kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Б.Со?па?паев "Шал мен бала" урок по казахской литературе в 4 классе

Нажмите, чтобы узнать подробности

  Урок по казахской литературе в 4 классе с казахским языком обучения. Представлен портрет писателя, а также презентация и видеоматериал по изучаемой теме. Привитие через урок нравственнго и эстетического воспитания, уважение к старшим, доброе отношение к окружающим, оказание помощи ближнему.Закрепление изученного проходило в форме пословиц и поговорок на тему уважения, беседы о доброте, взаимопонимании, взаимоуважении.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Б.Со?па?паев "Шал мен бала" урок по казахской литературе в 4 классе »

Cабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Шал мен бала»

Сабақтың мақсаты: 1.Мәтіннің мазмұнын аша отырып, негізгі ойды ұғына білуге үйрету.Автор туралы мәлімет беру.

2.Оқушыларды мәтіннің мазмұны туралы өз пікірлерін айтуға, сөз байлықтарын дамыту.

3.Үлкенді сыйлауға,бір-бірін тыңдауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі:

( Оқушыларды түгендеп, отырғызамын)

2.Үй тапсырмасын тексеру:

-Балалар біздер өткен сабақта қандай тақырып өттік?

-Онын авторы кім?

-Жұбан Молдағалиев кім?


-Ол мына өлеңде не туралы жазған?

(Оқушылар ұнаған шұмақтарын жаттап, айтады)

2.Қызығушылығын ояту:

-Балалар бұл өлең не туралы жазылған?


Құрметтеп ата-анамды , бәрін де жақсы көремін,

Ардақтап әпке, ағамды, үнемі көмек беремін.

Қамқор боп сіңлі –ініме, үлкенді сыйлау кішіге,

Сыйлымын үлкен –кішіге .Үлгілі мінез кішілік.

3.Жаңа сабақ:

-Балалар бүгін біздер Бердібек Соқпақбаевтің «Шал мен бала » туралы тақырып өтеміз.

Бердібек Соқпақбаев ол кім?


(Оқушылар қысқаша жазушы туралы айтып береді)

Б.Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы Нарынкөл ауданында дүниеге келді.Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтын бітірген.Оның сүйікті шығармасы «Менің атым қожа»

-Міне бүгін біздер оның әңгімесін оқимыз.

(Оқушыларға өз бетімен мәтінді оқытамын)

-Балалар осы әңгімеде кейіпкерлер кімдер?(Ата, немересі Саша, Мәулен)

-Ата қай жерден келе жатты? (базардан)

-Атаға кім көмектесті?(Маулен)

4. Мәтінмен жұмыс:

-Балалар біздің оқыған әңгімемізде басты кеіпкері кім?( Маулен)

-Мауленнің жасағаны дұрыс па?

-Ал , осы оқиға немен аяқталды?

(Шалдың өкінуі)

-Ал сендер жазушы болсаңдар, қалай аяқтар едіңіз?

(Оқушылар өз бетінше әңгіменің қорытындысын өзгертеді)

-Сендер Мауленнің орнында не істер едіңіз?

5.Сергіту сәті:

(Видео арқылы)

6. .Мақал –мәтелдер:

-Балалар, сендер жақсылық туралы мақал –мәтелдерді білесіңдер ме?

Мақалдың жалғасын тап:

Жаманнан жирен –жақсыдан үйрен

Басыңа іс түскенде жақсы көмектесер,жаман күліп өтер.

Жақсыда жаттық жоқ , жаманда жақындық жоқ.

Жақсы болсаң озарсың , жаман болсаң қаларсың.


7.Шығармашылық жұмыс:


Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан!

-Балалар бұл өлең не туралы ?

-Жақсылық деген не?

(Оқушылар өз бетінше жақсылық туралы ертегілерді құрастырады және 4 жолды өлең шығарады)



8.Сабақтың қорытындысы:

-Балалар бүгін біздер қандай әңгіме оқыдық?

-Оны кім жазған?

-Б.Соқпақбаев ол кім?

-Осы оқыған әңгімемізден не көрдік?

- Не білдік?

-Не үйрендік?

(Оқушыларды бағалап сабақты қорытындылаймын)


Үй тапсырма: Мәтінді оқып, түсінгенін айту.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Б.Со?па?паев "Шал мен бала" урок по казахской литературе в 4 классе

Автор: Гумарова Бакыт Сапаргалиевна

Дата: 12.02.2015

Номер свидетельства: 171647


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства