презентация урока по казахскому языку открытый урок
Презентация урока по казахскому языку открытый урок
презентация на открытый урок по казахскому языку. для восьмого класса. на этом уроке я ученикам обьясняю про турлаусыз мушелер. второстепенные члены предложения. обьесняю новою тему. задаю ученикам вопросы по данной теме. ученики выполняют задания. урок преготовлен по трех уровнем курсом Кэмбредж университета.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«презентация урока по казахскому языку открытый урок»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ« ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АҚАЛМАТЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫКурс тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында интерактивті технологиялар арқылы оқытудың жаңа жолдары»
ЖОБА жұмысының тақырыбы:
Қазақ тілі сабағында «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясын қолданып, синтаксис тарауы бойынша сөйлем мүшелерін оқыту.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Қазақ тілі оқулығы, 8 сынып
Авторлары: Дүйсебаев С. Байтілеуова Г
Алматы, «Мектеп», 2013ж
Алматы,-2015ж.
Жоба жұмысын дайындаған оқытушылар:
Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері:
Алматы облысы,Көксу ауданы, №5 ОМ Қайспаева Күлзахан Қазтайқызы
Алматы облысы,Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ОМ
Ахчалова Ұлтуған Мұхаметқалиқызы
Алматы облысы,Текелі қаласы, №1 ОМ
Бақадырова Жанна Жеңісбайқызы
Жоба жұмысының мақсаты:
Қазақ тілі сабағында «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясын қолданып, тіл білімінің синтаксис тарауы бойынша «Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері» тақырыбын оқыту.
Жоба жұмысының міндеттері:
Қазақ тіл білімінің саласы - синтаксис тарауы бойынша сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін ұғындыру.
Тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін толықтыру, сөйлем мүшелері туралы пысықтау, таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту, сөздерді байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту;
Өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже :
Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді;
топтық жұмыс жасау арқылы ынтымақтастық ахуал қалыптасады;
«ОҮӘЖ» технологиясын пайдалана отырып тақырыпты меңгереді;
пәнге қызығушылығы мен оқу қабілеттері артады.
Сабақтың өтілу барысы:
1. Оқушыларға психологиялық ахуал тұғызу. Шаттық шеңбері.
Жинақтау: Оқушыларды 3-топқа бөліп тапсырмалар береміз. (Топтық жұмыс)
1- топ «Анықтауыш» тобы
2-топ «Толықтауыш» тобы
3- топ «Пысықтауыш» тобы
«Анықтауыш» тобы:Оқулықпен жұмыс
4-тапсырма Сөйлемдерден анықтауышты табыңдар.
Сұрақ қойыңдар.
Батыс Қазақстан-Еуропа мен Азияның / ненің?/ түйіскен жерінде орын тепкен. Сарыарқа-Ақмола, Павлодар облыстарының /қай?/ біраз бөлігін қамтиды. Сарыарқа- Қазақстандағы түсті / қандай?/ металдардың қоймасы болып есептеледі. Мұнда әйгілі /қандай?/ Марқакөл бар. Қазақстанның батыс / қай?/ аймағында мұнай өндірісі дамыған.
«Толықтауыш» тобы
6- тапсырма Сөйлемдерден толықтауышты табыңдар.
Сұрақ қойыңдар.
Табиғатты қорғауды /нені?/ өзіңнен баста.
Адамдар табиғатты / нені?/ қорғауға міндетті.
Досым қызық кітапты /нені?/ сатып алмады.
Мен досыма /кімге?/ келдім.
Ол бізбен /кіммен?/ кездесті.
Экология жайында /нені?/ көп оқыдым.
«Пысықтауыш» тобы
5- тапсырма
Қайда? Қайдан? Қалай? Деген сұрақтарға жауап беретін сөйлем мүшесін табыңдар. Сөйлемнің қандай мүшесі екенін айтыңдар .
Ұлы Жібек жолы Қытайдың орталығынан /қайдан?/басталды.
Ұлы Жібек жолы Жерорта теңізіне / қайда?/ дейін жетті.
Жібек жолы Қазақстан арқылы /қалай?/ өтті.
Орта Азияда Қытайдың жібегі жоғары / қалай?/ бағаланды.
Ұлы Жібек жолы қайта қалпына / қалай?/ келтірілуде.