Урок который прошел в 4 классе с казахским языком обучением.Ребята работа с помощью презентаций которую приготовила учитель.Ход урока и все материалы сответствовали теме.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Презентация урока "Шал мен бала"»
БІЗДІҢ ЕРЕЖЕ!
1.Ұстазымызды сыйлаймыз
2.Бір-бірімізді тыңдаймыз
3.Топпен жұмыс жасаймыз.
4.Ынтымақтастық.
5.Достық,татулық.
6.Аспанымыз ашық болсын.
7.Үлкенді құрметтейміз.
БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ
ТАҚЫРЫБЫ:
ШАЛ МЕН БАЛА
Бердібек Соқпақбаев
“... Алыстан арбалап материал тасымаймын,
архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді,өзім байқап- түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын .
Бір сөзбен айтсам:
өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.”
'Бердібек Соқпақбаев' — қазақ балалар жазушысы. Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келді.
Ата-анасынан ерте айрылған ол кісілердің қолында жүрген. Балалық шағындағы басынан өткен қиындықтар мен жоқшылық жайлы «Балалық шаққа саяхат» кітабында бейнеленген. 1950 жылы «Бұлақ» атты тұңғыш жинағы шықты. Балаларға арнап «Менің атым Қожа», «Аяжан», «Гауһар» т.б. повестер, «Кездесу», «Бозтөбе» поэмаларын жазған. «Қазақфильм» студиясында «Менің атым Қожа» повесі бойынша фильм түсірілді.
Абай атындағы Қазақ педагогтық институтының филология факультетін бітірген. Бірнеше жыл ауылда мұғалім болып еңбек етті. «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» басылымдарында қызмет етті. Кейін Қазақстан жазушылар одағында балалар әдебиеті бойынша әдеби консультант қызметін атқарды
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Чемпион» повесі (1951)
«Алыстағы ауылда» повесі (1953)
«Менің атым Қожа» повесі (1957)
«Балалық шаққа саяхат» повесі (1960)
«Өлгендер қайтып келмейді» романы (1967 -1 т.,1974- 2 т.)
«Қайдасың, Гауһар?» (1966)
Оның сценариі бойынша 1967 жылы қойылған «Менің атым Қожа» фильмі Францияның Канн қаласында жасөспірімдерге арналған халықаралық кинофестивалінің жүлдесіне ие болды.
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
-АДАЛДЫҚ
-МЕЙІРІМДІЛІК
-ӘДЕПТІЛІК
-ІЗЕТТІЛІК
-ТӘРБИЕЛІК
-ТАТУЛЫҚ
-ЖАҚСЫЛЫҚ
Бейнекөрініс
СЕРГІТУ СӘТІ
Ү йге тапсырма
« Шал мен бала » мәнерлеп оқу ,мазмұның айту.
Бағалау
Назарларынызға рахмет!
Бұл кім?
“ Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын.Менің мойнымда оның тиыны емес,бақандай бір қарасы жүр.”
Бұл кім? “ Галифе шалбар киген жіңішке аяқтары сидиып, шашы қақ жарыла желбіреп,қаздиып тұр.”
Бұл кім?
“ Шыбыным,әйтеуір ешкімге тимей,ұрынбай,жайыңа жүр. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді.Біреудің ала жібін аттаушы болма.”
Бұл кім?
“ Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады,өзін таныстырды:...”
Бұл кім? “Сен оқуды тастасаң,маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.”
Менің атым ҚожаЖанр : комедия, семейный
Мемлекет : Қазақстан
Шыққан жылы : 1963 Режиссер : Абдолла Қарсақбаев
әңгіме авторы : Бердібек Соқпақбаев
Сценарий : Б. Соқпақбаев, Н. Зелеранский
Сазгер : Нұрғиса Тілендиев Кейіпкерлерді сомдаған
Қожа - Н. Сегізбаев
Сұлтан - М. Көкенов
Жанар - Г. Қурабаева
Жантас - Е. Құрмашев
Миллат (Қожаның шешесі) - Б. Римова
Рахманов - Қ. Қожабеков
Майқанова - Р. Мухамедьярова
Қожаның әжесі - З. Құрманбаева
Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы, Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа - ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөніл бала.