Оқушыларды қазақ тілін қастерлеуге, тіл құдіретін түсінуге баулу; Аударма жұмыстарын орындай отырып, оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, оқу шапшаңдықтарын арттыру;
САЙЫСТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ:
«Дұрыс па, бұрыс па?»
«Бұл қай дыбыс?»
«Кім жүйрік?»
«Ойлан тап»
«Тез, тез, тез.»
Өнердің алды – қызыл тіл,
Анаңдай оны құрметте.
Қажымай, талмай, үйрен, біл,
Асылың сөздің өрнекте!
Ана тіл – асыл қазына,
Байлығың білсең, ол сенің.
Жеткізер өмір жазына
Сонымен өсер өркенің...
ДАЙЫНБЫЗ БА???
«Дұрыс па, бұрыс па?»
\ Әр топқа сұрақтар қойылады.Қойылған сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек.\
1 – топ сұрақтары:
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы.
Қазір жаз мезгілі.
Мен кітапханада тамақтанамын.
Мен сызғышпен сызамын.
Орамжапырақ – бұл жеміс.
Қолөнер үйірмесінде спортпен айналысамын.
Нан – ет тағамы.
Кезекші тақта сүртеді.
Қазір наурыз айы.
Жаңа жылды қыста тойлаймыз.
2 – топ сұрақтары:
Біздің Отанымыз – Қазақстан.
Жазда қар жауады.
Мен асханада тамақтанамын.
Мен ұштағышпен сурет саламын.
Алма – бұл жеміс.
Сурет үйірмесінде домбырада ойнаймын.
Шұжық – сүт тағамы.
Тазалық сақтауымыз керек.
Қазір желтоқсан айы.
Наурызды жазда тойлаймыз.
1 – топ сұрақтары:
Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
Көктемде жапырақтар сарғаяды.
Мен спортзалда жүгіремін.
Мен өшіргішпен жазамын.
Айран – нан тағамы.
Би үйірмесінде би билеймін..
Қызылша – бұл жидек.
Бауырсақ – еттен жасалады.
Тәуелсіздік күнін жазда тойлаймыз.
Біз Ақтөбе қаласында тұрамыз.
«Бұл қай дыбыс?»
\ Метаграммаларды шешу және дыбыстарға талдау жасау керек. \
2-топ
Торғайда бар,
Түлкіде жоқ.
Айқайда бар,
Күлкіде жоқ.
1-топ
Тауықта бар,
Қолда жоқ.
Аутта бар,
Голда жоқ.
2-топ
Есікте бар,
Етікте жоқ.
Бесікте бар,
Кетікте жоқ.
1-топ
Дәптерде бар,
Кітапта жоқ.
Кедейде бар,
Бапта жоқ.
2-топ
Сыйда бар,
Балда жоқ.
Сырда бар,
Қолда жоқ.
1-топ
Сайда бар,
Алмада жоқ.
Тойда бар,
Алшада жоқ.
2-топ
Шөпте бар,
Күшікте жоқ.
Көпте бар,
Балықта жоқ.
1-топ
Құста бар,
Сүтте жоқ.
Нұрда бар,
Түсте жоқ.
«Ойлан. Тап.»
\ Орыс тілінде сөздер тізбегі беріледі, ол сөздерді қазақ тіліне аудару керек.\
1-топ: стул, учебник, кружок, библиотека, обруч, бегать, танцевальный кружок, школа.