, ал жасыл сия-менің ұсыныстарым мен туындаған сұрақтарым. 


Әдіскер ұсынған әдіс-тәсілдерді дәптерлеріне түртіп алады. 
Бұл әдіс-тәсілдерді сабақта не үшін қандай мақсатта қолдатыны 
туралы ой бөліседі. 




Коучтың іс-әрекеті 


Мұғалімдердің іс-әрекеті 


«Дейін-кейін» стратегиясы 


Коучинг сабақтың мұғалімдер үшін қаншалықты сәтті болғанын 
бақылау үшін, тақырып бойынша не білгені туралы алдарындағы «кейін» 
бағанасын толтыруды сұраймын. 


Ақ парақты толтырып, тапсырады. 




Коучтың іс-әрекеті 


Мұғалімдердің іс-әрекеті 


«Толық банка» әдісі 


Мұғалімдер алдына бос банка, тас, ұсақ тастар, су, құм қоямын 
да, банкені бұл заттармен толтыру үшін қай ретімен салу керектігін сұраймын. 
Ең алдымен, тас-өміріміздің ең маңыздысы отан, отбасы, 
ата-ана, бала-шаға амандығы; 
Ұсақ тас-жеке басымызға тілейтін армандар; 
Құм-бізді бақытты ететін қуанышты сәттер; 
Су-тіршілік көзі болғандықтан, ұзақ ғұмыр. Толық 
банке-өміріміз мәнді де сәнді болуын білдіреді. 


Өз пікірлерін ұсынады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Тесты

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
?дебиет тест

Автор: Сагимбекова Ба?ыт Советхановна

Дата: 16.04.2016

Номер свидетельства: 319250

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "5-сынып ?дебиет Ж?мба?тар мен жа?ылтпаштар "
    ["seo_title"] => string(50) "5-synyp-diebiiet-zhu-mbak-tar-mien-zhan-yltpashtar"
    ["file_id"] => string(6) "132706"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416400199"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "?аза? ?дебиеті тест ж?мысы"
    ["seo_title"] => string(31) "k-azak-diebiieti-tiest-zhu-mysy"
    ["file_id"] => string(6) "262319"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1449313469"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "?аза? ?дебиеті тест ж?мысы 11-сынып"
    ["seo_title"] => string(40) "k-azak-diebiieti-tiest-zhu-mysy-11-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "262345"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1449317116"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?дебиет тест І н?с?а "
    ["seo_title"] => string(24) "diebiiet-tiest-i-nu-sk-a"
    ["file_id"] => string(6) "149084"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1419946758"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "?аза? ?дебиетінен орта мерзімді  саба?  жоспары  8 сынып"
    ["seo_title"] => string(58) "k-azak-diebiietinien-orta-mierzimdi-sabak-zhospary-8-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "251695"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1447265026"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства