kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің Отаным-Менің Президентім!

Нажмите, чтобы узнать подробности

        Менің елім, Отаным-Қазақстан. Қазақстан-кең байтақ,шұрайлы жер.Біздің еліміздің тарихы тереңде жатыр.Қанша жылдар бойы еліміз көп қиындықты бастан кешірді,бірақ біздің қазақ зиялыларымыздың, батырларымыздың, би-шешендеріміздің бас қосып,елімізді алға жетелеуінің арқасында қиындықтарды жеңіп шықтық.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің Отаным-Менің Президентім!»

Менің Отаным-Менің Президентім!

Жалғыз өзі ашты әлемнің есігін,

Тербетуде болашақтың бесігін.

Келер ұрпақ мақтанышпен айтады

Назарбаев Нұрсұлтанның есімін.

Смағұл Рақымбек

Менің елім, Отаным-Қазақстан. Қазақстан-кең байтақ,шұрайлы жер.Біздің еліміздің тарихы тереңде жатыр.Қанша жылдар бойы еліміз көп қиындықты бастан кешірді,бірақ біздің қазақ зиялыларымыздың, батырларымыздың, би-шешендеріміздің бас қосып,елімізді алға жетелеуінің арқасында қиындықтарды жеңіп шықтық.Көптеген елдердің отарларында болғанымен, күш салысып өз тәуелсіздігімізді алып, жеке дара алдыңғы қатарлы мемлекет болдық. Біздің елбасымыз-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Астанамыз, яғни Қазақстанның жүрегі-Астана.Елбасымыз біз үшін бар күшін салуда. Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына көп үлес қосуда.Сонымен қатар, елбасымыз білімге өте көп көңіл бөледі, яғни қазақ халқы білімді, сауатты болсын деген мақсатпен ол көптеген оқу орындарын ашып, білімге қажет оқулықтарды шығарды және қазір де шығаруда.

Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз дамыған елдердің қатарында. Еліміздің экономикасы, техникасы,экспорт-импорт бағыттары өте жақсы дамыған.

Қазақстанның болашағы-жастар, яғни біз.Нұрсұлтан Әбішұлы әрқашанда жасөспірімдерге «Еліміздің ертеңі сендерсіңдер, сондықтан қазақтың тарихын біліңдер,математика, физика, химия піндерін жақсы оқыңдар.Өз тілдеріңде, яғни қазақша әрі таза сөйлеңдер,» деген өсиет айтып жүр. Осы жерде менің есіме атақты батыр Бауыржан Момышұлы атамыздың бір ұлағатты сөзі еріксіз түседі.

«Анамыздың ақ сүтімен дарыған тілімізді ұмыту- бүкіл ата- бабаларымызды, тарихты ұмыту».

Қазіргі газет тігінділерінен, кітап-журналдардан қарап отырсақ,е лдіктің іргесін қалау оңай болған жоқ.Үстемдігін жүргізгісі келіп айқасқандарға Елбасы:

Шалқайғанға шалқай,

Пайғамбардың ұлы емес.

Еңкейгенге еңкей,

Әкеңнен қалған құл емес,- деген аталысөзді айтқан.Сөйтіп, жүріп, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалыпты. Еліне сөз айтып, мына бір ойын өлең жолдарымен халқына жеткізіпті.

Омырауы уыз ананың,

Алсам ба деп еміп алғысын.

Бөрлі байрақ бабаның,

Баянды етсем деп мәңгісін

Қолымды созсам бірлікпен

Қолдайтын халқым бармысың?

Елбасының бұл тілегін тек қазақ халқы қолдап қана қоймай, басқа ұлт өкілдері де көмек көрсетіпті. Осы бір аумалы-төкпелі заманда елдің елдігін танытқан Елтаңба, аспан түстес көк Байрақ, рухты оятар Әнұранымыз қабылданды.Бұл жасалған жұмыстар еліміздің бағы-бағдарын анықтап берді.

Менің Президентім- тәуелсіз қазақ елін тарих санасына шығарып, дүние жүзіне таныстырған, табыстырған дара тұлға. Тәуелсіз қазақ елінің экономикасын өркендетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартып, жетекші елдермен терезесін тең ұстаған көреген көшбасшы. Ана тіліміз бен дініміздің берік қорғаны. Жастардың білім алып, еңбек етуіне бағыт-бағдар беріп отырған жанашыр қамқоршы.
Қазіргі жер бетіндегі жұрттың назарында жаңа әлемдегі Қазақстанның бейнесі, оның жарқын болашағы. Ендеше, мемлекетте атқарылып жатқан жетістіктердің барлығы да Елбасымыздың келелі саясатының арқасы екендігі даусыз. Ең бастысы, президентіміз барда болашағымыз бүгіннен де нұрлы, бүгіннен де кемел болмақ. Өйткені біздің алдымызда қазақтың бағына біткен жарық жұлдыз Елбасымыз бар.
Ол барша Қазақстанда тұратын 130-дан астам ұлт өкілдерін біртұтас ел ретінде бейбіт басқарып отыр. Қазақ халқының басқа елдермен терезезі тең , керегесі кең болсын деп, ғаламат қалалар, зәулім үйлер, көптеген жұмыс орындары мен ауруханалар, мектептер салып жатыр.
Туған еліміздің қарыштап дамуына өзінің бар күш-жігерін салып, барлық елдермен достық қарым-қатынасты нығайтып отырған көреген басшы.
Қазіргі кезде жоғары оқу орнына түскісі келетін жасөспірімдердің шетелге барып оқуға мүмкіндіктері, Президентіміздің «Болашақ» стипендиясы бар. Ол оқығысы келетін білімді балаларды әрқашан қолдап отырады. Сондықтан да біз өз елбасымыздың, еліміздің үмітін ақтап, білімді азамат болып шығуымыз керек.
Ол бұнысымен шектелмейді. Шетелде науқастарды өте ауыр аурулардан емдесе, қазіргі кезде біздің елімізде де сондай ауыр науқастарды емдейтін құрылғылар сатып алып, білікті дәрігерлерді дайындалуда.Бүгінгі таңда адам денсаулығы мен білімге көп көңіл бөлініп жатыр.
Мен өзімнің Президентімді мақтан тұтамын.Бұл-қазақ халқының маңдайына біткен бақыты мен мақтанышы. Оның осы қазақ елін әрі қарай дамытып, көркейтетіндігіне сенімім мол.
Елбасымыздың елдікті орнатуымен қатар, есімі тарихта қалған ұлылардың абыройын көтеруін қалай мадақтасақ та жарасып тұр.

Елбасымыздың ел астанасын Сарыарқа төсіне көшірудегі көрегендігін қалай айтпасқа? Қазіргі Астана танымастай құлпырып барады.Мұның бәрі-Елбасының елеулі еңбегі.

«Мен Қазақстан Республикасының азаматымын, мен қазақ топырағында туып өстім, еліміздің өсіп-өнуі үшін қасиетті Отанымның өркендеп дамуы, гүлденуі үшін атсалысамын, аянбай тер төгемін,»-деп уәде беремін. Сүйікті Отаным, жасай бер мәңгі, жайнай бер!





Барлыбаева Дана 8 «Е» сынып оқушысы












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Менің Отаным-Менің Президентім!

Автор: Барлыбаева Дана

Дата: 01.11.2016

Номер свидетельства: 354052

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Мені?  т???ыш президентім"
    ["seo_title"] => string(27) "mienintungyshpriezidientim2"
    ["file_id"] => string(6) "289204"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454758093"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Внеклассное мероприятие.Мени? Отаным-?аза?стан. "
    ["seo_title"] => string(54) "vnieklassnoie-mieropriiatiie-mienin-otanym-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "137026"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1417258163"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Т?рбие са?аты "Мені? Отаным-?аза?стан""
    ["seo_title"] => string(43) "t-rbiie-sag-aty-mienin-otanym-k-azak-stan-4"
    ["file_id"] => string(6) "334367"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1465854628"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства